Лизинг беруші мен Лизинг алушының құқықтары мен міндеттемелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 20:43, курсовая работа

Краткое описание

Лизингілік операция бұл құрылымның іскерлік ортамен өндірісті қаржыландыру бойынша ынтықмақтастық құруына және өзара әрекеттесуіне өз ықпалын тигізетіндіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады.
Лизинг идеясы ежелгі замандарда пайда болған. Тарихшылар мен экономистердің пікіріне тоқталсақ, лизингілік мәмілелер біздің дәуірімізге дейінгі көне Шумер мемлекетінде бекітілген. Лизинг идеясы біздің дәуірімізге дейінгі Аристотельдің « Байлық меншік құқығынан емес, пайдаланудан тұрады» дейтін трактатында қозғалғанын тарихшылар растап отыр.
Лизингтің зерттеу обьектілері- өндірістік циклда жойылмайтын материалдық құндылықтың кез келген түрі лизингілік мәміле обьектісі бола алады. Жалға алынатын обьектінің табиғатына қарай жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингілері бөліп көрсетіледі. Лизинг түрлері әр түрлі: жедел лизинг, қаржылық лизинг, қалдық құны бойынша лизинг.

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 БӨЛІМ. ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ, ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ТҮРЛЕРІ...................................................................................................5

Кәсіпорынның лизингілік операциясының ұғымы және түсінігі.......................5
Лизингінің түрлері.................................................…............................................12

2 БӨЛІМ. ОТАНДЫҚ ЛИЗИНГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН
ЛИЗИНГ ШАРТЫ...................................................................................13

2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингінің қалыптасу кезінде кездескен
мәселелер мен қаржылық лизингтің қалыптасу ерекшеліктері........................13
2.2 Лизинг шартының мазмұны, ерекшеліктері және түрлері...............................18
2.3Лизинг беруші мен Лизинг алушының құқықтары мен міндеттемелері.........24

ҚОРЫТЫНДЫ..........................….............................................................................25

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................................26

Содержимое работы - 2 файла

лизинг.doc

— 183.00 Кб (Скачать файл)

   Әр түрлі белгілеріні  қарай лизингтік шарты келесі  тәртіппен топтастыруға болады. Қатысушылар құрамына қарай мынадай болып бөлінеді:

  • тура лизинг, бұл кезде мүлік иесі өз еркімен обьектіні лизингке өткізеді (екі жақты келісім);
  • жанама лизинг (үш жақты немесе көпжақты лизинг), бұл кезде мүлікті беру делдал арқылы жүзеге асырылады.

    Мүлікті типіне қарай былай бөлуге болады:

  • жылжымалы мүлік лизингі;
  • жылжымайтын мүлік лизингі;
  • бұрын пайдаланылған мүлік лизингі;

    Өтеуді деңгейіне қарай  былай бөлуге болады:

  • бір келісімнің әрекет ету мерзімінде мүлік құны толық өтелетін лизинг;
  • толық өтелмейтін лизинг.

    Амортизация шарты бойынша  былай бөледі:

  • толық амортизация және соған сәйкес лизинг обьектісінің төленетін лизинг;

     толық емес амортизациялы  лизинг.

    Қызмет обьектісіне қарай  былай бөледі:

  • егер жалданатын затқа көрсетілетін барлық қызметті лизинг алушы өз мойынына алса, таза лизинг;
  • толық қызмет жиынтығы бар лизинг – обьектіге толық көрсету лизинг берушіге жүктеледі.
  • жартылай қызмет жиынтығы бар лизинг.

    Операция өткізілетін  нарық секторында ішкі және  сыртқы (халықаралық) лизингті қарастырылады. 

    Сыртқы лизинг экспорттық  және ипорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизинг кезінде шетел лизинг алушы, ал импорттық – лизинг беруші болып табылады.

    Салық және амортизациялық  жеңілдіктерге қатысты лизинг  болып бөлінеді:

     -жалған лизинг – қызмет алыпсатарлық сипаты болады және жеңілдіктер есебінен пайда табу мақсатында жүргізіледі;

     -нағыз лизинг –  жалға берушінің инвестициялық  жеңілдік және жедел амортизация  сияқты салық жеңілдіктеріне құқығы бар, ал жалға алушы салық төлеу үшін жарияланған кірістер есебінен жалдық төлемдерді алып тастай алады.

    Лизингтік төлемдерін  сипатына қарай былай бөледі:

     -ақша төлемін жүргізілетін  лизинг – барлық төлемдер ақша  нысанында жүргізіледі.

     -компенсациялық төлеммен  жүргізілетін лизинг – төлем  аталған жабдықта өндірілетін  тауарларды жеткізу немесе қарсы қызмет көрсету нысанында жүзеге асырылады;

     -аралас төлем лизинг.

     Лизинг шартында үш  субьект қатысса да: сатушы, лизинг  беруші, лизинг алушы, ол екі  тарапты шарт болып табылады. Егер сатушы болмаған жағдайда, шарттық қатынас анық ерекшелігі жоқ қай мүлік талдау болып табылады.

    Лизинг беруші – лизинг  шартымен лизинг затын сатушыдан  алуға және алушыға белгілі  төлеммен, белгіленген және анықталған  шартпен уақытша пайдалануға  және кәсіпкерлер мақсаттар үшін  қолдануға міндеттенеді. Лизинг  заты алушыға берілетін мерзім ұзақтығы жағынан лизинг заты құнының немесе белгілі бөлігінің (80 % пайыздан кем емес) амортизациясымен өлшенеді.

    Сатушының жауапкершілігі – лизинг алушы лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлікті сатушыға-сатушы мен лизинг берушінің арасында жасалған сатып алу-сату шартынан туындайтын, атап айтқанда, мүліктің сапасы мен жиынтықтылығына, оны беру мерзіміне қатысты және сатушы шарты тиісті түрде орындамаған басқа да жағдайларда туындайтын талаптарды қоюға құқылы.

    Лизинг алушы -  лизинг келісімімен сәйкес, келісім жасау баға бойынша лизинг шарты заты құның түгелдей немесе белгілі бөлігінің көлемде қалпына келтірумен (амортизация есептелетін қалыпты кезеңдік төлемдерді төлеуге міндеттенеді. Бұл кезде әрекет ету мерзімі өткеннен кейін лизинг заты толықтай лизинг алушының меншігіне көшеде немесе ол аяқталған лизинг келісімде қарастырылған төлем толықтай төленеді, егер мұндай алмасу келісімде көрсетілген жағдайда ғана.

    Жабдықтаушы жабдықты лизинг алушыға жеткізіп береді және қызмет обьектісін жүргізеді. Жұмыс аяқталумен жабдықты нақты жеткізгеннен дәлелдейтін қабылдау жөніндегі хаттама толтырылады. Қабылдау жөніндегі хаттама лизингтік қызметке қатысушылардан қолы қойылады және лизинг алушы обьектісінің құнын төлейді.

   Лизинг жөніндегі келісімшарт  лизинг алушы мен беруші жасайды және ол сегіз бөлімнен тұрады Олар:

  1. Лизинг шарттары
  2. Жал төлемінің сомасы
  3. Жабдықтарды жеткізу
  4. Лизингі беруші мен лизинг алушы құқықтары мен міндеттемелері
  5. Келісімшарттың әрекет етуін тоқтату
  6. Мәміле жабылғаннан кейінгі іс-әрекеттері
  7. Жабдықтарды қайтару мен байланысты міндеттемелер
  8. Тараптардың заңды мекен - жайы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Лизинг беруші мен Лизинг  алушының құқықтары мен міндеттемелері

 

   1. Лизинг алушы міндетті:

      а) Лизинг берушіге өз жарғысының заңды түрде расталған көшірмесін ұсынуға;

      ә) Лизинг беруші  бекіткен нысанда және мерзімде, өзінің экономикалық жағдайы  жөніндегі басқа да ақпараттарды  Лизинг берушіге ұсынуға.

Өзінің заңды және қаржылық жағдайында қандайда бір өзгерістер болып жатса, Лизинг алушы ол жөнінде Лизинг берушіге хабарлауға міндетті.

   2. Лизинг беруші жабдықтардың  бұзылуына, ұрлануына, мерзімінен  бұрын    тозуына, зақым келуіне  байланысты барлық тәуекелділіктерді,  бұл шығындардың түзелетіндігіне  немесе түзелмейтіндігіне, жеткізілім барысында немесе одан кейін болғандығына қарамастан, өз мойынына алады. Қандайда бір тәуекелділік бола қалған жағдайда Лизинг алушы өз есебінен және өзінің қалауы бойынша келесілерді орындайды:

      а) жабдықтарды  жөңдейді немесе лизинг берушіге жарайтын кез келген ұқсас жабдықпен ауыстырады. Жал төлемдерінің барлық сомасын төлеу және осы Келісімшартта қарастырылған басқа да төлемдерді төлеу міндеті лизинг алушыда сақталады;

      ә) жал төлемі  бойынша барлық борыштарды Лизинг берушіге өтейді және оған ------- мөлшерде тұрақсыздық төлейді (мәмілені жабу сомасы).

Мәмілені жабу сомасы, Лизинг беруші төлеу жөніндегі талапты ұсынғаннан кейін бір аптаның ішінде төленуі  керек. Лизинг беруші мәмілені жабу сомасын  алғаннан кейін, Лизинг алушының жал төлемінің сомасын төлеу керектігі жөніндегі міндеттемесі орындалды деп саналады.

   3. Осы Келісімшарттың әрекет  ету мерзімі аяқталғаннан кейін,  Лизинг   алушы құқылы:

      -жабдықтарды Лизинг  берушіге қайтаруға;

      -лизингтік келісімшартты қайта жаңғыртуға;

      -жалға алынған  жабдықты өз меншігіне сатып  алуға.

Өзінің шешімі жөнінде Лизинг алушы  осы Келісімшарттың әрекет ету мерзімінің аяқталуынан жарты жыл бұрын  Лизинг берушіге хабарлауға міндетті.

   4. Лизинг алушы жабдықтарды  жабдықтаушының ұсыныстарына сәйкес ұстауға, оның қалыпты жұмыс жағдайын сақтауға, қажетті жөндеу жұмыстарын және уақтылы профилактикалық қызмет көрсетулерді өз есебінен жүргізуге міндетті.

   5. Лизинг алушы жабдықтарды  қолдану, сақтау, иелік, ету немесе  пайдалану салдарынан адамдарға, сол сияқты мүліктерге келтірілген барлық зияндар үшін жауапкершілікте болады.

   6. Лизинг алушы Лизинг  берушінің құрылымымен, оның техникалық  сипаттамаларымен таныстыруына  құқығы жоқ.

   7. Лизинг беруші мен оның  делдалдары жабдықтардың жағдайын жұмыс кезінде тексеруге, сол сияқты оны пайдалану жағдайларын тексерістен өткізуге толық құқылы.

                                                            ҚОРЫТЫНДЫ

 

   60-шы жылдың ортасында  бұл елдегі лизингілік операциялар  1 млрд долларды құраса, 80-ші жылдың аяғында 110 млрд доллардан асты, яғни, ғасыр ширегінде 100 еседен көп артты. Жалдау бойынша операциялардың шапшаң өсуіне лизингілік мәміле бойынша серіктестер алатын белгілі бір артықшылықтар себеп болды.

   Қызмет көрсетулерді  қаржыландырудан сату-сатып алу, лизинг және қарыз компаниясын қамтитын «қызмет көрсетулердің пакетіне» дейін лизингілік операцияларды ұлғайту Жапонияға тән болып отыр. Қызмет көрсетулер кешенді лизинг атауына ие болды.

   Лизингілік бизнестің дамуы  үшін, лизингке беретін арнайы лизингілік компаниялар құрылады. Олардың негізгі қаражат көзіне құрал-жабдықтарды сатып алу үшін берілетін банктік несиелер жатады. Құрылып жатқан лизингілік компанияларға қарағанда банктердің артықшылығы-лизингті жүзеге асыру үшін, ұйымдастырылған лизинг жүргізу үшін олар арнайы бөлімдер мен топтар қалыптастырады. Лизинг операциясын жүргізген тиімді: ол жоғары рентабельді, тәуекел дәрежесі төмен, нақты материалдық қамтамасыз етілген.

   Бүгінгі таңда қазақстандық  өндірушілердің өнімдерін бәсекелестік қабілеттігінің төмендігіне байланысты нарықтан сапасы жоғары шетелдік тауарлар ығыстыруда. Отандық өнеркәсіп техникалық параметрлері бойынша өте артта қалуда, өндірісте 70 – 90 % тозған құрылғылар пайдаланылуда.

   Қазіргі кезде біздің  еліміздің өндірушілері қиын жағдайларды бастан кешіруде. Өндірген өнімдердің бәсекелестік қабілеттігінің төмен болуына байланысты олардың қолында өзіндік қаржылық ресурстары өте аз. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында мемлекет отандық тауар өндірушілерге тікелей қолдау көрсете алмайды. Коммерциялық банктердің де қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты ұзақ мерзімді инвестициялауды жүргізу үшін мүмкіндіктері жоқ.

      Көптеген қазақстандық  кәсіпкерлік үшін әлемдік нарыққа  бәсекелестік қабілеттілігі жоғары өнімдерді шығаруға өту кезіндегі көптеген мәселелер осы лизинг арқылы шешілуі мүмкін.

   Жоғарыда айтылғандай, лизинг  беруші үшін мүліктердің моральдық  жағынан тез тозу және лизингтік  төлемдерді уақытында алмау тәуелділіктері  бар.

   Бірақ, барлық елдерде салықтық және амортизациялық жеңілдіктердің енгізілуі, лизингтік бизнестің тез қарқынмен өсуіне әкеледі. Міне осындай жағдайлар қаржылық лизингтік қатынастардың кемшілік жақтарын жауып кетеді.

      Міне, осындай мәселелерге байланысты бүгінгі таңда Қазақстанда қаржылық лизингтік қызметті жедел дамыту үшін қажеттіліктер тууда. Яғни, жоғарыда көрсетілген мәселелерді, оның ішінде экономиканың нақты секторларын несиелеу мәселелерін аз уақыт аралығында тек қана лизинг арқылы шешуге болады. Себебі, қазіргі кезде елімізде жұмыс істеп тұрған қаржылық институттардың бірде біреуі жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуге дайын емес.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Жолдасбаева Г.Ө  Кәсіпорын  экономикасы алматы Экономика, 2001

2. Исабеков Б.Ізденіс – 2003

3. Сабитов А. Экономика сериясы = Вестник 2008

4. Исахова П. Қаржы – Қаражат  Финансы Казахстана – 2004

5. Каренов Р. Егемен Қазақстан  – 2004 24. 04

6. Оралбаева Ж . Қаржы – Қаражат  – 2004

7. Абдилбдин К. Аль – Пари  – 2005




жоспар лизинг.docx

— 14.93 Кб (Открыть файл, Скачать файл)

Информация о работе Лизинг беруші мен Лизинг алушының құқықтары мен міндеттемелері