Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп беруді жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 21:12, курсовая работа

Краткое описание

Еспе беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

Содержание работы

Кіріспе


І-ТАРАУ.Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және
басқа да дайындық жұмыстары


ІІ-ТАРАУ. Қаржылық есеп беруді жасау

2.1. Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру

2.2. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру

2.3. Инвестициялық және қаржылық қызмет


ІІІ-ТАРАУ.Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп беруді жасау

3.1.Негізгі және заңды тұлғалардың консолидацияланған есеп беруі
3.2. Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидацияланған қаржылық есеп беруі


Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП.doc

— 457.00 Кб (Скачать файл)
 
 

Жоспар 

Кіріспе 

І-ТАРАУ.Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және  
    басқа да дайындық жұмыстары
 

ІІ-ТАРАУ. Қаржылық есеп беруді жасау

2.1. Қаржылық-шаруашылық  қызметі туралы есеп беру

2.2. Ақша  қаражатының қозғалысы туралы  есеп беру

2.3. Инвестициялық және қаржылық қызмет 

ІІІ-ТАРАУ.Консолидалынған (консолидацияланған)     қаржылық есеп беруді жасау

3.1.Негізгі және  заңды тұлғалардың консолидацияланған есеп  беруі 
3.2. Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидацияланған қаржылық есеп беруі
 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 

       КІРІСПЕ

 

       Есеп  беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі  қаржылық - шаруашылық қызметін кешенді  түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

       Қаржылық  есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына  заңды тұлғаның қаржылық жағдайы  туралы сенімді, мәнді және пайдалы  ақпататтарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай – ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіріді.

       Қаржылық  есеп беру басқарушы органдардың  жұмыс және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

       Есеп  беру мәліметтен кәсіпорынның тиімділігін  бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

       Осымен  қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.

       Еспе  беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін  анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

       Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы  мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді. 

І-ТАРАУ. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары 

       Бухгалтерлік  есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы  және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта сортталудың нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін.

       Ал  бұл жыл сайын нақты қолда  бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды  қажет етеді, және ол есеп айырысуды  дәлдеу (анықтау) үшін де қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу (немесе түгелдеу) деп атаймыз.

       Түгендеу (немесе түгелдеу)-бұл бухгалтерлік есеп әдісінің басты элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражаттарының, аяқталмаған өндірістің, тауарлы-материалдық  құндылықтардың, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нақты қолда  барын тексеруін және олардың есп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне (нысанына), қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына қарап екіге бөлінеді: толық және ішінара болып. Толық түгендеу әдетте, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында жасалады, оның мақсаты кәсіпорынның барлық активтері мен пассивтерін баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мұндай толық түгендеу бақылаушы органдардың талабы бойынша жасалуы мүмкін. Ішінара түгендеу, тек қана түгенделетін объектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, мысалға, кәсірорынның кассасындағы нақты ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі құралдардың саны т.б.

       Түгендеу  өз сипатына қарап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі мүмкін:

       - жоспарлы – алдын ала белгіленген  мерзімге, қойған мақсатына және  мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі;

  • кезектен тыс – бұл кәсіпорын басшының тапсырмасы бойынша бақылаушы органдардың талабы бойынша материалды жауыпты тұлғаның ауысқан кезінде, табиғи апаттардан кейін жүргізіледі. Ол БЕС 24 “Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру” стандартына сай етіп жасалынады. Онда оның кезектілігі түгендеуді жүргізудің мерзімі, түгендеу комиссиясының құрамы және т.б. қағидалар қарастырылады.

       Кәсіпорын басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізу  тәртібін белгілейді, оның ішінде түгендеу комиссиясынің құрамын, есепті жылдағы  түгендеу санын, олардың күнін белгілейді.

       Түгендеу  жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорында  тұрақты жұмыс істеп тұратын  комиссия болады және оның құрамын  кәсіпорын басшысы белгілейді.

       Түгендеу  комиссиясының істейтін жұмыстары  сақтау органдарындағы және өндірістегі мүлікті, сондай-ақ қаржы жөніндегі барлық міндеттерді тексеру; кәсіпорынның бухгалтерлік қызметкерлерімен бірге түгендеу нәтижелерін анықтауға және қайта сұрыптауға арналады; сондай-ақ шыққандарды табиғи кему нормаларының шегінде есептен шығаруға; тауарлы-материалдық құндылықтарды қабылдауды, сақтауды және бастауды, реттеуге, есепке алуды жақсарту және оларыдң сақталуын бақылау мәселелірі жөнінде, сондай-ақ пайдаланылмайтын мүлікті сату туралы ұсыныстар әзірлеуге; мүлікті сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізуге; екі түгендеу аралығындағы сақтау және қайта өңдеу орындарындағы тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеуге, іріктеп түгендеудің әдістемесі бойынша да бақылау жұмыстарын жүргізуге бағытталады.

       Түгендеу  комиссияларының мүмшелері кем шыққандары және талан-таражға түскендерді, бүркемелеу мақсатымен мүліктің нақты қалдығы туралы немесе артық шыққан тауарлар, материалдар және басқа да құндылықтар туралы жазбаға білі тұра дұрыс емес деректерді енгізбегені үшін ҚР заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.

       Мүліктің  нақты қолда барын тексеруді  бастағанға дейін түгендеу комиссиясы кіріс-шығыс құжаттарының түгендеу кезіндегі соңғы тізімдерін немесе материалдық құндылықтары мен ақшалай  қаражаттарын есепке алады.

       Түгендеу комиссиясының нәтижесі де тексеріледі, ол үшін ішінара бақылау жұмыстары жүргізіледі, сол бақылау барысында комиссяның мүшелері де қатыса алады және ол да актімен хатталады.

       Екі түгендеу аралығындағы кезеңде құндылықтарды  номенклатурасы бойынша үлкен кәсіпорындардың сақтау және қайта өңдеу жұмыстары іріктеу әдісімен тексеріледі.

       Түгендеу  нәтижесі бойынша салыстыру тәзімдемесі  жасалынады, сосын оның деректері  бухгалтерлік есептері деректерімен салыстырып, олардың арасындағы айырмашылықтары (ауытқулары) көрсетіледі. Түгендеу нәтижелерін көрсету үшін ҚР-нің Мемлекеттік статистика комитеті бекіткен бірінші реттегі толтыратын есеп құжаттарының мынадай үлгілері қолданылады.

       Негізгі құралдардың түгендеу жазбасы жалға  алған және күнделікті жалға бергендерді  қоса есептегендегі негізгі қорлардың нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады.

       Түгендеу  қағазы өндірісті ұйымдастыру ережелері  бойынша материалдық құндылақтарды  бірден санап, жазбаға жазуға мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады. Бұл түгендеу қағазы саналған құндылықтармен бірге олардың тұрған орындарында сақталады.

       Түгендеу  кезінде және басқа да тексерістердің көмегімен анықталған мүліктің нақты  қолда бары мен бухгалтерлік есептегі деректердің арсындағы алшақтығы  белгілеу тәртібі бойынша есептеледі. Сортталу нәтижесінде анықталған кем шыққандар мен артықтардың өзара есеп айырысуы тек ерекшелік ретінде ғана, сол тексеріліп отырған кезең үшін, тексерген комиссияның жұмысын бағалау үшін және тауарлы-материалдық құндылықтардың сапасы мен мөлшерін анықтау үшін қажет болуы мүмкін. Сорттаудың болғандағы жөнінде материалдық жауапты адамдар түгедеу комиссиясына егжей-тегжейлі түсініктеме берді. Сортталудың өзара есепке алынуы туралы ұсыныс тұрақты жұмыс істейтін түгедеу комиссиясының қаруына беріледі және оның кәсіпорын басшысы түбегейлі шешеді; ал ол ұсынылған барлық материалдарды зерттегеннен кейін, есепке алу туралы тиісті шешімдер қабылданды. Сортталуы (пересортицасы) бойынша олардың артық ие кем шығуын есепке (зачотқа) алғаннан кейін, жетпей қалған құндылықтар жауапты адамдардың жауапкершілігіне жатқызылады. Егер де сортталу кезінде нақты жауапты адамдар анықталмаса, онда оның сомасы кем шыққан мүліктер ретінде қаралады да, кәсіпорынның зиянына жатқызылады. Сортталу салдарынан анықталған құн айырмашылықтары материалдық жауапты адамдардың кінәсінен болмаса, ол түгендеу комиссиясының хаттамаларында бұл аталған айырмашылықтар жауапты адамның мойнына қойылмау себептерін ашып көрсетеді. Есеп айырысудың барлық түрлерінің түгенделуінде өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін. Бюджетпен, сатып алушымен, жабдықтаушымен, есеп беретін адамдармен, қызметкерлермен, депоненттермен және басқа дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу есеп айырысу шоттарында есептелген сомалардың мұқият негізделгеніне саяды. Есеп айырысу инкассо тәртібімен жүргізілмейтін барлық сатып алушылардың және басқа дебиторлардың мәліметтерінің дұрыстығын тексеру үшін кредиторлардың берешегі туралы дербес шоттардың көшірмелері жазылады.

       Еспе  берер алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бухгалтерия цехтардан, қоймалардан, есеп беретін адамдардан т.б. құжаттардың толық түскенін (немесе түспегінін) тексеруді; ай ішіндегі немесе жыл ішіндегі барлық шығындарды өндіріс шығындарына қосуды; негізгі құралдарды амортизациясын, демалысқа төленетін резервін және басқа мақсаттарға арналған резервті, материалдық емес активтердің тозуын толық есептеуді; алдағы кезеңдердегі шығындарды есептен шығаруды; құндылықтардың барлық шоттары мен топтарында есептік баға бойынша нақты өзіндік құнын, орташа КДШ процентін не ауытқушылықтарын (+,-) есептеп шығаруды; жұмсалған материалдардың нақты өзіндік құнын анықтап, оны өндірістік және басқа шоттарға көшіріп жазуды тексеруі қажет.

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ-ТАРАУ. Қаржылық есеп беруді жасау
 

       Жоғарыда  айтқанымыздай, қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру түсіндірме хаттамасы (жазбасы) кіреді.

       Қаржылық  есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

       Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалы:

    • инвестор – жасаған инвестицияның тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға салған инвестициясын сатудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе өз үлесін сақтаудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе өз үлесін сақтаудың сқажеттілігі анықтау үшін; кәсіпорынның келешектегі күтілетін дивидендтерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
    • кредитор – алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін (мүмкіндігін) анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
    • жабдықтаушылар – кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
    • сатып алушы – кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;
    • қызметкерлер – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктері мен төлемін алады, ал акционерлер – тұрақты түрде дивиденд алып тұруын көздейді;
    • Мемлекеттік органдар – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты (салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;
    • Жұртшылық – жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға (алуға) мүдделі болып келеді.

Информация о работе Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп беруді жасау