Қазақстан Республикасындағы Ислам банкингі: мәселелері мен даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 15:08, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда исламдық банк жүйесі – тек мұсылман елдері ғана емес, сонымен қатар әлемнің түпкір түпкіріндегі мемлекеттерде қарқынды дамып келе жатырған сала. Қазақстан Республикасындағы ислам қаржыландыру жүйесінің дамуы экономиканы диферсификациялауға, тәуекелді төмендетіп еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. ҚР-дағы тұрғындардың 2/3 бөлігі этникалық мұсылмандар болып табылатын исламның дамуының тарихи жағдайын, сонымен қатар тәжірибе мен Еуропа елдерінде ислам банкингінің танымалдығының жоғары көрсеткіштерін есепке ала отырып ислам қаржыландыру өнімдеріне үлкен сұраныс болатындығы жөнінде нақты болжам жасауға болады.

Содержание работы

Ислам банкингінің пайда болу тарихы мен қызмет ету принцптері
Ислам банкингінің пайда болу тарихы
ҚР-нда ислам қаржы нарығының қалыптасуы
Ислам қаржы жүйесі
2. Қазақстанның ислам қаржылық ұйымдарымен байланысын «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясы мысалында талдау
2.1. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының пайда болу тарихы мен қызметі жайында түсінік
2.2. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының қаржылық жағдайы мен Қазақстанда жүргізген операцияларына талдау
2.3. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының қызмeтіне SWOT-талдау
3. ҚР Ислам банкингінің даму перспективасы оны дамыту мәселелерін шешу жолдары

Содержимое работы - 1 файл

ислам банкинг курс.docx

— 242.35 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ  ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

«Экономика» факультеті

«Қаржы» кафедрасы

«Банк ісі»

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы : «Қазақстан Республикасындағы  Ислам банкингі: мәселелері мен даму болашағы»

 

 

 

 

 

 

                             Орындаған: Қ-31 студенті Жагпарова  А.У.

                                          : Аға  оқытушы Ниязбекова Ш.У.

 

 

 

 

 

 

Астана 2011

Мазмұны

 

  1.    Ислам банкингінің пайда болу тарихы мен қызмет ету принцптері
    1. Ислам банкингінің пайда болу тарихы
    2. ҚР-нда  ислам қаржы нарығының қалыптасуы
    3. Ислам қаржы жүйесі

2. Қазақстанның ислам   қаржылық ұйымдарымен байланысын  «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясы мысалында талдау

2.1. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының пайда болу тарихы мен қызметі жайында түсінік

2.2. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының қаржылық жағдайы мен Қазақстанда жүргізген операцияларына талдау

2.3. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының қызмeтіне SWOT-талдау

3. ҚР Ислам банкингінің даму перспективасы оны дамыту мәселелерін  шешу жолдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі таңда исламдық банк жүйесі – тек мұсылман елдері ғана емес, сонымен қатар  әлемнің түпкір түпкіріндегі мемлекеттерде қарқынды дамып келе жатырған сала. Қазақстан  Республикасындағы ислам қаржыландыру жүйесінің дамуы экономиканы  диферсификациялауға, тәуекелді төмендетіп еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. ҚР-дағы тұрғындардың 2/3 бөлігі этникалық мұсылмандар болып табылатын исламның дамуының тарихи жағдайын, сонымен қатар тәжірибе мен Еуропа елдерінде ислам банкингінің танымалдығының жоғары көрсеткіштерін есепке ала отырып  ислам қаржыландыру өнімдеріне үлкен сұраныс болатындығы жөнінде нақты болжам жасауға болады. Ислам банктерінің қызметінің дәстүрлі банктердің қызметінен едәуір айырмашылығы бар: ислам банктерінің өз қызметтерін шариғат принцптері бойынша нормалап отыруы олардың ең басты артықшылығы болып табылады және тағы бір ерекшелігі – классикалық банктік жүйемен еш кедергісіз жұмыс жасай береді.  Сонау экономикалық дағдарыс кезінде дәстүрлі банктер қиын жағдайға түскенде, исламдық банктер  былқ етпеген еді. Сол кезден бастап біздің  ислам қаржы жүйесіне деген  қызығушылығымыз жоғарылап, еліміздің экономикасына жаңа альтернативалы қаржы жүйесі ретінде енгізуге себеп болды. Қазақстанда ислам банктік индустриясы дамып келе жатырғанына көп болмады. Екі жыл өткеннен бері сәйкес заңнама қабылданып, екі қор мен бір банк ашылды. Мемлекет тарапынан елімізде ислам қаржы жүйесінің дамуына жан жақты қолдау көрстетіп, жағымды климат жасап жатырғанына қарамастан ислам банктері (тұрғындырдардың ислам банкингі жөніндегі сауаттылығының төмендігі секілді) біраз кедергілерге жолығуда. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылға таман Қазақстанды ТМД және Орталық Азия елдері арасында ірі аймақтық ислам қаржы орталығын жасауды маңызды міндет етіп қойған болатын және отандық қаржыгерлердің болжамдары  бойынша 4-5 жыл туысында ислам банкингі экономикамыздың 20% алады. Онымен қоса, ислам қаржы құралдары бізге Таяу Шығыс елдерінен инвестиция тартуға мүмкіндік берер еді және осыған байланысты AmanahRaya (Малайзия) компаниясының директоры Ханиф Аднанның айтуынша, тұрақты экономикасы мен саяси ахуалымен ерекшеленетін Қазақстан нарығы инвесторлар үшін өте тартымды. Ислам қаржы жүйесінің ең алдымен еліміздің экономикасын сауықтыруда, экономикамыздың нақты секторын дамытып, шет ел инвесторларын тартуда маңызы зор екенін атап өткен жөн. Бұл қарастырып отырған тақырыбымыздың өзекетілігі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты  – Қазақстанның қаржы жүйесінің ислам қаржы жүйесімен байланыстарын анықтап, болашақтағы еліміздегі ислам банкингінің даму перспективасын анықтау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:

  • ислам қаржы жүйесінің пайда болу тарихын анықтап, ерекшеліктерінің мәнін ашу;
  • әлемдік деңгейде ислам банкингінің даму жағдайын талдап, Қазақстандағы даму мәселелерін қарастыру;
  • Қазақстандағы ислам қаржылық ұйымдарының қызмет ету жағдайын «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясы мысалында талдау;

Курстық жұмыстың зерттеу пәні – Қазақстан Республикасының ислам банктермен   байланысы мен олардың қызметтері және даму  перспективасы.

Курстық жұмыстың объектісі - қазіргі замандағы ислам қаржылық ұйымдары мен олардың қызметі .

    Зерттеудің методологиялық  негізі болып, Қазақстан экономисттерінің  жұмыстары мен ғалымдардың халықаралық  қаржылық ұйымдар туралы еңбектері  болып табылады. Тақырыппен жұмыстану  барысында шетелдік және отандық  әдебиеттер, мерзімді басылымдағы  мәліметтер, статистикалық ақпарат көздері, интернет желісінен алынған ақпараттар мен нормативті актілер қолданылды.

 

 

 

 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ислам банкингінің пайда болу тарихы мен қызмет ету принцптері
    1. Ислам банкингінің пайда болу тарихы

 

Ислам қаржы жүйесінің  негізін қалаушылар қаржы істерін  жүзеге асырудың әділ және этикалық әдіс-тәсілдерін ұстанды. Шариғатқа сүйене отырып, ислам қаржы жүйесінің принцптері Құран мен Суннадан бастау алады. Шариғат бойынша пайыздарға немесе соған ұқсас жолмен алынатын  табысқа шектеу қойылса да, бұл капиталдың ислам қаржы жүйесінде ешқандай маңызы жоқ дегенді білдірмейді. Ислам капиталды өндіріс факторы ретінде қарастырады. Ақша тұтыну пәні емес, тек уақыт өтіміне байланысқан құндылықты көрсететін активтерге негізделген жүйеге алып келетін исладық қаржыландыру принцпінің кілті қоғамның игілігіне сәйкес ақшаны  тиімді пайдалануда жатыр. Макроэкономикалық деңгейде ислам қаржы жүйесі қаржы ресурстарын оңтайлы бөлуді жүзеге асыра алатын  үйлесімді әрі бірыңғай жүйе болып табылады. Ислам тарихы меншік құқығын және экономикалық өмірдің әділдігін түсінудегі мол тәжірибесі бар. Рибаға шектеу (пайыз) – әділетті әрі тепе – тең қаржы жүйесін қалыптастыру үшін ислам қаржыгерлерімен ойлап қарастырылған маңызды бөлігі болып табылады. Ислам тарихының сонау кезінде мұсылмандар тұтынушының қажеттілігін қанағатандыруда және өндірісті қамтамасыз етуде ресурстарды мобилизациялау үшін пайызсыз қаржы жүйесін пайдалана алатын болған. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру жүйесі пайда мен шығынды тең бөлісуге негізделді, мудараба (пасиивті серіктестік) және мушарака (активті серіктестік). Бөліп – бөліп төлеу (рассрочка) және пайызсыз несие (куруд хасана) де әрі іскерлік әрі тұтыну келісімшарттарын қаржыландыруда кеңінен пайдаланылды. Бұл жүйе ислам мәдениеті  гүлденген кезде және көптеген жүзжылдықтар бойында тиімді қызмет жасап келді. Ислам қаржыландыру әдістері (мудараба және мушарака) ауыл шаруашылығын, қолөнер, өндіріс және шет елдерді сада жүргізуді қаржыландыруда «ортағасырдағы ислам әлемінің барлық ақша- несие ресурстарының хауызын» жұмылдыруға мүмкіндігі жетті. Бұл әдісті тек мұсылмандар ғана емес, сонымен қатар еврейлер мен христинадар пайдаланды және соншалығы тіпті  пайыздық ссуда мен өзге де өсімқор әдістерді ығыстырып жіберді. Пайыздық мөлшерлемелер жөніндегі еврейлердің, христиандардың және мұсылмандардың заңнамалары арасындағы қарама – қайшылықтар гениз құжаттары арасынан, соның ішінде сот тексерістерінің есептерінен табылды, Сонымен қатар «қаржы капиталы өсімқорлық пен рибаға шектеу қойылмай және шектеу жасай отырған бұрынғы кездің ақша – несие қорларының және бағалы металдардың иелері қатарының өсуімен бірге дамыды» деген сөздер кездескен. Мұсылмандар тарихында қаржыгерлер «саффафтар» ретінде белгілі болды. Аббасидтік калиф әл-Муктадир кезінде (б.э. 295-320/908-932) саффафтар қазіргі кездегі банктердің негізгі қызметтерін жүзеге асырды. Олардың Нью-Йорктағы Уолл Стрит және Лондондағы Ломбардттық көшесі секілді өздерінің нарықтары болды. Қаржыландырудың мушарака және мудараба   әдістерін пайдалануда қажетті заңнамалық құралдар сонау Исламның бастапқы кезеңдерінде мүмкіншілікті болған. Бұл сауда және өнеркәсіптің және инвестициялаудың маңызды бөлігін құраған заңнамалық құралдар кейбір бұрынғы ислам заңнамалық жұмыстары арасынан  жетілдірілген нысанда табылған. Қаржы ресурстарын жұмылдыру мүмкіндігі кейбір экономикалық және саяси факторлармен қатар Марокко мен Испаниядан – батыста, Үндістан мен Қытайға шейін – шығыста, Орталық Азия – солтүстікте және африка – оңтүстікте сауданың өсуіне серпіліс берді. Ислам саудасының әсері туралы тек тарихи құжаттардан ғана емес, сонымен қатар 6-9 ғасырда Ресей, Финляндия, Швеция, Норвегия, Британдық аралдар және Шотландиядан табылған мұсылмандық мәнеттерден де аңғаруға болады. Сауданың кеңейуі  тауарлардың құндылығы мен өнеркәсіптік тәжірибенің гүлденуіне алып келді. Бірақ, оған қарамастан қаржы институттары күрделі емес және жүйнің тұрақылығына қауіп пен қоғамның алаңдаушылығын тудырмады. Исламдық банктер ірі депозиттер тарту ісінде үлгерді. 1980  жылдары барлық дерлік ислам банктерінде депозиттер жоғары темппен өсті. Көптеген зерттеу жұмыстары осыған дәлел, осындай бір жұмыс исламдық банктердің депозиттер салыстырмалы  өсімі басқа банктерге қарағанда едәуір жоғары болғандығын көрсетеді. Басқа зерттеулер: «Бұл жас институттар нарыққа ену жетістігінде әбден пісіп жетіліп, салмақты деңгейге жетті.  Бұл әсіресе, олар қызмет көрсетіп отырған нарықтардың жақсы жұмыс жасап отырған коммерциялық банктеріне әбден қалыптасқан болатын, әсіресе Парсы шығанағы елдерінде банктедің артықшылығы орын алған». Ислам банкі ісінің өміршеңдігінің айғақ дәлелі осы нарықа көптеген дәсүрлі банктердің жұмыс жасай бастағанды. Ислам банк ісінің батыс зерттеушісі «ислам банк ісінің жетістігінің керемет көрінісі қазіргі кезде дәстүрлі банктердің өз клиенттеріне ислам қаржы қызметтерін ұсынуы болып табылады» деп дұрыс айтып кеткен. Ислам және дәстүрлі банктердің ислам қаржы терезелері арқылы жүргізілген операциялар сомасы жылдан жылға өсіп келеді. 1993 жылы бұл көрсеткіш  50 млрд. АҚШ долларын құрады.  Қазіргі кездегі есептеулер бойынша бұл көрсеткіш 60 млрд. АҚШ долларына жетіп, жылына  15% өсім алған. 1995 жылы Financial Times басылымының есептемелеріне сәйкес ислам банктері  50 бастап 80 млрд. АҚШ доллары сомасында депозиттер қабылдаған. Негізгі ислам қаржы құралдары болып Мурабаха (үстеме бағамен тауарды сату-сатып алу), Мудараба (ақшаны сенімді басқару), Истисна (даяплау міндеттемесімен тауарды сату-сатып алу), Иджара (қаржылық аренда), Мушарака (ортақ қызмет) және т.б. Егер ислам заңына қайшы келмейтін болса, барлық келісімшарттар жүзеге асырылады. Ислам экономикалық моделінде шариғат нормаларына жауап бермейтін іскерлік қатынастарға тыйым салынған: шошқа етін, алкоголь, есірткі және порнографиялық өнімдер. Оған қоса, дәстүрлі сақтандыру, монополия, ойын бизнесі, лотореялар мен табиғи ресурстарды орынсыз пайдалану және оны қайта қалпына келтіруге кедергілер және т.б. Әлемдік тәжірибеде шариғат нормаларына сәйкес қызметін жүзеге асыратын бөлек қаржылық  институттармен қоса, қаржылық жүйесі шариғат заңдарына толық негізделген  бірқатар елдер бар екенін айта кету керек.   Осылайша, ислам банк жүйесі халықаралық немесе мұсылман қаржысы арасында қалыптастыра алатын  үлесі кішкене болғанына қарамастан дүние жүзінде үлкен жетістіктерге жетті. Ең маңыздысы, нарықтағы үлесі емес, пайыздық өсімге шектеулігі бұл жүйенің өміршеңдігін қамтамасыз етті. 1950-1960 жылдары ислам банк ісі тіпті көзі ашық мұсылмандар арасында аздаған адамдар ғана білетін академиялық арман болса, бүгінгі таңда ол тәжірибедегі шындыққа айналды. Бұған Федеральді резервтік басқарма және Ұлыбританияның валюталық банкілері секілді  батыс орталық банктерінің, Халықаралық Валюталық Қор және Әлемдік банк секілді халықаралық қаржылық мекемелер сонымен қатар АҚШ-тағы Гарвард пен Риса Универсиеттері және Ұлыбританиядағы Лафборо  мен Лондон экономикалық мектебі секілді ғылыми орталықтардың назары ауды.  Батыс басылымдарында ислам банк ісіне үлкен мән беріледі. Болашақтың перспективасы қазіргі халықаралық қаржы жүйесінде қалыптасқан тұрақсыздық жүйедегі косметикалық өзгерістер нәтижесінде жойып емес, керісінше қаржы жүйесіне ислам қаржы жүйесі секілді тәртіпті енгізу арқасында жойса ғана жақсы болады.  Standard & Poor’s Ratings Services деректеріне сәйкес 2010 жылы шариғат нормасына сәйкес келетін әлемдегі барлық активтер $400 миллиардты құраса, потенциалды нарығы $4 триллионға жеткен. Ең үлкен активтер Иран, Сауд Арабиясы және Малайзияда шоғырланған. 2010 жылы ирандық банктер әлемдегі ең жақсы 100 ислам банктерінің 40% активтерін есепке алған. Bank Melli Iran банкі $45,5 млдрд. Бірінші орында болған, кейін Сауд Арабиясынан Al Rajhi Bank және Bank Mellat  $39,7 миллиард пен Bank Saderat Iran с $39,3 миллиард актив сомасымен. Иранда ең ірі $235,3 миллиардқа бағаланған ислам қаржы активі шоғырланған. Ол рейтинг бойынша одан кейінгі орналасқан елдің $92 миллиардынан ек і есе асып түседі. Ең жақсы он ислам банктерінің алтауы ирандық болып табылады. 2010 жылдың қарашасында The Banker өзінің кезекті 500 ең беделді ислам қаржы мекемелерінің тізбесін шығарды, бұл тізбекке сәйкес ең жақсы он банктің жетеуі ирандық болған. Шариғат бойынша “Maysir” мен “Gharar” тыйым салады. Maysir пайда табуы алдын ала белгіленген, болашақта күмәнді оқиғаның пайда болуына тәуелді болатын келісімдерді біріктірсе, Gharar деп алыпсатарлық келісімшарттарды атайды. Екі түсінік те шамадан тыс тәуекелмен байланысқан және іс әрекеттің анықсыздығы мен алдамшылдығына итермелейді. Исламда өсімқорлықты сынау шамамен біздің эрамыздың 600 жылдарында сонау Мұхаммед пайғамбардың өмір сүрген кезінде нақты бекітіліп және Құран кітабының біраз өлең жолдарымен нығайтылған. Өсімқорлық туралы жазбада ең алғашқы сөз Riba болды, ол «артықшылық немесе толықтауыш» дегенді білдіреді. Ислам экономисттері Чудхери мен Малик (1992 ж.) айтуынша пайыздық мөлшерлемеге шектеу ислам экономикалық жүйесіне интегралданған жұмыстың әбден қалыптасқан принцпі болды.  19-ншы жүзжылдықта пайда болып Сир Сейидпен басқарылған исламдық ойлар мектебі өсімқорлық  немесе тұтыну несиесі мен пайыздар арасындағы айырмашылықтар туралы дәлелдер жазып кеткен.  Чудхери мен Малик «пайызсыз қаржылық мекемелердің бүкіл әлемде біртіндеп пайда болуына» дәлелдер келтірді. Олар Иран, Пәкістан мен Сауд Арабиясындағы қажылық мекемелер, Женева қаласындағы   Dar-al-Mal-al-Islami және Солтүстік Америкадағы трасталық компанияларды мысалға келтіреді [6].

2007 жылдың соңында қаржы  жүйесінің дәстүрлі моделінің  кемшіліктерін көрсеткен  әлемдік  экономиканы қаржы дағдарсы жаулап  алған еді. Бұл модельдің ең  басты кемшілігі болып, өсім  пайызын негізсіз өндіріп алу  табылады. Нақты активтерге бекітілмеген  бақыланбаған ақшаның шамадан  тыс өсуі әлемдік экономикада коллапсқа алып келеді. Күрделі пайыздарды есептеу белгілі бір уақыт аралығында ақша жағдайын соғұрлым өсіреді. Бұл интенсивті өсіп келе жатырған темпке тауар және қазмет өндірісі үлгермей, нәтижесінде дисбаланс туындап, жаһанды қаржы дағдарысына әкеп соғады.  Дәстүрлі жүйеге балама ретінді ислам қаржы жүйесі бар. Қазіргі таңда әлемде  жалпы активі 700 млрд құрайтын  300 ден астам исламбанктері бар. Орташа жылдық өсімі жылына 10-15%. Мамандадың болжамы бойынша 2013  жылға қрай ислам банктерінің активі 1 трлн  жетеді.   

Исламдық банктердің тиімділігі қаржылық көрсетіштер арқылы ғана емес, сонымен қатар ХВҚ ның 12 жыл бойында капиталы бірдей 77 исламдық және 397 дәстүрлі банктерді зерттеулері арқылы да байқауға болады. Капиталы 1 млрд төмен банктерді зерттеу нәтижесінде ислам банктері қарапайым банктерден үш есе тиімдірек. Ал капиталдары 1 млрд асатын зерттеу нәтижесінде ислам банктері қарапайымдылардан  25%  артық екендігі анықталды. Сонымен қатар, дәстүрлілермен салыстырғанда әлемдік дағдарыс ислам банктерін ұрынбады. Оған қоса, өзінің даму тарихында ислам банктері бір де бір рет дағдарысқа түсіп көрмеген. Еуропада исламдық қаржыландыру 1978 жылдан бері дамып кле жатыр. Бүгінгі таңда Ұлыбританияда 23, Швейцарияда 5, Люксембург пен Францияда  4 ислам банктері қызмет етуде [4].

 

 

Диаграмма 1. IBB банкінің активтері мен депозитер көлемі

Автормен құрастырылған

 

 

Диаграмма 2 . IBB банкінің кклиенттер мен шоттар көлемі

Автормен құрастырылған

 

Islamic Bank of Britain (IBB) – Ұлыбританияның  ең ірі банктерінің бірі. Дағдарысқа  қарамастан ол жылдан жылға депозит көлемі мен клиенттік базаны өсіріп келеді.

 
  Кесте 1. Қаржы көрсеткіштері BLME

 

 

2009 ж.

2010 ж

% өсім

Мурабаха  
(үстеме бағамен алып сату)

6 447 777

19 731 516

206

Мудараба 
(пайда мен шығынға қатысу)

106 439

264 629

149

Вакала (агенттік қызмет көрсетулер)

3 127 246

2 670 799

-15

Истисна (форвардтық келісім)

1 421

1 416 517

99585

Сукук (бағалы қағаздар,материалды активпен қамтамасыз етілген)

704 464

2 657 236

277

Иджара (лизинг, жалға алу)

-

1 848 445

-

Мушарака (ортақтасқан қызмет)

-

162 055

-

Жиынтық табыс

10 387 347

28 751 197

177

Таза пайда

175 657

3 520 774

1904

Активтер

297 720 601

871 932 453

193

Меншікті капитал

179 402 020

257 849 289

44

авторомен құрастрылған


 

2009 ж. ислам қаржылық институтарының табыстылығы 10-12% АҚШ-та, 12-15% Батыс Еуропада және 15-20% Шығыс Еуропада құрады [9].

Мәскеу қаласында «Исламдық  қаржы және инвестиция» атты халықаралық  форумы кезінде Люксембургте ТМД  және Ресей территориясында инвестициялауды  жүзеге асыру үшін  халықаралық  инвестициялық қор ашу туралы келісімге келген болатын. Басым  бағыттары халал өнімдерін өндіру және дистрибуциялау, ислам қаржы  институттарын қалыптастыру және дамыту, телекоммуникация  және медиа технология. islamic-finance.ru   Шведтік экспорттық несие корпорациясы (SEK) Сауд Арабиясымен сауданы одан әрі дамыту барысында шариғатқа сәйкес исламдық қаржы құралдарын пайдалануға немесе исламдық облигацияларды шығаруды жоспарлауда. Себебі, Швецияның Сауд Арабиясына экспорты төмендеп кетті, бұл негізінен кен және көлік құрылысы өнімдерінен тұратын 1,32 млрд сомасындағы тауарлар, скандинав елдеріне жеткізілетін жалпы экспортының  1%-н ғана құрады. Islamic-Finance.ru по материалам ArabianBusines  Бүгінгі таңда Виннипег қаласында (Канада) тұратын 13 мыңнан астам мұсылмандар туыстарында немесе пәтерлерін жалға алып тұруда.  Соларға қалайда көмектесу үшін Assiniboine Credit компаниясы «Исламдық ипотекалық бағдарламасын» бастады. Бұл бағдарлама бойынша несие беруші компания мен клиенттің жылдымайтын мүлікке бірдей мүліктік құқығы болады. Клиент уйде тұруға құқық алады да, компанияға бекітілген тұрақты төлемдер жасап отырады. Келісімшарт мерзімі аяқталған соң, клиент пәтердің толыққанды иесі болады. Несие беруші компаниямен келісімге отыру үшін алдымен клиент пәтер құнының минималды 20% алғашқы төлем жасау керек [7].

Сонымен, ислам қаржы жүйесі өзінің қызмет ету принцптерін Құран  мен Суннадан алады. Бұл киелі  кітаптарда қаржы жүйесіне мүлдем пайызға  рұқсат бермейтіндіктен, рибаға шектеу (пайыз) – әділетті әрі тепе – тең қаржы жүйесін қалыптастыру үшін ислам қаржыгерлерімен ойлап қарастырылған маңызды бөлігі болып табылады. Ислам тарихының сонау кезінде мұсылмандар тұтынушының қажеттілігін қанағатандыруда және өндірісті қамтамасыз етуде ресурстарды мобилизациялау үшін пайызсыз қаржы жүйесін пайдалана алатын болған. Сонымен қатар ислам қаржы жүйесі тек қана мұсылмандар емес, христиандар мен еврейлер арасында кең етек жайды.

 

    1. ҚР-нда  ислам қаржы нарығының қалыптасуы

 

Қазақстандағы ислам нарығына деген қызығушылық ең алдымен  экономикасының өсімі 2002 жылы екі есе  өскен Парсы шығанағы елдерінің  инвестициялық капиталына қызығушылығымен  пайда болды. Ислам қаржыландыру секторы бүгінгі таңда ең тез  өсіп келе жатырған, әрі жыл сайынғы  өсімі 15- 20% құрап отырған сектор болып табылады. Euromoney Islamik Finance Review мәліметтері  бойынша оның айналымы шамамен 750 млрд. АҚШ долларын құрайды және жыл сайынғы 15% өсіммен 2016 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн. АҚШ долларын құрайды деп болжануда. Ислам банкингі әлемде 400 астам қаржы институттарын тәжірибелеуде және олардың жылдық айналымдары  800 млрд. Долларын құрап отыр. Сонымен қатар, ислам қаржы жүйесіне деген қызығушылық әлем экономикаысының дағдарыстық коньюктурасынан болды. Бүгінгі таңда ислам банктерінің қаржылық өнімдері дәстүрлі банктермен берілетін несиелерге альтернатива ретінде жобаларды қаржыландыруға инвестиция алу мүмкіндігі болып табылады.  Ислам қаржы институттурының елімізде пайда бола бастауы ең алдымен Алматы қаржы орталығының ерен еңбегінің нәтижесі болып табылады. Алматы қаржы орталығы отанымыздың экономикасының нақты секторын дамытуға мүмкіндіктер жасайтын, әрі елімізде қызмет етіп жатырған қаржы жүйесін диферсификациялайтын болғандықтан, бұл ұйым  Қазақстанда ислам қаржы құралдарын енгізудің белсенді иннициаторы болып табылады. Осы агенттік осы сферадағы шет ел тәжірибесін дұрыстап зерттеп, 2007 жылы елімізде ислам қаржыландыру жүйесінің дамуына мүмкіндік беретін заңнамалық базаны жасауды ұсынды. Нәтижесінде Қаржы Қадағалау Агенттігімен ҚР ислам қаржы ұйымдарын ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнама жасап шығарылған болатын. Ал 2009 жылдың ақпан айында «Ислам банктерінің қызметтері және ислам қаржы жүйесін ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Осылайша, Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасында ең алғашқы болып ислам қаржы жүйесін енгізуді заңнамалық деңгейде қолға алды. Бұл заңның басты мақсаты ислам қаржы құралдарн енгізу, ислам банктерінің қалыпты қызмет етуіне құқтық негіздеме  жасау. Сонымен қатар заң ислам банктерінің заңды және жеке тұлғалардың талап етуіне дейінгі пайызсыз депозиттер, жеделдетілген, қайтармыды әрі сыйақыны төлетіп алусыз банкілік заемдық операциялар секілді ерекше жақтарын қарастырады.  Заңменен әр түрлі формадағы кәсіпкерлердің қызметін қаржыландыру, ислам бағалы қағаздарын шығару мен айналысқа енгізудің еркешеліктері есепке алынды: жалға беру келісімшартымен табыс алатын ислам арендалық сертификаттар, жаңа жобаны немесе бұрыннан бар жобаны қаржыландыруғы инвестициялық ислам қатысу сертификатары. Ислам қаржы ұйымдарының қызметін ұйымдастыру бойынша заңнаманың пайда болуы алматы қаржы ортылығының ТМД және Орталық Азия елдері арасында инвестициялық тартымды көшбасшысы және ірі ислам қаржы орталығы болуына мүмкіндік береді.  Алматы қаржы орталығы исламдық қаржыландыруды Қазақстанның қор нарығының дамуының бірден бір перспективалық бағыты деп атады. Инвестициялаудың жаңа көздерінң пайда болуымен қатар қаржы нарығының альтернативалық көздері пайда болады: банкілік өнімдер, ислам бағалы қағаздар және т.б. Ислам қаржысының бірінші қарлығашы -  «FATTAH  FINANCE»  республикамызда ең бірінші  тәуекелді инвестициялау пайлық  «Аман Ислам Қорын» тіркеді. Ол шариғат нормаларына сәйкес қызметін жүзеге асырады. Қор халықаралық Шариғат кеңесінен (Малаизия) шариғат нормаларына сәйкестігі жөнінде анықтама алды. Жаңа құрылымды исламдық сукук облигацияларын қазақстандық инвесторларға «Kausar Consulting» компаниясы BNP Paribas және Encore Management S.A. компаниялармен бірлесіп ұсынуда. Сукуктардың ерекшелігі болып -  облигацияларға қосымша кепілдік беруді қамтамасыз ететін олардың нақты активке байланғаны, әрі нақты бір жоба аясында шығарылуы. Үшжылдық облигациялар көлемі 20 млн. АҚШ долларын құрайды. Бұл бондтар Бахреин, Кувеит, БАӘ секілді елдердің дербес және корпаративті сукуктар портфеліне байланған. «Kausar Consulting» компаниясының қаржылық аналитигі Бауржан Сагымбайдың айтуынша, осындай инвестицияларға қызығушылық білдіріп жатырған орта бар. Олардың қызығушылығы табыс аз болатындығына қарамастан, тәуекелсіз салымдарын сақтап қалумен байланысты болып отыр. Сонымен қатар, исламдық құралдар зейнетақы қорлары, сақтандыру полистері және басқарушы компаниялар мен жеке тұлғалар тарапынан қызығушылық тудыртады. «Менің ойымша, Қазақстан тұрғындары үшін олардың инвестициялары шариғат нормаларына сәйкес жүргізілгені жақсы болатын сияқты. Біздер клиенттер жоғары дивидендтер алу үшін портфльдің ең тиімді құрылымын қарастырамыз» дейді Бауыржан мырза. «Исламдық қаржыландыруды түсіну сол өнімді толық түсініп пайдаланбайынша жай қалыптасу мүмкін. Малаизияда исламдық қаржы жүйесі қарды нарығының 20% жету үшін 10 жыл қажет болды.  Дегенімен, Қазақстан үшін мұндай үлкен мерзімнің қажеті жоқ, себебі біздер өзг елдердің қатесін қайталамаймыз және жоғары шет елдік тәжірибемізді және шет елде серіктестеріміздің бар болуын  есепке ала отырмыз. Сондықтан менің болжамым бойынша, 3-5 жылдан кейін ислам қаржыландыру жүйесі нарығымыздың 15-20% алатын болады» деп сөзін аяқтыды аналитик [11].

Қазақстандағы ең алғашқы  исламдық Әл Хилал банкінің активтері 2011 жылының наурыз айының соңында 6,442 млрд. тенгені (6,539 млрд тенге) құрады. Яғни, банктің активтері былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 %-ға кеміген. Банктің міндеттемелері 8 %-ға төмендеп,  388,6 млн. тенгені құрады. Меншікті капитал 1%-ке 6,054 млрд. тенге болса, жарғылық капитал – 6,5 млрд. тенге болып, сол қалпында қалған. Жылдың бірінші кварталында банк  63,3 млн. тенге сомасында таза шығын шеккен. Әл Хилал 20100 жыл наурыз айының 17-ші жұлдызында қызмет етуге лицензия алып, сол айдың соңында қызметін бастады. Алматының қаржы орталығы байланыс және ақпарат министрлігі, индустрия және жаңа технология министрлігі, қаржы министрлігі, сауда және экономика даму министрлігі, сыртқы істер министрлігі, ҚР Ұлттық банкпен бірлесіп, исламдық қаржыны дамытуға байланысты 2010-2012 жылдарға арналған Жол картасын дайындады. Жол картасының басты мақстаы болып мемлекеттік органдармен бекітілген исламдық құралдарды енгізуге байланысты іс шараларды жүргізу, исламлық қаржы институттарын енгізуде қолайлы жағдайлар жасау,халықаралық ислам қаржы институттарымен терең байланыстар орнату,  ислам қаржылық сауатты көтеру, сонымен қатар инвестиция тарту. Жол картасы ислам қаржылық қызмет көрсету индустриясының тұрақтылығына жағымды жағдайлар жасап, 2020 жылға таман Алматы қаласының басты қаржы орталықтарының болуға, сонымен қатар халықаралық  деңгейде Қазақстанның ислам қаржыландыру орталығы статусын нығайтуға үлке нсептігін тигізеді. Қазіргі тағда елмізде шариғат принцптеріне сәйкес қызмет ететін Әл Хилал ислам банкі, исламдық инвестициялық қор, такафул – компания, брокерлік және консалтингтік компаниялар бар. Халалдық сақтандыру такафул компаниясы қазіргі таңда азаматтарды медициналық сақтандыру, төтенше оқиғалардан сақтандыру, шет елге шығуға байланысты сақтандырулық қызметтер көрсетуде. Жақын арада компания қызмет көрсету аясын кеңейткісі келеді. Жоспарда авто такафул (КАСКО) мен мүліктік такафул енгізу ойы бар. Сонымын қатар, «Сақтандыру қызметі туралы» заңға түзетулер енгізгеннен кейін, ислам сақтандыру компаниялары сақтандырудың барлық қызмет түрін көрсете алатын болады. «Қазақстанның Халал индустриясы» ассоциациасының президенті Марат Сәрсебаевтің айтуынша ҚР-да исламдық сақтандыру компанияларының даму келешегі жоғары. Себебі елімізде ден астам халал өнімдерін өндіретін кәсіпорындар бар. Жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде Исламдық сақтандыру такафул түсінігі исламмен рұқсат етілмейтін элементтері бар болғандықтан дәстүрлі сақтандыру қызметіне альтернатива ретінде  енгізілген болатын [15].

Алматы қаржы орталығы арнайы құрылған топпен бірлесіп, 2008  жылы ҚР салық кодексі, Банк және банк қызметі туралы заң сонымен  қатар  Азаматтық кодекске өзгертулер мен  толықтырулар енгізіп, 2009 жылдың ақпан  айында ресми  қабылданған болатын. Бұл исламдық банктердің қызметіне, исламдық инвестициялық қорлардың  қызмет етуіне сонымен қатар исламдық бағалы қағаздар эмиссиясына қолайлы  жағдай жасады. Оған қоса Қазақстан  инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция көптеп инвестиция тартуда. Ислам Даму банкі Қазақстанның «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» транспорттық жобасына 170 миллионов доллар сомасында қаржы бөлген болатын. Исламдық банктер тез дамып келе жатырған әрі іргесі берік елдерді инвестициялауды жөн көреді. Қазақстан болса осындай капиталды тартуға қолайлы жағдайлар жасалған. Исламдық банктердің тағыдда бірі басымдығы ол Қазақстанның дәстүрлі банк жүйесімен бір уақытты қызмет ете береді.  Яғни, еліміздің заңды және жеке тұлғалары дәстүрлі және ислам банктері арасында еркін таңдау құқығы болады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Ислам банкингі: мәселелері мен даму болашағы