Тауарлық- материалдық қорлардың ұғымы,міндеттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 23:44, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыста тауарлы – материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған . Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды.

Содержание работы

Кіріспе.
1.Тауарлық- материалдық қорлардың ұғымы,міндеттері.
Тауарлық – материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.
Тауарлық – материалдық қорлардың жіктелуі.
1. Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу.
1.3 Кәсіпорының қоймасынан тауарлы – материалдық қордың шығуын құжаттық рәсімдеу.
1.4 Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі.
1.5 Тауарлы – материалдық қорлар синтетикалық есебі
Тауарлы – материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Содержимое работы - 1 файл

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірілген дайын бұйымдары.docx

— 72.67 Кб (Скачать файл)

Жоспар

             Кіріспе.

             1.Тауарлық- материалдық қорлардың ұғымы,міндеттері.

    1. Тауарлық – материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы                      және бағалануы.
    2. Тауарлық – материалдық қорлардың жіктелуі.

             1. Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың        түсуін құжаттық рәсімдеу.

             1.3 Кәсіпорының қоймасынан тауарлы – материалдық қордың шығуын           құжаттық рәсімдеу.

             1.4 Материалдық жауапты тұлғаның  есеп беруі.

             1.5 Тауарлы – материалдық қорлар  синтетикалық есебі   

             Тауарлы – материалдық қорлар  есебін жетілдіру жолдары                   Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе.

     Курстық жұмыста тауарлы –  материалдық есепке алу мәселелері  қарастырылған . Тауарды өндіру  мен жеткізуде бір қалыптылық  жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті  қамтамасыз ету үшін өндіріс  мекемелері мен кәсіпорында қажеті  тауар  қорлары болуы қажет.  Тауар қорлары – бұл соңғы  тұтынушыға сатылған кезге дейінгі  нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің  бірі болып тауарлы – материалдық  қорларды есепке алу тақырыбы  өз алдына бөлек мәселе болып  қарастырылады және нарықтық  экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы –материалдардық қорларды  есепке алу» атты №7 бухгалтерлік  есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы  – материалдық қорлар бұл:  шикізат қорлары, материалдар,  ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған  өндіріс, дайын өнім тауарлар  түріндегі активтер.

      Тауарлы –материалдық қорлар  жөнінде мәліметті толық және  шынайы қалыптастыру бухгалтерлік  есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:

                   1.Тауарлы –материалдық қордың ұғымы және бағалау тәртібін  қарастыру.

                   2.Тауарлы –материалдық қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу сұрақтарын зерттеу.

                   3.Тауарлы –материалдық қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.

Курстық жұмыста  «Энергия плюс» ЖШС практикалық  материалдары қолданылған.

«Энергия  плюс» ЖШС 14 сәуірде 2003 жылы Қарағанды облысының Басқару юстициясында тіркелген. Серіктестік қызметінің мақсаты тауарлар нарығын кеңейту, пайда табу, қоғам қажеттігін қанағаттандыру.  Энергия плюс» ЖШС негізінен мынадай іс –қызмет түрімен айналысады:

      • коммерциялық қызмет;
      • жанаржағар май сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек саудалау, сату;
      • күрделі құрылыс жұмыстары, жөңдеу, монтаждау жұмыстары;
      • көлікпен қамтамасыз ету;
      • қоғамдық тамақтандару пунктері мен азаматтардың демалыс орындарын ашып, олардың жұмысын ұйымдастыру;
      • ҚР заңында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.

Өз қызметінің барысында «Энергия плюс» ЖШС -ң қолданыстағы бухгалтерлік есептің негізгі заңдарын, бухгалтерлік есеп шоттың үлгі жоспарын, қолдана отырып шаруашылық операцияларын жүзеге асырады.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – жоғарыда келтірілген міндеттерді және «Энергия плюс» ЖШС тауарлы –материалдық қор есебін ұйымдастыру мен оны одан әрі жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Курстық жұмыста  Қазақстан Республиксының бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесін реттейтін нормативтік құжаттар, отандық және шет елдік авторлардың жұмыстары, периодикалық басылымдар пайдалынады.

     

     1.1 Тауарлы материалдық қорлар.

       Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірілген  дайын бұйымдары,сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ  әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары , аяқталмаған өндіріс,басқаларға көрсеткен қызметтері,сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерін көрсету барысында пацдалануға арналған қосалқы бөлшектері,отындары,ыдыс және ыдыстыұ материалдары ,жартылай фабрикаттар және басқада материалдары сол ұйымның тауарлық –материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады

     Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері

1.Дайындалған,келіп  түскен және өндіріске немесе  сыртқа босатылған материалдарды  уақытында есептеп кіріске алу  немесе есептен шығару.

2.Материалдық  қоймада және тасымалдау кезінде  түгел сақталуын бақылау.

төмендеп  кетпеуін бақылау.

4.Материалдарды  өндіріске пайдаланған кезде  олардың техникалық жолмен анықталған  мөлшерін және тұтыну мөлшерінің  қорын анықтау.

5.Материалдардын  өндірісте  ұтымды пайдалануы.

6.Дайындалған  материалдардын өзіндік құнн  анықтап және олардың жоспарлы  есептеу бағасынан айырмашылығын  тауып пайдаланылған материалдар құнын әр обьектінің шығынына қосу.

      Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған  есеп материялдардың түгел сақталуына, үнемді пайдалануына көмегін  тигізеді. Материялдардың түгел  және дұрыс сақталуы, сондай-ақ  ұтымды пайдыланылуы, жұмсалуы үшін  алдын ала мылаларды жасау  қажет:

      ● тиісті түрде жабдықталған  материалдық қорларды сақтайтын  қойма немесе бөлме болуы қажет  және бөлмелердін әрқайсысы материялдардың  белгілі бір түрін сақтауға  арналған болуы керек.

      ● материялдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері сорттары өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.

      Материялдардың есебін дұрыс  және ұтымды ұйымдастыру үшін  мыналар керек :

      ● материялдардың бірінғайноменклатурасымен  жоспарлы есеп  айырысу бағасын  белгілеу:

      ● құжат айналамының дәл жүйесін  белгілеу және материялдарды  есепке алу мен есептен шығару  оператциялардың тәртібін сақтау:

      ● бірыңғайланған есеп құжаттарының сандарын белгілеу және ұйымның барлық  бөлімін қамтамасыз ету.

      Сонымен қатар материялдарды  алдағы уақытта пайдалану үшін  өндіріске босату және басқа  жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек.  Белгіленген тәртіп бойыншаматериялдардың  қалдығын жаппай түгендеу , бақылау  арқылы тексеріліп және олардың  дер кезінде есепке алып отыру  қажет.  

          2.1 Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі

       Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан  да  материалдар  есебін дұрыс  ұйымдастырудың  ең басты мәселесі – оларға  экономикалық  жағынан  дәлелденген  жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің  өзгешеліктері  мен өнім  дайындауда атқаратын  міндеттеріне  қарай  материалдар:

       -шикізат;                                                                                                                                                                                                                                    

       -негізгі материал;

       -көмекші материал;

       -жартылай  фабрикат  және  тағы  да  басқалар болып   бөлінеді.  

       Негізгі материалдар  мен  шикізаттар  өндірілетін  өнімнің  құрамына  кіріп  оның  материалдық  негізін  жасайды. 

       Шикізаттар  деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген өнімдері – мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.

    Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын  өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш  және тағы да басқалар жатады.

     Өндірістік  үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады.Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар  алынады. Олардың аяқталмаған  өнімнен  айырмашылығы, оны сол күйінде  сатуға  болады. Бұндай жағдайда жартылай  фабрикатты сатып алған  ұйымдар оны әрі қарай                                          өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның  өзінің  өндірген немесе басқалардан  сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарына – бетон  және ағаш бұйымдарын, металлургияда -  шойын мен болатты жатқызуға болады.

       Көмекші материалдарға – әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін  және  жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі,  олар өнімнің  материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандайда бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың  түсін тағы да басқа жақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әрекеттерді (известь) жатқызуға болады.

      Материалдық  қорлардың  ішінде  бөлек топ болып отындар, ыдыс  және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс  материалдары және тағы  да басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық  мақсатта   энергия өндіруге, үй –жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың  барлық  түрі жатады.           

    1.Тауарлы  – материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы. 

        Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет.

13.11.96 жылғы  № 3 бухгалтерлік есеп жөніндегі  Ұлттық комиссияның қаулысымен  бекітілген 7 «Тауарлы – материалдық  қорлар есебі» бухгалтерлік есеп  стандартына, 28.01.2003 жылы 27 ҚР Қаржы  Министрлігінің бұйрығымен бекітілген  өзгерістер мен толықтыруларға  сәйкес, тауарлы – материалдық  қорлар – бұл:

  1. Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар  мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;
  2. Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;
  3. Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.

Соған сәйкес тауарлы – материалдық қорлардың  келесідей топтарды бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды  жағдайларының бірі болып болып  табылады:

    1. Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді.(қант, сүт, хош иіс)
    2. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім блып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.
    3. Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.
    4. Ыдыс және ыдыстық заттар – бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.
    5. Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.
    6. Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді.
    7. Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар – бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар.
    8. Құрылыс материалдары – құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жэұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды білдіреді.Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар.

Информация о работе Тауарлық- материалдық қорлардың ұғымы,міндеттер