Депозиттік операция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 22:59, реферат

Краткое описание

Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.
Коммерциялык банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:
- банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар;
- басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
- депозиттік операциялар.

Содержимое работы - 1 файл

Депозиттик операция - банк есеп (2).doc

— 193.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының депозиттік операцияларының одан әрі дамуына әсер етуші келесі факторларды атап өткен жөн. Бұл факторларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бірінші топты Қазақстан Республикасының Ұлттық банк жүргізіп отырған ақша-несиелік саясатынан шығатын факторлар құрайды. Оған резервтеу мөлшерін (депозиттер бойынша), қайта қаржыландыру мөлшерлемесін және басқаларды жатқызуға болады.

Резервтеу мөлшері факторының ерекшелігі депозиттерді тарту құнын банк операциялары сияқты ұлғайтады. Бүгінгі күні салым және депозиттермен жұмыс істеуде Ұлттық банк айтарлықтай нормативтік талаптар қоюда. Резервтік қорға депозиттер бойынша аударым мөлшерінен өсуі несиелер бойынша да мөлшерлеменің өсуіне, сондай-ақ депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің азаюына әкеледі. Несиелер және депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме айырмасының көлеміне банктің тиісті шығындары мен қажетті табыстылығы кірмейді. Сондықтан қолданылып жүрген нормативтер банк белсенділігін сақтайды, оның қызметін депозиттер нарығында әлеуетті инвесторлар үшін тартымды етеді. Қазақстанда резервтеу мөлшері депозит түріне байланысты емес, сол себепті мерзімдік депозиттерді тарту тиімділігін төмендетеді. Республикада резервтеу механизмі жетідірілетін болады, сол себепті аталған кезеңде калыптасқан банктік жүйе тәжірибесін қолдану өте орынды.

Коммерциялық банктер жүргізетін депозиттік саясатқа әсер етуші факторлардың бірі Ұлттық банк бекітетін қайта қаржыландыру мөлшерлемесі болып табылады.

Депозиттік операциялардың дамуына әсер етуші факторлардың екінші тобына депозиттік саясатты, ұзақ мерзімді жинақтау кор-ларын енгізуді және солармен катар пайда болатын салымдар индексациясы мәселесін, банк беделін және баскаларды жатқызуға болады. Маңызды тежегіш факторлардың бірі - салымдарды индексациялаудың тиімді және шынайы механизмінің болмауында. Осы мәселе банктердің ірі жинак жобаларын жүзеге асыруда өте орынды.  Ұзақ мерзімді  жинақтау тәжірибелерін енгізу  бағдарламасы, инфляция жылдық есеппен 12-15 пайыз деңгейінде болғанда ғана тиімді болып саналады. Қазіргі кезде банктердің депозиттік қаржыны талап ету және қыска мерзімді депозиттер құрағанына карамастан, болашақта коммерциялық банктер салымшылар қаржыларын неғұрлым ұзақтау мерзімге қосуға болатын жинақ, сақтық және басқа да жобаларды ұсына алады.

Депозиттер нарығын одан әрі жетілдіру мен кеңейтудің маңызды факторларының бірі - банктің басқа қаржылық үстамдармен салыстырғанда беделді және басқа салым түрлерімеи салыстырғанда пайыздық мөлшерлердің бәсекеқабілеттілігі, сондай-ақ депозиттердін бір түрінің аумағында банктің қызмет спектрын ұлғайту - арнайы депозиттерде, өйткені осы депозит салымшылар мүддесін қорғауда жоғары икемділікке ие.

ДЕПОЗИТТЕРДІ ТАРТУ ЖӘНЕ О.3. ҚАЙТАРУ ЕСЕБІ

Салымшы депозиттік шотты ашпас бұрын, банк пен салымшы депозитті ашуға қатысты екі серіктес құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Банк пен салымшы арасындағы келісім - салымшы жарна енгізіп, банк өз кезегінде оған шот ашып, енгізілген сома туралы белгі қойылатын арнайы кітапшаны жүргізуіне негізделеді. Бұл кітапша клиентке жазба жасалған соң беріледі. Сонымен қатар клиент ақша сомасын жаңадан ашатын шотқа аударады немесе банкпен өз атына түсетін сома немесе сома болашақта ашылатын депозиттік шотқа жазылуы жөнінде келіседі. Клиент пен банк арасында шартты қатынас туындайды ол бойынша, клиент банкке уақытша пайдалануға ақшасын жолдайды, ал банк өз кезегінде пайыз қосуға және клиентке ол ақшаны мерзімі жеткенде немесе хабарлау алған соң кайтаруға міндеттенеді. Занды түрде мұндай шартты қатынас қарызды білдіреді, ол бойынша клиент - кредитор, ал банк - дебитор болып табылады. Келісім жинақ шотына депозит салынған соң күшіне енеді.

Депозиттер тарту банк үшін маңызды міндет, сондай-ақ Депозиттік операциялардың дұрыс бухгалтерлік есебін ұйымдастыру маңызды. Салым операцияларының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудағы міндет әр салым бойынша ақша қаржыларының дәл есебін қамтамасыз ету және банк мекемесінің қызметін басқару үшін қажетті ақпаратты алу. Бұл міндетті    орындауға депозиттік операциялардың тиісті синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыру арқылы қол жеткізіледі. Аналитикалық есептің мәні нақты салымшы депозиттері, ал синтетикалық есептің мәні -депозиттердің анықталған түріне жататын депозиттер. Депозиттік салымдардың есебі үшін қолданылатын шоттар:

2211 - Клиенттердің талап ету бойынша салымдары;

2215 - Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары;

2217 - Клиенттердің ұзак мерзімді салымдары;

2219 - Клиенттердің шартты салымдары;

2221 Клиенттердің арнайы салымдары;

2222  - Арнайы   мақсаттағы   еншілес   ұйымдардың   кепілдік-салымдары;

2223  - Клиенттердің кепілдік - салымдары.

Барлық көрсетілген шоттар пассивті: кредиттік сальдо банктің клиент алдындағы берешегін білдіреді: айналым дебет бойынша бұрын қабылданған депозит сомасында берешекті өтеу және пайыздарды қосу; кредит бойынша айналым бұрын қабылданған салымдар бойынша пайыздарды есептеу және жаңадан қабылданған салымдар.

Депозиттерді кіріс құжаттары негізінде, қолма-қол ақша негізінде тарту кезінде келесі шоттар корреспонденциясы құрылады:

Дт 1001 «Кассадағы нақты ақша»

Кт 2211-2229 «Тартылған салымдар»

Депозитор - заңды тұлғалардан депозит қабылдау кезінде:

Дт 2203 «Клиенттердің есеп айыру шоты»

Кт 2211-2229 «Тартылған салымдар»

Басқа банктер қызмет көрсететін клиенттерден депозиттер тарту кезінде, тиісті ақша қаржылары корреспонденттік шоттар арқылы түседі. Бұл кезде келесі жазба жасалады:

Дт 1051-1052 «Корреспонденттік шоттар»

Кт 2211-2229 «Тартылған салымдар»

Депозиттер бойынша тартылған қаржыларды қайтару кезінде кері бухгалтерлік жазба жасалады:

Дт 2211-2229 «Тартылған салымдар»

Кт 1001 «Кассадағы нақты ақша»

2203 «Клиенттердің ағымды шоттары» 1051-1052 «Корреспонденттік шоттар»

Банк тартылған депозиттерді кайтармаған жағдайда мерзімі өткен депозиттер қатарына жаткызады және оған келесі өткізбе жасалады:

Дт 2211-2229 «Тартылған салымдар»

Кт 2224—2226 «Клиенттердің салымдары бойынша мерзімі өткен қарыз»

Мерзімі өткен салымдар сомасын қайтарған кезде келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:

Дт 2224-2226 «Клиенттердің салымдары бойынша мерзімі өткен қарыз»

Кт 1001 «Кассадағы нақты ақша»

2203 «Клиенттердің ағымды шоттары» 1051-1052 «Корреспонденттік шоттар»

§#4.     ПАЙЫЗДАРДЫ ЕСЕПТЕУ ЕСЕБІ

Қарыздық пайыз - ақша қаражаттарын қарыздық құн үшін қарыз алушыға, сондай-ақ, ақша қаржыларын ақша, несие және қаржы нарықтарында орналастырушы делдал-кредиторға (банкке) уақытша пайдалануға беруін  білдіреді.

Банктік пайыз өлшемі уақытша бос ақша қаржыларын орналастыру және кіріс алу тәуекелдігімен байланысты, ақша және несие ресурстарына деген сұраныс пен ұсыныстар пайда болатын сандық шектеуге ие. Бос ақша қаржыларының иесі пайыздың жоғары деңгейін және аз тәуекелділікті таңдай отырып, орналастырудың оңтайлы нұсқаларын іздейді.

Ақша қаржыларын тарту кезінде банктер салыстырмалы қаржы тарту сипатына байланысты жеке кредиторларға қолданылмайтын сараланған пайыздық мөлшерлермен белгілейді. Банктік пайыз мөлшері депозиттік келісімшартта белгіленеді.

Банк тартылған ақша қаражаттарына пайыздарды берешек қалдығына есептеп, есептеу әдісіне сәйкес банк шығындарына жатқызады. Есептеу әдісіне, ағымды айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей, ағымды айда қосылған пайыздар, тартылған ақша қаржылары бойынша оның шығындарына жатқызылады. Пайыздарды есептеу келесі тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

-  жай пайыздар формуласымен,

-  күрделі пайыздар формуласымен.

Банктердің қосылған пайыздар сомасына ұлғайған негізгі борыштың өскен сомасын тартылған каржылар бойынша білдіреді. Өскен сома, банктік пайыздардың капиталданғандығын білдіреді, яғни депозиттің жалпы сомасын ұлғайтады. Банктердің тартылған қаржылары бойынша мына формулалар қолданылады.

•   Жай пайыз формуласы:

3 = Р х (1 + I х { I К)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Мұнда:

I - жылдық пайыздық мөлшерлеме;

I - тартылған ақша қаржылары бойынша пайыз қосылатын күн

саны;

К - күнтізбелік жылдағы күн саны; Р - тартылған ақша қаржыларының бастапқы сомасы; х - қайтарылуға жататын ақша қаржыларының бастапқы сомасы және оған қосылған пайыздарға тең. Күрделі пайыз формуласы:

5 = Р х (1 + I х ] / К) х п                                                                                                                                                                                                                                                                                                         (4)

Мұнда:

I - жылдық пайыздық мөлшерлеме;

] - банк қосылған пайыздарды капиталдандыруды жүргізетін кезеңдегі күнтізбелік күн саны;

К - күнтізбелік жылдағы күн саны;

п - ақша қаржыларын тартудың жалпы мерзімі ағымында қосылған пайыздарды капиталдандыру бойынша операциялар саны;

Р - тартылған ақша қаржыларының бастапқы сомасы;

8 - қайтарылуға жататын ақша қаржыларының сомасы, тартылған ақша қаржыларының бастапкы сомасы және оған қосылған пайыздарға тең.

Банктік депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме екі көлемнен қалыптасады: инфляция деңгейін жабатын пайыз және оған қосымша салымшы қаржысын қолданғаны үшін төлем ретіндегі пайыз. Екіншісінің көлемі депозит мерзімі мен көлеміне байланысты және жеңіл анықталатын болады. Біріншісімен жағдай өзгеше: инфляция деңгейін дәл жабатын пайызды анықтау күрделі, көптеген факторлардың байланысын талап етеді. Осы аталған міндетті шешу банктерге объективті пайыз мөлшерлемесін нарыққа сәйкес қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алайда коммерциялық банктер қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейіне бағдар жасай отырып, пайыздық мөлшерлемені еркін белгілей алады. Банкаралық нарықпен салыстырғанда, банктер салымшылардың ақша қаржыларын неғұрлым төмен пайыздық мөлшерлемемен тарта отырып, банктер ресурстардың сыйымды және қымбат емес нарығын қалыптастырады, оның рөлі болашақта үнемі өсіп, банктер міндеттемелерінің қоржынында занды және жеке тұлғалардың жинақтары, есеп айырысу және ағымды шоттар басым салмаққа ие болмақ.

Банк барлық тартылған салымдарды активтер, шартты міндеттемелер мен 2002 жылдың 1 карашасындағы қаулымен бекіту мен оларға қарсы провизия (резерв) құру тәртібіне сәйкес жіктеледі.

Банктің тартылған салымдары келесі топтарға бөлінеді:

-   стандартты;

- күмәнді, олар өз кезегінде 1 дәрежелі күмәнді, 11 дәрежелі күмәнді, 111 дәрежелі күмәнді деп бөлінеді;

- үмітсіз.

Банктер бухгалтерлік есепте провизияның барлық қажетті көлемін есепке алуы және шығыстардың сәйкес шоттарында толық көлемде көрсету қажет. Провизияның көлемін есептеу үшін «Депозиттер жіктемесі және Қазақстан республикасының екінші деңгейдегі банктерінің олар бойынша провизия құруы» кестесінде қолданады (кесте).

Депозиттер бойынша пайыздар есептеу келесі шоттарда жүр-гізіледі:

2720 «Клиенттердің талап ету салымдары бойынша есептелген шығыстар»

2727 «Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар»

Банктің сыйақы төлеуге байланысты шығындары бесінші сынып шоттарында есептеледі:

5211 «Клиенттердің талап ету салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»

5215 «Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»

5217 «Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»

5219 «Клиенттердің шартты салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»

5221 «Клиенттердің арнайы салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»

5223 «Клиенттердің салым-кепілдіктері бойынша сыйақы төлеу-ге байланысты шығыстар»

5224 «Клиенттердің талап ету салымдары бойынша банктің мерзімі өткен берешегіне сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»

5226 «Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша банктің мер-зші өткен берешегіне сыйакы төлеуге байланысты шығыстар»

Депозиттер бойынша сыйақыны есептеу кезінде келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:

Дт 5221-5223 «Клиенттердің тартылған салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығындары»

Кт 2720-2721 «Клиенттердің салымдары бойынша есептелген шығындары»

Депозиттік келісімшартта көрсетілген мерзімде пайыздарды төлеу жүзеге асырылады және келесі бухгалтерлік жазу жасалады:

Дт 2720-2721 «Клиенттердің салымдары бойынша есептелген шығындары»

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 1051-1052 «Корреспонденттік шоттар».

Мысалы:

Информация о работе Депозиттік операция