Бұл кемшіліктерге қарамастан,
30-жылдардың бас кезіндегі орта
және жоғары мектеп туралы қаулыларының
Қазақстанда мектеп жүйесі мен педагогикалық
кадрларды даярлауда ерекше роль
атқарды.
Кеңестік педагогиканың
қалыптасуы мен дамуы.
Жаңа кеңестік педагогиканың
негізін қалаған халық ағарту
ісінің көрнекті қайраткерлері
– Н.К.Крупская, А.В.Луначарский,
М.Н.Покровский және басқалары
болды.
Кеңес педагогикасында алғашқы
жылдары тәжірибенің жалпы мақсаты
тұжырымдалды. Бұқара халықтың қызығуы
мен дүниеге келген жаңа қоғамның
қажеттілігін бейнелей келіп, кеңестік
педагогика буржуазиялық педагогикалық
теорияның дарашылдық, ұлтшылдық, бисаяси
және басқа да қағидаларына адамзаттық
алдыңғы қатарлы ойының ұлы идеяларын
қарсы қойды: гуманизм, ұжымшылдық,
интернационализм, демократизм, жеке тұлғаны
жан-жақты дамытудың қажетті алғышарттары
және шарты ретінде оқуды өнімді
еңбекпен ұштастыру. Бұл идеялар
белгілі "Бірыңғай еңбек мектебінің
мектебі туралы ережелері” мен "Бірыңғай
еңбек мектебінің негізгі қағидалары”
тарихи мәні бар мемлекеттік құжаттарында
айқын көрініс тапты. Бұл құжаттарда тәрбие
мен білім берудегі гуманизм және демократизм,
мектептегі өзін-өзі басқарудың және шәкірттер
мен мұғалімдердің өзара жаңабілім қарым-қатынасының
идеялары бекітіліп және педагогикалық
тұрғыдан негізделді.
Тәрбие және білім беру
мәселелері қызу талқыланды, әсіресе,
20-жылдардың бас кезінде жаңа
экономикалық саясатқа көшу аяқталуға
жақындаған кезде күшейе түсті. Бұл
күрес төмендегідей негізгі педагогикалық
мәселелердің төңірегенде болды: тәрбие
үрдісінің мәні, оның ненгізгі бағыттығы,
кеңес мектебінің мақсаттарымен
міндеттері қандай.
Тәрбиенің мәнін жаңаша тұжырымдау
"Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі
қағидалары” атты диклорацияға анық
та айқын көрініс тапты. Диклорация
революцияға дейінгі мектептерге
тән тәрбиенің милитаристік және
ұлтшылдық бағыттарын қатты сынға
алды.
Ұлтшылдық – шовенистік
тәрбиеге кеңестік педагогика патриоттық
және интернационалистік тәрбиені қарсы
қойды.
Кеңестік педагогика
өнерді баланың танымдық қабілеттіктерін
дамытудың рухани бейнесін қалыптастырудың,
жоғары идеялы мен дүниеге
эстетикалық қатынастар ең күшті
құралы ретінде жоғары бағалады.
20-жылдары педагогикадан
алғашқы кеңестік басшылық пайда
болды. Кеңес педагогикасын дамытуда
Павел Петрович Блонский (1884-1941) ерекше
роль атқарды. Ал "Педагогика”
(1922) және "Педагогика негіздері”
(1925) оқулықтарын жазды. Осы жылдары
А.П.Пинкевичтің "Педагогика”
оқулығы жарық көрді. Бұл еңбектің
авторлары ескі педагогикалық
мұраны қайта қарауға және
тәрбие және білім беру мәселелерін
жаңаша шешуге талпынды. Сонымен
қатар олар аяғына дейін өздерінің
кейбір ескі теориялық көзқарастарының
шектелушілігін жеңе алады. Бұл
ең алдымен тәрбие мәселесін
анықтауға қатысты. Тәрбие балаға
мақсатты, ұйымдасқан, ұзақ мерзімге
әсер ету деп дұрыс түсіндірді,
бірақ авторлар тәрбие үрдісінің
тәрбиеші мен тәрбиеленушінің
белсенді қарым-қатынасы үрдісі
ретінде тәрбие үрдісінің екі
жақтылық сипатын аталмады.
П.П.Блонский мен А.П.Пинкевичтің
еңбектері кейбір кемшіліктеріне қарамастан,
педагогиканың дамуына бір қадам
алға басқандық болып табылады. А.П.Пинкевич
"Еркін тәрбие теориясының” кейбір
қағидаларын сынға алғандығын атап
айту қажет.
1927-1930 жылдарда кеңестік
педагогикада жан-жақты пікір
талас өткізілді. Пікір талас
кезінде көптеген өзекті мәселелер
талқыланды: педагогиканың әсер
ету саласы, тәрбиенің қоғамдық
өмірдің басқа да құбылыстарымен
байланысы, бала дамуында ұйымдасқан
жеке стихиялық әсердің ролі. Кейбір
педагогтар ұйымдасқан мектеп тәрбиесі
үрдісін адамды әлеуметтік қалыптастырудың
барлық үрдісімен бірдей қарастырды, ұйымдасқан
тәрбие үрдісінің ролін кішірейту есебінен
ортаның ролін асыра бағалады. Педагогика
пәнінің басқа да дұрыс емес анықтамасы
берілді.
Педагогикалық пікір талас
дидактика мәселелерін жедел
талдауға көмектесті. 1927 жылдың өзінде
белгілі болды, мектептерде енгізілген
Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің (ГЗС) кешенді
бағдарламалары өзінің ғылыми негіздерін
көрсетті.
Кеңестік дидактиканың
негіздерін талдауда Н.К.Крупскаяның
еңбегі ерекше. Ол тек ғана
педагогиканың бұл саласында
жалпы мәселелерін қарастырып
қойған жоқ, сонымен қатар жеке
әдістеменің мәселелерін, әрбір
оқу пәнінің білімдік және
тәрбиелік мәнін қарастырды. Ол
жаратылыстануды оқытуға ерекше
мән берді, ғылыми-жаратылыстану
пәндері оқушылардың ғылыми-материалистік
көзқарасын қалыптастыруда ерекше
роль атқаратындығын атап өтті.
Оқыту әдістері мәселесіне
тоқтала келіп, жеке әдістемелер
сабақта оқушылардың белсендігін
және дербестігін қамтамасыз
етуді Крупская талап етті, оларды
ұжымда ұйымдасқан түрде әрекет
етуге, дәйектер мен құбылыстарға
ізденіс тұрғысынан қарауды қалыптастыруға
үйретті. Крупская мектептің міндеті
тек ғана оқушыларды біліммен
қаруландыру ғана емес, сонымен
қатар олардың бақылағандығын, таным
қабілеттіліктерін және белсенділігін
дамыту, өз бетімен жұмыстың дағдысын,
ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру
екендігін атап көрсетті.
20-жылдары өзінің жан-жақты
педагогикалық және ғылыми қызметімен
белгілі болған кеңес педагогикасының
көрнекті өкілі Станислав Теофилович
Шацкий (1878-1934). Ол халықағарту ісінің
бірінші тәжірибе станциясын
ұйымдастырды. Тәжірибе станциясы
жас кеңес педагогикасының негізгі
практикалық және теорияылқ міндеттерді
шеше білді. Шацкий еңбек тәрбиесіне,
оқытуды еңбекпен, қоғамдық пайдалы
еңбекпен ұштастыруға ерекше
мән берді.
Еңбек мектебі құрылысының
алғашқы онжылдығында кеңес дидактикасы
бұл бағытта елеулі табыстарға жетті.
Сонымен қатар шетел теорияларына
сын көзбен қарамау, сынып-сабақ
жүйесін жоққа шығару, ауызша оқыту
әдістерін менсінбеу, оқыту мен
тәрбиеде мұғалімнің ролін төмендету
аңғарылды.
Кеңестік педагогиканың
алдына бірінші күндерден бастап,
балалар ұжымын ұйымдастырмайынша,
тәрбие міндеттерін жемісті шешу
мүмкін еместігі белгілі болды.
Кеңестік педагогиканың
30-жылдарда барлық салаларда ғылыми-зерттеу
жұмысының дамуымен сипатталады. Педагогика
ғылымының қайраткерлері меткептердің
озат тәжірибесін зерттеу және жинақтаумен
айналысты. Кеңестік педагогика ғылымының
өсу көрсеткіші педагогикадан жаңа
оқулықтар мен оқу құралдарын
басып шығару болып табылады.
1932 жылы техникумдар үшін
"Педагогика” оқулығы (редакциясын
басқарған А.Африканов пен П.Груздев);
1934 жылы М.М.Пистрактың "Педагогикасы”
педагогикалычқ институттарға арналған;
П.Н.Шимбаровтың педагогикалық училищелерге
арналған "Педагогика” оқулығы;
1939 жылы И.А.Каировтың редакциясына
баруымен жарық көрді; 1940 жылы
– П.Н:Груздевтің редакциясын
басқаруымен "Педагогика” оқу
құралы баспадан шықты; Б.П.Есиповтың
және Н.К.Гончаровтың педагогикалық
училищелерге арналған "Педагогика”
оқулығын атап өтуге болады.
30-жылдары дидактика және
тәрбие теориясы мәселелері бойынша
ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Дидактика мәселелері таным теориясы
тұрғысынан қарастырылды.
20-30 жылдары балалар ұжымы
мәселесіне ерекше қызығу аңғартқан
көрнекті кеңес педагогтары мен
психологтары Н.М.Шульман, С.М.Ривес,
П.П.Блонский, А.С.Залужный, М.М.Пистрак,
С.П:Шацкий, А.С.Макаренко, Ф.Ф.Каролев.
Ұжым мәселесін зерттеуде
А.С.Макаренко елеулі үлес қосты. Ұжымдық
тәрбие теориясын талдай отырып, А.С.Макаренко:
"Жеке тұлғаны қоғамнан, ұжымнан
бөліп қарауға болмайды, тек ғана
ұжымда жеке тұлғаның нышандарын жан-жақты
дамыту, оның нағыз еркіндігі және
қызығулары мен қажеттіліктерін
толық қанағаттандыру мүмкін”. А.С.Макаренко
балалар ұжымын ұйымдастыру және
топтастырудың педагогикалық жүйесін
негіздеді және тәжірибеде ұжымда және
ұжым арқылы тәрбиелеу әдістемесін
байқап көрді, педагогика ғылымын байытуға
ерекше үлес қосты. 30-жылдары негізгі
көңіл дидактиканың жалпы проблемалары
мен жеке пәндердің әдістемесіне
бөлінді. 30-жылдары қабылданағн мектеп
туралы қаулылар білім беру мен оқытудың
теориясы дамуының негізгі бағыттарын
анықтап берді.
Дидакт-ғалымдар және әдіскерлер
жалпы білім беретін мектептердің
оқу жоспарлары мен бағдарламаларын
ғыдыми-теориялық негіздермен, мектептегі
оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың
негізгі түрі ретінде сабақтың теориясымен,
оқушылардың таным қызметінің белсенділігін
арттыру мақсатында оқытудың әдістерін
жетілдіру проблемаларымен айналысты.
Партияның 1936 жылы 4 шілдедегі
"Халық ағарту жүйесіндегі
педалогиялық бұрмалаушылықтар
туралы” қаулысы шыққаннан кейін
педалогияны және оның өкілдерін сынау
барысында асыра сілтеушілік және кейбір
елеулі кемшіліктер орын алды. Кей жағдайда
кейбір көрнекті педагогтар мен психологтардың
еңбектері мен идеяларына дұрыс және объективтік
тұрғыдан баға берілмеді. Педалогтардың,
теаретиктер мен практиктердің ішінде
педагогика мен психология ғылымына ерекше
үлес қосқан ғалымдарымыз аз болған жоқ,олардың
қатарында Л.С.Выготский, П.П.Блонский,
М.Я.Басов белгілі ғалымдар болды. Бұл
ғалымдар мен практиктер жеке тұлғаның
психикалық даму заңдылықтарын зерттеуді
оны тәрбиелеу үрдісімен бірлікте қарастырудың
мәні ерекше болды. Педалогия ғылымын
біржақты буржуазиялық ғылым ретінде
сынай оырып, психология ғылымына оның
дамуына қатты соққы болды, көптеген белігілі
педагог, психолог ғалымдарымыз кезінде
орынсыз қуғын-сүргінге ұшырады, педалогияны
қатты сынай отырып, психология ғылымының
дамуына орасан зор зиян келтірді.
30-жылдардың орта кезінде
педагогика тарихының саласында
ғылыми-зерттеу жұмысы елеулі
жандана бастады. Бұл бағытта
одақтас республикаларда жемісті
еңбек етекне ғалымдардың ішінен
С.Х.Чавдаровты (Украина ), С.Данелия,
М.П.Оранхелашвили (Грузия), Т.Т.Тажибаев,
Ш.Кохумбаев (Қазақстан) және т.б.
ғалымдарды атуға болады. Капиталистік
елдердегі мектеп пен педагогика
тарихы зерттеле бастады (Е.Н.Медынский,
Н.А.Константинов, С.А.Фрумов, М.Ф.Шабаева
және басқалар).
1937 жылы барлық одақтас
республикаларда бұрын жұмыс
істеген зерттеу институттарының
базасында мектеп ғылыми-зертеу
институттары ұйымдасты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Журавлев Я.И. педагогика
в системе наук о человеке.
М., 1990
2.Пидкасистый П.И. Педагогика.
Учебное пособие. М.: 1995