Депозиттік операция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 22:59, реферат

Краткое описание

Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.
Коммерциялык банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:
- банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар;
- басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
- депозиттік операциялар.

Содержимое работы - 1 файл

Депозиттик операция - банк есеп (2).doc

— 193.50 Кб (Скачать файл)

Шығарылуы бойынша:

-   бір рет;

-      сериямен шығарылатын.

•    Рәсімдеу тәсілі бойынша:

- арнайы;

-  ұсынушыға.

.    Төлеу шарттары бойынша:

- Анықталған есеп айыру кезеңі аяқталғанға дейін пайыздық мөлшері үнемі төленіп тұратын сертификаттар;

-сертификатты өтеу күні пайызы төленетін сертификаттар. Депозиттік сертификаттар жаңа шығарымдармен, салымның басқа түрлеріне немесе талап етілмелі депозиттеріне қолма-қол емес аударымдармен және нақты ақшалармен (жеке тұлғалар үшін) өтеле алады.

Банкте шығарылатын сертификаттар баспалык тәсілмен шығарылуы және осы сияқты бағалы қағаздарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.

Сертификаттарда міндетті түрде келесі деректемелер болуы тиіс:

-     аты;

- сертификатты ұсыну себебі;

- ұсыну күні;

-  салым сомасы;

-   депозитке   енгізілген   соманы   қайтаруға   банктің   сөзсіз міндеттемесі;

-  сертификат сомасын талап ету күні;

-  пайыз мөлшері және есептелетін пайыз сомасы;

        - эмитент банктің аты және мекен-жайы (иеленушінің арнайы сертификаты үшін);

-    банк   мөрімен   бекітілген,   осындай   міндеттемелерге   қол қоюға өкілетті екі тұлғаның колы.

Банк сертификаттар шығарады және меншікті сертификаттарды шығару мен орналастыру шарттарын еркін дайындайды. Өз сертификаттарын тиімді орналастыру үшін банктер келесі міндеттемелерді назарға алады:

- инвесторлар үшін тартымды пайыздық мөлшерлеме деңгейі;

-  салымшыға ыңғайлы сертификаттын ең аз шегін;

-     пайыздық мөлшер кайта қараудың икемді механизмін;

-  шығарымды стандартты шарттарын (еселік, номинал және т.б.);

-  номинал   құны   косылған   пайыздарды   төлеудің   сенімді кепілдігі;

-     кең жарнаманы.

Жай депозиттік сертификаттармен рәсімделген мерзімдік салымдармен салыстырғанда, сертификаттар бірнеше артықшылықтарға ие:

- сертификаттарды тарату айналымындағы мүмкіндік қаржылық  делдалдардың  үлкен  санына  сәйкес  әлеуетті  инвесторлар ауқымы кеңейді;

- екінші нарық арқылы сертификат иесі үшінші тұлғаға, сақтаған мерзімі үшін кіріс ала отырып, банк ресурстарының көлемін өзгертпей-ақ жедел сатуы мүмкін.

Сертификаттар бойынша табыстарға, азаматтардың талап етілмелі шоттары мен мерзімдік салымдардағы кірістерге сияқты табыс салығы салынбайды.

Мерзімдік салымдармен салыстырғанда сертификаттардың жетіспеушілігі оның эмиссиясымен байланысты банктің жоғары шығындарының болуы.

ДЕПОЗИТТЕРДІ САҚТАНДЫРУ ҚОРЛАРЫ.

О.2.    ДЕПОЗИТТЕРДІ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ

Депозиттерді қорғау жүйесі Ұлттық банк тарапынан коммерциялық банктердің қызметін лицензиялау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ол мемлекеттік жеке сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін. Жалпы әлемдік тәжірибедегі сақтандыру институттарына 60 жыл. Салымдарды кепілдеу қоры әлемнің 70 елінде, соның ішінде АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания елдерінде табысты жұмыс істейді.

Салымдарды сақтандыру негізінде банктердің депозиттерді жалпылама қайтарып алуға байланысты корғау қағидасы жатыр. Яғни, егер депозиттер сақтандырылса, онда салымшыларда өздерінің ақша қаржыларын қайтарып алуларына себеп болмайды. Тіптен банк күйзеліске ұшырған жағдайда да, үкімет клиенттерге олардың ақшаларын қайтарады немесе клиенттермен олардың салымдарын басқа төлем қабілеттілігі жоғары банкке аудару туралы келіседі. Осындай  жолмен  депозиттерді  жалпылама  қайтарудан  құтылуға болады, бір немесе бірнеше банктерде проблемалық жағдай болғанның өзінде, банктік жүйеге түгелдей кауіпті шудан құтылуға болады. Бұл кезде банктердің міндетіне сақтандыру қорларында белгіленген көлемдегі депозиттерді сақтау бойынша төлемдерді жасау кіреді. Шығындарды жабу үшін сақтандыру жарналары жетісгтеген жағдайда мемлекеттік бюджет қаржылары қолданылады Салымшыларға банктерде орналастырылған депозиттерін қайтару кепілдігін беру банктік жүйе тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты әдістерінің бірі болып табылады. Банк жүйесіне деген сенімді арттыру мақсатында Қазақстанда депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесін енгізу жұмысы жүргізілді. 1999 жылы қарашада екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру немесе сақтандыру ережесі, ал 1999 жылы ЖАҚ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі" банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік берудің (сақтандыру) қазақстандық қоры құрылды. Жарғылық капиталы 1 миллиард теңге құрайтын бұл қор коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор кұрылтайшысы -Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, ал оның мақсаты -депозиттерді сақтандыру жүйесіне қатысатын екінші деңгейлі банктерге салынған жеке тұлғалардың мерзімдік салымдарының қайтаруын қамтамасыз ету. Қор жұмысының ең басында қатысушылар болып Қазақстанның ең ірі және тұрақты банктері тұрды. Бұл халықаралық стандартқа өткен 16 банк, қаржылық жағдайы қауіп тудырмайтын, активтері күн сайын Ұлттық банктің банктік қадағалауымен бақыланатын жүйелі банктер.

Қор Ұлттық банк атынан, мемлекет атынан салымдарды орналастыруға негізгі кепілші болып табылады және егер банктердің қызметі соңғы есеппен табыс іздеуге әкелсе, онда қор қызметі өзінің жақсы гуманитарлық қағидаларын ұстанғаны. Осы қағидалар басында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру ережесіне негіз болған.

Қор қаржылары ұжымдық сақтандыру жүйесінің салымдарынан жинақталады. Салым үш валютаның бірінде жүзеге асырылуы мүмкін: теңгеде, АҚШ долларында және еурода. Кепілдеу объектісі болып, сыйақы мөлшері (сыйақы пайызы) бекітілген, мөлшерден артық емес салымдар бойынша келесі сыйақы мөлшері белгіленш, қайтару міндеттемесін қор кепілдеген:

2001 жылдың 1 шілдесінен:

-  теңгеде жылдық есеппен 16 пайыз;

-  доллар және еурода жылдық есеппен 9 пайыз.

-   2001 жылдың 1 қазанынан:

-    теңгеде жылдық есеппен 14 пайыз;

-     доллар және еурода жылдық есеппен 8 пайыз.

Салымдар (депозиттер) және олар бойынша есептелген сыйақы сомалары міндетті түрде салым қай валютада болса, сол валютада толық қайтарылады.

Қор әрбір салымшыға қайтарылуы міндетті салым мөлшерін төлеп отырады, олар келесідей көлемде:

Мерзімді салымдар (депозиттер) бойынша:

Теңгеде - салынған салым (депозит) сомасы, бірақ 400 мың тенгеден артық емес, сондай-ақ қатысушы банктің Ұлттық банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 50% шегінде банктік операцияны жүргізуге лицензияны қайтарып алғанға дейін есептелген  сыйақы мөлшері.

АҚШ доллары және еурода - салынған салымның (депозиттің) 90% сыйақысыз, бірақ 360 мың теңге шетел валютасына балама сомасынан артық болса.

Талап ету салымы бойынша теңгеде - салынған салым (депозит) сомасы қайтарылады.

Бір салымшы әр түрлі валютада салынған мерзімді салымдар (депозиттер) бір салым түрі ретінде қарастырылып, анықталған ережелерге сәйкес төленеді. Сонымен қатар, қайтару есебі салынған мерзімді салым сомасының 400 мың теңгеден аспайтын көлемінде жүзеге асырылады.

Салымшы өзінің әр түрлі валютада салған мерзімді салымы бойынша төлемдерді қайтару кезегін өзі анықтауға құқылы.

Жинақталған резервтер салымдар бойынша жетіспеген соманы қалпына келтіруге жеткіліксіз болса, қатысушы банктердің қосымша жарнасы есебінен төленеді, ал қалғаны қор есебінен қарызға алынады. Қор өз несиесін таратылушы банкке қойылатын регрестік талаптар арқылы, қатысушылардың шектен тыс жарнасы есебінен Қайтарып алады. Қор мен қатысушы банк міндетті күнтізбелік және басқа да жарналар енгізу тәртібі мен мерзімдері және негізгі ережеге сәйкес банк төлемдері туралы келісім жасауы тиіс. Сондай-ақ аталған келісімшарттарының орындалуы үшін жауаптылық, соның ішінде қордың күнтізбелік мерзімде төленбеген ақша сомасын, басқа да жарналарды және төлемдерді банк келісімінсіз алу құқығы қарастырылған.

Міндетті күнтізбелік жарна мөлшері әр қатысушы банк үшін олардың қаржылық жағдайына Ұлттық банк бекіткен әдіспен жеке бекітіледі және салымдар (депозиттер) мен ол бойынша қосылған сыйақы (мүдде) бойынша  міндетті күнтізбелік жарнаны енгізу алдындағы есептік тоқсанның соңғы күніне 0.125 пен 0.375 пайызға дейінгі мөлшерді құрайды, оларды қайтару 13 сәуірдегі 2002 жылғы №136 ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесімен кепілденеді.

Қордың 80 пайыздан кем емес бөлігін Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына қосу қарастырылған, оның міндеттемесі - бүгінгі күні Қазақстанда резерв қаржыларын инвестициялау үшін ең сенімді құрал. Сонымен қатар құралдар тізімі, қорға инвестициялауға болатын ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.

Ұжымдық сақтандыруға халықаралық стандарттарға өту бойынша бірінші топқа енетін банктер және сақтандыру жүйесінің мүшелеріне қойылатын талаптарға жауап берілген басқа да банктер қатыса алады. Қатысушы банктердің бірі ықтиярсыз таратылған жағдайда салым туралы барлық ақпараттар бекітілген тізімге сәйкес қорға жолдануы тиіс.

Барлық банктер ұжымдық сақтандыруға қатысуға тырысады, өйткені сақтандыру жүйесіне қатыспайтын банктер, өздерінің жарғылық капиталынан аспайтын көлемде ғана депозиттер тарта алады. Ал мүше банктерге мүндай шектеу қойылмайды. Кез келген банк өз қалауы бойынша депозиттерді ұжымдық сақтандыру жүйесінен еркін шыға алады.

Шетелдік тәжірибе елде қалыпты жұмыс істейтін банктік жүйе қалыптасқанда ғана депозиттерді сақтандыру жүйесінің қызмет ету мәні бар екенін көрсетеді.

Барлық дамыған елде депозиттерді сақтандырудың бір немесе басқа да нысандары қолданылады. Швейцария банктік ассоциациясы ассоциациясының қатысушы-банктердің клиенттеріне жинақ салымдарын және 30 мың швейцария франкіне дейінгі мөлшерде клиенттердің есеп шығару шоттарын төлеуге кепілдік береді. Егер банкке қарсы күйзеліс процедурасы басталса, аталған сома салымшыға бірден төленеді.

Францияда бір салымшыға кепілдік 400 мың француз франкін құрайды. Бұл кезде шетел валютасындағы мерзімдік аманаттар кепілдікке жатқызылмайды. Сонымен қатар бір банкке қатысты депозитті 200 млн франктен аспайтын жалпы кепілдік шегі бар. Франция банктерінің ассоциациясы сақтандыру төлемі түріндеп қалыпты жарналарды ұстамайды. Нақты төлем сомасы ассоциация мүшелерімен Франция банктік жүйесіндегі олардың меншікті депозиттерінің мөлшеріне үйлесімді жүргізіледі.

Германияда неміс банктерінің федералдық ассоциациясы жетекшілігіндегі депозитті қорғау қорына кіру ерікті сипатта. Аталған қорға    қабылданудың  міндетті шарты  неміс коммерциялық банктерінің аудиторлық ассоциациясына мүше болуы. Ол банктерді яғни аудиторлық тексеруден өтуге және капиталға, кадрларды басқару біліктілігіне және пайдаға қатысты талаптарды сақтауға міндеттейді. Жыл ішінде корға аударулар, банкаралық салымдарды қоспағанда банктің сомалық міндеттемелерінің 0,03 пайыз құрайды.

Жапония, Испания, Канада, Ұлыбритания және АҚШ-та депозиттерді сақтандыру бағдарламалары мемлекет бақылауында. Сонымен қатар Испания, Голландия және Ұлыбританияда қалыпты жарна төлеу қарастырылмаған, ақша шығындарды жабу қажеттілігіне және қор көлемінің жоспарлы деңгейіне жеткенге дейін енгізу қарастырылған. Канада, Жапония және АҚШ-та банктер қалыпты жылдық жарнаны төлейді.

Канада банктерінің депозиттерді сақтандыру бойынша Канада корпорациясына төлейтін сақтандыру жарнасы банкте орналас-тырылған депозиттердің 0,1 пайызын құрайды. Бұл кезде салымшыға 60 мың канада долларына дейінгі көлемде сақтандыру есебінен клиенттердің барлық салымдары өтеледі.

Жапонияда банктің депозиттер бойынша сақтандыру сомасы бір салымшыға 10 миллион жапон йеніне дейінгі көлемде өтеледі. Сақтандыру қорының бастапқы жарнасы Қаржы министрлігінен, Жапон банкінен және жеке меншік банктерден енгізілген. Банктердің қорға жарнасы басында өте төмен болған депозит сомасының - 0,012 пайыз мөлшерінде, алайда соңғы кездері жапон банктік секторы проблемаларының қорытындысында олар ұдайы көтерілген.

Депозиттерді сақтандырудың федералдық бағдарламасы бойынша АҚШ-та банк шығындары жоғары. Басында жылдық жарна салымдардың жалпы сомасынан 0,083 пайыз құраған, 1990 жылы ол 0,12 пайызға дейін ал 1991 жылы - 0,15 пайызға дейін өсті. Заң бойынша жарналардың жоғары шегі банктік салымдардың жалпы сомасынан 0,325 пайыз құрауы тиіс.

Салымның жоғары сақтандырылатын жарнасына шек қою себептері неде? Біріншіден, депозиттерді сақтандыру бағдарламасы мемлекеттік болып табылатын елдерде сақтандыру жағдайлары бойынша бюджеттің әр түрлі мүмкін болатын қосымша шығындарын төмендету мақсатында, банктердің кепілденген міндеттемелеріне шектеу қойылады. Мысалы, АҚШ-та депозиттерді сақтандыру жүйесінде депозиттер әр жеке шотта 100 мың АҚШ долларына Дейін сақтандырылады, алайда бір салымшы көрсетілген сақтау сомасы көлеміндегі бірнеше шоттың иесі болуы мүмкін. Екіншіден, Депозиттерді сақтандыру бағдарламасы мемлекеттік емес елдерде сақтандыру төлемдерінің үлкен болуынан банктер өздері күйзеліске түскен банктердің барлық қарыздарын өтеуге қабілетті болмауы мүмкін.

Банктің жүйеде ақша қаржыларын жинақтауға ынталандырудың келесі механизмі - банктік құпияны қатаң сақтау. Дамыған елдерде банктік құпия - құқықтың жеке объектісі, жасырын ақпараттың жеке түрі. Біздің республикамызда банктік құпияны сақтау үшін заң негіздері бойынша шаралар қарастырылған.

Соңғы кездері ел экономикасына тұрғандардың бос ақша қаржыларын тартудың депозиттерді сақтандырудан басқа тәсілдерінің бірі ретінде капиталдар амнистиясы ұсынылады.

Информация о работе Депозиттік операция