1920 жылы құрылған Кәсіптік
білім берудің бас комитеті
жалпы білім беру үшін жас
нормасы 16-дан 15 дейін азайтуды
талап етті. Бас комитет кәсіптік
білім беру жүйесіне белгілі
өзгерістер енгізді: төменгі
кәсіптік мектептер – техникумдар
– бірыңғай еңбек мектебінің
базасында халыққа білім берудің
кеңесінде мектеп жүйесін қайта
құру туралы мәселе қаралды.
Ол кеңес екі сатылы тоғыз
жылдықтың орнына негізгі мектептің
түрі ретінде екі сатылы жетіжылдық
мектепті қажетті деп тауып,
ұсынған болатын-ды.
Жастарға кәсіптік білім
берудің негізгі техникумды (индустриялдық,
ауылшаруашылық, экономикалы, педагогикалық
және т.б.) оқыту мерзімі 4 жылдық, кеңес
ұсынған еді. Кеңес халықағарту
комиссариатына маман жұмысшы кадрларын
даярлау үшін фабрика-зауыт мектептерінің
жүйесін жаасу қажеттігін атап көрсетті.
Кеңесте мектеп жүйесінің өзекті
негіздері туралы мәселе бойынша
қызу күрес, тартыс болды, оның ішінде
жалпы білім беретін орта мектеп
мәселесі туралы. Осының нәтижесінде 1922
жылы 1918 жылы қабылданған жүйемен
салыстырғанда одан гөрі икемірек жүйе
қалыптасты; бастауыш мектеп (4 жылдық);
негізгі жетіжылдық жалпы білім
беретін мектеп және жалпы білім
беретін мектептің жоғары сатысы,
барлығы 9-10 жыл оқыту мерзімі. Бұл
жүйенің жағымды жағы әрбір канцентр
белгілі бір саты ретінде жалпы
білім беретін мектеп баспалдағымен
жоғары көтеріліп отырды және сонымен
бірге одан әрі кәсіптік-техникалық
білім беру үшін негіз болды. І
сатыдағы мектеп төменгі кәсіптік білім
беру мектептері үшін негіз болды: кәсіптік
мектептер, фабрика-зауыт мектептері,
оқу-өндірістік шеберханалар және т.б.;
жетіжылдық мектеп – ортақ кәсіптік-техникалық
оқу орындары үшін – индустриялық,
ауылшаруашылық, педагогикалық және
басқа техникумдар; тоғызжылдық
– онжылдық мектеп жоғары оқу орындары
үшін негіз болды.
1923-1924 оқу жылынан бастап,
ауылдық жерлерде І саты мектептерінің
негізінде шаруа жастар мектептері
(ШЖМ) ашып бастады, оқу мерзімі
3 жылдық. Бұл мектептердің негізгі
мақсаты – ауыл жастарынан
мәдени жериелері мен жақсы
белсенділерді тәрбиелеу. 1925 жылы
алғашқы фабрика-зауыт жетіжылдықтары
(ФЗЖ) ашылды, ол кеңінен тарай
бастады. 1930-1934 жылдары олар негізгі
жалпы білім беретін мектептер
болды. Бұл кезеңде жұмысшы-шаруа
жастарын жоғары оқу орындарына
түсуге даярлауда ерекше роль
атқарған жұмысшы факультеттерінің
саны біршама арта түсті. 1921 жылы
ашылған фабрика-зауыт оқушыларының
мектептері (ФЗУ) тез қарқынмен
дами бастады. Олардың негізгі
мақсаты – жастардың арасынан
өндіріс пен көлік қатынасы
саласында маман жұмысшыларды
даярлау.
1921-1922 жылдардағы еліміздің
қиын экономикалық жағдайы мектептердің
жағдайына орасан зор әсер
етті. Кеңес үкіметі халыққа білім
беру ісінің мұқтаждарына қажетті
қаржыны қысқартуға мәжбүр болды.
Өндіріс пен ауылшаруашылығын
қалпына келтіру үшін үлкен
қаражат қажет болды.
Халық ағарту ісінің
мұқтажына бөлінетін қаржыны
амалсыз орталық бюджеттен қысқарту
және мектептерді жергілікті
жердің қаражатына көшіру біршама
мектептердің жүйесін қысқартуға
алып келді.
1923 жылдан бастап, халыққа
білім беру ісінің бюджеті
нығая бастады және мұғалімдердің
материалдық жағдайы артты, ең
алдымен ауыл мұғалімдерінің. Жалпы
білім беретін мектептердің жүйесі
бірте-бірте өсе бастады, оны
мына кестеден көруге болады:
Жылдар |
Барлық мектептердің
саны
|
Оқушылардың саны
|
1914-1915
1923-1924
1925-1923
1927-1928
1929-1930 |
105524
91837
103276
118558
133197 |
7896
7962
10219
11466
13515
|
20-жылдардың аяғында мектептер
жүйесі мен оқушылар саны 1944 жылмен
салыстырғанда біршама артты.
Сонымен айта кетуіміз қажет,
тек ғана бастауыш мектептердің
жүйесі өсіп отырған жоқ, сонымен
қатар жетіжылдық және орта
мектептердің саны да артты. 1922
жылдан 1926 жылға дейін жетіжылдық
мектептердегі оқушылардың саны
3 есе артты. Оқушылардың әлеуметтік
құрамында үлкен өзгерістер болды.
Кеңес мектебінің оқушыларының
негізгі құрамы еңбекшілер балаларынан
тұрды, жұмысшы-шаруа балаларының саны
артты.
Мектептердің материалдық-техникалық
базасы біршама жақсарды. Оқулықтар,
оқу және көрнекті құралдар
алуға, мектеп үйлерін жөндеуге
және мектеп үйлерін салуға
қаражат бөлінді. Кеңес үкіметі
ауыл үшін жазу құралдарын, оқулықтарды,
оқу құралдарды және көрнекті құралдарды
тегін алуға қаражат бөлді.
Жалпыға бірдей міндетті
бастауыш білім беруді жүзеге асыру.
1930 жылы сәуір айында
өткен халық ағарту ісі бойынша
ІІ Бүкілодақтық партия кеңесі
дамудың қазіргі сатысында жалпыға
бірдей міндетті бастауыш білім
беру проблемасы негізгі проблема
екендігін атап өтті. Кеңес жалпыға
бірдей міндетті бастауыш білім
берудің кең ауқымды бағдарламасын
белгіледі.
1930-1931 оқу жылынан бастап,
бастауыш білім алмаған 8-10 жастағы
балалар мен 11-15 жастағы жеткіншектерді
жалпыға бірдей міндетті оқытумен
қамту жоспарланды. Партия 1930 жылы
25 шілдеде "Жалпыға бірдей міндетті
бастауыш білім беру туралы”
қаулы қабылдады. Онда 1930-31 оқу
жылынан бастап, барлық жерлерде
жалпыға бірдей басмтауыш білім
беруді енгізуді міндеттеді. 1930 жылдың
14 тамызында Орталық Атқару Комитеті
мен Халық Комиссарлары Кеңесі
"Жалпыға бірдей міндетті бастауыш
білім беру туралы” қаулы қабылдады.
Қаулының алдыңғы үш бабында
былай делінген:
1. 1930-1931 жылы Кеңес Одағының
барлық жерінде балаларға жаппай
бастауыш білім беруді енгізу
жүктеледі. 8-9-10 жастағы ер балалар
мен қыз балалар 4 жылдық бастауыш
мектеп көлемінде білім алуға
тиісті болды. Осы қаулыға сәйкес
1930 жылдың күзінде жоғарыда көрсетілген
жастағылардың бірінші бастауыш
мектеп (4 сынып) көлемінде білім
алуы міндетті деп белгіленді.
930-1931 жылдан бастап, мектепте оқып
жүрген балалардың бірінші басқыш
мектеп (4 сынып) көлемінде білім
алуы міндетті деп белгіленді.
2. 1930-1931 оқу жылынан бастап,
11-15 жастағы ер және қыз балаларды
жаппай оқыту белгіленді.
3. 1930-1931 оқу жылынан бастап,
өнеркәсіпті қалаларда, фабрика-зауыт
аудандарында және жұмысшы поселкелерінде
жетіжылдық мектеп көлемінде
білім беру жүйесі енгізілді.
Қаулы бойынша балаларды міндетті
түрде оқыту олардың ата-аналарына
жүктелді.
Жалпыға бірдей міндетті
бастауыш білім беруді жүзеге
асыру үшін елімізде қызу жұмыс
жүргізілді. Бұл жаппай бастауыш
білім берудің қалалық, аудандық
және ауылдық комитеттері құрылды.
Республикаларда бұл жұмысты
республикалық комитет басқарды.
1930-1934 жылдары жаппай
білім беру бастауыш мектеп
көлемінде, өндірістік қалаларда,
фабрика, зауыт аудандарында және
жұмысшы поселкелерінде жетіжылдық
мектеп көлемінде жүргізілді. 1930-1931
оқу жылынан бсатап, жалпы білім
беретін мектептерде оқитын балалардың
саны жыл сайын 3-4 миллионға көбейіп
отырды. Егер олардың саны 1929-1931жылдары
13,5 миллион болса, 1939 жылдың аяғында 32
миллионға жетті. Ұлттық республикаларда
жаппай білім беру ерекше тез қарқынмен
дамып отырды. Ү-ҮІІІ және ҮІІІ-Х сыныптарда
оқитын балалардың саны өте тез өсті. Ү-ҮІІІ
сыныптарда 1929-1930 жылы 1,6 миллион бала
оқыса, ал 1938-1939 оқу жылы 8,8 миллион бала
оқыды. Ауыл мектептерін Ү-ҮІІ сыныптарында
оқитын балалардың саны аталған мерзімде
он есе көбейді.
Мектептерді педагогикалық
кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында
педагогикалық институттардың, техникумдардың
және педагогикалық курстардың
желісі артты. Бастауыш мектеп
мұғалімдерінің материалдық жағдайы
жақсарды.
30-жылдары жетіжылдық
және орта мектептердің желісінің
тез қарқынмен өсуімен ондағы
оқушылардың санының артуымен
сипатталады, негізінен жоғары
және орта сыныптардың (Ү-Х)
есебінен. Жетіжылдық мектептердің
саны 1927-28 оқу жылы 6554 тен 1937-38 оқу
жылы 34199-ға жетті. Орта мектептердің
саны соған сәйкес 1775-тен 9909-ға
өсті. Оқушылардың жалпы саны 11466
мыңнан 1927-1928 оқу жылында 29562 мыңға
дейін 1937-1938 оқу жылында өсті.
Мектеп туралы
қаулылар.
30-жылдардың бас кезінде
орта және жоғары мектеп туралы
партия мен үкіметтің бірнеше
қаулы-қадарлары қабылданды. Бұл
қаулылар орта және жоғары
мектептің дамуы мен оның оқу-тәрбие
жұмысын қайта құрудың және
педагогика ғылымының теориялық
жетістіктерін айқындап берді.
Сонымен қатар біз бұл партия
мен үкіметтің қаулыларына баға
бергенде, кезінде елеуші кемшіліктер
жібергендіктен атап өткен жөн.
1931 жылы 5 қыркүекте "Бастауыш
және орта мектеп туралы” қаулы
шыққаннан кейн мектеп оқушыларының
жалпы даярлығына мән беру
ерекше артты. Бірақ 4 наурыз 1937
жылы Халық ағарту комиссариатының
қаулысымен еңбек сабағы оқу жоспарынан
алынып тасталды.
20-жылдардың аяғы
мен 30-жылдардың бас кезінде
көпшілік политехникалық мектеп
туралы, мектептің өмірімен байланысы
кең өріс алған қозғалыс Халық
ағарту комиссариатының саясаты
мен мектеп тәжірибесінде кеннеттен
негізсіз өзгерістерге әеп соқтырды.
Мектеп пен педагогикалық оқу
орындарына өздеріне тән емес
міндеттер жүктелді: базалық мекемелердің
өндірістік жоспарын орындауға
қатысу, өндірісте тәртіп нығайту
үшін күрес, мәдени-ағарту жұмыстарының
белгілі көлемін орындау. "Проект
әдісі” педагогикалық институттарда,
техникумдарда әмбебеп әдіс ретінде
міндетті енгізілді. Қалыптасқан
жағдай "Бастауыш және орта
мектеп туралы” (1931 жылы, 5 қыркүектегі)
қаулының кезекті "бұрмалаушылықты”
болдырмауда мәні орасан зор болды. Сонымен
қатар қаулыда еңбекке оқыту және тәрбиелеу
идеясына елеулі соққы беріліп, нұсқан
келтірді. Екінші жағынан, қаулыда политехникалық
білім беруді іске асыруда теория мен
практиканың бірлігі мәселесіне ерекше
мән берілді және бүкіл оқушылардың қоғамдық
пайдалы еңбегі оқу мен тәрбие мақсаттарына
бағындырылуға тиіс екендігі атап көрсетілді.
"Бастауыш және
орта мектептің оқу бағдарламалары
мен режимі туралы” (1932 жылы, 25
тамыздағы) қаулыда мектепте оқу
жұмысын ұйымдастырудың негізгі
түрі сабақ деп атап көрсетілді.
Ол оқушылардың бригадалық жұмысын
және басқа да оқу жұмысының
ұжымдық түрлерін қамтыды. Бірақ
осы қаулыда мақұлданған оқу
бағдарламаларының қағидалары шығармашылық
жұмысты қатаң көрсетілген шектеушілік
пен көптеген орындауға тиісті
талаптардың жағдайында тежеп отырды.
"Бастауыш және орта мектеп туралы”
қаулыда педагогикалық жоғары оқу орындарында
мектеп пен мұғалімге әдістемелік көмек
беру жөнінде елеулі жұмыс жүргізуді талап
етті.
1934 жылы 15 мамыр айындағы
Халық Комиссарлар Кеңесінің
"Мектептерде азаматтық тарихты
оқыту туралы” және "Бастауыш
орта мектепте жағырафияны оқыту
туралы” (1935 ж) қаулыларына сәйкес
кейбір педагогикалық институттарда
тарих және жағырафия факультеттері
ашылды. 1930 жылдары жалпыға бірдей
бастауыш білім енгізіле бастағанда, мектеп
жүйесі мен оқушылар саны тез қарқынмен
өсе бастады, осыған орай мектептерді
маман педагогикалық кадрлармен қамтамасыз
ету проблемасы ерекше күн тәртібіне қойылған
мәселелердің бірі болды.
Партия 1936 жылғы 4 маусымдағы
"Халық ағарту комиссариаты жүйесіндегі
педагогикалық бұрмалаушылықтар туралы”
қаулысында педагогикалық ілім жалпы
алғанда ғылым жат ілім деп
танылды. Бұл қаулыда өрескел
жіберілген кемшіліктердің біріне педалогияны
буржуазиялық ғылым деп біржақты
сынауын жатқызуға болады.
Педалогтарға тағылған
ең негізгі кінә - олардың оқушылар
арасында зерттеу және тесті
жүргізуін "партия тарапынан
бұрын сыналған” жалған буржуазиялық
әдіс деп бағаланды. Оқушылардың
ақыл-ой дамуы мен дарындылығын
зерттеу үшін қолданылған бұл
әдістерді "оқушылардың қажетсіз,
кеңес мектебінің міндеттеріне
қайшы келетін буржуазиялық, таптық
педалогиялық ілімді кеңсе мектебі
жағдайына сын көзбен қарамай
енгізу” деп өрескел бұрамаланған
еді. Осы қаулының негізінде
көптеген педалогиялық оқу орындары
жабылып қалды.
Қазіргі жағдайда
сол кездегі педалогтардың балалардың
ақыл-ой әрекетінің дамуы мен
қабілеттілігін зерттеу үшін
қолданылған диагностикалық зерттеу
әдістерін де бүгінгі мектеп тәжірибесінде
балалардың қабілетін дамытуда кеңінен
қолданылуда. Бұл қаулы 20-жылдардың бас
кезінде мектеп өміріне кеңінен енгізіле
бастаған әртүрлі оқу пәндерін, оқытудың
белсенді әдістерін, оның ішінде ынтымақтастық
педагогика идеясын қолдану бағытында
дамуын 30-жылдары буржуазиялық педалогия
деп бағалаған болатын-ды.
30-жылдардағы педалогиялық
бұрмалаушылықтар туралы қаулыда
негізінен шәкірттердің қабілетін
дамытуға тиым салды. 70 жылдан
астам уақыт кеңес мектебінде
білім беруде формализм мықтап
орын тапты. Қаулының кемшілігі
барлық шәкірттерге бірдей білімнің
деңгейін ұсына отырып, қабілеттіліктерін
дамытуға мүмкіншілігі болмады.
20-жылдардың бас кезінде
халық ағарту саласында кең
өріс алған барлық, демократиялық
қағидалар, мейлі ол аяғына
дейін ойластырылмаған, кейбір
кемшіліктері болғанымен, 30-жылдары
Сталиннің жеке басына табынудың
қалыптасуы жағдайында және әкімшілік
бәрін жоққа шығарды.
Біз бүгін 30-жылдарда қабылданған
партия мен үкіметтің мектеп туралы
қаулыларын бағалағанда; 20-жылдардағы
мектепке тән жаңашылдық ізденістерді
бірден-бір жоққа шығарған құжат
ретінде қарауымыз керек.
30-жылдардағы жоғары мектеп
пен орта мектептің жалпы білім
берудің қажетті деңгейін қамтамасыз
ете алмады, политехникалық білімді
ғылым негіздерін терең меңгеруден
бөліп қарастырды, оқушыларды жоғары
оқу орындары мен техникумдарға
түсуге даярлау міндеттерін жеткіліксіз
шешкен болатын-ды.