Депозиттік операция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 22:59, реферат

Краткое описание

Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.
Коммерциялык банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:
- банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар;
- басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
- депозиттік операциялар.

Содержимое работы - 1 файл

Депозиттик операция - банк есеп (2).doc

— 193.50 Кб (Скачать файл)
">Банк клиенті заңды тұлғаға келісім мерзімі аяқталғаннан кейін пайыз есептеу шартымен 50000 теңге сомасында бір ай мерзімге жылдық есеппен 20% келемінде - депозит ашты.

1.   Депозит ашу:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             50000

Кт 2211 «Клиенттердің талап ету бойынша салымдары»                                                                                                                                                                         50000

2.   Келісім мерзімі бойынша пайыздар қосылды:

(50000 х 30 х 20%) / (360 х 100) = 750000 / 36000 = 833 теңге

Дт 5211 «Клиенттердің талап ету салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 833 Кт 2720 «Клиенттердің талап ету салымдары бойынша есептелген шығыстар»                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        833 3.   Келісім мерзімі аяқталған соң депозит қайтарылады:

Дт 2211 «Клиенттердің талап етілмелі бойынша салымдары» 50833 Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Немесе 2203 «Клиенттердің ағымды есеп шоттары»                                                                                                                                                                                                                                                          50833

Банк осы кезеңде 35 пайыз мөлшермен несие берді. Оның кірісі 1458 теңге құрады, ал пайдасы 625 теңге (1458-833).

Келтірілген мысалда көрсетілгендей, депозиттердің кеңеюі мен өсуі клиент пен банктің қаржылық нәтижесіне жағымды әсер етеді. Кәсіпорын клиент депозиті арқылы үнемі табыс алып отыруы керек, өйткені оның қаржыларының айтарлықтай бөлігі есеп айыруы немесе ағымды шотта көбіне қозғалыссыз жатады және кіріс әкелмейді немесе аз кіріс береді. Банктер өз кезегінде клиенттердің бос ақша қаржыларын қолдану арқылы депозиттік базаны нығайтуға мүдделі. Бұл сомалар болашақ есептік жылдағы есеп айырысу шоты бойынша ұсынылатын түсімдер мен төлемдер есебінен (жағымсыз әсер, инфляция, төлемсіздік және т.б.) есептеліп, жоспарланады.

1-қосымша

№___Талап етілгенге дейінгі банктік салым келісімшарты жеке тұлғаларға

Алматы қ.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

«___» ________200_ ж.

Банк «__________» ААҚ, бүдан әрі «Банк» деп аталады,

__________ оның атынан Жарғы негізінде әрекет ететін,

Басқарма Төрағасы бір жақтан, және азамат (ша) ____________

(аты-жөні)

бұдан   әрі   «Салымшы»   деп   аталады,   екінші   жақтан,   төмендегі мәселелер жөнінде осы келісімшартты жасады:

1. Шарттың мәні

1.1. Осы келісімшарттың шарттарына сәйкес Салымшы Банкке ақшаны (бұдан   әрі   -  Салым)   өткізеді,  ал  Банк оларды   қабылдауға, Банктегі №___ шотқа (бұдан әрі - Шот) (валюта атауы) орналастыруға және  1000 АҚШ долларынан жоғары ақшаның орта айлық калдығына жылдық ___пайыз көлемінде, келесі айдың 5-күнінен  кешіктірмей  ай сайын   сыйақы   есептеуге міндетті. Жаңадан түсетін сомаға сыйақы есептеу Банктің ақша түскен күні қолданған тарифіне сәйкес жүргізіледі.

1.2.   Салымшы  Шотқа  ақшаны  Салымшыға  немесе  үшінші  тұлғаға тиісті  басқа  банктік  шоттан   аудару  арқылы,   қолма-қол  және қолма-қол   емес  түрде   еңгізуіне   болады.   Салымшы   қолма-қол ақшаның белгілі бір сомасын салымға енгізген кезде Шоттағы ақша сомасын және оған есептелген сыйакыны қолма-қол түрде алуға құқылы. Қолма-қол емес  тәртіпте ақшаның белгілі бір сомасын салымға енгізген кезде Банк Салымшыға осы соманы және есептелген сыйақыны Салымшы көрсеткен банктік шотқа аудару арқылы қолма-қол емес түрде төлейді. Қолма-қол емес тәртіпте ақшаны салымға енгізген Салымшының жазбаша өтініші бойынша салым сомасын және есептелген сыйақыны Банк тарифіне сәйкес комиссиялық акыны ұстап қалу аркылы Банк қолма-қол түрде төлеуі мүмкін.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

2-1.   Салымшының міндеттері:

2-1.1.   Осы келісімшарттың шарттарын, Банктің ішкі құжаттарын және Қазақстан Республикасының заңдылықтарын сақтауға міндетті. 2-2.   Салымшының кұқықтары: 2.2.1. Осы келісімшарттың 1.1.-тармағында көрсетілген Шотты басқару бойынша Банк операциясының дұрыстығын тексеру.

1-косымшайың жалғасы

2.2.2.  Ақшаны салымға кез келген сомада және кез келген мерзімде енгізу.

2.2.3.  Шоттан   ақшаның   және   есептелген   сыйакының   бір   бөлігін немесе барлық сомасын кез келген уақытта алу (аудару).

2.3.     Банк міндеттенеді:

2.3.1. Салымшының салымға өткізген ақшасының сақталуын қамта-масыз ету.

2.3.2. Салымшыға  есептелген  сыйақыны   (мүдде)   осы   келісімшарт шарттарына сәйкес төлеу.

2.3.3. Салымшыға есептелген  сыйақы  мен  салым  сомасын  немесе оның бір бөлігін Салымшының бірінші талабы бойынша осы келісімшарттың І.і.-тармағында көрсетілген валютамен қайтару.

2.3.4. Салымшы қайтыс болған  жағдайда салым сомасын және есептелген сыйақыны ҚР заңдылықтарына сәйкес тұлғаларға (мұрагерлерге) беру.

2.3.5.  Салым құпиясын сақтау. Салым және Салымшы туралы мәлі-меттерді Банк тек Қазақстан Республикасының заңдылықтарында арнайы  қарастырылған жағдайда ғана  уәкілетті  тұлғаға ұсынады.

2.4.   Банктің құқықтары:

2.4. Шоттан Салымшының келісімінсіз Қазақстан Республикасының заңдылықтары  бойынша  есептен  шығаруға  уәкілетті  үшінші тұлғаның   өкімі бойынша ақша сомасын және есептелген сыйақыны алады (есептен шығарады).

2.4.2. Шоттан Салымшының келісімінсіз ақша және есептелген сыйақыны Банк тарифіне сәйкес, сондай-ак Салымшы мен Банк арасында бекітілген басқа да келісімшарт жағдайларына сәйкес комиссиялық ақы төлеу үшін алады (есептен шығару).

2.4.3. Егер  уәкілетті  мемлекеттік  органдар  шот  бойынша  шығыс операцияларын тоқтатса немесе шоттағы (салым және оған есептелген сыйақы) ақыға тыйым салынған болса, Салымшыға оның депозиттік   шотынан ақшаны алу (есептен   шығару) бойынша операцияны жүргізбейді.

2.4.4. Салымшының кез келген орындалмаған талаптары анықталған кезде оның шотынан ақшаны алу (есептен шығару) бойынша операцияны жүргізбейді.

2.4.5. Ақшаны орналастыру мерзімі ішінде салым бойынша сыйақы көлемін  (пайыздық  мөлшерлеме)  біржакты  тәртіпте  Банктін операциялық заңына сәйкес хабарландыру арқылы Салымшыға жаңа пайыздық мөлшерлеме енгізгенге дейін он күнтізбелік күннен бұрын хабарлап өзгерту (көбейту, азайту).

1-косымшаның жалғасы

2.4.6. Осы   Келісімшарттың   1.1 .-тармағында   және   1.2.-тармағында қарастырылған  жағдай  негізінде   салымды   сақтаудың   нақты күнін есепке ала отырып, салым және оған есептелген сыйақыны (мүдде) төлеп (салымшы көрсеткен банктік шотқа аударып), осы Келісімшартты тоқтату, сонымен қатар осы Келісімшарт бойынша салымшы міндеттемені бұзған жағдайда үш банктік күн ішінде жазбаша нысанда Салымшыға хабарлап сыйақыны (пайызды) есептеуді тоқтату.

2.4.7. Шотта  ақша  болмаған  жағдайда,  Салымшыға хабарламастан жабады.

2.4.8.  Банк үшін еріктен тыс (форс-мажор) жағдайлардың салдарынан сыйақыны (мүдде) есептемеу.

3. Есеп айырысу тәртібі

3.1 Есептелген, бірақ Салымшы талап етпеген сыйақы (мүдде) сомасы салым сомасын көбейтеді.

3.2.Салым сомасын және есептелген сыйақыны Банк Қазақстан Республикасының сәйкес  заңдылықтарында қарастырылған салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер сомасын және шоттан салымшының келісімінсіз Қазақстан Республикасының заңдылықтары бойынша есептен шығаруға уәкілетті үшінші тұлғаның өкімі бойынша есептен шығарады, сонымен қатар Салымшы мен Банк арасында бекітілген баска да келісімшарт жағдайларына сәйкес Банктік   өкімді   орындайды.   Есепшот   бойынша   есеп   айырысу операцияларын тоқтату немесе есепшотындағы ақшаға тыйым салу кезінде Банк сыйақыны есептемейді және төлемейді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

4.1.Зиян келтіргені үшін кінәлі Тарап Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жауапты.

4.2.  Егер Тараптар осы Келісімшарт бойынша міндеттемелерін еріктен тыс жағдайлардың (форс-мажор) салдарынан орындамаса немесе тиісті үлгіде орындамаса, Тараптар міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті үлгіде орындамағаны үшін осы тарауда қарастырыл-ған  жауапкершіліктен  босатылады.  Еріктен тыс  жағдайлар деп Тараптар осы Келісімшартқа қол қойғаннан кейін Тараптардың тілегіне кайшы туындаған және олардың орнауына және әрекетіне Тараптар ешкандай күшке бағынбайтын  жағдайларға ұшыраған тараптардың қолдануын әділ күтуге болатын барлық шаралар мен тәсілдер арқылы қарсы тұра алмаған күштерді, атап айтқанда:

1-қосымшаның соңғы табиғи апаттарды, дүмпулерді, әскери кимылдарды, коммуналдық қызмет көрсететін компаниялардыңқ  қимылдарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарының және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің осы Келісімшарттың мәніне қатысты шектеуші немесе тыйым салушы әрекеттері Мен шешімдерін түсінуге болады.

Еріктен тыс жағдайлардың әрекеті тоқтаған кезде Тараптар осы Келісімшарт бойынша міндеттерін орындамағаны үшін немесе тиісті үлгіде орындамағаны үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды Егер осы Келісімшарт бойынша Тараптар қабылдаған міндеттемелерің орындай алмау қаупі төнген кезде нормативті құқықтық актілер күшіне енген жағдайда осы Келісімшарт бойынша алынған міндеттерін орындамағаны үшін осы тарауда карастырылған жауапкершіліктен босатылады.

5. Қорытынды ережелер

5.1.Осы Келісімшарт Банкке салым сомасы түскен күннен бастап күшіне енеді және Тараптар Келісімшартты тоқтату күніне дейін қызмет етеді. Осы Келісімшарттың 4.2.-тармағында қарастырылған жағдайларды ескере отырып, өзара міндеттердің ішінде орындал-маған міндеттер болмауы керек деген шартпен біржақты тәртіпте Тараптардың  ұсынысы  бойынша токтатыла  алады. Ақша және есептелген   сыйақы Шоттан   толық   алынған   сәттен бастап Келісімшарт тоқтатылады.

5.2.Осы  Келісімшартты  орындау кезінде дау туындаған жағдайда Тараптар оларды шешу үшін шаралар қабылдайды, ал Тараптардың келісімімен шешілмеген даулар Қазақстан Республикасының сот органдарына қарастыруға беріледі. Тараптардың келісімімен даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген тәртіпте Аралық сотта қаралады.

5.3.      Осы Келісімшартқа қол қойылып, әрбір Тарапқа берілген.

6. Тараптардын занды мекен-жайлары

Банк Сасымшы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             2-қосымша

Информация о работе Депозиттік операция