Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп беруді жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 21:12, курсовая работа

Краткое описание

Еспе беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

Содержание работы

Кіріспе


І-ТАРАУ.Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және
басқа да дайындық жұмыстары


ІІ-ТАРАУ. Қаржылық есеп беруді жасау

2.1. Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру

2.2. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру

2.3. Инвестициялық және қаржылық қызмет


ІІІ-ТАРАУ.Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп беруді жасау

3.1.Негізгі және заңды тұлғалардың консолидацияланған есеп беруі
3.2. Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидацияланған қаржылық есеп беруі


Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП.doc

— 457.00 Кб (Скачать файл)

       Қаржылық  есеп беру кәсіпорынның инвестициялық  саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс  қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының  ағынын бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.

       Кәсіпорынның  қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың  әртүрлі мүдде бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үшін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың негізгі талабы (басқа жағдайлары бірдей болғанда): кәсіпорыннан алған меншік капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.

       Бұл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін ақпарат болып саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ақпараттарға мүдделі болып келеді. 
 
 
 
 
 
 
 

Есеп  берудің мәліметтері
Пайдалылығы
Экономикалық  ресурстары (активтер құрылымы) Кәсіпорынның  табыс алу қабілетін бағалау және болашақта болатын ақша қаражаты
Қаржылық  құрылымы (кәсіпорынның қарызы мен  меншік капиталаның ара қатынасы) Қарыз қаражатының  келешекке қажеттілігін бағалау  және болшақта алынатын пайда мен  ақша қаражатын мүдделі тараптардың арасына тарату; кәсіпорынның сырттан инвестицияны тартудың потенциалдық икемділігін бағалау.
Өтемділік пен төлем қабілетінің коэффициенті Өз мендеттемесіне жауап беретін кәсіпорынның ұзақ және қысқа мерзімдегі қарыздарын төлеу  қабілеттілігін бағалау
Рентабельділік  пен іскерлік белсенділігінің коэффициенті Кәсіпорынның  ресурстарды пайдалану тиімділігін  бағалау
Қаржылық  жағдайының өзгеруі  Қаржылық, инвестициялық, оперативтік қызметінің нәтижесінде, кәсіпорынның алған ақша ағынын бағалау; кәсіпорынның келектегі ақша қаражатына қажеттілігін болжау
 

       Қаржылық  есеп беру өзара байланысты, өйткені  ондағы шаруашылықтың бір ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі ақпаратты  береді, ол оны сол немесе басқаша  күйінде шаруашылық жүргізуші субъект пайдаланылады.

       Қаржылық  есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті  болуы және барлық мәнді ақпараттарды ашуы тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме  хаттамасында (жазбасында) баптардың  жіктемесі мен ақша қаражаттары  туралы қосымша мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіндіру тиіс.

       Қаржылық  есеп беру өткен кезеңдердің мәліметтерімен салыстарады. Есеп беру Қазақстан Республикасының  валютасында жасалады, өлшем бірлігі  – мың теңге. Жылдық есеп берудің  есептік кезеңі болып толық календарлық  жыл саналады; ал жаңадан құрылған субъектілер үшін – заңды тұлға тұлға ретінде статусын алған күнінен бастап есепті жылдың 31-ші желтоқсанына дейін саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезіндегі белгілеуге құқығы бар (жылына бір реттен кем болмауы керек). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.1. Қаржылық-шаруашылық  қызметі туралы есеп беру 

       Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру нысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды. Қаржылық-шаруашылық қызметінің есеп беруі келесі көрсеткіштерден тұрады:

    • өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс; ҚҚС, акциздер және басқа міндетті төлемдер мен салықтан шегертілген түрінде көрсетіледі, қайтарылған тауар құнын, бағадан және сатудан жасалған жеңілдіктерді қоспағанда;
    • өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның нақты шығындары, яғни өнімді, жұмысты, қызметті өндірумен байланысты тікелей шығындар кіреді;
    • жалпы табыс-өнімді, жұмысты, қызметі сатқаннан түскен табыстан өнімнің нақты өзіндік құнын алып тастағаннан соң шығатын қаржылық нәтижесі;
    • кезең шығыстары-өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік құнына енбейтін шығыстар; жалпы және әкімшілік шығыс, сату бойынша шығысы, пайыздарды төлеу бойынша шығыстары;
    • негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) – жалпы табыс пен кезең шығыстарының айырмасы;
    • негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян) – кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты емес операциядан алынған табысы (негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан, субсидин т.б.).
    • салық салынғанға дейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы-негізгі және негізгі емес қызметтерін біріктіргеннен алынған табыс;
    • табыс салығы бойынша шығыс – 11 БЕС салынған, соның ережесіне сәйкес есептік кезең үшін анықталған табыс салығы бойынша шығысы;
    • салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы (зияны) – салық салынғанға дейінгі табыстан табыс салығы бойынша шығысын шегергеннен соң алынған табысы (зияны);
    • төтенше жағдайдан алынған табысы (зияны) – есептік кезеңде орын алған төтенше жағдайдың сальдоланған нәтижесі;
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ

1 қаңтар 2002 ж

(мың  теңге)

Көрсеткіштер  атауы Сызық жолының  № Табысы Шығысы
Сатылған  өнімнен (қызметтен, жұмыстан) түскен түсім 01 3948098 *
Сатылған  өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құны 02 * 1845829
Жалпы табыс (01-02) 03 102269  
Кезең шығыстары-Барлығы: 04 * 77486
Оның  ішінде: Жалпы және әкімшілік шығыстары (82) 05 * 50480
Сату  бойынша шығыстары (81) 06 * 16556
Пайыз бойынша шығыстары (83) 07 * 10450
Негізгі қызметтен түскен табыстары (зияндары) (03-04) 08 24783  
Негізгі емес қызметтен түскен табыстары (зияндары) (70-84) 09 1730 4053
Салық салынғанға дейінгі әдеттегі қызметінен түскен табысы (08+09) 10 22460  
Заңды тұлғадан ұсталынған табыс салығы (85) 11 * 7097
Кейінге қалдырылған салықтар   * 844
Салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметінен түскен табысы (10-11) 12 14519  
Төтенше жағдайдан алынған табысы (зияны) (86) 13    
Таза  табысы (зияны) (12+13) 14 14519  
    • таза табыс (зиян) – есептік кезеңде кәсіпорынның алған қаржылық нәтижесі.

       Сонымен, қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері: 70-“Негізгі қызметтен түскен табысы”, 72-“Негізгі емес қызметтен түскен табысы”, 80-“Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны”, 81-“Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату барысында жұмсалған шығындары”, 82-“Жалпы және әкімшілік шығындары”, 84-“Негізгі емес қызмет бойынша шыққан шығындары”, 85-“Табыс салығы бойынша шыққан шығындары”, 71-“Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сатуға байланысты шегерімдер, сондай-ақ баға шегерімдері”, 86-“Төтенше жағдайдан және тоқтатылған операциядан келген табыстары (зияндары)”, 87-“Басқа ұйымдарға үлестік қатысудан түскен табысы (зияны)” шоттарының деректерінің негізінде шығарылады. Басқаша айтқанда, есеп беруге қажетті барлық деректерін бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс тапқан мәліметтерден тікелей алынады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       2.2. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру. 

       Есеп  беру 4 БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (немесе операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаржат ағыны (тасқыны) туралы барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланылатын таза ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.

       №4 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес субъекттер жасаған “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп” заңды  тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті  бағалауға мүмкіндік береді, бұл  олардың есепті кезең ішіндегі операциондық (кіріс алатын негізгі қызмет пен инвестициялық және қаржы қызметтеріне жатпайтын өзге де қызметі), инвестициялық (ұзақ мерзімді алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржылық қызметі (жеке капиталы мен әлем қаражаттарының мөлшері және құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі) тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарлармен қамтамасыз етті. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.

       Ақша  қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвистициялық және қаржылық қызметі  тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды  тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік  береді.

       Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдалануы мүмкін, бүл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянға активтер мен міндеттемелерге, ақша операцияларының өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық немесе қаржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап түзетулер енгізіледі.

       Операциондық  қызметтегі ақша қозғалысын анықтау  үшін тікелей және жанама әдістер  пайдаланылады.

       Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі  түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, КДШ (көлік-дайындау шығыстарының) төлемін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиісілі төлемдерін шегереді.

       Операциондық  қызметтен тікелей әдісті пайдаланған  кезде ақша қаражатының түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, пайыздан, дивиденттен, роялтиден және т.б. табыстардан; жабдықтаушылармен және мердігерлердің қарызын төленгеннен, берілген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен және т.б. шығыстарынан тұрады.

       Жанама  әдістер – бұл әдістер таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз  операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен  салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету (корректир) жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметерін негізге алады. Бұл әдіс қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізеді.  
 
 
 
 

       Таза  табысты (зиянды) түзету

Таза  табысты түзететін операциялар Түзетуді  жүргізудің тәртібі
Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы Есептелген  амортизациясы сомасы таза табыс  сомасына қосылады, өйткені ол ақша қаражаттарының шығысын әкелмейді
Ағымдағы  активтердің сомасының өзгерістері: дебиторлық қарыздар, қорлар, (запастар), болашақ кезеңнің шығыстары, басқа да ағымдағы активтер т.б. Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары азаяды, ал егер де керісінше болса, онда ақша қаражаттары  өседі, онда олардан түскен табысы да көрсетеді.
Ағымдағы  міндеттемелердің сомасын өзгерістегі (қысқа мерзімді банкі несиелерін қоспағанда), кредиторлық қарыздар, салық төлемдері, басқа да ағымдағы міндеттемелер. Ағымдағы міндеттемелердің сомасы өссе, ақша ағымының сомасы да өседі, егер міндеттемелер азайса, онда ақша қаражаттары да азаяды, онда олардан алынған шығысы да көрсетеді.

Информация о работе Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп беруді жасау