Экономикалық өсу, оның элементтері және даму кезеңдері. Неоклассикалық және Кейнсиандық үлгілер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 20:14, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан экономикасының басқарудың және шаруашылық жүргізудің нарықтық механизміне өтуіне байланысты соңғы жылдары кәсіпорындардың бірнеше ұйымдастырушылық-құқықтық формалары пайда болды. Олардың ішінде негізгілердің бірі болып табылатын акционерлік қоғам (АҚ). Нарықтық экономика жағдайында басты мақсат ретінде АҚ бастарудың тиімді жүйесін алу және кәсіпкерліктің осы перспективалық құқықтық формасының басымдылығын іске асыру болып табылады.

Содержание работы

Жоспар :
Кіріспе....................................................................................................................3

I.АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ жалпы түсінігі және ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ....................................................................................5
1.1.Акционерлік қоғам түсінігі және экономикада алатын рөлі............................................................................................................................5

1.2.Акционерлік қоғамның атқару органы мен басқару принциптері .............9.

1.3.Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуы мен дамуы......................................................................................................................15

II АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ қызметінің тиімділігін талдау................................................................................................................19

2.1. «Қазақстан Темір Жолы»ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының құрылу тарихы ........................................... .........................................................19

2.2. «ВЧД-23» АҚ Семей пайдалану вагон депосының өндірістік-шаруашылық қызметін талдау............................... ..... ......................................21

ІІІ «ВЧД-23» АҚ Семей пайдалану вагон депосының қызметінің тиімділігін бағалау....................................................................................................................26

Қорытынды......................................................................................................31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................32

Содержимое работы - 1 файл

Акциялар.docx

— 223.50 Кб (Скачать файл)

Басқару принциптерінің сандық қатынасы бойынша келесі көзқарастар  бар:

-   негізгі  принциптерді шектеулі көлемде  қолданып, оларды стратегиялық шешімдерді  қабылдауда және зерттеулерде  қатаң ереже ретінде қолдану  керек;

-  функционалды  және оперативті стратегиясын, негізгі  бөлімшелердің іскерлік стратегиясын  және корпоративтік стратегиясын  дайындауды және жүзеге асыруды   принциптерді үлкен көлемде және  түрлі үйлесімде қолдану керек;

- бүкіл компанияны  басқаруын ұйымдастыруна негізгі  принциптерді қосатын көпсатылы  иерархиялы принциптерді;

- стратегиялық  басқарудың жеке функционалды  және өндірістік бөлімшелердің  ерекшеліктерін көрсететін арнайы  принциптерді;

- төменгі  сатыдағы басқарушылық иерархиясының  стратегиялық шешімдерді ұйымдастыру  технологиясын анықтайтын ережелер  мен регламенттерді қолданған  жөн.

Менің ойымша, міндетті түрде комлексті тәсілді  қолданған жөн. маңызды стратегиялық шешімді дайындауда, негізгі принциптер түрінде жасалған нағыз басқарушылық идеясын мейлінше шектелген көлемде  қолданған жөн. Олар бұзулғанда немесе балансталмаған  түрде қолдану  өндірістік-коммерциялық іскерліктің  тиімділігін бірден төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар компанияның жеке бөлімшелерінде жалпы  корпоративті стратегиялық шешімдерді жүзеге асыруда, өндірістік, инновациялық, инвестициялық, маркетингтік қызметерінің арнайы ерекшеліктері  көрсетілген қосымша мамандандырылған принциптер мен ережелерді қолдану  жөн. Комплекстік тәсіл, принциптер мен ережелерді қолдану сферасының маңыздылығы бойынша иерархиялығын  бөлу ғана емес, сонымен бірге, принциптердің  қарама-қарсылығын жоюды қамтасыз етеді. Комплексті тәсілдің тағы да бір артықшылығы, принциптер мен ережелердің жиынтығын  қолдануда кумулятивті эффектке жету болып табылады.

Компанияның қалыпты дамуында басқаруды тиімді ұйымдастыру үшін иерархиялық принциптің маңыздылығына күмән келтірмейді. Кез келген компания бірнеше иерархиялық  сатыдан тұрады. Иерархиялық сатысының  саны компанияны басқару ерешелігін анықтайтын маңызды көрсеткіш. Акционерлік  емес компанияларға қарағанда акционерлік  компанияларда көп иерархиялы болып  келеді. Акционерлік иерархияның  жоғарғы сатысы акционерлердің жалпы  жиналысы болып табылады. Мұнда компания дамуының маңызды сұрақтары шешіледі. Акционерлік қоғамның өндірістік және коммерциялық қызметінің түрлілігіне  байланысты үш-төрт иерархия сатысы болады. Иерархия сатысы арасындағы құқық пен  міндеттерінің бөлінуі басқару  сапасына және компанияның қалыпты  дамуына әсер етеді. Жалпы корпоративтік  принциптерді құруда иерархиялық принцип  талаптарын анықтау керек.

Сыртқы ортамен  байланыстың мақсаттылық принцип  қатынасында корпоративтік менеджмент зерттеуінде түрлі көзкарас бар. Бір зерттеушілер мысалыға Дж.Робертс  бұл принциптерді жеткізушілермен  тұтұнушылармен және басқа іскер  серіктермен өзара байланысында компания позициясының қатаң ұстануы  деп түсінеді. Басқа да көзқарастар  айтылуда. Мысалы, Т.Скарлет бұл принципті  әлеуметтік экономикалық қоршаған ортаның  өзгермелі шартына терең адаптацияның объективті қажеттілігі ретінде  талқылайды. Тәжірибеде түрлі компаниялар  аралық тәсілді қолданады олар сыртқы факторлардың осы немесе басқа қатынастарына  қарағанда компанияның позициясы  күшті кезінде контрагенттермен бәсекелестермен өзара байланыста өз шарттарын қосатын агресивті  стратегияны қолданады. Егер сыртқы факторлардың кейбір қатынастарына  байланысты компания позициясы әлсіз  болғанда оңай икемделетін стратегияны  қолданады. Яғни компанияның мүддесін белгілі бөліктерін көрсететін компрамисті  шешім іздеу. Кезкелген жағдайдағы қатаң немесе жұмсақ әдістер қоршаған ортамен өзара байланысқанда компания өз мүдделерін табандалықпен қорғайды.

Жалпы корпоративтік  принциптерді қарастырғанда компания бөлімшелердің сонымен бірге  түрлі сыртқы контрагенттермен өзара  қатынасының арасындағы тиімді байланысты басқаратын ережелерді көрсету керек. Бұл ережелер жалпы басқару принциптерінен шығуы немесе осы принциптердің  жеке аспектісін мазмұныда көрсетілуі керек.

Нарықтық  экономикалық қызметтің ережелерімен жалпы корпоративтік принциптерінің өзара байланысы күрделі диалектикалық  мінезді алып жүреді. Нарықтық шаруашылықтың  негізінде, өндірістік экономикалық байланысты қалыптастыруда, бизнес сферасын таңдауда фундаменталды принцип жатыр. Бұл  принципті абсолютті деңгейге шығаруға болмайды, өйткені мемлекеттік араласу  немесе нарықтың белгілі бір секторының   монополиялануына байланысты дын шектелуі мүмкін. Бірақтан да, таңдау еркінділігі  түрлі тәуекелдермен байланысты.Егер компания ішіндегі жоғарғы сатылы менеджерлер  жоспарлы және алдын ала көрудің  жоғары деңгейіне   қол жеткізе  алатын болса, онда әлеуметтік-экономикалық сыртқы ортамен байланыста, әрдәйім  стихиялы және алдын ала анықсыздығы  кездеседі. Осы жағдайда компания басшылары  өндірістік және коммерциялық іскерліктің  стратегиялық басқаруды құрғанда еркін  кәсіпкерліктің диалектикалық қарама-қайшылығын есепке алып отыру керек.Бір жағынан  компанияның қызметінің параметрлерін  таңдауда нарықтық еркіндіктің өз-ара  байланысын максималды қолдану керек. Басқа жағынан нарықтық шаруашылық дамуының стихиялық, алдын ала белгісіздік  элементтерінің зиянын мүмкіндігінше  минимумына дейін төмендету керек. Дәл осылай жалпы корпоративті принциптер мен басқа да нарықтық фундаменталдық принциптерді дайындауда және жүзеге асырудың арасындағы тікелей байланыс байқалады. Компанияның даму стратегиясын дайындауда қызметтің жеке түрлерінің және жалпы бизнестің ұтымды тәуекелділік деңгейін жақсылап есептеу өте маңызды.

Ірі акционерлік  компанияның негізгі басқару  принциптерін дайындауға және жүзеге асыруға жүйе үсті денгейдің принциптер мен пастулаттарының әсер етуінің  жалпылай қарастырғанда келесідей  пікірлерді атап көрсетсек болады:

-  ірі  акционерлік қоғамның қалыпты  дамуынның сапалы стратегиясын  дайындауда жалпы ғылыми принциптер  мен постулаттарды шығармашылық  түрде  қолданған жөн. Оларды  рациналды түрде қолданғанда  статегиялық басқарудың ғылыми  методологиялық базасын құруға  мүмкіндік береді;

-  нарықтық  экономиканың жүзеге асуының  принциптері, компанияның өндірістік-коммерциялық  қызметін толығымен қамтиды және  сыртқы экономикалық ортамен  байланыстын стратегиясын дайындаудың  негізі болады;

-   жүйе  үсті постулаттары мен принциптерінің  бірыңғайлығы, акционерлік компанияны  басқарудың жалпы принциптерінің  құрылуы мен табылуын, ізденістін  теоритикалық-методологиялық бағытын  анықтайды.

 

1.3 Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуы мен дамуы

 

  Қазақстанның  нарықтық жүйеге көшу барысында  жекешелендіру мәселесіне айрықша  мән беріліп, алдын ала дайындық  жұмыстары жүргізілді.Сол себептен  мемлекет ірі өндірістердің құрылымын  өзгертуге мәжбүр болды.Қазақстанда  жекешелендіру мәселесі жалпы  құқықтық актілер жүйесі арқылы  реттеледі.Соның айғағы “Мемлекет  иелігінен алу және жекешелендіру  туралы” Заң қабылданды,оның  артынша Қазақстан Республикасы  Президентінің Қаулысымен бекітілген  бірінші бағдарлама –Қазақстанда  мемлекет иілігінен алу мен  жекешелендірудің 1991-1992 жылдарға арналған  бағдарламасы қабылданды.

Кәсіпорынды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру  аукцион, конкурстар  өткізу жолымен, сондай-ақ акционерлеу мен жекешелендіріп отырған кәсіпорынның балансында болған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды еңбек ұжымдарына беру арқылы жүзеге асырылды.         

1993-1995 жылдарға  арналған ұлттық бағдарлама мемлекеттік  меншіктің қайта құрылуының тәртібін  анықтады.Нысанның ел экономикасындағы  маңыздылығына,салалық тиістілігіне,қызметкердің  санына,негізгі қорлардың құнына  сәйкес олар шағын, орта  және  ірі кәсіпорындар топтарына бөлінетін  болды.Осы кездерде энергетика,көлік,металлургия,телекоммуникация,ірі  сауда орталықтары салаларындағы  обьектілер мен кәсіпорындарды  жеке жобалар бойынша жекешелендіру  басталды. Республикада 1993-1995 жылдары  акционерлік қоғамдардың саны 331-ге  дейін жетті. Оның 10 %-ы Оңтүстік  Қазақстан облысының үлесінде  болды.Осымен қатар аграрлы-өнеркәсіптік  кешенде холдингтік түрдегі 13 мемлекеттік акционерлік компания  құрылды.

Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін  арттырудың  1999-2000 жылдарға арналған төртінші бағдарламасы акциялардың  мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығы салалық министрліктер  мен ведомстволарда берілген акционерлік  қоғамдарды басқару саласындағы  жаңа тәсілдерді көздеді. Мемлекетсіздену  және жүйелендірудің он жылдық кезеңінде 2 мыңнан астам түрлі нарықтық типтегі   ірі  ұйымдық формалар құрылды.Берілген меншік түрлерінің өзгерістеріне мемлекетсіздену, жекешелендіру және басқарудың берілуі  негіз  салды.

Нарықтың  қайта құрылуының ресми программалық құжаттарында, Қазақстан Республикасында  мемлекетсіздену мен жекешелендірудің үш кезеңі анықталған. Шындығына келгенде, олар әлде қайда көп болған. Республикада мемлекеттік меншікті денационализацияның  басталу есебі 1990 ж басталады, яғни сауда да, қоғамдық тамақтануда, тұрмыстық  қызмет сферасында мемлекетті мемлекетсіздендіру туралы жергілікті халықтық Кеңес депутаттарының ұсыныстары берілген уақыттан басталады. Оларды жүзеге асыру 1991-1992жж. кішігірім жекешелендіру барысында жүрді. Бұл жылдар жекешелендірудің ресми бірінші кезеңі деп санайды. Ұйымдық құрылымға айналу бұл кезеңде мемлекеттік мүлікті коллективті сатып алу болды. Бұл кезеңде сауда саласында 30% жуық кәсіпорын, 40 %-құрылыстық және 25 % - қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жекешелендірілді.

1990 жылдан  осы уақытқа дейін Қазақстан  өнеркәсіп өндірісінде өндіріс  көлемінің 70-ші жылдар деңгейіне  дейін төмендеуі тіркелуде. Берілген  тенденция төмендеудің тежеуімен  2003ж. бастап және соңғы жылдардағы  тұрақтанумен байланысты. Өнеркәсіп  өндірістің төмендеуінің салыстырмалы  динамикасы шикізат саласындағы  өндіріс салыстырмалы жай қысқаруы  мен қайта өндіруші өндірістің  көлемінің бірден төмендеуін  мінездейді. Бұндай өндіріс көлемінің  қысқаруы – сыртқы және ішкі  нарық сұранысының төмендеуінің, сыртқы және ішкі нарық сұранысының  төмендеуінің, өндірілген қорлардың  жетіспеушілігі, төмен төлемдер  өндірілген қорлардың жетіспеушілігі, төмен төлемдер ережелері, бартердің  қолдануы мен ақша алмастырушылардың  салдарынан болды.

1990ж. бастап  осы күнге дейін республика  өнеркәсібінің жағдайын талдауда  мұнайдан басқа, барлық өндіріс  саласының өклем төмендеуін көрсетті. Металл жасауда және машина  жасауда (13,3%), жеңіл өнеркәсіпте  (12%), химия мен мұнай – химиялық  өнеркәсіпте (6,7%), құрылыс материалдар  өнеркәсібінде (5%). 1990ж. көрсеткіш  деңгейіне дейін төмендеуін көрсетті. Қара металлургия барлық өнеркәсіп  көрсеткіштерінен жоғары деңгейде  тұрды.

Шаруашылық  комплексындағы реформа мемлекеттегі кәсіпорынның тек бір бөлігін  ғана тиіп өтті.Республикадағы үлкен  экономикалық массив қаржылық экономикалық сауықтандыру программасын қамтымады. Сонда да кейбір кәсіпорындар өз жағдайын тұрақтандырып, инвесторлар үшін тартымды болды. Өнеркәсіптің басқа жағы, проблемалар  мен экономика өнеркәсіптің басқа  жағы проблемалар мен экономикалық көрсеткіштерін дұрыстай алмады.

Қаржылық  экономикалық сауықтандыруына бағытталған  реформаның үлкен бөлігін кәсіпорынның екінші тобы құрайды. Бұл өнеркәсіптер республиканың үлкен өндірістік потенциалын  қамтиды.

Екінші топтағы  өнеркәсіптерді сауықтандыру барысында  қаржылық тұрақтылыққа алып келіп инвесторлар  үшін қызығарлықтай болады немесе қаржылық жағдайын одан да төмендетіп жіберуі  мүмкін.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының экономикалық даму тенденциясы  мен жағдайын талдау ұйымдық құрылымдардың құрылу ерекшеліктері  мен дамуын анықтап көрсетті.

Қазақстанда реформа қарқынды түрде өтті. Он жылдың ішінде негізгі ірі кәсіпорындар түрлі меншік түріндегі акционерлік  қоғам ретінде қайта құрылды. Қайта құрудың қарқынды темпі  жақсы және жаман жақтарын анықтады. Жақсы жақтарына өнеркәсіптің негізгі массасы өндірістік және коммерциялық қызметі нарықтық ұйымдастыруымен үйлесуі жатады. Сонымен қоса реформа жүргізу барысында ірі кәсіпорындардың бір бөлігі монополистер қолына беріліп, кәсіпорынның ұлғайымына алып келді. Ал, бұл өндіріс көлемін төмендетіп жіберді, тіпті кейбір түрін шығаруды тоқтатты.

Қазақстан өнеркәсібіндегі  құрылымдық жылжу ірі өңдеуші  өнеркәсіптердің нарық жағдайына  тез бейімделуін және өздерінің  өнімдерін өткізу нарығы бар екенін көрсетті. Сонымен қатар өнеркәсіптер сыртқы және ішкі нарықта қатты бәсекеге түсе бастады.

          Келесі  кестеде Қазақстан Республикасындағы  акционерлік қоғамдардың 2004-2008 жылдар  аралығындағы қызмет түрлері  бойынша олардың саны көрсетілген.

 

1-Кесте. Қазақстан Республикасындағы  2004-2008 жылдардағы акционерлік қоғамдардың  нақты жұмыс жасайтындары.

 

 

 

Қызмет түрлері

Жылдар

2008 ж-ң 2004ж-ға %-бен

 

2004

 

2005

 

2006

 

2007

 

2008

1.Ауыл шаруашылығы.

327

276

249

214

173

52,9

2.Кен өндіру өнеркәсібі.

99

93

88

86

81

81,8

3.Өндеу өнеркәсібі.

962

861

790

675

618

64,2

4.Құрылыс.

558

525

506

462

418

74,9

5.Сауда: автомобильдерді,тұрмыстық  және үйде пайдаланатын бұйымдарды  жөндеу

766

795

743

635

550

71,8

6.Көлік және байланыс.

572

513

468

409

354

61,9

7.Жылжымайтын мүлікпен операциялар.

482

512

524

499

459

95,2

8.Қаржылық қызмет

301

282

258

261

264

87,7

Барлығы

4067

3857

3626

3241

2917

 

Ескертпе:   ҚР-сы Статистика агенттігі  мәліметтері негізінде әзірленді

Информация о работе Экономикалық өсу, оның элементтері және даму кезеңдері. Неоклассикалық және Кейнсиандық үлгілер