Қазақстан Республикасындағы Ислам банкингі: мәселелері мен даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 15:08, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда исламдық банк жүйесі – тек мұсылман елдері ғана емес, сонымен қатар әлемнің түпкір түпкіріндегі мемлекеттерде қарқынды дамып келе жатырған сала. Қазақстан Республикасындағы ислам қаржыландыру жүйесінің дамуы экономиканы диферсификациялауға, тәуекелді төмендетіп еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. ҚР-дағы тұрғындардың 2/3 бөлігі этникалық мұсылмандар болып табылатын исламның дамуының тарихи жағдайын, сонымен қатар тәжірибе мен Еуропа елдерінде ислам банкингінің танымалдығының жоғары көрсеткіштерін есепке ала отырып ислам қаржыландыру өнімдеріне үлкен сұраныс болатындығы жөнінде нақты болжам жасауға болады.

Содержание работы

Ислам банкингінің пайда болу тарихы мен қызмет ету принцптері
Ислам банкингінің пайда болу тарихы
ҚР-нда ислам қаржы нарығының қалыптасуы
Ислам қаржы жүйесі
2. Қазақстанның ислам қаржылық ұйымдарымен байланысын «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясы мысалында талдау
2.1. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының пайда болу тарихы мен қызметі жайында түсінік
2.2. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының қаржылық жағдайы мен Қазақстанда жүргізген операцияларына талдау
2.3. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының қызмeтіне SWOT-талдау
3. ҚР Ислам банкингінің даму перспективасы оны дамыту мәселелерін шешу жолдары

Содержимое работы - 1 файл

ислам банкинг курс.docx

— 242.35 Кб (Скачать файл)

Сонымен, экономикалық дағдарыс кезінде дәстүрлі банктердің осалдығын көрсеткен Қазақстан Республикасының экономикасы үшін баламалы қаржы жүйесіне қажеттілік туындаған болатын. Сол кезеңдерде дағдарысқа былқ етпеген  ислам банкингіне біздің тарапымыздан қызығушылық артып, елбасымыздың арнайы тапсырмасымен экономикамызға ислам қаржы жүйесін енгізіп, одан әрі дамуына қолайлы климат жасалған болатын. Осы орайда, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Ислам қаржы индустриясы экономикамызда дамып келе жатырған ең жас сала болса да, қазіргі таңда екі ислам банкі мен ислам брокерлік компаниясы қазақстандықтарға өз қызметтерін көрсетіп жатыр.

 

 

    1. Ислам  қаржы жүйесі

 

Елімізде 2007 жылдан бастап исламдық қаржы нарығы, исламдық банк туралы жиі айтыла бастаған. Экономика  дағдарысқа ұшырап, қаражат табудың  балама көздерін іздеген уақытта  көмекке исламдық қаржы нарығы келген еді. Барлық газеттер, телеарналар осы тақырыпта сан қилы ақпарат беріп, бір-бірімен жарыса жөнелген. Үзік-үзік берілген, шала-шарпы зерттелген мақалалардан қалың қауымға жеткені «исламдық банктер пайызсыз несие береді екен» деген тұжырым ғана болатын. Саналы көпшіліктің басында күмәнді күдіктер пайда бола бастады. «Пайызсыз несие берсе, ол банк қайтіп күн көреді?» деген сұрақ туындап, бұл жерде бір өтірік жасырын жатқандай «исламдық банктің кәдімгі банктен ешқандай айырмашылығы жоқ, пайыз жоқ дегенімен ісіңе ортақтасып, пайдаңның бәрін жалмап қояды екен» деген пікірлер де қалыптаса бастады. Әрине сау етіп басымызға келе қалған бұл тың жаңалықты халыққа сауатты түрде тәптіштеп жеткізетін маман жетіспеді. Нарықтағы бір уыс маман қолдарынан келгенше газеттерге сұхбат берді, телеарналардың бағдарламаларына қатысты тіпті тегін семинарлар да өткізді, соңғы екі жылда елімізде исламдық қаржы нарығы бойынша бес конференция өтті. Бірақ сауатсыздықты жоя алмады. Ендеше сол бір уыс мамандардың қатарында болған мақала авторының сөздеріне бір көз жүгірте шығыңыз. Бәлкім бір кәдеңізге жарап қалар [18].

Сонымен исламдық қаржы дегеніміз не? Аты да айтып  тұрғандай Ислам дінімен тікелей  қатысы бар болуы керек. «Қаржының  да діні болады екен ғой?» деген сұрақ  та туындауы мүмкін. Жалпы экономика, қаржы саласы адамдардың қарым-қатынасының  бір бөлшегі болып табылады. Бір  елде тұратын адамдар бір-бірімен  сауда-саттық жасайды, көршілер, достар бір-біріне қарызға ақша береді немесе қарызға сұрайды, бір-бірімен ортақтасып кәсіп қылып, пайда табады, бұның  бәрінде адамдардың қарым-қатынасы бар. Сондықтан біз экономиканы  зерттегенде адамдардың мінез-құлқын, дағдысы мен әдеттерін, іс-әрекетін зерттейміз, онсыз болмайды. Сондықтан  Ислам діні де адамдардың мына өмірдегі Жаратушымен қарым-қатынасын және мұсылмандардың өзара қарым- қатынастарын бірқатар қағидалардан тұратын Шариғатпен реттейді. Исламда Жаратушы мен жаратылған, яғни адам арасындағы қарым-қатынас «ғибадат» (құлшылықтың бес негізі: кәлимаи шәһадат, намаз, ораза, зекет, қажылық) деген тақырыпта жинақталса, адамдардың өзара қарым-қатынасы «муамалат» категориясында жинақталады. Осы «муамалатқа» экономикалық, қаржы, саудалық қарым-қатынастар, отбасылық, жанұялық қарым-қатынас, саяси қарым- қатынастар кіреді. Шариғатта адамдардың өзара қарым-қатынасында тыйым салған заңдар бар. Олар жалпы адамдар арасында әділеттілікті, тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Осылардың бірі – қаржылық қарым-қатынаста қойылатын тыйым – өсімге қарыз ақша беру. Яғни бүгін біреуге қарызға ақша беріп тұрып, оны белгілі бір мерзімнен кейін үстінен алдын ала белгіленген бір мөлшерде өсім алуға болмайды (пайыз). Себебі бұл жерде өсімге ақша беруші жақ ақша алушының зәру жағдайын пайдаланып, соның арқасында тәуекел етпестен табысқа кенеліп отыр. Сондықтан исламдық қаржы нарығында дәстүрлі қаржы нарығының ең басты тауары болып табылатын ақша – тауар емес, нақты тауарлардың қол алмастыруына қажетті құрал деп қабылданады. Ең басты айырмашылық осы жерде жатыр. Себебі шығын шықпай, кіріс кірмейтіні белгілі. Адам баласы табыс табу үшін бірінші қалтасынан шығыс шығару керек. Мысалға, сауда-саттық жасаймын десеңіз, бірінші сататын тауарыңызды өз ақшаңызға сатып алуыңыз керек қой. Сол сияқты бір жерде шаштараз ашып ақша табамын десеңіз, бірінші бір мекенді жалдауыңыз керек, қайшы, тарағыңызды сатып алуыңыз керек дегендей, айта берсең кете береді.

Экономикалық теория бойынша  табыстың үш түрі болады. Бұл туралы толығырақ кез-келген жоғары оқу  орнының экономика пәні кітаптарынан оқуыңызға болады. Олар: қолыңдағы  бар мүлікті жалға беру арқылы табатын табыс (мысалы бос пәтеріңізді  басқа біреулерге жалға табыстайсыз), екіншісі – бір экономикалық әрекет жасау арқылы табатын табыс (бір  тауарды өндіру, сауда-саттық жасау  сияқты), үшіншісі болса – қолыңыздағы  ақшаны қарызға беру арқылы табатын  табыс (яғни үстем ақы, банктердің несиесі  де осы табыс түріне жатады). Исламдық қаржыда табыстың осы үш түрінің алғашқы екеуіне рұқсат беріледі де, үшіншісіне тыйым салынады. Шариғатқа сай өмір сүретін әр мұсылман үшін тыйым салғандардан бас тарту құлшылықтың негізі болып табылады. Сондықтан қаржы нарығы өміріміздің айырылмас бір бөлшегі бола бастағаннан бері, мұсылман мемлекеттердегі мұсылмандар қаржы нарығындағы қызметтердің Шариғатқа сай келуін талап ете бастады. Сәйкесінше Шариғат ғалымдары қазіргі банктердегі, қор нарықтарындағы, жалпы қаржы жүйесіндегі барлық қаржы құралдарын зерттеп, оларға балама Шариғатқа сай қаржы құралдарын ұсынды. Бүгін бүкіл әлемде тек мұсылман мемлекеттерде ғана емес және тек мұсылмандар ғана емес, басқа дін өкілдері де қолданып жүрген жаңа бір қаржы жүйесі қалыптаса бастады.

Біздің мемлекетте қабылданған  заң жүйесі бар және сол заңның салған тыйымдары бар. Мысалға, сіз жарылғыш заттарды, есірткіні сата алмайсыз, себебі заң тыйым салған. Сіз осы елдің азаматы ретінде заңға сай өмір сүруіңіз керек, ал заңды бұзатын болсаңыз жазаланасыз. Сол сияқты Шариғат та діни заңдардың жиынтығы болып келеді, бұл жерде мұсылман үшін тыйым салынған мәселелер бар. Оны бұзуға болмайды [21].

Енді түсінікті болу үшін исламдық банктің қалай жұмыс  істейтінін түсіндіріп өтейік. Исламдық банкті дәстүрлі банкпен салыстыруға келмейді. Екеуінің экономикалық тұрғыдан алғанда жұмыс істеу әдістері әртүрлі. Мысалға исламдық банктер ешкімге біз білетін түсініктегідей несие бермейді. Яғни қазіргі банктердегі сияқты құжат толтырып, қолыңызға ақша ұстатпайды. Мысалға, сізге ипотекаға үй алу керек дейік. Қазір бұл қалай жұмыс істейді: сіз банкке барлық құжаттарды жинап апарасыз, келісім-шартқа отырасыз. Сіз пәтердің құнының белгілі бір мөлшерін (әр банктің шарты әрқалай) алдын ала банкке бересіз, банк қалған сомасын толықтырып, үйді сататын кісіге береді. Қарыз сіздің мойныңызға жазылады, ал пәтердің өзі банкке кепілдікке беріледі. Сіз екі-үш жыл төлеп, одан кейін белгілі бір жағдайлармен төлемдерді жалғастыра алмай қалатын болсаңыз, банк пәтерді өзіне алып алады (Кесте 2).

 

 

Кесте 2. Ислам және дәстүрлі банкинг арасындағы негізгі ерекшеліктер

 

Сипаттама

Исламдық банкинг

Дәстүрлі банкинг

Пайыз ставкасы

жоқ

бар

Спекулятивті мінез құлық

жоқ

бар

Тәуекелді бөлісу

бар

жоқ

Экономиканың нақты секторына  бағытталу

жоғары

төмен

Әлеуметтік бағытталу

жоғары

төмен

Банктің келісімшартты өзгерту  құқығы

жоқ

Бар

авторомен құрасытырылған


 

Исламдық банкте болса, пәтерге  клиентімен бірге ортақтаса алады. Ол пәтерде екеуінің де үлесі болады, яғни екеуі де үлестік меншік иелері болып табылады. Сіз сол үйде тұрып  банкке жал төлеп тұрасыз, сол  төлемдердің бір бөлшегі банктің  табысы болса, бір бөлшегі банктің  үлесін сатып алуға кетіп отырады. Сіз төлемдерді жалғастыра берсеңіз, банктің пәтердегі меншіктік  үлесі азая береді. Сосын мысалға  сіз төлемейтін жағдайға тап болған кезде банкпен бірге ол пәтерді  сатып, өз үлесіңізге түскен сомасын  қайтарып ала аласыз.

Сол сияқты егер сіз сауда-саттықпен  айналысып жүрген болсаңыз және саудаңыздың  көлемін арттырғыңыз келсе (жаңа бір клиенттер таптыңыз делік, олар сізден көп мөлшерде тауарға тапсырыс берді), банкке барып, келісімге отырасыз. Сіз тауарды сатып алатын жерден сататын жерге жеткізетін уақытыңызды  есептеп, банкке айтасыз, маған ана  жерден мына тауарды мынанша күнге  мынандай бағаға сатып алып, маған  үстіне өз табысыңды қосып сат (егер тауар жүз теңге тұрса, сізге  жүз он теңгеге сатады) мен саған  уақыты келгенде қайтарамын деп келісесіз. Заңды тұрғыдан тауардың иесі банк болып табылады. Сіз келісілген уақытта  тауардың құнын қайтарған кезде  тауар сіздің компанияңыздың балансына  өтеді де бұл мәміле аяқталады. Немесе сіздің компанияңыз бір кішігірім цех ашып, бір тауар өндіруді қолға алды делік. Сізге бұл шаруаны жүзеге асыру үшін қаражаттың көпшілігі өндіріс құралдарына қажет болады (кез-келген өндірістік жобаның жетпіс-сексен пайызы құрал-жабдықтың бағасынан тұрады). Сіз банкке барасыз, банк бұл құрал-жабдықты өз ақшасына сатып алады да белгілі бір мерзімге (бес жыл, жеті жыл) сізге жалға береді. Бұны лизинг деп атайды [12].

Міне, исламдық банк жоғарыда жалпы айтып өткендей қаржы құралдарымен жұмыс істейді, ешкімнің қолына ақша ұстатып жібермейді. Дағдарысқа тап болмастан бұрын елдің бәрі банктерден несие алып, қарызға батқан болатын. Сондықтан қарызы бар адамдардың көпшілігі исламдық банктер келсе, пайызсыз несие алып, біздің банктерден алған қарызын жауып тастауды ойлаған болатын. Өкінішке орай ондай тегін ақша еш жерде жоқ. Исламдық банктің жалпы экономиканы сауықтыруда үлкен маңызы бар. Біздің банктеріміз несие көлемін арттыруда бір-бірімен жарыса отырып, нарықта спекулятивті ақшаны көбейтіп жіберген болатын, бұның салдарынан тұрғын үй бағасы дағдарысқа дейінгі жылдары үнемі қарқынды түрде өскен болатын. Қолында бос ақшасы барлардың көпшілігі ақшаларын не банктердің депозиттеріне салды, не болмаса тұрғын үйлерге салды. Себебі, нарық ол инвесторларға басқа балама инвестиция құралын ұсына алмаған болатын. Ал шариғат нормаларынан бастау алатын ислам қаржы жүйесі қазіргі таңда әрі сенімді, әрі тұрақты дамып келе жатырған сала болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қазақстанның ислам  қаржылық ұйымдарымен байланысын «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясы мысалында талдау

2.1. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының пайда болу тарихы мен қызметі жайында түсінік

 

Бүгінгі таңда АҚ «FATTAH FINANCE»- Қазақстандағы Шариғат принцптеріне сәйкес қызмет көрсететін ең алғашқы брокерлік компания. Компания өзінің қызметін Қазақстанды ислам қаржылық өнімдері мен қызметімен қамтамасыз етуді мақсатымен бастады. АҚ «FATTAH FINANCE» - «AFC  Capital» АҚ-ның міндеттемелері мен құқығын орындайтын еншілес компаниясы болып табылады. 

Aкционерлік қоғамның қызметі Қазақстан Республикасың Қаржы Қадағалау Агенттігімен бақыланады. Қоғамның орналасқан орны: 050010, Алматы қ. , Төле би көш., 23А, байланыс телефоны: +7 (727) 291-82-11, 291-38-136, факс: 291-85-41, веб-сайт: www. fattah-finance.kz

 

2007

5 қаңтарда ҚР-ның Алматы аймағының қаржы орталығымен Алматы қаржы орталығының заңды тұлға-қатысушысы туралы мемлекеттік анықтама №12-1910-РФЦА-ТОО берілді.

 «FATTAH  FINANCE»  АҚ-на БИН 070140001043 берілді. Мемлекеттік классификатор коды - ОКПО №40966126 (Алматы қаласының Статистикалық Департаментімен берілді)

8 қаңтарда 600900583102 (СТН) салық төлеуші нөмірімен орналасқан орын бойынша тіркелді (Қазақстан Республикасының салық төлеуші туралы куәлігі, серия 60 №0070894, Алматы қаласының Медеу ауданының салық басқармасымен берілді 02.02.2009)

   

2009

20 тамыз. Номиналды ұстаушы  ретінде есеп жүргізу құқымен   инвестициялық портфельді басқару  арқылы бағалы қағаздар нарығында  брокерлік және диллерлік қызметті  жүзеге асыруға лицензия алды. № 4.2.211/106;

27 тамыз. Компания «А», «К», «Р», «Н» категориялары бойынша АҚ «Қазақстан Қор Биржасына» (KASE) мүше болып енді (қордың ресми тізіміне енген мемлекеттік және мемлекеттік емес эмиссиондық бағалы қағаздермен саудаласуға құқығы бар)

Қайта құрылымдау нәтижесінде  «AFC Capital»  ЖШС-гі болып өзгертілді. Атауының өзгеруіне байланысты Алматы қаржы орталығынан 28 қаңтарда 46-1910-РФЦА-АО нөмірімен мемлекеттік тіркеуден қайта өтті.


 

УК Real Invest.kz Бахт Ниязовтың  айтуынша бұл компания тіке инвестицияларға  басымдық береді, соның ішінде қозғалмайтын мүлікке және басқа да нақты жобаларға  салымдар. Сонымен қатар, шариғат  нормаларына сәйкес компаия пайыздық табыстылығы бар құралдарды қаржыландыра алмайды. Сондықтан оларға облигациялар нарығы мен репо келісімдердің есігі  жабық. Жарғығы сәйкес акционерлік қоғамның пәні болып:

  • Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасына сәйкес инвестициялық портфельді басқару қызметі;
  • Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шотттарын жүргізу құқымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және диллерлік қызметі;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес номиналды ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқымен бағалы қағаздар нарығында диллерлік және брокерлік қызмет және инвестициялық портфелді басқару қызметтерімен үйлесімді жүргізілетін бағалы қағаздар нарығындағы басқа да мамандалған қызметтер;

Лицензия:

20 тамыз 2009 жылы № 4.2.211/106   Қазақстан Республикасының қаржы қадағалау агенттігімен номиналды ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқымен бағалы қағаздар нарығында диллерлік және брокерлік қызмет және инвестициялық портфелді басқару қызметтерін жүзеге асыру үшін берілді Алматы қаласының қаржы орталығымен берілді.

Акционерлік қоғам органдары:

Жоғары орган – акционерлердің жапы жиналысы;

Басқару органы – директорлар  кеңесі;

Атқарушы орган – басқарма;

Бақылаушы орган – ішкі ауудит қызметі;

Акционерлер туралы мәліметтер:

Басылым 250 000 000 дана қарапайым акцияларға бөлінген, олардың арасында орналастырылғаны 213 202 275 дана, артықшылығы бар акциялар жоқ. Келісімшарттарды тіркеуші орган 24.01.2006 қаржы қадағалау агенттігінің №0406200451 лицензиясы бойынша бағалы қағаздар ұстаушылардың қызметінің реестрлық жүйесін енгізуді жүзеге асыратын «Зерде» АҚ. 2010 жылдың мамыр айында «АМАNAHRAYA  Capital  Group  Sdn  Bhd» (Малайзия) компаниясымен бірлесіп «АИФРИ  «ХАДЖ ФОНД КАЗАХСТАНА» АҚ-ның құрылтайшысы болды. «АИФРИ  «ХАДЖ  ФОНД КАЗАХСТАНА» АҚ капиталына орналастырылған қарапайым акциялардың номиналды құны 35  325  мың  тенге сомасына  1 тенге көлеміне сәйкес  инвестиция үлесі 50 % құрайды [17].

 

Кесте 3. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары

 

Акционер-жеке тұлғаның толық аты-жөні, туған жылы,акционер-заңді тұлғаның орналасқан жері

Акционрелік қоғамда орналастырған 10 немесе одан да көп пайыздық акциялардың  иелеріне тиесілі дауыс беруге құқы бар акциялардың пайыздық қатынасы

Джакитова Лаура Даулетовна

11.11.1980 ж.т.

13,396%

НурпиисовЗараткызы Маненгазович

28.04.1971 ж.т.

84,7962%

Автормен құрастырылған

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Ислам банкингі: мәселелері мен даму болашағы