Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 16:44, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп принциптеріне сай, сонымен қатар салық есептеуді дер кезінде жүргізу үшін, ақының қай уақытта төленгеніне қарамастан, тауар жіберіліп, қызмет көрсетіліп және жұмыс орындалысымен олардан түсетін табыстың есебі қатар жүргізіліп отырады. Шот бойынша уақытында төленбеген сома дебиторлық қарыз болып саналады,немесе мекемеге төленбеген қарыз. 3 жыл уақыт өткеннен кейін, талап етілмеген дебиторлық қарыз мекеменің зияны болып шығысқа шығарылады, осы мерзім өткеннен кейін дебиторлық қарызға байланысты төленбеген салық жалпы есептелген сомадан шегеріліп тасталады.
Кіріспе
І. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу ұйымдастыру
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен жасалған келісім
шарт түрлері және мазмұны
Тауарларды жөнелтуді және сатуды, орындалған жұмыстарды және
қызметтерді құжатпен қамту
ІІ. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі
2.1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп
айырысудың жинақтау және талдау есебі
ХҚЕС №18 ҚЕҰС №2 сәйкес сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің дебиторлық қарыздарын тану
ІІІ. «Айна –CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сатып
алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі
3.1«Айна –CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күмәнді
дебиторлық борыштар есебі
3.2«Айна –CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сатып
алушыларға жөнелтілген дайын өнім есебі
Қорытынды
Қосымша
Қолданылған әдебиеттер
ІІІ. «Айна –CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сатып
алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі
3.1«Айна –CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күмәнді дебиторлық борыштар есебі
«Айна
–CITY» жауапкершілігі
Серіктестіктің қызметі металла
Сатып алушылар
мен тапсырыс беруші заңды және жеке
тұлғалардың төлем
Тікелей еспетен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді борыштарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетліген сәтінде (кезде) емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі 1290 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылыдң соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне жасалынады. Азаматтық кодекстің 1-бөліміндегі 178-бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленеді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады.
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз қарыз» деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған күмәнді қарыз бойынша резерв есебінен есептен шығарылады. Егер кәсіпорындар мен ұйымдар күдікті қарыз бойынша резерв құрмаса және үмітсіз қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең шығындарына жатқызылып есептен шығарылады. Сондай-ақ бұл сома қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрсетілуі тиіс.
Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып және ол осы есептен шығарылып және ол осы есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады (есептен шығару осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе):
Дт1290 Күмәнді қарыздар бойынша резевтер шоты
Кт1210 Алынуға тиісті борыштар шоты
Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің келесі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметкен түскен табыс есебінде танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте :
Дт1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»
Кт 6010 Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кірістер шоты түрінде жазу жазылады.
«Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» есебі №10 журнал-ордер жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің күдікті деп есептеген борыштары үшін 100000 (жүз мың) теңге көлемінде резерв құрғанда мынадай корреспонденциялар жазылады:
Күдікті қарыздар бойынша құрылған резерв сомасына;
Дт7210 Жалпы әкімшілік шығындар шоты 100000 тг
Кт 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 100000 тг
Күдікті қарыздар бойынша құрылған резервтің есебінен 80000 ( сексен мың) теңге дебиторлық борыш есептен шығарылғанда;
Дт1290 Күмәнді
қарыздар бойынша резервтер шоты
80000 тг
Кт1210 Алынуға
тиісті борыштар
Артық жасалынған күдікті қарыздар резерв сомалары сторно етіледі. Кәсіпорындар мен ұымдар бұл жағдайда қызыл сиямен жазу арқылы алынып тасталады.
Дт7210 Жалпы және әкімшілік
шығындар
шоты
Кт1290 Күмәнді қарыздар бойынша
резервтер
шоты
Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы дебиторлық борыштары сомасынан күдікті қарыз бойынша құрылған резерв сомасы алынып тасталып, қалған айыпма қалдығының соамсы ғана көрсетіледі.
Мысалы: ««Айна –CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дебиторлық қарызы 200000 (екі жүз мың) теңге, ал күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңгені құрайды деп есептейік. Сонда қаржылық есеп беру кезінде күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңге кезе шығындары ретінде танылады да, бухгалтерлік балансында дебиторлық қарыз соамсы 50000 (елу мың) теңгеге азайтылып 150000 (бір жүз елу мың) теңгеге (200000-50000) тең болады.
Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдары алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың төленбейтіндігін алдын ала болжап білу мүмкін емесе. Дегенмен де қаржылық есеп беру кезінде жыл бойы жұмсалған шығындры жабатын сомаларды анықтау қажет. Бұл уақыттағы бағалудың салдарынан елеулі айырмащшылықтардың да пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:
Бұндағы
бірінші аталған әдістің
Жоғарыда
аталған несиеге сатудан
Мысалы: ««Айна –CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2011жылғы көрсеткіштері:
Соңғы үш жылдағы «Айна –CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күмәнді қарыздар бойынша шығындары:
Жылдар |
Сатылғантауарларының көлемі |
Күмәнді қарыздар бойынша шығындары |
Пайыздар |
2000 |
900000 |
29700 |
3,3 |
2001 |
930000 |
31500 |
3,38 |
2002 |
950000 |
36100 |
3,8 |
Барлығы |
2780000 |
97300 |
3,5 |
«Айна –CITY»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
бухгалтері бұл жылдардағы күмәнді қарыздар
бойынша пайыз мөлшері орта есеппен 3,5%
деп есептейді. Соған сәйкес 2011-жылғы
күмәнді қарыздар сомасы былайша есептеледі:(1000000-50000-
Осы табылған күмәнді қарыздар сомасы бойынша бухгалтерлік есепті жыл соңында мынадай жазу жазады:
Дт7210 Жалпы және әкімшілік шығындары 32900 тг
Кт 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резерв 32900 тг
Жоғарыдағы сандарды есекере отырып, 2011 жылдың қаржылық есебінде күдікті қарыздар бойынша резерв сомасының 40900 (қырық мың тоғыз жүз) теңгеге тең болатындығын білуімізге болады. Бұндағы 8000 (сегіз мың) теңге өткен жылдардағы алынбаған дебиторлық борыш және 32900 (отыз екі мың тоғыз жүз) теңге есепті жылдағы сатлыған тауарлар бойынша күмәнді қарыдарға жасалынған (болжам бойынша) резерв сомасы.
Негізінен
несиеге стаудан алынатын таза табыстан
есептелген пайыз әдісі бойынша
ардайым дебиторлық қарыздың таза өзіндік
құнын есептеп отыру мүмкін емес.
Бұл әдістің тұжырымдамалық негізі
болып сәйкестілік принципі қызмет
етеді. Өйткені күдікті қарыз
сатылым негізінде туындаған. Әдіс
қолданылуы барысында өте
Күмәнді
қарыздарда бағалу үшін қолданылатын
дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі
бойынша есептеу әдісі
Осы атап өткен екінші әдісіміз бойынша мысал келтірейік:
«Айна –CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2011 жылғы 31 желтоқсанға алынуға тиісті шоттарының сомасы (өлшем бірлігі теңге)
Сатып алушылар |
Түсуге тиісті борыш |
Уақтылы түспегені |
Бір тоқсан кешіктірілгені |
Екі тоқсан кешіктірілгені |
Үш тоқсан кешіктілгені |
Төрт тоқсан кешіктірілгені |
«Арал» фирмасы |
350000 |
150000 |
200000 |
|||
«Шалқар» фирмасы |
250000 |
100000 |
150000 | |||
«НҰР» АҚ |
500000 |
300000 |
100000 |
100000 | ||
Барлығы |
1100000 |
300000 |
250000 |
200000 |
100000 |
250000 |
Күмәнді борыш пайызы |
5 |
10 |
20 |
30 |
50 | |
Күмәнді борыш бойынша резерв |
15000 |
25000 |
40000 |
30000 |
125000 |
Жоғарыдағы
берілген мысалымызда «Айна –CITY» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің алынуға тиісті
шоттарының сомасы қарастырылған. Яғни
кестеде «Айна –CITY» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің дебиторлы және олардың
қарыз сомалары әрбір кезеңге бөлініп
көрсетліген. Сондай-ақ бұл жерде фирманың
алынуға тиіс шоттарының кешіктірілген
мерзімдеріне сәйкес күдікті борыш есептеуге
арналған пайыз коэффициенті белгіленген.
Яғни серіктестік өздерінің сатқан тауарлары
мен көрсеткен қызметтері үшін уақтылы
есеп айырыспаған заңды немес жеке тұлғалардың
қарыздарының, дер кезінде төленбеген
сомасының 5%, бірінші тоқсанда кешіктірілгендерінің
10%, екінші тоқсанда кешіктірілгендерінің
20%, үшінші тоқсанда кешіктірлгендерінің
30%, төртінші тоқсанда кешіктірілгендердінің
50% мөлшердегі сомаларын күдікті борыштар
деп есептейді. Кестеден ЖШСнің 2010 жылдың
31 желтоқсанына болжанған күдікті қарыздарының
мөлшері 235000 (екі жүз отыз бес мың) теңгеге
тең екендігін көруімізге болады (15000+25000+40000+30000+
Информация о работе Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу ұйымдастыру