Лизинг беруші мен Лизинг алушының құқықтары мен міндеттемелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 20:43, курсовая работа

Краткое описание

Лизингілік операция бұл құрылымның іскерлік ортамен өндірісті қаржыландыру бойынша ынтықмақтастық құруына және өзара әрекеттесуіне өз ықпалын тигізетіндіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады.
Лизинг идеясы ежелгі замандарда пайда болған. Тарихшылар мен экономистердің пікіріне тоқталсақ, лизингілік мәмілелер біздің дәуірімізге дейінгі көне Шумер мемлекетінде бекітілген. Лизинг идеясы біздің дәуірімізге дейінгі Аристотельдің « Байлық меншік құқығынан емес, пайдаланудан тұрады» дейтін трактатында қозғалғанын тарихшылар растап отыр.
Лизингтің зерттеу обьектілері- өндірістік циклда жойылмайтын материалдық құндылықтың кез келген түрі лизингілік мәміле обьектісі бола алады. Жалға алынатын обьектінің табиғатына қарай жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингілері бөліп көрсетіледі. Лизинг түрлері әр түрлі: жедел лизинг, қаржылық лизинг, қалдық құны бойынша лизинг.

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 БӨЛІМ. ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ, ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ТҮРЛЕРІ...................................................................................................5

Кәсіпорынның лизингілік операциясының ұғымы және түсінігі.......................5
Лизингінің түрлері.................................................…............................................12

2 БӨЛІМ. ОТАНДЫҚ ЛИЗИНГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН
ЛИЗИНГ ШАРТЫ...................................................................................13

2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингінің қалыптасу кезінде кездескен
мәселелер мен қаржылық лизингтің қалыптасу ерекшеліктері........................13
2.2 Лизинг шартының мазмұны, ерекшеліктері және түрлері...............................18
2.3Лизинг беруші мен Лизинг алушының құқықтары мен міндеттемелері.........24

ҚОРЫТЫНДЫ..........................….............................................................................25

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................................26

Содержимое работы - 2 файла

лизинг.doc

— 183.00 Кб (Скачать файл)

   2.Орта мерзімді жалдау (хайринг) - 1 жылдан 3 жылға дейін,

   3.Ұзақ мерзімді жалдау (лизинг) - 3 жылдан 20 жылға дейін және одан  да ұзақ уақытқа. Машинаның  және құрал-жабдықтың ұзақ мерзімге  жалға алынуы немесе барлық  келісімшарт мерзімінде жалға  берушінің өзге беруге, жалға  берілген мүлкіне меншік құқығы сақталатын, өндірістік тұрғыдан пайдалану мақсатында жалға алынатын машинаның және құрал-жабдықтың келісімшарты лизинг ретінде ұғындырылады.

   Лизингте жалға беруші  жалға алынған мүлікке тек  келісімшарт мерзімі біткенше  ғана және олардың жалға алынған  мүліктің құның толық төлегенше ғана иелік ете алады. Лизингті мәмледе үш қатысушы болады:

  1. Мүлік иесі (лизинг беруші)
  2. Мүлікті пайдаланушы (лизинг алушы)
  3. Мүлікті сатушы.

Олардың өзара қатынасы мынадай  болып қалыптасады:

   Болашақ лизинг алушы  ақша қаражаттары бар болашақ лизингі берушіні мәмлеге қатысуын сұрайды, ол лизинг алушыға керекті мүлікті алушыға төлемді шартымен жалға береді.

Коммерциялық банкте бұл жерде  мүлік иесі ретінде болады, яғни олар мүлікті өз меншігіне алады  және лизинг алушыға береді. Мерзімі біткенде лизинг алушы мүлікті төлейді яғни жалақысын төлейді.

   Тауардың меншік құқығы сатушыдан сатып алушыға өтетін сату-сатып алу келісімшартынан айырмашылығы – лизингте жалға алынған заттың меншік құқығы жалға берушінің өзінде қалады, ал, лизинг алушы оның тек уақытша пайдалану құқығына ие болады. Лизингілік келісімшарттың мерзімі аяқталғанда лизинг алушы мәміле обьектісін келісімді баға бойынша сатып алады немесе лизингілік келісімшартты жалғастыра береді. Құрал-жабдықты келісімшарт мерзімі аяқталғанда өз иесіне қайтарады.

   Негізгі қордағы несиеде  қарыз алушы борышты өтеуі  үшін төлемдерді белгіленген  мерзімде төлейді, мұнда банк  несиенің қайтарылуын қамтамасыз  ету үшін несиеленген обьектінің меншік құқығы толық өтелгенше өзінде қалдырады. Лизингте жалға беруші жалға алынған мүлікке тек келісімшарт мерзімі біткенше ғана және олардың жалға алған мүліктің құнын толық төлегенше ғана иелік ете алады. Мұндай ұқсастық тек қаржылық лизингке тән.

   Өзінің заңды формасында  лизингілік мәміле инвестициялық  құндылықтарды ұзақ мерзімді жалға алудың өзінше өзгешелігі бар түріне жатады.

   Лизинг түрлері және лизингілік  операцияларды жіктеу шетелдік  және отандық теория мен іс-тәжірибеде  маңызды мәнге ие.

   Лизинг түрлері оның жіктелу  белгілеріне қарай бөліп көрсетіледі. Жіктеу белгілеріне жататындар:

  • мәмілеге қатысушылардың құрамы;
  • лизингке берілген мүліктің тұрпаты;
  • мүліктің өтелу деңгейі;
  • амортизация шарты;
  • қызмет көрсету ауқымы;
  • операция өтетін нарық секторы;
  • салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатынасы;
  • лизингілік төлемдердің сипаты.

   Мәмілеге қатысушылардың (субьектілердің) құрамына қарай лизинг мыналарға  бөлінеді:

   -тікелей лизинг, онда мүліктің  меншік иесі (жеткізуші) лизингке  обьектіні дербес береді (екі  жақты мәміле);

   -жанама лизингте мүлік делдал ақылы беріледі. Бұл жағдайда классикалық үш жақты мәміле (жеткізуші – лизинг беруші – лизинг алушы) немесе брокерлік фирма, трастық компания қаржыландырушы мекеме және т.б қатысушылармен көп жақты (4-тен 6-7-ге дейін) мәміле – аса ірі әрі күрделі мәміле орын алуы мүмкін.

   Тікелей лизингтің жеке жағдайына қайтарылатын лизингті (sale and leaseback) жатқызуға болады. Оның ерекшелігі мынадай мүліктің меншік иесі меншік құқығын келешектегі лизинг алушыға сату-сатып алу шартымен береді, яғни оны сата отырып, бір мезгілде онымен осы мүліктің пайдаланушысы ретінде қарым-қатынас жасайды. Бұл жағдайда жеткізушісі мен лизинг алушы бір ғана заңды тұлға болып табылады.

   Мүліктің тұрпатына қарай  лизинг былайша бөлінеді:

   -жылжымылы лизинг (машиналы-техникалық лизинг);

   -жылжымайтын лизинг.

   Мүліктің өтелу деңгейіне  қарай лизингті былай бөліп  көрсетуге болады:

   -толық өтелетін лизинг, онда бір келісімшарттың әрекет  ету мерзімі ішінде лизинг  берушіге жалға алынған мүліктің  құны толық төленеді;

   -толық өтелмейтін лизинг, бір келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде жалға алынған мүлік құнының тек бір бөлігі ғана өтеледі.

   Амортизацияның шартына  қарай толық амортизацияланатын  лизинг болады және осыған  орай, лизинг обьектісінің құны  толық төленеді.

   Лизингтің формаларын екі негізгі түрге біріктіруге болады: оперативті лизинг және қаржылық лизинг.

   Оперативті лизинг –  бұл жалгерлік қатынас, онда  жалға берілген затты сатып  алумен және ұстаумен байланысты  лизинг берушінің шығындары бір  лизингілік контрактінің әрекет ету мерзімі ішінде жалгерлік төлеммен өтелмейді.

   Оперативті лизингке мынадай  негізгі белгілер тән:

   -лизинг беруші өзінің  барлық шығынын бір лизинг  алушыдан түсетін лизингілік  төлемдердің есебінен өтеуге (орнын  толтыруға) ұмтылады;

   -лизингілік келісімшарт, әдеттегіше 2-5 жылға бекітіледі, бұл құрал-жабдықтың заттай тозу мерзімінен аз және оны лизинг алушы кез келген уақытта бұза алады;

   -мәміле обьектісінен айырылып  қалудың  немесе оның бүлдіріп  алудың қатері негізінен лизинг  берушінің жағында болады. Лизингілік келісімшартта берілген мүліктің бүлінбеуіне лизинг алушының белгілі бір дәрежеде жауапты болатындығы қарастырылады, алайда, оның мөлшері мүліктің бастапқы бағасынан көп төмен;

   -мәміленің обьектісіне көбінесе ең әйгілі машина түрлері мен құрал-жабдықтар жатады.

   Оперативті лизингте лизингілік  компания нақты жала берушіні  білместен бұрын құрал-жабдықты  алдын-ала сатып алады. Сондықтан  да оперативті лизингпен айналысатын  фирма жаңа әрі бұрыннан тұтынылып  келе жатқан инвестициялық тауарлар нарығының коньюктурасын жақсы білуі керек.

   Лизингілік компания бұл  арада жала берілген мүлікті  өздері лизинг түрінде сақтандырады  және оның техникалық қызмет  көрсетуін қамтамасыз етеді.

   Лизингілік келісімшарттың  мерзімі біткенде лизинг алушыны мынадай мүмкіншіліктерге ие бола алады:

  • ең қолайлы шартпен келісімшарттың мерзімін ұзартуға;
  • лизинг берушіге құрал-жабдықты қайтаруға;
  • нақты нарықтық құны бойынша сатуға келісімін берсе (опцион) лизинг берушіден құрал-жабдықты сатып алуға. Келісімшартты бекіту барысында лизингілік контрактінің аяқталу сәтіндегі мәміленің қалған нарықтық құнын алдын ала дәл анықтау мүмкін емес, сондықтан да лизингілік форма құрал-жабдық нарығының конктурасын жақсы білу керек.
  • жалға алынған мүліктің пайдалануынан түсетін ұйғарымды табыс оның бастапқы бағасын өтей алмайды;
  • құрал-жабдық аз ғана мерзімге қажет (маусымдық жұмыстар немесе бір жолғы пайдалану);
  • құрал-жабдық арнайы техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді;
  • мәміленің обьектісі ретінде жаңа, тексерілмеген құрал-жабдық алға шығады.

   Оперативті лизингтің осы  айтылған ерекшеліктері оның  ауыл шаруашылығы, кең өндіру  өнеркәсібі, құрылыс салу, ақпаратты  электрондық өндеуден өткізу  секілді салаларда қолдануын  белгілеп (анықтап) береді.

   «Стандарт» лизингісі лизингтің осы формасында жеткізуші (жабдықтаушы) мәміле обьектісін қаржыландырушы қоғамға сатады. Ал, қаржыландырушы қоғам оны тұтынушыларға өзінің лизингілік компаниясы арқылы жалға береді.

   Қайтарылатын лизингте құрал-жабдықтың  меншік иесі оны лизингілік  фирмаға сатып, бір мезгілде бұл құрал-жабдықты одан жалға алады. Бұл операцияның нәтижесінде сатушы жалға алушыға айналады. Қайтарылатын лизинг мәміле обьектісінің меншік иесі ақшалай қаражатқа аса мұқтаж болған жағдайда қолданылады және ол лизингтің осы формасы арқылы өзінің қаржылық жағдайын жақсартады.

   «Жеткізуші» лизингісі құрал-жабдықты сатушы қайтарылатын лизингтегі секілді лизинг алушыға айналады, алайда, жалға алынған мүлікті ол емес, басқа жалға алушы пайдаланылады. Бұл басқа жалға алушыны оның өзі іздеп табады әрі мәміле обьектісін оған жалға береді. Суб аренда (жалгердің өзі жалға алған мүліктің бір бөлігін пайда табу үшін екінші бір жалгерге уақытша бергендігі жайлы келісімшарт) мұндай контрактінің міндетті шарты болып табылады.

   Өтемдік лизинг жалдаудан төлемдері лизингілік мәміленің обьектісі болып табылатын құрал-жабдыққа дайындалған өнімдермен төленеді.

   Жаңғыртылмалы лизинг осы формадағы лизингілік келісімде жалға алушының талап етуі бойынша құрал-жабдықты оның жетілдірілген үлгілеріне кезең сайын ауыстырып отыруы қарастырылады.

   Қаражат тарту лизингісі  лизинг берушінің бір немесе  бірнеше несие берушіден жалға  берілген активтердің 80 % -іне дейінгі сомада ұзақ мерзімге қарыз алуын қарастырады. Мұндай мәміледегі несие берушілерге ұзақ мерзімге тартылған біршама көп ресурстарға ие аса ірі коммерциялық және инвестициялық банктер жатады.

   Контрактілік жалдау (өзара  шартпен жалдау)-бұл арнауы лизинг  формасы, онда лизинг алушыға  машинаның, ауыл шаруашылығы,  жол құрылысы техникаларының, тракторлардың автокөлік құралдарының жиынтықты партиялары жалға беріледі.

   Бас лизинг лизинг алушыға  жаңа контрактіні бекітусіз жалға  алынған құрал-жабдықтың тізімін  толықтыруына құқық береді. Біз тек кеңінен тараған лизингілік контрактінің формаларын ғана қарастырдық. Іс-тәжірибеде әр түрлі контракт формаларының ұштастырылуы ұшырасады.

   Лизингілік операцияның  негізгі элементтері:

  • мәміле обьектісі;
  • мәміле субьектісі (лизингілік келісімшарттың тараптары)
  • лизингілік келісімшарттың мерзімі (лизинг кезеңі);
  • лизингілік төлемдер;
  • лизинг бойынша көрсетілетін қызметтер.

   Лизинг обьектілері өндірістік циклда жойылмайтын материалдық құндылықтың кез келген түрі лизингілік мәміле обьектісі бола алады. Жалға алынатын обьектінің табиғатына қарай жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингілері болып көрсетіледі.

   Лизингілік мәміленің тікелей  қатысушыларына мыналар жатады:

  • лизинг фирмасы немесе компаниясы (лизинг беруші немесе жалға беруші);
  • өндірістік (өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық), сауда көлік кәсіпорындары мен халық (лизинг алушылар немесе жалға берушілер);
  • мәміле обьектілерін жеткізушілер - өндірістік (өнеркәсіптік) және сауда компаниялары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Лизингтің түрлері

 

   Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беруді айтады.

   Лизинг бірнеше қызмет  атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы.Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдыруынсыз немесе тартылған қаражатсызөзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал-жабдықпен, алдыңғы техникамен материалды-техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогрессивті формасы.

   Лизинг мәміледе 3 қатысушы  болады. Олардың өзара қатынастары мәмілемен реттеледі: бірінші қатысушы-мүлік иесі (лизинг беруші), екінші- мүлікті пайдаланушы (лизинг алушы), үшінші-мүлікті сатушы. Олардың өзара қатынасы келесідей түрде қалыптасады: болашақ лизинг алушы ақша қаражаттары бар болашақ лизинг берушіні мәмілеге қатысуын сұрайды, ол лизинг алушыға керекті мүлікті сатып алып, одан кейін оны лизинг алушыға төлемді шартымен жалға береді. Коммерциялық банктер бұл жерде мүлік иесі ретінде болады, яғни олар мүлікті өз меншігіне алады және лизинг алушыға (оған қаржылық қызмет көрсете отырып) береді. Шын мәнінде олар осы мүліктің несиесін береді, сөйтіп қатынастар пайда болады, Мұнда несиелеудің барлық принципі бар: қайтарымдылық, төлемділік (ақылық). Мерзімі біткенде лизинг алушы мүлікті иесіне қайтарып береді, қызметті төлейді, яғни жалақысын төлейді. Лизинг түрлері әр түрлі болады:

   1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның обьектісі болып моральдық тозу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал-жабдықтар табылады.

   2. Қаржылық лизинг анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал-жабдықтардың амортизациялық тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.

жоспар лизинг.docx

— 14.93 Кб (Открыть файл, Скачать файл)

Информация о работе Лизинг беруші мен Лизинг алушының құқықтары мен міндеттемелері