Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 16:44, курсовая работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп принциптеріне сай, сонымен қатар салық есептеуді дер кезінде жүргізу үшін, ақының қай уақытта төленгеніне қарамастан, тауар жіберіліп, қызмет көрсетіліп және жұмыс орындалысымен олардан түсетін табыстың есебі қатар жүргізіліп отырады. Шот бойынша уақытында төленбеген сома дебиторлық қарыз болып саналады,немесе мекемеге төленбеген қарыз. 3 жыл уақыт өткеннен кейін, талап етілмеген дебиторлық қарыз мекеменің зияны болып шығысқа шығарылады, осы мерзім өткеннен кейін дебиторлық қарызға байланысты төленбеген салық жалпы есептелген сомадан шегеріліп тасталады.

Содержание работы

Кіріспе

І. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу ұйымдастыру
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен жасалған келісім
шарт түрлері және мазмұны
Тауарларды жөнелтуді және сатуды, орындалған жұмыстарды және
қызметтерді құжатпен қамту

ІІ. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі
2.1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп
айырысудың жинақтау және талдау есебі
ХҚЕС №18 ҚЕҰС №2 сәйкес сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің дебиторлық қарыздарын тану

ІІІ. «Айна –CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сатып
алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі
3.1«Айна –CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күмәнді
дебиторлық борыштар есебі
3.2«Айна –CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сатып
алушыларға жөнелтілген дайын өнім есебі

Қорытынды
Қосымша
Қолданылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

Сатып алушылар Азат.docx

— 78.74 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

Жоспар

      Кіріспе

 

І. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу ұйымдастыру

    1. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен жасалған келісім

шарт түрлері  және мазмұны

    1. Тауарларды жөнелтуді және сатуды, орындалған жұмыстарды және

      қызметтерді   құжатпен қамту

 

    ІІ. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі

         2.1 Сатып  алушылармен және тапсырыс берушілермен  есеп

              айырысудың жинақтау және талдау  есебі

    1. ХҚЕС №18 ҚЕҰС №2 сәйкес сатып алушылардың және  тапсырыс берушілердің дебиторлық қарыздарын тану

 

  ІІІ. «Айна –CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сатып

           алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі

  3.1«Айна –CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күмәнді

      дебиторлық борыштар есебі

          3.2«Айна  –CITY» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің сатып 

                    алушыларға жөнелтілген дайын  өнім есебі 

 

    Қорытынды

    Қосымша

    Қолданылған  әдебиеттер                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

 

      Кіріспе------------------------------------------------------------------------------------3

 

І. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу ұйымдастыру

1.1Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен

  жасалған келісім шарт түрлері және мазмұны -----------------------------4

    1. Тауарларды жөнелтуді және сатуды, орындалған

  жұмыстарды және қызметтерді   құжатпен қамту--------------------------9

 

    ІІ. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі

         2.1 Сатып  алушылармен және тапсырыс берушілермен

            есеп  айырысудың жинақтау және талдау есебі----------------------------11

    1. ХҚЕС №18 ҚЕҰС №2 сәйкес сатып алушылардың

және  тапсырыс берушілердің дебиторлық қарыздарын тану----------14

 

  ІІІ. «Айна –CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сатып

           алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі

  3.1«Айна –CITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

          күмәнді дебиторлық борыштар есебі-------------------------------------22

          3.2«Айна  –CITY» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің

                  сатып алушыларға жөнелтілген дайын өнім есебі --------------------27

 

    Қорытынды------------------------------------------------------------------------------29

    Қосымша----------------------------------------------------------------------------------30

    Қолданылған әдебиеттер-------------------------------------------------------------31                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Кәсіпорындарда  өндірілген сапалы дайын өнімдер  сатып алушы кәсіпорындарға жасалған келісім-шарттарға сәйкес, көрсетілген  мерзімде және тиісті көлемде жіберіледі. Келісім-шарттардың негізінде, дайын  өнімдерді сату бөлімінде сатып  алушыларға дайын өнімдерді жіберу үшін «Бұйрық - накладная» құжаттары  толтырылады. Қоймадан дайын өнімдер  жіберілгеннен кейін «Бұйрық-накладная» құжаттары бухгалтерия бөліміне, есептеу-төлем құжаттарын толтыру  үшін жіберіледі. Бухгалтерия бөліміне «Тауарлы-көліктік накладная» құжаттары  да түседі, ол  құжаттарда темір жол  тарифінің сомасы жазылған. Бұл құжаттардың  негізінде  бухгалтерияда «Төлем талабы - тапсырмасы» құжаты толтырылады, бұл құжаттар сатып алушы кәсіпорны  төлеуге келісім берген кейін, банкке инкассоға немесе сатып алушыға  төлеу үшін беріледі. Заңға сәйкес, сатып алушыларға жіберілген дайын  өнімдер, сатып алушы « Төлем  талабы-тапсырмасы» құжаты негізінде  ақша аударып төлегенге дейін, жабдықтаушы, сатушы кәсіпорынның меншігі болып  қала береді.

     Сатып алушылар мен тапсырыс  берушілермен әр мекеме өз  өнімін, тауарын сатып, жұмыс орындап,  қызмет көрсетуіне сәйкес есептеседі. Бұл жағдайда өнім жеткізуші  кәсіпорын сатып  алушыларға  счет жіберіп, тауарларын жөнелтеді.  Бухгалтерлік есеп принциптеріне  сай, сонымен қатар салық есептеуді  дер кезінде жүргізу үшін, ақының  қай уақытта төленгеніне қарамастан, тауар жіберіліп, қызмет көрсетіліп  және жұмыс орындалысымен олардан  түсетін табыстың есебі қатар жүргізіліп отырады. Шот бойынша уақытында төленбеген сома дебиторлық қарыз болып саналады,немесе мекемеге төленбеген қарыз. 3 жыл уақыт өткеннен кейін, талап етілмеген дебиторлық қарыз мекеменің зияны болып шығысқа шығарылады, осы мерзім өткеннен кейін дебиторлық қарызға байланысты төленбеген салық жалпы есептелген сомадан шегеріліп тасталады. Қарызды шығысқа шығару үрдісі бухгалтерлік есеп пен салық есебінде әртүрлі жүргізілетінін ескеру қажет. Бухгалтерлік есеп бойынша, азаматтық кодекстің талаптарына сай, үш жылдық мерзімнің уақыты, мекеме өз құқығының бұзылғанын білген кезден басталады. Ал салық есебі бойынша, ол қарыздың бухгалтерлік  есепте көрсетілген кезінен басталады.

 «Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі»тақырыбында жазылатын курстық жұмыстың мақсаты сатып алушы-лармен және тапсырыс берушілермен жасалған келісім шарт түрлерімен мазмұнын ашып көрсету, тауарларды жөнелтуді және сатуды, орындалған жұмыстарды және    қызметтерді   құжатпен қамту тәртібін ашу,сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың жинақтау және талдау есебін және ХҚЕС №18 ҚЕҰС №2 сәйкес сатып алушылардың және  тапсырыс берушілердің дебиторлық қарыздарын тану тәртібін толық ашып көрсету.

 

 

І. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу ұйымдастыру

    1. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен жасалған келісім шарт түрлері және мазмұны

 

Сатып алушылар мен тауар жеткізушілердің арасында есептесу қаражатты аудару және қолма қол ақшаны қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін.

Есептесу формасы келісім шартта көрсетіледі.  Нарықтық экономика кезінде, шаруашылық субъектілерінің арасында, есептесудің бірнеше түрлері кездеседі, оның ішінде қаржылық және қосымша инструменттер арқылы есептесу деп аталатын жолдары да бар. Қазіргі уақытта ақы төлеу формасы ұйымдардың арасында жасалған келісім шартта арнайы көрсетіледі.

Сатып алушылар мен тауар жеткізушілердің  арасында есептесудің бірнеше түрлері  қолданылады, олардың арасында қолма  қол ақшамен, қаржы аудару, сонымен  қатар бартерлік мәміле деп аталатын тәсілді қолданып, қолдағы бар  тауарлармен, түрлі жұмыстарды орындап, қызмет көрсету арқылы да есептесетін  кездері бар. әдетте есептесу кезінде  міндетті түрде ағымдағы дебиторлық немесе кредиторлық қарыздар пайда  болады. Сонымен ол қарыздар әртүрлі  себептерге байланысты ұзақ уақыт бойы төленбей, қайтарылмай жүруі мүмкін. Ондай кездерде мекемелер азаматтық  кодексте көрсетілген заң талаптарына  сәйкес, өзара есептесу деп аталатын, әлі болса да кең тарамаған  есептесу тәсілдерін де қолдана алады. 

      Экономикасы дамыған елдерде,  аталған есептесу түрлеріне қосымша,  вексельдер және бағалы қағаздарды  қолдану арқылы есептесетін формалары  да пайдаланылады. Ондай қаржылық  инсрументтері дамымаған елдерде  азаматтық заң кодекстерінде  көрсетілгендей, міндеттемелерді орындаушыларды  өзгерту тәсілдері қолданылады.  Ондай операциялар, әсіресе төлем  дағдарысы етек алған жылдары  кеңінен қолданылады. әрі өзара  есептесу операциясына бірнеше  заңды тұлғалар қатысып, бір  бірінің қарызын жауып, бірінің  міндеттемелері мен қарыздары  екінші тұлғаларға ауысып, әртүрлі  себептерге байланысты, кредиторлық  қарыздар төленіп, шығысқа шығарылады.ХҚЕС  және ҚЕҰС стандартарына сәйкес  операциялар мәнінің формасынан  жоғары болатын принципі былай  анықталған: «Операциялардың шын  мәнінде атқарылғандығын түсіну  үшін, олар заңды форма түрде  ғана атқарылып қоймай, өз мәніне, экономикалық нақтылығына сай  болуы қажет». Нәтижесінде, кей  кездері, бухгалтерия құқықтық  міндетін өзгеге беру туралы  келісім шарттарды ғана қабылдап, бухгалтерлік принциптерге сай,  оларды қуаттап, негіз болатын  бастапқы құжаттарын  сұрамай.  Естеріңізге сала кетейік,кейбір  жақын шетелдерде өзара есептесуге  шектеу қойылған, болмаса тиым  салынған. Оның басты себебі, ұйымдарды  жасанды түрде банкротқа ұшыраудан  қорғаумен, болмаса олардың мүліктері  мен таза пайдасын заңды түрде  сақтаумен байланысты және салық  төлемей кетудің алдын алу  үшін жасалған.

Ұйымдардың  басқа субьектілерімен қаржылық- шаруашылық қатынасы келісім шарт бойынша  анықталады. Келісім шарт тараптардың  ара қатынасын реттейді. ҚР АК сәйкес, екі немесе бірнеше тұлғалардың арасындағы азаматтық құқықтары мен міндеттемелері, олардың өзгерісі немесе тоқтатылуы туралы жасалған келісім- келісім шарт болып табылады. Келісім шарт жазбаша түрде жасалады. Жазбаша түрде төмендегі мәмілелер жасалады:

  • егер кейбір келісімдер бойынша, заң бойынша арнаулы жағдайлар қарастырылмаған болса, немесе іскерлік айналымның әдеттерінен тыс болса, кәсіпкерлік қызметті атқару барысында;
  • орындалу кезінде жасалатын мәмілелерден басқа, көлемі 100 айлық есептік көрсеткіштен асып кететін болса;
  • басқа да заңда, немесе келісім шартта көрсетілген жағдайда.

 Келісім  шарт тараптар арасындағы қатынастардың  заңды нормасын қалыптастырып,  мәміленің орындалу тәртібі мен  атқару тәсілдерін анықтайды,  сонымен қатар міндеттемелердің  рет ретімен орындалуын қамтамасыз  етуді қарастырады.

Келісім шарттардың келесі түрлері қолданылады:

  • алып-сату келісім шарты
  • жеткізу келісім шарты
  • мердігерлік келісім шарт
  • ақылы қызмет көрсету келісім шарты

 Келісім  шарттардың ең көп тараған  түрі- алып-сату келісім шарты, ол бойынша сатушы тауардың меншіктік құқығын, шаруашылық жүргізуді немесе оперативтік басқаруды сатып алушыға беруді міндетіне алады. Сатып алушы соған сәйкес тауарды қабылдап алып, ол үшін келісілген қаржыны төлеуді міндетіне алады.

 Алып- сату  келісім шартының азаматтық заң  кодексінің талаптарына сай, өзіндік  ерекшеліктері болуы мүмкін, оның  ішінде тауарды ұзақ мерзімге, несиеге беруге, тікелей сатуға, ж.т.б. түрде сатуға болады.

 Келісім  шартта тауарды қабылдап алу  мерзімі көрсетіліп, ол шарт орындалмайтын  болса, жауапкершілік шаралары  қоса көрсетілгені жөн. Мысалы, келісім шарт бойынша, тауар  келісім жасалғаннан кейін, немесе  ақы төленгеннен кейін 10 күннің  ішінде жеткізіліп беріледі деп  көрсетілген. Тауардың уақытында  жеткізілмеуі немесе ақысының  уақытында төленбеуі, келісім  шартта көрсетілген жауапкершіліктерге  әкеліп соқтырады. ҚР Салық  кодексінің талаптарына сай, айыппұлдар  және басқада жауапкершілік шараларынан  туындайтын сомалар, алдын ала  шегерілмеген болса, жылдық жалпы  табыс көлемінің мөлшеріне қосылады. Осыған орай, мойындалған айыппұлдар, бюджетке төленгеннен басқасы,  қарсы тараптың жылдық жалпы  табыс көлемінің мөлшерінен алынып  тасталады.

 Алып- сату  келісім шартында, ұйымның өзі  өндірген өнімнің бағасы бойынша,  арзандату және үстеме қосу  тәсілдері жиі қолданылады. Арзандатылған  кезде 6030 шоттарының тобы пайдаланылады.  Осы шоттар тобында келісім  шарт бойынша қарастырылған арзандату  операциялары, және тауардың сапасыздығына байланысты бағасының төмендетілуіне орай жасалған операциялар көрсетіледі.

 Көлік  құралдарын алып- сату келісім  шарты және өндірістік- техникалық  мақсаттағы тауарларды жеткізу  туралы келісім шарттарында тауардың  сапалық сипаттары мен жеткізілу  мерзімі көрсетілуге тиіс. Техникалық  деректері мұқият түрде көрсетіліп, егер әртүрлі сапалы тауарлардың  саны көбейіп кететін болса,  онда олар келісім шартқа қосымша  ретінде ұсынылады. Өндірістік- техникалық  мақсаттағы тауарларды жеткізу  туралы келісім шарттарда, техникалық  құжаттардың міндетті түрде болуы  көрсетіледі. Өнімді жеткізу келісім  шартында, жеткізушінің ең соңғы  жеткізетін күні, кепілдік міндеттемелері  көрсетіледі. Көлік құралдары  мен жабдықтарды негізгі құрал,  болмаса тауар ретінде сатып  алып, оларды соңынан сатуды мақсат  тұтатын болса, олардың бағасын  бухгалтерлік есеп жүйесінде  анықтап көрсетудің тәртібін  ескеру қажет.

 Құрал  жабдықтардың бастапқы бағасына  сатып алу құны, тасымалдау шығыны, тасымалдау кезіндегі сақтандыру  шығыны, монтаждау, құралды қолдануға  жарайтындығын тексеруге кеткен  шығындар ж.т.б. кіреді.

 Жабдықтар  монтаждау кезінде бұзылып, жөндеу  жұмыстары жүргізілсе, олар ағымдағы  шығынға жатқызылады.

 Сатып  алынған жабдықтардың бағасын  бухгалтерлік есеп жүйесі бойынша  дұрыс анықтау, салық есептеу  кезінде аса маңызды болып  саналады. Негізгі құралдарға мүліктік  салық салынатын болғандықтан, олар  салық есептеудің басты объектілері  болып саналады жәнесалықтық  база олардың орта арифметикалық  жылдық қалдық бағасы бойынша  есептеліп, бухгалтерлік есеп  жүйесі бойынша анықталады.

 Бухгалтерлік  есеп жүйесінің тәртібі бойынша,  негізгі құралдардың бағасына  қосылған шығындарды салық төлеуші  ағымдағы шығындарға жатқызуы  мүмкін, ал салық есебінде ол  сомаларды шығарып тастайды. Бұл  жағдайда салық есебінен шығарылған  сомалар өсіп кетіп, соған сәйкес  салық салынатын табыс көлемі  азаяды. Соңынан сату үшін сатып  алынған көлік құралдары мен  жабдықтарға, мүлік салығын салу  тәртібі қолданылмайды. 

Информация о работе Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу ұйымдастыру