Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 21:12, курсовая работа
Еспе беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Кіріспе
І-ТАРАУ.Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және
басқа да дайындық жұмыстары
ІІ-ТАРАУ. Қаржылық есеп беруді жасау
2.1. Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру
2.2. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру
2.3. Инвестициялық және қаржылық қызмет
ІІІ-ТАРАУ.Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп беруді жасау
3.1.Негізгі және заңды тұлғалардың консолидацияланған есеп беруі
3.2. Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидацияланған қаржылық есеп беруі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Көрсеткіштер | Сызық жолы ның коды | Сомасы |
1. Операциондық
қызметтен алынған ақша |
14619 | |
Таза табыс | ||
Таза табысты салыстыру үшін жасалатын түзетулер | 3328 | |
Ұзақ мерзімді активтерді сатқаннан алынған нәтижесі | ||
Тауарлы-материалды запастардың өзгерісі | -13631 | |
Дебиторлық қарыздардың өзгерісі | -21666 | |
Болашақ кезеңнің шығыстарының өзгерісі | -375 | |
Кредиторлық қарыздардың өзгерісі | 14160 | |
Басқа да активтердің өзгерісі | 1899 | |
Басқа да түсімдер | -376 | |
Басқа да төлемдер | ||
Операциондық қызметтен түскен ақша қаражатының таза сомасы | ||
2. Инвесициялық
қызметтен алынған ақша |
(363) | |
2.1. Түскен ақша қаражаттары | ||
Негізгі құралды, материалдық емес активтерді және басқа ұзақ мерзімді активтерді сатқаннан түскен табыс | ||
Қаржылық инвестицияны сатқаннан түскен табыс | ||
Басқа да түсімдер | ||
2.2. Ақша қаражатының есепке алынуы | ||
Негізгі құралдарды сатып алу | 23369 | |
Материалдық емес активтерді сатып алу | 25766 | |
Қаржылық инвестициясын сатып алу | ||
Басқа да төлемдер | ||
Инвестициялық қызметтен түсен ақша қаражаттарының таза сомасы | (49556) | |
3. Қаражаттандыру
қызметінен алынған |
||
Түскен ақша қаражаттары | ||
Акция шығару | ||
Ұзақ мерзімді несиелердің түсуі | 37861 | |
Қысқа мерзімді несиелердің түсуі | ||
Құрылтайшылардың салған салымдарының түсімдер. | 24217 | |
Басқа да түсімдер. | ||
Ақша қаражаттарының есепте шығыуы | ||
Ұзақ мерзімді несиелерді өтеу. | ||
Қысқа мерзімді несиелерді өтеу. | 13728 | |
Дивиденттерді төлеу. | ||
Басқа да төлемдер. | ||
Қаражаттандыру қызметінен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы. | 48568 | |
Ақша қаражаттарының және оның эквиваленттілігінің таза өзгерістері | (1547) | |
Есептік жолының басындағы таза қаражаты. | 11541 | |
Есептік жолының соңындағы ақша қаражаты. | 18194 |
2.3.
Инвестициялық және қаржылық қызмет.
Инвестициялық қызмет-ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, сату және берілген несиені өтеу және алу.
Инвестициялық қызметке мыналар жатады:
Инвестициялық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерінің құрамына кіреді. Оған қаржылық инвестицияға әсер ететін операцияларда кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінде көрініс табады, онда ол акцияларды сатудан алынған табыс немесе шығыс ретінде көрінеді, сондай-ақ негізгі құралдары және басқа да сатудың нәтижесі көрініс табады.
Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің нәтижесі болып табылады.
Оған мыналар жатады:
Кәсіпорын қаржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтерді, және негізгі құралдарды ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу; кредиторлық қарызды кредиторға акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу; басқа кәсіпорының акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу және т.б. жатады.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру үшін аранайы әзірленген кестелерді (таблицаны) пайдаланады, онда келесі ақпараттар келтіріледі (ақша қаражатының қозғалысын жанама әдіспен есептеу):ъ
Мәліметтерді салыстырудың нәтижесінде қандай да қызмет түріне (операциондық, инвестициялық немесе қаржылық) сомалардың үлес салмағын анықатуға болады. Осы әзірленген кестелердің мәліметтеріне шолу жасап, есеп беруге түзетулер енгізу мүмкіндігі туады. Осы жанама әдіс бойынша жасалған кесте жоғарыда келтірілді.
Операциондық
қызметтен түскен ақша қаражаттарының
қозғалысын тікелей әдіс бойынша
анықтаған кезде олардың
Егер
де оперциялар өзінің экономикалық мазмұны
бойынша біртектес болып келсе, онда олар
ес беруде бір бапқа біріктілуі мүмкін.
Тікелей әдістің негізінеде жасалған
ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
беру нысаны төменде келтіріледі.
ІІІ-ТАРАУ.
Консолидалынған (консолидацияланған)
қаржылық есеп беруді
жасау
3.1. Негізгі
және заңды тұлғалардың консолидацияланған
есеп беру
Есептік кезең біткен соң шаруашылық жүргізуші субъект қаржылық есеп беруді жасайды. Шаруашылық жүргізуші субъекттің құрамында ҚР-нің аймағында және оның тысқары жерлерде тұратын еншілес немесе тәуелді серіктестіктері бар болса, өзінің қаржылық есеп беруімен қоса, консолидалынған (консолидацияланған) есеп беруді жасайды, яғни бірнеше заңды тұлғаның есеп беруін біріктіреді.
Заңды тұлға (командалық және толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік, акционерлік қоғам) егерде басқа (негізгі) заңды тұлғаның өзінің жарлық қорына салған салымдарының басым көпшілігін иеленсе және қабылданатын шешімдердің басым бөлігін анықтау мүмкіндігіне ие болса, онда олар еншілес серіктестік ретінде танылады.
Заңды
тұлға (командалық және толық серіктестік,
жауапкершілігі шектеулі және қосымша
серіктестік, акционерлік қоғам) егер
де басқа (қатысушы, артықшылығы бар)
заңды тұлғаның бар болғаны 20%
дауыс беретін акциясына ие болса немесе
сондай деңгейде қатысушылық үлесі бар
болса, тәуелді серіктестік ретінде танылады.
3.2. Негізгі
және еншілес заңды тұлғалардың консолидацияланған
есеп беру.
Заңды тұлға басқа кәсіпорынның акциясын сатып алу арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін; егер де сол сатып алынған акциясы 50% -тең астам болса, онда инвестицияланған объектіге бақылау жасау мүмкіндігін алады. Инвестор бақылауды белгілейтін болса, онда ол кәсіпорынды еншілес кәсіпорын деп атайды. Негізгі кәсіпорында және барлық еншілес кәсіпорында бірігіп, бірікен заңды тұлғалар тобын құрайды және олардың мәліметі бойынша консолидацияланған есеп беруін жасайды.
Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар олардың топтасқан бөлігін емес, тұтас бөлігін білуге мүдделі болып келеді. Бұндай қажеттілік консолидацияланған есеп беруге қойылатын талапты күшейтеді.
Консолидацияланған есеп берудің құрамына: консолидацияланған бухгалтерлік балансы консолидацияланған қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, консолидацияланған ақша қаражатының қозғалыс туралы есеп беруі және түсініктеме жазбасы кіреді
№13
БЕС сәйкес “ Консолидацияланған
есеп беру және еншілес серіктестіктегі
инвестицияның есебі” негізгі заңды
тұлға жергілікті және шетелдегі
елшілес заң тұлғалардың
Негізгі кәсіпорын өз кезегінде, еншілес кәсіпорында болу мүмкін, онда ондай кәсіпорындар консолидацияланған қаржылық есеп бермеуі мүмкін, егер де оны негізгі кәсіпорын талап етпесе.
Негізгі заңды тұлға және оның еншілес заңды тұлғасы қаржылық есеп беруді келесі жолмен консолидациялайды (яғни, біріктереді):
Бірнеше заңды тұлғалардың есеп беруінен бір ғана қаржылық есеп беруді жасау үшін ішкі есеп бағалы қағаздар, меншік капиталдар және т.б. мәліметтердің негізінде тиісті түзетулер жасалады.
Түзету жазбалары консолидацияланған қаржылық есеп берудің дайындау барысы оның жұмысшы кестесінде жасалынады және ол негізгі кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде де, еншілес заңды тұлғада да көрсетілмейді.
Топтық есеп беру жасау кезінде еншілес заңды тұлғаның бухгалтерлік балансында бөлек көрсетіледі, яғни еншілес заңды тұлғаның нақты таза активімен алмастырылады. Балансты әрбір еншілес серіктестіктің және негізгі заңды тұлғаның үлесі бойынша меншік капиталы қалыптастырылады. Бұл жерде меншік капиталында негізгі заңды тұлғаның үлесінен оған енген (кірген) еншілес серіктестердің үлесі көп немесе аз болу мүмкін.
Негізгі заңды тұлғаның таза активінен оған енген (немесе кірген) еншілес серіктестіктердің таза активтері асып түссе, онда оның ағымдағы сатып алынған активтерінің құнынан мәмілес бойынша өтетін міндеттемесін шегеріп, келіп қосылған заңды тұлғаларды гидвиллі ретінде анықтайды және консолидацияланған бухгалтерлік баланста актив ретінде жеке бап болып болып көрініс табады.
Егер де негізгі заңды тұлғаның құрамына кіретін елшілес заңды тұлғаның құны олардың таза активінен кем болса, онда алынған активтердің ағымдағы құны мен сол күні алынған міндеттемелердің арасында теріс айырма, яғни гудвилл (бэдвилл) пайда болады, бірақ ол да консолидацияланған бухгалтерлік баланстың жеке бабы болып көрініс табады.
Мысал. “Тасты” ААҚ-мы “Жол-Өткен” ААҚ-нің 100% дауыс беруші акциясын, “Шу” ЖШС пен “Төретоган” ЖШС 100% қатысу үлесін сатып алған. Аталған үш кәсіпорының үстінде де “Тасты” ААҚ бақылау жүргізеді. Сатып алынған акцияның құны 1750 мың теңге. Негізгі және елшілес заңды тұлғалардың баланстарының мәліметі төмендегі 1 кестеде келтірілген.
Аталған
заңды тұлғалардың алынған
“Жол-Өткен” ААҚ 1750 мың теңне (2055-305)
“Шу” ЖШС 750 мың теңге (1140-390)
“Төретоган” ЖШС 520 мың теңге (665-145)
Консолидацияланған есеп беруді қалыптастыру үшін операцияларды жою (түзету) кестесі жасалынады (2 кесте), ал ол келесі кезеңдерден тұрады:
Информация о работе Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп беруді жасау