Қазақстан Республикасындағы Ислам банкингі: мәселелері мен даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 15:08, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда исламдық банк жүйесі – тек мұсылман елдері ғана емес, сонымен қатар әлемнің түпкір түпкіріндегі мемлекеттерде қарқынды дамып келе жатырған сала. Қазақстан Республикасындағы ислам қаржыландыру жүйесінің дамуы экономиканы диферсификациялауға, тәуекелді төмендетіп еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. ҚР-дағы тұрғындардың 2/3 бөлігі этникалық мұсылмандар болып табылатын исламның дамуының тарихи жағдайын, сонымен қатар тәжірибе мен Еуропа елдерінде ислам банкингінің танымалдығының жоғары көрсеткіштерін есепке ала отырып ислам қаржыландыру өнімдеріне үлкен сұраныс болатындығы жөнінде нақты болжам жасауға болады.

Содержание работы

Ислам банкингінің пайда болу тарихы мен қызмет ету принцптері
Ислам банкингінің пайда болу тарихы
ҚР-нда ислам қаржы нарығының қалыптасуы
Ислам қаржы жүйесі
2. Қазақстанның ислам қаржылық ұйымдарымен байланысын «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясы мысалында талдау
2.1. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының пайда болу тарихы мен қызметі жайында түсінік
2.2. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының қаржылық жағдайы мен Қазақстанда жүргізген операцияларына талдау
2.3. «FATTAH FINANCE» брокерлік компаниясының қызмeтіне SWOT-талдау
3. ҚР Ислам банкингінің даму перспективасы оны дамыту мәселелерін шешу жолдары

Содержимое работы - 1 файл

ислам банкинг курс.docx

— 242.35 Кб (Скачать файл)
  • Алматы қаржы орталығының мамандары ислам банкингін жан жақты қарастырды, соның ішінде оның Қазақстан қаржы жүйесіне бейімділігі мен потенциалын Ислам банкингінің қандай ерекше басымдықтары бар және қандай минустары бар?

Эксперттердің айтуынша ислам  банкингінің маңызды плюстарының  бірі – әлем қаржы дағдарысына  тұрақтылығы. Постдағдарыстық периодта да ислам банктері артықшылық өтімділігін  көрсетіп отыр. Ислам қаржыларының тұрақтылығының себебі – тәуекелдер мен табыстарды қатысушылар арасында әділ бөлісу. Яғни, екі тарап та жобаның  табыстылығы мен инвестициялардың қайтарымдылығына бірдей жауапты болады. Ислам қаржысының принцпі сенімге, шындыққа, анықтылыққа және қатысушылардың трансперантті қатынастарына   негізделген, ал ол кезегінде дәстүрлі банктердің алдындағы артықшылықтары болып табылады. Оған қоса, ислам қаржысында ақша тауар емес, құн өлшемі ретінде қарастырылады, сондықтан валюталармен спекулиция тыйым салынған:

  1. Ислам қаржылыраның басты принцпіне – пайыздық мөлшерлемеге шектеу қою болып табылады, сондықтан мұнда дәстүрлі банктік депозиттер мен несиелер жоқ;
  2. Тәуекелдерді бірдей бөлісу. Банк клиенттің жобасын қаржыландыра отырып, оның серіктес инвесторы болып келеді;
  3. Спекулятивті іс – әрекеттерге тыйым салу. Тағы да бір ерекшелік – анықсыздықтан қашу. Кез келген келісімшартқа қол қояр алдында барлық шарттар мен жағдайлар анықталуы керек: қатысушылар, пәні, мерзімі. Тағы да бір шектеу – белгілі бір тауарларға (табак, алкоголь, қару – жарақ, шошқа еті, азарт ойындары) қатысты сауда операцияларын қаржыландыруға болмайтындығы;

Егер, ислам банктерінің  бейімділігінің мәселелерін айтар болсақ, басқару механизмінің, қадағалау мен жаңа салық салудағы қиыншылықтар. Екінші мәселе – мемлекеттік және шариғат бақылауларын жүргізетін жоғары квалификациялы мамадардың жетіспеуі. Осылар ислам банктері мен олардың өнімдерін жасауда шығындарды көбейтеді.

  • Ислам қаржыларының дамуы Қазақстанға не береді?

Қазақстанда ислам қаржыларының дамуы инвесторларға балама инвестициялық  құралдарға қол жеткізуге және экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін қосымша  көздерін жасауға мүмкіндіктер ашады. Қазіргі таңда ислам қаржа  жүйесі – ең қарқынды дамып келе жатырған сектор. Оның әлемдік активтері 1 триллион доллар, ал жылдық өсімі - 15–20% 
Ислам қаржыларының географиясы: 71% - Таяу Шығыс елдеріне,  
24% – Азия елдеріне келеді. 
Ислам қаржыландыруы бойынша батыс елдері арасындағы көшбасшы мемлекет – Ұлыбритания.

 

 

 

Диаграмма 7.  Ислам қаржыларының географиясы

 

Тікелей шет ел инвестицияларын тарту – Қазақстан экономикасы үшін ең маңызды сұрақтардың бірі. Қаржы дағдарысы батыс нарығынан заемдар алу мүмкіндігін шектегеннен кейін, еліміз баламалы қаржыландыру көздерін іздестіруг мәжбүр болды. Оған қоса, мұнай шығарумен айналысатын Таяу Шығыс елдері  артықшылық өтімділікпен ерекшеленіп,  жаңа нарықтарды іздестіруде. Эксперттер оның тек қана инвестициялық мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар экономикалық пайдалылығы мен тиімділігінғ сонымен қатар әділділігі мен этикасына қызығады.  2011 жылы Қазақстанға $400-500 млн шамасында ислам қаржылары тартылды. Қаржылар тартылған ең негізгі каналдарға:

  • Капиталды дербес тартумен айналысқан екінші деңгейлі банктер. Олар тартылған қаражаттарды өздерінің сауда операцияларын жүзеге асыруға және бизнестің жеке түрлерін коммерциялық қаржыландыруға жіберді. 2011 жылы ең ірі қазақстандық екінші деңгейлі банктер орташа $50-нан 150 миллионға шейін қарыз алды;
  • Әлеуметтік және экономикалық бағыттарға қаражат бөлетін Ислам Даму Банкі. Мысалы, «КазАгро» халық шаруашылығаның еншілес компаниясы ҚазАгроФинанс ИДБ-нен агроөнекәсіптік құрал-жабдықтар мен техника лизигісіне  $30 млн. Алды. «Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету» АҚ фермерлерді микронесиелеу үшін $10 млн. алды;
  • Қазақстан территориясында қызмет ететін ислам қаржы институттары - Al Hilal Bank банкі, Fattah Finance брокерлік компаниясы немесе «Такафул» сақтандыру компаниясы. Бірінші ислам Al Hilal банкі қызметін 2010 жылдың наурызында бастап, 2011 жылдың наурызында шамамен $23 млн. сомасына жеті жоба (телекоммуникация, сауда, құрылыс сферасы) қаржыландырды [19].

Алдымен басымдықтар ұлттық және корпоративті секторларды жоғары сұранысқа ие тауарларға берілді. Жоғарыда айтылып кеткендей 2009 жылы Қазақстан  Республикаысының заңнамаларына енгізілген өзгерістер ислам банктері, ислам  инвестициялық қорлары және ислам  бағалы қағаздарын шығаруға қолайлы  орта қалыптастырды.  Fattah Finance және «Такафул»  сақтандыру компаниялары ұсынатын бөлшек (розничные) ислам өнімдері заңнама  қаншалықты мүмкіндіктер берсе, олар соншалық дамыған. Осылайша,  өзара халал  сақтандыруды жүзеге асыратын «Такафул»  сақтандыру компаниясы Қазақстан Республикасының  «Өзара сақтандыру туралы» заңнамасы  шеңберінде қызметер көрсетеді (шет  елге шығушы тұлғаларды медициналық  және күтпеген оқиғалардан сақтандырулар). Ислам қаржы нарығында брокерлік  қызметтер көрсететін «Fattah Finance»  брокерлік компаниясы  малайзиялық  мемлекеттік Amanah Raya қорымен бірлесіп, Қазақстанда шариат принцптеріне сәйкес қызметін жүзеге асыратын Хадж – қор  ашты, оның қызметі жеке тұынушыларға бағытталған. Эксперттердің ойынша, бөлшек сауда ислам қаржыларының дамуы екі факторға тәуелд болады: ең басты сұрақтардың бірі – депозиттерді кепілдендіру және тұтынушылардың нақты  сұранысы болып табылатын, бөлшек сауданың құқтық базасынан. Соңғысы ислам  қаржы ұйымдардың өздеріе де тәуелді  болып табылады. Егер олар тұтынушыға дәстүрлі қаржы құралдарымен салыстырғанда  жағымды қаржы өнімдерін ұсынса, онда өнімге сұраныс жоғары болады. Қазіргі таңда ислам қаржыларының бөлшек өнімдерін кеңейту үшін құқтық негіз жасауды қолға алып жатыр. Бұрынырақ алматы қаржы орталығы ҚҚА-мен бірлесіп ислам сақтандыруды енгізу үшін құқтық норма жасаған  болатын. Ислам қаржыландыруға қатысты  тағы да бір сұрақ – ислам бағалы қағаздарын шығару және орналастыру  болып табылады. 2009 жылы қабылданған  заңнама исламдық қаржыны ұйымдастыруда, соның ішінде бағалы қағаздар айналымына байланысты бірқатар шектеулер мен  қателер жіберілген. Сукуктарды тек қана Al Hilal Bank банкі, «Самұрық» ҰӘҚ, «КазАгро» (және оның жүз пайыздық еншілес компаниялары) шығара алды. Дегенімен, осы жылдың мамыр айында мәжіліс «Ислам қаржылары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне қосымша өзгертулер мен толықтырулар енгізу» заңнамасын қабылдады. Өзгерістер оригинаторлардың тізімін кеңейтіп қана емес, сонымен қатар ТМД және Орталық Азия еллдерінің территориясында дербес ислам бағалы қағаздарын шығарып айналысқа енізуге нормативті – құқтық базаны жасауға мүмкіндік береді. Ислам қаржылрының дамуы жайлы айтқанда, жақын арада қазақстандық нарық тағы бірқатар ойыншыларды қосуды жоспарлап отыр. Малаизиялық  AmanahRaya банкі  өзінің салмақта ниетін білдірді. Дегенімен, Қазақстандағы ислам қаржыларының келу тек мықты құқтық база және ислам қаржылық ұйымдарының нарыққа икемділігінен ғана емес, сонымен қатар олрадың көлемі ислам қаржылары үшін тартымды елдегі бар жобаларданда тәуелді болып табылады. 2020 жылға қарай Қазақстан ұлттық экономикадағы ислам қаржы институттарының үлесін 10%-ға дейін өсіріп, таяудағы бес – жеті жылда $10 млрд. тартуды көздеп отыр [13].

Осы орайда, деді ол қазақстандық жақ исламдық құралдарды дамыту жөніндегі HSBC тәжірибесіне мүдделілік танытуда. [www.nterfax.kz]

Енді ислам банкингінің  шет елде даму ерекшеліктеріне тоқталсақ. Лондонда осы жылдың мамыр айында тарихта бірінші рет сауда алаңының ашылатындығы туралы хабарландыру жасалды,ол шариатқа сәйкес жұмыс атқаратын компаниялар үшін ақшалай қаражатты тартуға ықпал ететін болады.   The Shariah Ummah Securities Information Exchange (Umex) капиталы £20млн ($31млн) тұратын және осы соманы нарық құнынан ең кемінде 20% арттыруға тырысатын компаниялар үшін платформа құруға арналған. 
Halal Industries биржаға жауап беретін төрағасы Mahesh Jayanarayan, оның Көпжақты сауда қоры (Multilateral Trading Facility – MTF) ретінде қызмет ететіндігін хабарлады. 
«Umex» Шариатқа сәйкес 10 ислам кәсіпорындарын және 100 бағалы қағаздарын біріктеді, олар биржаға жіберілген соң саудаласатын болады. Биржа жыл ішінде, мамыр айынан бастап шамамен 100 IPO әлемдік ислам кәсіпорындарын жүргізуді жоспарлауда. Shariah Umex сонымен қатар америкалық және ғаламдық депозитарлық қолхаттардың исламдық үлгісін – Ислам Шариат депозитарлық қолхаттарын (Islamic Shariah Depository Receipt - ISDR) ұсынады. 
ISDR өзімен шариатқа сәйкес шетел биржаларында бағаланатын ислам компаниялары мен фирмалары акцияларының белгіленген санының меншік құқығын білдіреді [11].

Солтүстік Америка континентінің  аумағындағы өз тұрғысынан бірінші  болып табылған жаңа пайызсыз кредиттік  карта, ислам заңының қағидаты мен  батыстың тұтынушылық мәдениетін біріктіріп жатыр. Жақын уақыттарға дейін мұсылмандар кредиттік карта иеленуден бас тартып келді, олар ол бойынша пайыз төледі, ал бұл шариат заңдарын бұзушылық болып табылады. 
Жақын күндері шығарыла бастайтын іFreedom Plus Mastercard картасы пайыздар алу мен берешектің туындауын болдырмайды. 
«Күнделікті өмірде әр адамға кредиттік карта қажет. Сізде карта болмаған жағдайда, машинаны пайдалана тұруға ала алмайсыз, қалыпты саяхат жасай алмайсыз», дейді Торонто UM Financial ислам қаржыландыру фирмасының президенті Омар Калаир. Оның компаниясы Mastercard брендімен бірге «ислам» кредиттік карталарын шығара бастады. 
Алайда банктерде жоғары кредиттік мөлшерлемелерсіз өнім ұсыну ынтасы жеткіліксіз және бұл Канаданың мұсылман тұтынушылары үшін проблема болып табылады, дейді ол. 
ІFreedom Plus Mastercard картасының иелері 6 мың долларға дейін сала отырып, шоттарын ертерек толтыру мүмкіндігіне ие болады. Әр сатып алу барысында шоттағы сомма пайыздар есептемеусіз ақ азайтылатын болады. 
«Осылайша, сіз шынымен де өзіңіздікі болып табылатын ақшаны жұмсайсыз», ал бұл ислам қағидатына толық сәйкес келеді, осыған сәйкес кез-келген мәміле нақты активтермен бекітілуі керек, дейді Омар Калаир. 
Мұндай карталардың иелерінен түсетін жыл сайынғы түсім 50 долларды құрайды, әр қолдағы ақшаны аудару 95 центтен тұрады. 
Ең басында жаңа бастаған клиенттерге қызмет көрсету үшін ойлап табылған «Ислам» картасы, Торонто қаласында өткен шариат қаржыландыру мамандары ассоциациясының барлық қатысушыларының кездесуі барысында ұсынылған болатын. «Сіз университетке түскен сәттен бастап, банктер сіздерге шотында 500 доллары бар кредиттік карталар жібере бастайды», дейді Калаир. «Адамдар оларды қолдана бастайды және қарызға кіреді. Сондықтан да алдын ала төленген картадан бастаған дұрыс». 
100 доллардан аса сомаға сатып алу барысында, карта иелеріне 1% қолма-қол ақша қайтарылады. Одан өзге, картаның көмегімен Etihad Airways (БАЭ) авиакомпаниясының авиабилеттерін броньдау барысында 10% жеңілдік алуға болады [14].

Астанада маусымның 7-9-шы жұлдыздарында  «Жаһандану: өзара байланыс, бәсекелестік, жан жақты сратегиялық серіктестік  және өзара қарым қатынастар дың  ашық каналдкры арқылы мұсылман және мұсылман емес елдерін үлкен экономикалық тәуелсіздікке мобилизациялау үшін  серіктестік» лозунгысымен 7-ші Дүниежүзілік исламдық экономикалық форум өткен  болатын. Бұл форумда азық түлік  қауіпсіздігі, шағын және орта бизнес, исламдық қаржыландыру және сақтандыруды енгізу, Қазақстанды «халал әлеміне» енгізу секілді мәселелер қозғалды. ДИЭФ Ислам Конференциясы Ұйымы  немесе «Исламдық Давостың» әр жыл  сайын өткізіліп тұратын іс шарасы. Оның ең алғашқы бизнес форумы 2005 жылы Куала Лумпурде (Малайзия) өткізілген еді. ДИЭФ-тің басты мақсаты мұсылман елдерінің геополитологиялық және экономикалық дамуы және олардың  әлемдік нарықтағы орны, жаңа нарықтың қалыптасу болашағы, ИКҰ мүше елдеріне шет ел инвесторларын тартуға әсер ету. Дүниежүзілік жетінші Ислам Экономикалық Форумы кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұсылман қауымдастығының он алдыңғы қатарлы экономикасы бер елдердің диалогтық алаңын құруды ұсынды. Оның ойынша, умма (мұсылман) елдерінің ресурстары, инвестициялық серіктетік үшін мықты орта жасайды. Сонымен қатар, мұсылман әлемі  елдерінің алдыңғы қатарлы елдердің ғылыми-техникалық  артта қалушылықта болғандықтан, ИКҰ-ның елдерінің қатысуымен халықаралық инновация орталығын құруға ұсыныс берді.  Сонымен қатар, орта және шағын бизнесті қолда мақсатында ДИЭФ-тің арнайы жұмыс тобын құрып Ислам Даму Банкі шеңберінде шағын және орта бизнесті құрудың мәселелерін қарастыру. Эксперттердің айтуынша, соңғы жылдары исламдық инвестиция өсімі - 10 миллиард долларға жетті [10]

14-15 наурызда Астана қаласында  2-ші исламдық қаржы жөніндегі  Қазақстандық конференция өтеді.  Конференция тақырыбы «Қазақстан  және ТМД елдерінде қор нарығын  дамыту». Конференция бағдарламасына  исламдық бағалы қағаздарының  заңнамалық аспектілері, сукук  шығару процессінің ерекшеліктері, ислам құралдарын бақылау және басқару сұрақтары,  исламдық бағалы қағаздарын қор нарығында орналастыру мәселелері кіреді. Бұл іс шараны « Istisna'a Corporation» ұйымдастырып жатыр,ал Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технология министрлігі мен Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығын басқару агенттігі тарапынан демеу көрсетілетін болады. Әл Хилал банкінің стратегиясы мемлекеттік қаржыландырумен байланысты болғандықтан, ол  Қазақстандағы белсенді исламдық қаржыландыру мәселесін шеше алмайды, сондықтан Алматы қаржы орталығының орынбасары Аркен Арыстановтың айтуынша коммерциялық банктерде исламдық терезелерді ашу мәселесін қарастыру керек. Екінші ислам банкін ашу үлкен капиталды қажет етеді. Қазақстан ТМД елдері арасында заңнамалық құқтық деңгейде ең алғашқы болып исламдық қаржы құралдарын енгізген болатын. Исламдық банктермен орнатылған байланысар Таяу Шығыс, Орталық Шығыс Азия елдерінен инвестиция тартудың алғышарты болмақ [15].

Бүгінгі таңда ислам банктерінің  жалпы активін 1 триллион долларға, ал жылдық өсу жылдамдығын 10–15%  бағалап отыр. Standart&Poors рейтингтік агенттігі ислам банктерін жоғары табыстылар қатарына жатқызып отыр. Онымен қоса ислам банктерінің қызмет ету аясы мұсылман елдерімен шектеліп қалмайды: осындай қаржылық институттар Франция, Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Босния, Жапония, Үндістан секілді мұсылман емес елдерде кеңінен тараған. Барлығы 80 жуық елді қамтиды. Сонымен қатар, шариғат нормаларына сәйкес қызмет ететін исламдық терезелердің де аясы кең. Мысалы, HSBC, DeutscheBank, Calyon, Citibank, Standard Chartered, BNP Paribas, ING bank, Chaise Manhattan Bank, Goldman Sachs, The Nomura Securities, JP Morgan, Lloyds TSD секілді танымал банктер өздерінде исламдық бөлімшлер ашқан. 2011 жылдың 14-15 наурызында Қазақстанда өткен ислам қаржы аясындағы екінші конференцияда (Kazakhstan Islamic Finance Conference — KIFC 2011) негізгі мәселе болып, Қазақстан және ТМД елдерінде исламдық қор нарығын дамыту болатын. Ислам қаржы моделіне деген үлкен сұраныс пен қаржы дағдарысы кезіндегі тұрақтылығы оның халықаралық экономика тәжірибесінде берік орналасуына үлкен септігін тигізді. Ислам қаржыгерлерінің едәуір инвестициялық потенциалы бар және Қазақстан Республикасының инвестициялық белсенділігін көтеруге және ҚР Президентінің жасап жатырған инвестициялық жағымды климатына қызығушылық білдіруде. Биылғы 2011 жыл айтарлықтай халықаралық оқиғаларға толы. Айта кететін болсақ, Астаналық Экономикалық Форум 2011 жыл 3-4 мамыр, Ислам экономикасы аясындағы бүкіләлемдік форум (WIEF)  2011 жыл 7-9  шілде, ең бастысы ИКҰ төрағалық етуі 2011 жылдың  шілде мен 2012 жылдың  мамыр аралығы. Барлық аталған іс шаралар ТМД елдері арасында  Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесі тұрақтанып, ислам қаржы жүйесін дамытуда үлкен жетістіктерге жетіп келе жатырғандығын білдіреді. Қазақстан ҮИИБ стратегиясын жүзеге асыруда тікелей шетел инвестициясын, соның ішінде ислам инвестициясын тратуды көздейді. ҚР примьер министрі Кәрім Мәсімовтың айтуынша ислам қаржысы ҮИИБның қаржыландыру көздерінің маңызды кілті болу керек, сол себепті ислам елдерінің бизнесмендерін осы бағдарламаны жүзеге асыруға шақырған болатын. Бұл өз кезгінде Қазақстанды ислам қаржысы нарығына тереңірек енуге үлесін тигізеді.  Сауда және индустрия министрі Әсет исекешевтің пайымдауынша 5-10 жыл аралығында шамамен $10 млрд. сомасында қаржы тартпақ. Ислам Даму банкінің бағалауынша Қазақстанның ислам бағалы қағаздар нарығы $1 млрд. саяды. Болашақта бұл көрсеткіш $20 млрд жетеді деп болжануда. Мысалы, Еуропаның консервативті мемлекеттерінің бірі Люксембургте $40 млрд сомасында 16 сукук шығарылған. Бұның өзі біздің ел үшін де тиімді екенін білдіреді.

Сонымен, Қазақстан Республикасында  ислам банкинг жүйесі тиімді қызмет етіп, активтерін жылдае жылға өсіріп жтатқанына қарамастан, бірқатар қиыншылықтарға жолығып отыр. Осы мәселердің алдын  алу мақсатында төмендегідей ұсыныстарды  жасаймыз:

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Ислам банкингі: мәселелері мен даму болашағы