Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 22:59, реферат
Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.
Коммерциялык банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:
- банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар;
- басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
- депозиттік операциялар.
№___ ЖИНАҚ ДЕПОЗИТІ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМШАРТ
Занды тұлғамен Қазақстан Республикасынық ұлттық валютасында
Алматы қ
«___» _____200_ж.
«__________» ААҚ, бұдан әрі «Банк» деп аталады, оның атынан _______________ Жарғы және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Бас лицензиясы негізінде әрекет ететін Басқарма Төрағасы бір жақтан және _______________ бұдан кейін «Депозитші» деп аталады, екінші жақтан, төмендегі мәселелер жөнінде осы Келісімшартты жасады:
1. Келісімшарттың мәні
1.1. Депозитші _________________________ ақша сомасын
(жазбаша) __________ Банктегі № ___депозиттік шотқа депозиттік сома
(валюта атауын) түскен күннен бастап есептелетін депозит _________ мерзіміне орналастырады, ал Банк көрсетілген мерзім өткен бойда Депозитшіге оның банктік шотына Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасында депозиттің барлық сомасын қайтарады және ол бойынша сыйақы төлейді. Депозитке соманы шетел валютасында енгізген кезде Банк депозитшінің тапсырысына сәйкес депозитті енгізген күнге белгіленген бағам бойынша ашылатын депозиттік шоттағы валютаға айырбастау жүргізеді.
1.2. Банк депозит орналастырылған мерзім аралығында депозит бойынша ____ жылдық пайыз мөлшерлемесін сыйақы есептейді.
Пайызды есептеген кезде бір жыл 360 күнге тең деп алынады. Осы Келісімшарттың І.1.-тармағына сәйкес пайыздар депозит сомасы түскен күннен бастап есептеледі. Пайызды есептеу кезінде депозитке ақшаны есептеу күні мен оларды Банкке қайтару күні бір күн ретінде есептеледі.
1-3. Депозитші депозиттік шотқа қосымша ақша сомасьш қолма-қол емес тәртіпте енгізу аркылы депозиттік сома ұлғайған кезде, Депозитші немесе Депозитші келісімінсіз ақшаны алуға уәкілеттенген үшінші тұлғалардың басқаруы бойынша депозиттік шоттан алу кезінде депозиттік сома азайған кезде, сондай-ақ Банк пен Депозитші бекіткен басқа да келісімшарт жағдайларына сәйкес Банк талаптарын орындау кезінде Банк депозит сомасының өзгеруіне байланысты тарифтік мөлшерлемені өзгерте отырып, ақшаны есепке алу/ есептен шығару күнінен бастап ұлғайған немесе азайған депозит сомасына пайыз есептейді.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Депозитші міндеттері:
2.1. Осы Келісімшарттын І.і.-тармағында көрсетілген депозит сомасын Келісімшарт жасалған күннен кейінгі үш банктік күннің ішінде Банкке аудару.
2.2. Депозитке орналастырған мерзім ішінде депозитке алғашқы орналастырылған соманың 50 пайыз көлеміндегі жалпы сомадан 3 реттен артық өзінің депозиттік шотынан ақша алмау.
2.3.Осы Келісімшартта көрсетілген жағдайларды сақтау. Депозитші құқықтары:
2.4. Депозиттік шоттағы соманы қосымша ақша сомасы есебінен ұлғайту немесе Банкке ақшаны нақты алатын күннен кемінде бір банктік күн бұрын алу туралы Банкке жазбаша хабар беріп, депозиттің барлық немесе ішінара сомасын есептен шығару туралы жазбаша тапсырысын беру.
2.5.Осы Келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтату, Банкке осы Келісімшартты тоқтату жэәне Банктің депозиттік шоттағы ақша сомасын қайтару және накты алынатын күннен кемінде үш банктік күн бұрын сыйақы төлеу туралы банкке жазбаша қорытынды ұсыну.
Егер келісім осы Келісімшартқа сәйкес Депозитшінің жазбаша өтініші бойынша токтатылған болса, осы Келісімшартқа отырған күннен кейінгі отыз күнтізбелік күн өткенге дейін сыйақы төленбейді. Банктің міндеттері:
2.6. Депозиттік шотқа депозит сомасын есептеу.
2.7. Депозиттік шотқа қосымша ақша сомасын есептеу.
2.8. Осы Келісімшарттағы шарттарға сәйкес депозиттік шоттағы ақшаны алу туралы Депозитшінің тапсырысын орындау.
2.9.Егер осы Келісімшарт тоқтатылатын болса, осы Келісімшарттағы шарттарға сәйкес депозит сомасын және оған есептелген сыйақыны қайтару, депозит кұпиясын сақтау. Депозит және Депозитші туралы мәліметтерді Банк тек заңмен арнайы қарастырылған жағдайларда ғана уәкілетті тұлғаларға ұсынады.
Банктің құқықтары:
2.10. Депозиттегі соманы мерзімі аяқталғанга дейін өз бетінше басқару.
2.11. Есепшоттан Депозитшінің келісімінсіз алуға уәкілеті бар үшінші тұлғаның өкімі бойынша ақша сомасын алу.
2.12. Депозитшінің келісімінсіз Депозитші мен Банк арасында бекітілген басқа да келісімшарт жағдайларына сәйкес депозиттік шоттан ақша сомасын алу.