Қазақстан Республикасындағы Ислам банкингі: мәселелері мен даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 15:08, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда исламдық банк жүйесі – тек мұсылман елдері ғана емес, сонымен қатар әлемнің түпкір түпкіріндегі мемлекеттерде қарқынды дамып келе жатырған сала. Қазақстан Республикасындағы ислам қаржыландыру жүйесінің дамуы экономиканы диферсификациялауға, тәуекелді төмендетіп еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. ҚР-дағы тұрғындардың 2/3 бөлігі этникалық мұсылмандар болып табылатын исламның дамуының тарихи жағдайын, сонымен қатар тәжірибе мен Еуропа елдерінде ислам банкингінің танымалдығының жоғары көрсеткіштерін есепке ала отырып ислам қаржыландыру өнімдеріне үлкен сұраныс болатындығы жөнінде нақты болжам жасауға болады.

Содержание работы

Ислам банкингінің пайда болу тарихы мен қызмет ету принцптері
Ислам банкингінің пайда болу тарихы
ҚР-нда ислам қаржы нарығының қалыптасуы
Ислам қаржы жүйесі
2. Қазақстанның ислам қаржылық ұйымдарымен байланысын «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясы мысалында талдау
2.1. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының пайда болу тарихы мен қызметі жайында түсінік
2.2. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының қаржылық жағдайы мен Қазақстанда жүргізген операцияларына талдау
2.3. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының қызмeтіне SWOT-талдау
3. ҚР Ислам банкингінің даму перспективасы оны дамыту мәселелерін шешу жолдары

Содержимое работы - 1 файл

ислам банкинг курс.docx

— 242.35 Кб (Скачать файл)

 

Кесте 21. ҚР-нда ислам банкингін дамытудағы мәселелері мен шешу жолдары

 

Мәселелелер

Салдар

Шешу жолдары

Республикамызда бір ислам банкі, бір ислам брокерлік компаниясы және бір ислам сақтандыру компаниясы бар

Олар Қазақстан нарығында барынша  ислам өнімдерін ұсынып жатырғанымен, әлі жеткіліксіз

Боашақта тағы да ислам банктері мен басқа да ислам қаржы ұйымдарын  ашу қаржылық тетіктерді өзге отандық банктер де меңгеруі тиіс.

Ислам қаржы нарығында квалификацияланған мамандар мен заңгерлердің аздығы

Ислам банкингі бойынша  профессионалдардың аздығы, оны  әрі қарай жетілдіруде  кідірістер мен шиленістерге кезігуі  мүмкін

ЖОО-да ислам қаржылары бойынша  арнайы мамандықтар ашып, ислам банкинг  жүйесінің  қыр – сырына үйрету, курстар жүргізу

Бөлшек сауданы қаржыландыруға көшу

Әлі де болса, салықтық, тіркеу секілді  мәселер кедергі болып отыр

ҚР-ңың құқтық- нормативті актілерін  бөлшектік ислам қаржыландыру мәселелеріне байланысты қайта қарастыру

Ислам бағалы қағздарының эмитенттерінің шектеулігі

Ислам бағалы қағаздарына отандық  қарапайым компаниялардың толыққанды қол жеткізе алмауы, отандық биржада  кеңінен тарай алмауы

ҚР-ның бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу

Ислам қаржыларын басқару механизмі, қадағалау мен жаңа салық салудағы қиыншылықтар

Ислам банктері мен олардың өнімдерін  жасауда шығындарды көбейтеді, сапасын  төмендетеді

ҚР-ның заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізе отырып, олардың дамуына  қолайлы климат қалыптастыру

Ислам банкингі туралы ақпараттардың  жеткіліксіздігі, тұрғындардың ислам қаржылары туралы сауаттылығы деңгейінің төмендігі

Ислам банкингіне деген сенімді  төмендетіп, олардың дамуына кедергі жасауы мүмкін

Баспасөз көздерінде ислам банкингі туралы мақалаларды көбірек оналастыру, қарапайым тұрғындар арасында тренингтер өткізу, жарнамалау

Автормен құрастырылған


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Исламдық қаржылар – бүкіл әлемде қаржылық қызметтің альтернативалық және ұзақмерзімді қаржы қызметінің бір түрі деп қарастырылады. Бүкіләлемдік қаржы дағдарысы ислам қаржысына деген қызығушылықты арттыра түсірді. Қазіргі таңда Қазақстанда Әл – Хилал ислам банкі,  «Фаттах Финанс» брокерлік компаниясы және «Такфул» исламдық сақтандыру компаниялары қызмет етіп келеді. Эксперттердің айтуынша ислам банкингінің маңызды плюстарының бірі – әлем қаржы дағдарысына тұрақтылығы. Постдағдарыстық периодта да ислам банктері артықшылық өтімділігін көрсетіп отыр. Ислам қаржыларының тұрақтылығының себебі – тәуекелдер мен табыстарды қатысушылар арасында әділ бөлісу. Яғни, екі тарап та жобаның табыстылығы мен инвестициялардың қайтарымдылығына бірдей жауапты болады. Ислам қаржысының принцпі сенімге, шындыққа, анықтылыққа және қатысушылардың трансперантті қатынастарына   негізделген, ал ол кезегінде дәстүрлі банктердің алдындағы артықшылықтары болып табылады.

Ислам қаржы жүйесі өзінің қызмет ету принцптерін Құран мен  Суннадан алады.  Бұл киелі кітаптарда қаржы жүйесіне мүлдем пайызға рұқсат бермейтіндіктен, рибаға шектеу (пайыз) – әділетті әрі тепе – тең қаржы жүйесін қалыптастыру үшін ислам қаржыгерлерімен ойлап қарастырылған маңызды бөлігі болып табылады. Ислам тарихының сонау кезінде мұсылмандар тұтынушының қажеттілігін қанағатандыруда және өндірісті қамтамасыз етуде ресурстарды мобилизациялау үшін пайызсыз қаржы жүйесін пайдалана алатын болған. Сонымен қатар ислам қаржы жүйесі тек қана мұсылмандар емес, христиандар мен еврейлер арасында кең етек жайды. Экономикалық дағдарыс кезінде дәстүрлі банктердің осалдығын көрсеткен Қазақстан Республикасының экономикасы үшін баламалы қаржы жүйесіне қажеттілік туындаған болатын. Сол кезеңдерде дағдарысқа былқ етпеген  ислам банкингіне біздің тарапымыздан қызығушылық артып, елбасымыздың арнайы тапсырмасымен экономикамызға ислам қаржы жүйесін енгізіп, одан әрі дамуына қолайлы климат жасалған болатын. Осы орайда, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Ислам қаржы индустриясы экономикамызда дамып келе жатырған ең жас сала болса да, қазіргі таңда екі ислам банкі мен ислам брокерлік компаниясы қазақстандықтарға өз қызметтерін көрсетіп жатыр. Міне, исламдық банк жоғарыда жалпы айтып өткендей қаржы құралдарымен жұмыс істейді, ешкімнің қолына ақша ұстатып жібермейді. Дағдарысқа тап болмастан бұрын елдің бәрі банктерден несие алып, қарызға батқан болатын. Сондықтан қарызы бар адамдардың көпшілігі исламдық банктер келсе, пайызсыз несие алып, біздің банктерден алған қарызын жауып тастауды ойлаған болатын. Өкінішке орай ондай тегін ақша еш жерде жоқ. Исламдық банктің жалпы экономиканы сауықтыруда үлкен маңызы бар. Біздің банктеріміз несие көлемін арттыруда бір-бірімен жарыса отырып, нарықта спекулятивті ақшаны көбейтіп жіберген болатын, бұның салдарынан тұрғын үй бағасы дағдарысқа дейінгі жылдары үнемі қарқынды түрде өскен болатын. Қолында бос ақшасы барлардың көпшілігі ақшаларын не банктердің депозиттеріне салды, не болмаса тұрғын үйлерге салды. Себебі, нарық ол инвесторларға басқа балама инвестиция құралын ұсына алмаған болатын. Ал шариғат нормаларынан бастау алатын ислам қаржы жүйесі қазіргі таңда әрі сенімді, әрі тұрақты дамып келе жатырған сала болып табылады. «Банк және банк қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Салық қодексі» секілді заңдарға, сонымен қатар исламдық қаржыландыруға қатысты басқа да нормативті-актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізгеннен кейін елімізде ислам банкигінің дамуына құқтық жағдай жасалған болатын. Қазақстан постсоветтік елдер арасында исламдық банкинг үлгісін ғана емес, сонымен қатар классикалық және ислам қаржы жүйелерінің үйлесімді форматын ұсынып отыр. Қазақстандағы ислам банкингінің ұзаққа созылмаған тарихы жүйелердің өзара бейімділігі жаман емес, аталмыш антоганизм жоқтығын көрсетеді, бірақ та ислам банкингін алдағы уақытта дамыту мәселелері мен бірқатар сұрақтарды қарастыру керек.  Алматы қаржы орталағы байланыс және ақпарат, қаржы, индустрия және жаңа технология, сыртқы істер  министрліктерімен, Қаржы қадағалу агенттігімен, мемлекеттік қызмет ісі агенттігімен, сонымен қатар Ұлттық банкпеннен бірлесіп «Қазақстан Республикасының 2010-2012 жылдарға арналған исламдық қаржыландыруды дамыту бойынша келісіп жүзеге асыратын іс – шаралар жоспарын мақұлдау» бұйрығын қабылдады. Құжаттар пакеті «Жол картасы» атауына ие болды. Ол инвестиция тарту, ислам қаржы құралдарын енгізу мен дамыту, ислам қаржы институттарын тарту мен ашуға қызығушылық білдірген мемлекеттік органдармен координацияланған іс – шараларды қамтиды.   . Қазіргі уақытта “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ Al Hilal-мен бірлесіп ҮИИД бағдарламасы шеңберінде бірнеше жобаны қаржыландыру мәселелерін қарастыруда. 2011 жылы Қазақстанға $400-500 млн шамасында ислам қаржылары тартылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы. 30.03.95
  2. №133-4 ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы, 12.02.09
  3. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР заңы.   15.07.03
  4. .[Мукаман А.К., Рыскулов А.С. Исламский банкинг как альтернативная система в период мирового финансового кризиса. // Сборник материалов научной конференции «Экономика и бизнес: позиция молодых». II том – Алматы: Эверо. – 2009. – С. 745-748.]
  5. М. Умар Чапра и Тарикулла Хан. 1421 г. от Хиджры (2000). Регулирование и надзор исламских банков. Исламский Банк Развития, Исламский Институт Исследований и тренинга. Национальная библиотека короля Фахда: Периодическое издание № 3. Джидда. Саудовская Аравия. С. 14-16.
  6. См. Rodney Wilson (ed.) Islamic Financial Markets (1990), стр. 7.
  7. Ausaf Ahmad, Development and Problem of Islamic Banks (1987), Islamic Research and Training Institute, Jeddah.
  8. // Егемен Қазақстан - «Что такое исламское финансирование?» А.Ибрагимов. 12.03.08 - №27 - 3 бет
  9. // Bnews - «Исламские банки в Казахстане: Первые обнадеживающие шаги» Р. Конусбаев. 27.01.10 - № 5 – 4 бет
  10. // Айқын ««Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасын Ислам Даму Банкі қаржыландырмақ» А. Батырбаев. 01.08.09 - №14 – 6 бет
  11. // Қазақпарат - «Ислам банктері туралы» Г. Алиакпарова. 11.01.10 - №7 – 4 бет
  12. // Қазақпарат - Халықаралық заманауи исламдық экономика және қаржы иститутының бас директоры Ж. Естенбаевпен сұхбат. 13.04.11-№8
  13. // ПрессКлуб – «Исламская экономика» А. Батырова. 26.01.11 - №15 – 3 бет
  14. // «Rfca News» – «Елбасы және ИКҰ» М. Бисемалиев. 16.04.11 - №10 – 5 бет
  15. // Интерфакс-Казахстан – «Бүгінгі таңдағы ҚР-да ислам қаржы қызметтерінің белсенділігі» С. Сабеков 07.11.11 - №7 – 4 бет
  16. // «Бизнес&власть» - іскерлік күнделігі А. Кисықбаева - 16.04.11 - №10 – 5 бет
  17. www.fattahfinance.kz - «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының ресми сайты
  18. www. Khabar.kz - Хабар агенттігінің сайты
  19. www.alhilalbank.kz  - Аль-Хилаль банкінің  сайты
  20. www.isdb.org  - Ислам Даму банкінің  сайты
  21. www.rfca.kz  - Аймақтық Қаржы орталығының ресми сайты
  22. www.info@inceif.org - Маркетинг және комуникация бөлімшесінің ресми сайты
  23. www.islamic-finance.ru-  «Ислам барлығы үшін» газетінің ресми сайты
  24. www.zakon.kz - Қазақстан Республикасының барлық заңнамалар мен нормативті актілер орналасқан ресми сайт
  25. www.islamnews.kz - «Мұсылман экономикасы» газетінің ресми саты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

«Fattah Finance» брокерлік компаниясы «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда алаңында төмендегі категориялар бойынша аккредиттелген:

  1. "А" – Алматы қаржы орталығының арнайы сауда алаңында айналыстағы барлық қаржы құралдарына қатысу құығы;
  2. "К" –мемлекетік бағалы қағаздарымен саудаласуға қатысу құқы;
  3. "Р" – биржаның есми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес эмиссондық бағалы қағаздармен саудаласуға қатысу құқығы;  ;
  4. "Н" – Биржаның  «Листингленбеген бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілген мемлекеттік емес бағалы қағаздармен және приватизацияланған ұйымдардың акциялар пакетімен саудаға қатысу құқығы;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

2-ші Астаналық экономикалық  форум «Жаһанды тәуекелдер жүйесіндегі Еуразияның экономикалық қауіпсіздігі»

Астана қ., 11 наурыз 2009 жыл

Ислам банкингін енгізудің өзектілігі

  • Диверсификация үшін мүмкіндік (ислам банктерінің пайда болуы нарыққа жаңа ойыншыларын және жаңа банк өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді)
  • Банктік сферадағы тұрақты әсер (депозиторлар ақша қаражаттарын қайтармау тәуекелін бөліседі,спекуляцияның жоқтығы)
  • Халықаралық нарықтың қарқында дамып келе жатырған сегменті (жылына 15% өсім, жиынтық активі 2010 жылы 900 млрд. АҚШ долларын құрады)

Ислам қаржы жүйесін ұйымдастыру  және ислам банктерінің қызметі  мен ұйымдастыру мәселелері бойынша  ҚР заңы

Елбасысымыздың 2008 жылы 24 сәуірдегі «Қазақстандағы ислам қаржы құралдарын енгізу және дамыту бойыша іс-шаралар қабылдау туралы» тапсырмасы бойынша жасалды

Қабылданды  12 ақпан 2009 жыл

Заңнаманың негізгі мақсаттары:

  • Ислам банктері мен ислам инвестициялық қорларының қызметтерінің ерекшеліктері мен құқтық негіздерін белгілеу;
  • Ислам банктерінің қызметтерін бақылау мен қадағалауда мемлекеттің әдістері мен нысандарын белгілеу;
  • Ислам банктерін мәжбүрлеп ликвидаиялаудағы ерекшеліктерді анықтау;
  • Ислам бағалы қағаздарын эмиссиялау мен айналысқа енгізудегі еркешеліктерді белгілеу;
  • Ислам қаржы құралдарына салық салудағы ерекшеліктерді белгілеу;

«ҚР банк және банк қызметі туралы»  Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бағытталған:

  • Ислам банктерінің қызмет етуіне құқтық негіз жасау;
  • Ислам банктерінің қызметтерін бақылау мен қадағалауда мемлекеттің әдістері мен нысандарын белгілеу;
  • Ислам банктерінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу мүмкіндіктерін белгілеу, яғни ислам банктеріне сауда операцияларына қатысып, клиенттерімен пайда мен шығынды бөлісуге рұқсат беріледі.

«Бағалы қағаздар туралы» ҚР-ның  заңнамасына енгізілген толықтырулар мен өзгертулер анықтайды:

  • Ислам бағалы қағаздары (сукук) , арнайы ислам қаржы компаниясы (SVP), оригинатор, арнайы ислам қаржы ұйымдарының бөлінген активтері, инвестициялық жоба, ислам бағалы қағазадырын ұстаушылардың өкілі түсініктерін енгізу;
  • Ислам бағалы қағаздарының түрлерін анықтау (акция және инвестициялық қорлардың паилары, исламдық аренделық сертификаттар, исламдық қатысу сертификаттары);
  • Ислам бағалы қағазадрын эмиссиялау проспектісіне талаптар;
  • Ислам бағалы қағаздарын шығару мен айналысқа енгізудегі ерекшеліктер;
  • Ислам бағалы қағаздары ұстаушыларының өкілдерінің бар болуы;

Қазақстан Респбликасының Салық Кодексіне  енгізілген өзгертулер мен толықтырулар анықтайды:

  • Қосымша құнға салынатын салықтан босатылған қызметтер түріне жататын ислам банкі операцияларының түрлерін;
  • Инвестициялық депозит, инвестициялық депозит бойынша табыстар және оларға салық салу тәртібі туралы түсініктерді;
  • Ислам банктерінің лизинг (жалға беру) инвестициялық қызметіне салық салу  тәртібін;
  • Ислам бағалық қағаздарының түрлері және олардан табыс алу;
  • Ислам бағалы қағаздарын екінші мәрте салық салудың алдын алу үшін арнайы ислам қаржы ұйымдарымен (SVP) алынған жиынтық табысын түзету шарттары;
  • Жеке тұлғалардың ислам бағалы қағазадар бойынша тауып отырған табысына  жеңіілдіктерді қоса алғанда, ислам бағалы қағаздарына салық салу тәртібі;

 

 

 

 

 

Қосымша 3

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Ислам банкингі: мәселелері мен даму болашағы