Шетел ағартушыларының педагогикалық идеялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:12, реферат

Краткое описание

Адамзат тарихындағы прогресс ғылымның дамуымен өлшенетіні белгілі. Ғылымның дамуындағы негізгі сипаттамалар мен заңдылықтар әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылып, ғылымның мақсаты, алынған нәтижелерінің маңыздылығы анықталады. Қоғам және оның мәдени жағдайы ғылыми-зерттеушілік процестерге бағынышты.

Содержимое работы - 1 файл

СамалК.docx

— 81.91 Кб (Скачать файл)

Араб философиясының пайда  болуы каламарационалды діни ғылымның алғашқы өкілдері – мутазилиттердің («жекеленгендер») қызметімен байланысты. ІХ ғ. арабтар антиканың ғылыми-жаратылыстану  немесе философиялық мұрасымен кең  танысады. Аристотель философиясы басты  назарда болады. «Неоплатондалған»  аристотелизм орта ғасырлық араб философиясы  – «шығыс перипатетизмінің» басты  бағыты ілімінің негізі болды. Осы бағыттың негізін қалаушы араб философы, астрологы, математик және дәрігер әл-Кинди  болды. Шығыс перипатетизмнің әрі  қарай дамуы әл-Фараби және Ибн  Сина есімдерімен байланысты.

Әл Фараби (870, Фараб – 950, Дамаск) - Шығыс философы, ғалым-энциклопедисті, шығыс аристотелизмінің ірі өкілі. Халеб пен Бағдат қалаларында  философиялық және ғылыми білім алған. Фараби философиясының негізі – Біртұтастан  жеке заттардың шығуы, эманация туралы неоплатондық іліммен аристотелизмнің  үйлесімі. Әлеуметтік-этикалық трактаттарында Фараби діни қауым көшбасшысы, билеуші-философ  басқаратын «рақымшыл қала» туралы ілімді дамытты. Фараби идеалды құрылысқа  теріс адамгершілік қасиеттерді  көрсететін «мәдениетсіз қаланы» қарсы  қояды.

Фараби Аристотель (осыдан оның «Екінші ұстаз» атты құрметті атауы шыққан) мен Платон шығармаларына  берілген комментарийлердің авторы. Фарабидің «Музыка туралы үлкен  трактаты» - Шығыс музыкасы мен ежелгі грек музыка жүйесі туралы деректердің  маңызды көзі. Фараби Ибн Синға, Ибн  Баджуға, Ибн Туфаилға, Ибн Рушдаға, және де ортағасырлық Батыс Европаның  философиясы мен ғылымына әсер етті.

Орта ғасырдағы атақты ғалым тәжік философы, дәрігер, жаратылыс  тану ғылымдарын жетік меңгерген, ақын және белгілі музыка танушы – Абу  Әли Ибн Сина (Батыс Европада Авиценна деп атаған, 900-1037 ж.ж.). Ибн Сина әлемдік  мәдениет тарихында белгілі орын алады. Философиялық шығармаларының ішінде ең белгілісі - "Китаб-аш-шифа" («Сауығу кітабы»). Ибн Сина философ-рационолист болған. Ол тәжірибеге, шындықты фактілермен, практикамен сынап тексеруге үлкен мән берді. Ол антика философтарының көзқарастарын дамытты, оның прогрессивті көзқарастары ислам қағидаларына қайшы келді және мұсылман дінбасыларының орынсыз шабуылдарын тудырды.

Араб философиясының әрі  қарай дамуы Ибн Баджу, Ибн  Туфаиль және Ибн Рушд есімдерімен  байланысты, олардың шығармашылығы  араб философиясының шыңы болды. Ибн  Рушд аристотельдік ілімді кейінгі  неоплатондық өзгешіліктен тазартып қана қойған, натуралдық пантеизмге бейімделген  дербес жүйені құрды. Ибн Рушд сенімнен ақыл-парасаттың басымдылығын дәлелдеді  және діндарлардың философиялық проблемалармен айналысуының заңсыз екендігін дәлелдеді. Орта ғасырлық араб ғылымының орталықтары  Бағдат, Куфа, Басра, Харон қалалары болды. Әсіресе Бағдатта өмір қызу қайнап жатты, онда «Ғылым үйі» - академиялардың, обсерваториялардың, кітапхана мен  аудармашылар алқасының өзіндік  бірлестігі құрылды.

Шығыс ислам әлемінің көркем мәдениеті айрықша. Онда кескіндеме жоқ, өйткені Алла мен құдайға  қатыстының барлығын бейнелеуге рұқсат етілмеді. Нәтижесінде бейнелеу өнері  кілем тоқуда жақсы дамыды, оған тән белгілер түрлі-түстілігі мен  өрнектілігі болды. Араб сәулет өнері  ерекше дамиды, ол арабтардың ең алдымен  барлық грек, рим, иран көркем дәстүрлерін  қайта өңдеу негізінде дамыды. Сол кезеңнің ең белгілі сәулет ескерткіштері  Фустаттағы Амра мешіті мен VII-VIII ғ.ғ. салынған, Куфадағы собор мешіті. Осы кезеңде  мозайкамен және әр түрлі мәрмәр таспен өңделген Дамаскідегі «Құз күмбезі» храмы салынды. Кейіннен мешіттерді әсем өсімдік және геометриялық өрнектермен  безендіре бастады, оған стильденген  жазу- араб вязі қосылды. Мұндай өрнекті  европалықтар арабеска деп атаған, ол өрнектің шексіз дамуы мен ырғақты  қайталануы принципі бойынша құрылды.

Орта ғасырлық араб мәдениетінде поэзия мен проза тығыз байланысты болды: өлеңдер табиғи түрде махаббат жырларында да, медициналық трактаттар мен батырлар жырларында да кездеседі. Халифтар, сұлтандар, шахтар өзіне сарай  ақындарын алу үшін қаражаттарын аямады. Поэзияны олар өзін-өзі таныту, мадақтау құралы ретінде қарады. Бұл  жағынан ұлы парсы ақыны, «Шах-намэ» («Патшалар кітабы») өшпес эпопеясын  жазған Фирдоуси (993-1030 ж.ж.) шығармашылығы  белгілі. Мұнда ол иранның мифтік және тарихи патшаларын жырға қосқан. Ең басты кейіпкер - өз халқының ұлы, эпикалық қаһарман Рустам. Поэма әділдік пен ізгілік идеяларына толы.

X-XV ғ.ғ. әлемге танымал  араб халық ертегісі «Мың бір  түн» жазылды. Оның негізін  парсы, үнді, грек ертегілерінің  қайта өңделген сюжеттері құрады.

Парсы ақыны, математик, философ  Омар Хайямның (1040-1123 ж.ж.) шығармашылығы  көпшілікке белгілі. Философиялық төрт жол өлең – рубаилар оны танымал  етті, оның әрқайсысы тұлға еркіндігіне, антиклерикальды еркін ойға, гедондық мотивтерге толы кішкене поэма. Поэзияның  әрі қарай дамуы парсы-тәжік  ақыны Низами, Джами (1414-1492 ж.ж.) және өзбек әдебиетінің негізін қалаушы  Әлішер Навои (1441-1501 ж.ж.) есімдерімен  байланысты.

Жаңа заман  мәдениет. Итальян қайта өрлеуі.

«Жаңа заман мәдениеті» ұғымы XIV ғасырдан қазіргі уақытқа дейінгі  тарихи кезеңді қамтиды.

«Қайта өрлеу» (Ренессанс) термині XVI ғ. бейнелеу өнеріне қатысты  қолданыла бастады. Ренессанс антика ғылымдары мен өнерлерінің қайта  өрлеуі ретінде сипатталады. Бұл  жалпы дұрыс. Алайда Ренессансты  тек бір антикаға ғана жатқызуға  болмайды, бұл Ренессанста бастыны  байқамау болып саналады. Кейіннен «Қайта өрлеу» ұғымы кең мағынаға ие болады. Ренессанс мәдениетіндегі ең бастысы – адамзат тұлғасын дәріптеу теориясы мен практикасы.

Итальян Қайта Өрлеуі іштей  кезең-кезеңге бөлінеді: түпкі ренессанс (XIII-VIV ғ.ғ.), ерте Қайта Өрлеу (XV ғ.), кемелденген  немесе жоғары (1550-1530 ж.ж.), кейінгі (XVI ғ. ортасы).

Түпкі ренессанстың жалпы  сипаттамасы.

Түпкі ренессанстың өтпелі кезеңін түсіну үшін ең тамаша материал – Данте Алигьери (1265-1321 ж.ж.) шығармашылығы. Оны Орта ғасырдың соңғы ақыны  және жаңа дәуірдің алғашқы ақыны  деп атайды. Данте 1300 жылды адамзат  тарихының ортасы деп санаған  және сондықтан әлемнің жалпы  және қорытынды сипатын беруге тырысты. Мұны ол «Ғажайып комедияда» (1307-1321 ж.ж.) тамаша бейнелеген. Поэманың антикамен  байланысы «Комедиядағы» негізгі  кейіпкерлердің бірі – рим ақыны  Вергилий екендігінен көруге болады. Ол - жер бетіндегі даналықтың, ағартушылықтың, өнегеліктік символы. Антика әлемінің атақты адамдары – пұтқа табынушылар  Гомер, Сократ, Платон, Гераклит, Гораций, Овидий, Гектор, Энейді ақын тозақтың алғашқы  тоғыз шеңберлерінің біріне орналастырған.

Франческо Петрарканы (1304-1374 ж.ж.) Европадағы бірінші гуманист және әдебиетші деп санайды. Петраркидің  барлық өмірі - өз мүддесі мен өзін-өзі  ғана ойлайтын жеке адамның өмірі. Бұл жағынан ол әдебиеттегі бірінші индивидуалист. Петрарка өзінің сүйіктісі Лаураға арналған сонеталарымен белгілі.

Осы кезеңде лирикалық  поэзия гүлденеді. Джованни Бокаччо (1313-1375 ж.ж.) бұл жағынан ерекше орын алады. Ол өз шығармашылығында жаңа адамгершілік принциптерін айқындайды. Әдебиет ісімен айналыспас бұрын ол алты жыл құқықты  зерттеген, бірақ ол негізінен классикалық  мифологиямен шұғылданды. Бокаччоның көркем шығармасы «Декамеронда» (1350-1353 ж.ж.) өзінің биік шыңына жетті. Адамзат  табиғатының барлық байлығы антикадан  кейін алғашқы рет ақсүйектік және тұрмыстық жағынан көрінеді. «Декамерон» махаббат оқиғаларының көптігімен таң қалдырады. Енді әйелжандылық кінәланбайды, ғашықтардың тапқырлығы дәріптеледі.

Бокаччо ғашықтық ісінде сословиелік  шектеулерге қарсы болған: дворяндар  қызметшілерімен, ақсүйектер атшыларымен  құмарлық жолындағы бөгеттерді табысты  жеңе біледі.

Орта ғасыр кезінде  флорентиялық Джотто ди Бонде, қысқаша  Джотто өнері белгілі болды. Джоттоның  әлем өнерінің алдындағы басты еңбегі ол өзінің шығармашылығында орта ғасырлық тұрақтылықтан ауытқып, эллинистік әлемді кеңістіктік қабылдауды жаңғыртты. Джотто өнерінің жаңа реалистік тұжырымдамасы  екі басты көркем принципке негізделеді: үш өлшемді кеңістікті перспективті беру принципіне және жарық көлеңкесінің көмегімен пластикалық фигураны көлемді түсіндіру принципіне.

Ерте Қайта Өрлеудің жалпы  сипаттамасы.

Италиядағы Ерте Қайта  Өрлеудің сипаттамасына көше отырып, келесіні атап көрсету қажет. XV ғ. басында  Италияда жас буржуазиялық тап өзінің басты белгілеріне ие болды. Ол дәуірдің басты әрекет етуші тобы болды. Ол өмірде өзінің нақты орнын алып, нық тұрды, өзіне сенді, байып, дүниеге  басқа көзқараспен қарады. Италия қалалары кішкентай болды, ал қоғамдық өмір қызуы, саяси әуестік иірімі күшті болды. Осы отта инициативті, энергиясы мол адамдар шынықты.

Адам санасындағы бұл  жылжуды Қайта Өрлеудің маңызды  қайраткерлерінің бірі, Мирандола республикасының  билеушісі, тарихта Пико делла Мирандола  есімімен белгілі болған Пико (1462-1494 ж.ж.) байқады. Ол «Адамның қасиеті туралы»  трактатын жазды, онда адамның белсенділігі, адамның өзін-өзі жаратуы туралы ілім баяндалады. Өзін-өзі жасайтын универсальды адамның – іс пен  ой титанының бейнесі идеалды  болып саналады. Ренессанс эстетикасында  бұл құбылыс титанизм деген атауға ие болған. Қайта Өрлеу адамы өзіне  бірінші кезекте абсолютті тұлға  түріндегі жасаушы және суретші  ретінде қарады.

Европа мәдениетінің тарихы Ерте Қайта Өрлеуге ізгіліктің пайда  болуымен міндетті. Ол қайта өрлеу  мәдениетінің философиялық-практикалық  типі ретінде болады. «Гуманизм» (ізгілік) терминін (оның латын формасы – studia humanitatis) Ерте Қайта Өрлеудің «жаңа  адамдары» антика философы мен шешені Цицеронды өздерінше түсініп, енгізген. Термин адамның алуан табиғатының  толықтығы мен бөлінбейтіндігін білдірді. Ерекше мәдени орта –гуманистер  тобы тез қалыптасты. Олардың құрамы бастапқы кезде өте алуан болды: шенеуніктер мен тақсырлар, профессор  мен көшірмешілер, дипломаттар мен  дін басылары. Бұл европаның зиялы  қауымының дүниеге келуі болды. Гуманистердің оқу сабақтарының ең салмақты нәтижелері адамзат даралығын  теориялық дәлелдеу, адамның ішкі әлемін ашу және айрықша концепцияны  жасау болды.

Неоплатонизм Қайта Өрлеу  философиясы болды. Онда идеялар  әлемі адамзаттың барлық тұлғасын анықтап, ұғындырады және ұйымдастырады деген  ой басты орын алды. Қайта Өрлеу  дәуірінде идеялар әлемі туралы ілім Әлемдік Ақыл мен Әлемдік  Жан туралы ілімдер формасында болады.

1470-1480 ж.ж. Лоренцо Медичидің  бастауымен Платондық академия  деген атпен де белгілі Флорентиялық  академия гүлденеді. Ол клуб, ғылыми  семинар мен діни секта арасындағы  орын болды. Академия мүшелері  ғылыми диспуттармен, басқа сабақтармен,  серуендеуде, жиындарда, антика  авторларын зерттеумен және аударумен  уақыт өткізді. Академия қабырғасында  өмірге, табиғатқа, өнерге, дінге  деген емін-еркін қатынас дамыды.

Ренессанстың даралығы гуманизмнің  әсерінен секулярланған – шіркеу ықпалынан босатылған болды. Алайда қайта өрлеушілерді атеисттер деп  айта алмаймыз. Атеизм қайта өрлеу  идеясы болған жоқ, бірақ шіркеуге қарсылық нағыз қайта өрлеу идеясы болды. Қайта өрлеу дәуірінің адамы  рухани болып қалғысы келді.

Бейнелеу өнерінде Ерте Қайта  Өрлеу бастаушылары суретші Мазаччо (1401-1428 ж.ж.), мүсінші Донателло (1386-1466 ж.ж.) және сәулетші Брунелески болып  саналады. Олардың бәрі Флоренцияда  өмір сүрді.

Мазаччо Джоттоның ұмытылып бара жатқан дәстүрін қолдап, кескіндемемен  үш өлшемді кеңістікті бейнелеу ісін соңына жеткізді. Өнер танушылар Мазаччоның үш өлшемділік негізінде қадірлі  және өзіне сенімді адамды, немесе лирикалық, ал кейде назды адамды бейнелеуін бірінші орынға қояды. Осыдан оның кескіндемесі скульптуралық әсер тудырады. Осы көлемділік үшін антика бейнелері қажет.

Өнерде европа пластикасының  көптеген проблемалары – дөңгелек мүсінді, монументті, ат монументін жүз  жыл алға шешіп тастаған мүсінші  Донато ди Никколо ди Бетто Барди  болды, ол тарихта Донателло деген  есіммен белгілі (1386-1466 ж.ж.). Шебердің көптеген жұмыстарының ішінен оның қола Давидін атап көрсеткен жөн.

Брунелескидің Флорентия  республикасы соборының үстіндегі  алып сегіз қырлы күмбезімен атағы  шықты (1420-1436 ж.ж.). Ол адамдардың бірігу символы ретінде қабылданды, өйткені  онда «барлық тоскан халқы жинала алатындай» салынды.

Ерте Қайта Өрлеу –  эксперимент жүргізуші кескіндеме уақыты. Дүниені жаңаша сезіну –  оны жаңаша көру дегенді білдірді. Шындықты қабылдау тәжірибемен тексеріліп, ақылмен бақыланады. Осы кезең  суретшілерінің бастапқы мақсаты –  қалай көреміз солай бейнелеу. Осы уақыт үшін бұл революциялық төңкеріс болды.

Ерте Қайта Өрлеу кескіндемесі сол кезеңдегі итальяндық нәзік  сезімді, сезімді әсемдік пен  грацияны бейнеледі. Осы құбылысты  көркем ұғынудың керемет үлгілерін  Сандро Ботичелли (1444-1510 ж.ж.) берді. Оның шығармашылығында гуманистердің жан  мен дененің теңесуі туралы түсініктері  жүзеге асырылды.

Жоғары Қайта Өрлеудің жалпы сипаттамасы.

Түпкі ренессанс Италияда 150 жылға, Ерте Қайта Өрлеу 100 жылға, Жоғары 30 жылға созылды. Итальян  Қайта Өрлеуінің алтын ғасыры, итальян өнерінің ең жоғары кезеңі Италиядағы қиын кезеңмен, итальян  қалаларының тәуелсіздік үшін күресі кезеңімен сәйкес келеді.  

Коперниктің, Галилейдің, Кеплердің  ұлы жаңалықтары адамның құдіреті туралы армандардың күл-талқанын шығарды. Коперник пен Бруно жерді адамның  көзінің алдында мәнсіз дүниеге  айналдырды. Ренессанс мәдениетінің дағдарысы саясат сферасында да айқын  байқалды. Ренессанстың саяси өмірі  қарқындылығымен және көп жоспарлығымен  ерекшеленді. XV ғасырдағы-XVI ғасырдың басындағы  итальян режимдерінің бірде-бірі тұрақтылығымен ерекшеленбеді және билік тирандардың  қолына көшіп отырды. Даралықтың қоғамдық идеологияда билік құруы саяси  практикаға да әсер етті. Бұл Николо Макиавеллидің (1469-1527 ж.ж.) шығармашылығы  мен қызметінде айқын көрінеді. “Князь” (немесе “Монарх”, “Государь”) трактатымен  атағы шыққан Макиавелли орташа демократиялық  және республикалық құрылысты қолдады, бірақ өзінің демократиялық және республикалық көзқарастарын болашақ  заман үшін ғана насихаттады.

Информация о работе Шетел ағартушыларының педагогикалық идеялары