Лизинг беруші мен Лизинг алушының құқықтары мен міндеттемелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 20:43, курсовая работа

Краткое описание

Лизингілік операция бұл құрылымның іскерлік ортамен өндірісті қаржыландыру бойынша ынтықмақтастық құруына және өзара әрекеттесуіне өз ықпалын тигізетіндіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады.
Лизинг идеясы ежелгі замандарда пайда болған. Тарихшылар мен экономистердің пікіріне тоқталсақ, лизингілік мәмілелер біздің дәуірімізге дейінгі көне Шумер мемлекетінде бекітілген. Лизинг идеясы біздің дәуірімізге дейінгі Аристотельдің « Байлық меншік құқығынан емес, пайдаланудан тұрады» дейтін трактатында қозғалғанын тарихшылар растап отыр.
Лизингтің зерттеу обьектілері- өндірістік циклда жойылмайтын материалдық құндылықтың кез келген түрі лизингілік мәміле обьектісі бола алады. Жалға алынатын обьектінің табиғатына қарай жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингілері бөліп көрсетіледі. Лизинг түрлері әр түрлі: жедел лизинг, қаржылық лизинг, қалдық құны бойынша лизинг.

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 БӨЛІМ. ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ, ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ТҮРЛЕРІ...................................................................................................5

Кәсіпорынның лизингілік операциясының ұғымы және түсінігі.......................5
Лизингінің түрлері.................................................…............................................12

2 БӨЛІМ. ОТАНДЫҚ ЛИЗИНГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН
ЛИЗИНГ ШАРТЫ...................................................................................13

2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингінің қалыптасу кезінде кездескен
мәселелер мен қаржылық лизингтің қалыптасу ерекшеліктері........................13
2.2 Лизинг шартының мазмұны, ерекшеліктері және түрлері...............................18
2.3Лизинг беруші мен Лизинг алушының құқықтары мен міндеттемелері.........24

ҚОРЫТЫНДЫ..........................….............................................................................25

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................................26

Содержимое работы - 2 файла

лизинг.doc

— 183.00 Кб (Скачать файл)

   Міне, осындай мәселелерге байланысты бүгінгі таңда Қазақстанда қаржылық лизингтік қызметті жедел дамыту үшін қажеттіліктер тууда. Яғни, жоғарыда көрсетілген мәселелерді, оның ішінде экономиканың нақты секторларын несиелеу мәселелерін аз уақыт аралығында тек қана лизинг арқылы шешуге болады. Себебі, қазіргі кезде елімізде жұмыс істеп тұрған қаржылық институттардың бірде біреуі жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуге дайын емес.

   Тағы бір айта кететін  жағдай экономиканың нақты секторларын дамыту шеңберінде қаржылық лизингтік кең түрде дамуы төмендегідей жағдайларға мүмкіндіктер береді.

   1. Өнеркәсіптік өнімдер  өндірісінің көлемін жоғарылату  арқылы оларға 

       деген сұраныс үшін жеткілікті ұсынысты қамтамасыз ету.

   2. Экономиканың нақты секторларына, яғни, өндіріске жаңа техникалар

       мен технологияларды  енгізуді жеделдету. Елде бәсекелестік  өндірісті  

       құру.

   3. Өндірістік салалық құрылымын  жетілдіру. Өнеркәсіптік өндіріске дұрыс

      көңіл бөлген жағдайда елдегі шикізат, қаржылық ресурстарды тиімді

       пайдалануға мүмкіндік  береді.

   4. Дайын өнімдерді шетелдерден  әкелу көлемін азайту. Себебі, ұлттық 

       экономика шеңберінде  де дайын өнімдер өндірілуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Лизинг шартының мазмұны, ерекшеліктері  және түрлері

 

   Лизинг (ағылшыл тілінде  leasing-жалға алу)-заңды немесе жеке  тұлғаның еңбек құралдарын сатыып  алу орнына басқа берудің мүмкін  пайдалануы, ұзақ пайдалануға тауар  түрінде несие беру нысандарының бірі. Пайда алу үшін меншігінде мешина жабдық және басқа мүлік болу міндетті емес, оларды пайдалану құқығына ие, болып табыс табу жеткілікті деген мағынаны білдіреді.

Оның жалгерліктің (жалдауын) негізгі айырмашылығы мынада: Лизинг қолданылғанда үш тұлға қатысады, мүлікті лизингке өткізуді лизинг беруші емес, лизингтік компания жүзеге асырады, тараптардың өзара қатынасы сатып алу – сату шарттары негізінде құрылады, оның арнаулы тармағында машиналар мен жабдыққа техника күтімді лизинг алушы меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырады деп көрсетіледі, шартта лизинг алушының өзі жалдаған құралдары сатып алуға опцион (таңдау) көзделеді.

   ҚР АК мүлік жалдау (аренда) туралы жалпы ережелерінен кейін  лизингке арналған нормалар көзделген. Бұл кездейсоқты емес шығар деп есептейміз.

   Лизингтің бір артықшылығы  бар, пайдалануға алынған жабдықтар  үшін мерзімді төлемдердің кезегі (төлеу сәті) әдетте жабдықтар нақты пайдалануға берілгеннен кейін келеді.

   5 шілде, 2000 жылы қабылданған  Қазақстан Республикасының «Қаржылық лизинг туралы» Заңында қаржы лизинг инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады. Экономиканы көтеру үшін инвестициялардың маңызы бірнеше рет Қазақстан Республикасының Призедентімен Н.А Назарбаевпен айтылған инвестициялық қызметтің тиісті заңнамалық негізі қалыптасқан. Жоғарыда көрсетілген заң оны елеулі толықтырады.

   Азаматтық – құқықтық  әдебиетте, басқа мүлік жалдау  шартының арасында лизинг шартына,  әдетте ерекше орны бөлінеді. Осымен келісуге, лизинг шартының ерекше мәні іс жүзінде бар болып келетінің айтуға болады. Осы пікірді лизинг шартының көлемінде басқа мүлік жалдау шарттарына қарағанда қатынастардың күрделілеу жүйесі болып келетінін растайды.

   Лизингтің инвестициялық  қызмет ретінде бағалануы да  оның ерекшелігіне өз үлесін қосады, тағы басқа да бұнын себептері орын алып келеді.

   Ең алғаш лизинг АҚШ  – та өткен ғасырдың орта  жүзінде пайда болды. Қазіргі  уақытта ол негізінен бүкіл  елдерде қолданылады, арнайы заңдық  реттеу жоқ, олардың кейбіреулерінеде  лизинг сот тәжірибесінде танылады.

   Лизинг шарты бойынша  лизинг беруші лизинг алушы  көрсеткен мүлікті сатушы меншігіне  сатып алуға және лизинг алушыға  осы мүлікті ақы төлеп уақытша  иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта  пайдалануға беруге міндеттенеді.

   Сондықтан, лизинг мақсаттары үшін екі құқықтық қатынас жүзеге асырады:

  1. лизинг берушінің, сатушының (үшінші тұлға) қатысуымен сатып алу-сату;
  2. лизинг берушінің және лизинг алушының қатысуымен мүлік жалдау;

   Сонымен, лизинг шартына  қатысушылардың құқықтық байланыстары  шектклмейді, белгілі құқықтар мен міндеттер лизинг берушінің және лизинг алушының араларында пайда болады.

   Лизинг шарт бойынша лизинг  беруші лизинг алушы көрсеткен  мүлікті сатушыдан меншігіне  сатып алуға және лизинг алушыға  осы мүлікті ақы төлеп уақытша  иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді.

   Лизинг шартында сатушыны  және сатып алынатын мүлікті  таңдап алуды лизинг беруші  жүзеге асырады деп көзделуі  мүмкін.

   Қазақстан Республикасының  заң актілерімен лизинг шартының  жекелеген түрлерінің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.

   Лизинг шартының мазмұны.  Лизинг беруші:

1) Лизинг алушымен келісілген  лизинг нысанасынын шартының  талаптарымен лизинг алушыға  беру үшін оны сатушыдан өз  меншігіне сатып алуға міндетті. Сонымен қатар, сатып алу – сату шартын жасаған кезде лизинг нысанасы белгілі бір сатып алушыға лизингке беруге арналған туралы сатушыға жазбаша хабарлауға міндетті. Сондықтан, сатушы лизинг алушының жеке басы және лизинг шартының жағдайы мәнге ие. Олар жөніндегі көзқарас сатушыға өзінің мүмкіндік береді;

   2) лизинг нысанасын лизинг  алушыға беруін қамтамасыз етуге  міндетті. Лизинг нысанасын оған  нақты беру сатушымен жүзеге  асырылады.

   Сонымен қатар, лизинг  беруші лизинг алушы үшін мүлік  сатып ала отырып, мүліктін белгілі бір тұлғаға лизинг ретінде беруге арналғандығы туралы сатушыны хабарлап етуі тиіс. Егер лизинг сатушы шартында немесе сатып алу – сату шартында өзгеше көзделмеген болса, сатушы лизинг нысанасын тікелей лизинг алушыға оның жүргенде береді.

   Басқа да беру ерекшеліктері лизинг шартында көзделуі мүмкін. Лизинг нысанасын лизинг берушінің өзімен берілетіні де көзделуі мүмкін.

   Лизинг беруші лизинг  алушыдан лизинг нысанасын мынадай  жағдайларды талап етуге құқылы:

   а) егер лизинг алушы  нысанасын пайдаланылуы лизинг шартының жағдайларына немесе лизинг нысанасын қызметіне сәйкес келмесе;

   б) егер лизинг алушы  берушіге лизинг нысанасын көруге  шектеу жасалса;

   в) егер лизинг алушы  лизинг шартымен белгіленген  мерзімі өткеннен кейін екі  және одан да көп лизинг  төлемдерін төлемесе;

   Лизинг берушінің бір  қатар құқықтары мен міндеттері  қарапайым мүлік жалдау шарттарында  болып келуі. Кейбір ерекшеліктерінен  басқа, лизинг алушының және  кәдімгі жалға алушының құқықтары  мен міндеттері бір-біріне сәйкес  келеді.

   Лизинг алушының құқықтарының ерекшелігі мынадай:

  1. лизинг нысанының сапасына және жиынтықтылығына, оны жеткізу мерзіміне қатысты және сатушы мен лизинг беруші арасында жасалған шарт тиісті дәрежеде орындалмаған басқа да жағдайларда сатушыға талап қоюға құқылы;
  2. егер лизинг нысанасы тиісті кемшіліктерімен жеткізілсе, лизинг нысанасын қызметі бойынша пайдалануына кедергі жасалса лизинг нысанасын ауыстыруға талап етуге құқылы.

   Лизинг алушы нысанасын  көруі не кедергі жасамауға  міндетті.

   Лизингтің нысанасы болып  табылатын мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бөліну қауіпі, мүлікті берген кезде лизинг алушыға ауысады. Осыдан лизинг шартының кәсіпкерлік сипаттамасы көрінеді. Шартпен осындай мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бөліну қауіпінің өзге де бөлінуі көзделуі мүмкін.

   Лизинг берушінің, лизинг  алушының және сатушының жауапкершілігі  лизинг шартында белгіленеді.  Лизинг нысанасын сатушы мен  лизинг берушінің арасында жасалған  сатып алу – сату шартын  орындау жөнінде атап айтқанда, лизинг нысанасының сапасы мен  жиынтығылына, оны беру мерзіміне қатысты және сатушы шарты тиісті дәрежеде орындамаған басқа да жағдайларда тікелей лизинг алушының алдында жауапты болады. Сатушымен қатынастарда лизинг алушы мен лизинг беруші бірлескен несие берушілер болып келеді.

   Лизинг затына үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік құралдар, жер учаскілері және басқа да тұтынылатын заттар жатады. Бағалы қағаздар және табиғи ресурстар лизинг заты бола алмайды. Лизинг келісімімен барлық әрекет ету мерзімінде лизинг затына меншік құқық лизинг берушіде сақталады. Лизинг келісімін мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап лизинг алушыға лизингтік затты уақытша иемденуге және қолдануға құқық береді.

   Лизингтік бизнес кәсіпкерлік  қызметтен ерекше саласын ұсынады.  Лизингті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тынысы болуы мүмкін.

   Бүкіл әлемде көптеген  кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншік емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтер, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизімдері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.

   Лизинг беруші тарап қаржылық  қызметі жүзеге асыруды көздейтінінде  болып келеді. Лизинг жаңа заңнамалық  реттеу бұны ескереді. Мысалы  лизинг беруші лизинг берілген  мүліктің 80 % немесе одан асатын  мөлшерде амортизациясын қамтамасыз ететін мерзімге дейін ақы алып тұруға құқылы.

   Қаржылық лизингтің мәнісі  және ерекшелігі оның түрлі  анықтамасы арқылы көрінеді:

     ә) ішкі лизинг, оны  жүзеге асырған кезде лизинг  беруші, лизинг алушы және сатушы  Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылады;

     б) халықаралық лизинг. Халықаралық лизингті жүзеге асырған кезде лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайды. Егер сатушы резиденті болса, заң лизинг қандай нысанға жататының айтпайды, біздің ойымызша, ол халықаралық лизингке жатуы мүмкін.

   Қаржылық лизинг түрлері  мынандай болады:

  1. қайтарымды лизинг. Ол орын алса сатушы лизинг нысанасын лизинг берушігі осы лизинг нысанасын лизинг алушы ретінде лизингке кері қайтарып алу талабымен сатады.
  2. банктік лизинг – лизингтің бір түрі, мұнда лизинг беруші банк болып келеді.
  3. толық лизинг – лизингтің бір түрі, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы лизинг беруші жүзеге асырады.
  4. таза лизинг лизингтің бұл түрі бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы лизинг алушы жүзеге асырады.

   Сонымен қатар, қаржы  лизинг шарттардың орта және  ұзақ мерзімді сипаттамалары  бойынша, жабдықтардың құның толық  немесе үлкен бөлігінің амортизациясымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, мерзімі өнімнің қызмет мерзімінен аз болып келетін басқа лизинг шарттарынан қысқалау мерзімге жасалатын ағымдағы (қысқа мерзімді) лизингке болуы мүмкін. Ондай лизингте жабдықтың толық емес амортизациясы орын алады. Содан кейін ол қайтадан лизингке беріледі немесе лизинг берушіге қайтарылады. Осы лизинг түрі көбіне жабдық өндірушілерден, сауда компанияларымен ұсынылады.

   Лизинг шартын жасасқан кезде екі шарттық құқықтық қатынас пайда болады, сатып алу – сату шарты және мүлік жалдау шарты.

Бірінші шарт бойынша, құқықтық байланыс сатушы және лизинг алушы арасында лизинг беруші арқылы пайда болады, сатып алу – сату шарты оның пайдасына жартылай жасалады (меншік құқығын берген жағынан емес, ал тауардың сапасына байланысты талаптары бойынша). Бұл ақыл ойға сыйысады себебі нақты тұтынушы болып лизинг алушы келеді. Сонымен қатар мүлікті сату, лизинг арқылы болсада сатушының мүддесі болып табылады. Сондықтан, ол кімнің алдында жауапты болатынында аса мән болмайды, ол жауапкершілігі берушінің немесе лизинг алушының алдында көтереме оның айырмашылығы жоқ. Сатушы тауарлардың кемшіліктері үшін жауапкершілігін реттейтін (анықтайтын) заңнама бағынуға міндетті. Онда ешқандай жаңалық жоқ, лизинг шартындағы өндіруші жағдайы бөлшектеп сатып алу – сату шарты негізіндегі қатынаста өндірушінің және тұтынушының тікелей шарттық қатынасы болмайды. Сол сияқты лизинг шартында да сатушының және лизинг алушының тікелей шарттық қатынастары жоқ.

   Олардың қатынасы жоғарыда  айтылғандай үшінші тұлға пайдасына жасалған шартпен қамтамасыз етіледі. Осыда бірақ лизингтің бөлшектеп алу – сату шартынан ерекшелігі көрінеді. Соңғыда жанама шарттық қатынастарда жоқ. Өндірушінің тұтынушы алдындағы тікелей заңға сәйкес пайда болады. Кәсіпкерлік қызметінің субьектілері арасында мүлік жалдау шартына жатқызылуына байланысты лизинг шарты нысанасында жасалуы керек.

жоспар лизинг.docx

— 14.93 Кб (Открыть файл, Скачать файл)

Информация о работе Лизинг беруші мен Лизинг алушының құқықтары мен міндеттемелері