Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарын есепке алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 18:56, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысты жазу барысында көптеген қиыншылықтар кездесті. Солардың бірі ана тілімізде жазылған әдебиеттердің тапшылығы. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықаралық есеп стандарттарына толығанан көшуіне байланысты, бұрынғы Бас есеп жоспарының бухгалтерлік есеп шоттарынан халықаралық есеп шоттарына көшу көптеген қиыншылық туғызды.

Содержание работы

Кіріспе………………………………………………………………...….. 3
Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарының қозғаласы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі.... 4
Банктегі шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі........... 6
Ағымдағы банктік және арнайы шоттарда ақша қаражатының қозғалысын құжаттау.................................11
3.1.Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу...........................11
3.2.Чектермен есеп айырысу................................................12
3.3.Төлем-талап тапсырмалары арқылы есеп айырысу...........16
Ағымдағы банктік және арнайы шоттарда ақша қаражатының синтетикалық және талдау есебі.................19
4.1.Кассадағы теңгемен ақша қаражатының есебі.................19
4.2.Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен
ақша қаражаттарының есебі...........................................24
4.3.Ақша қаржысын, құнды қағаздарды және есеп берудің бланкілерін түгелдеу......................................................27
5.Ағымдағы банктік және арнайы шоттарда ақша қаражаттарының есебін жетілдіру...........................29
Қорытынды..........................................................................31
Қолданылған әдебиеттер.......................................................33
Қосымшалар.........................................................................34

Содержимое работы - 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 248.00 Кб (Скачать файл)

Түгелдеу  актісінде ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі.

Кәсіпорын кассасында сақталатын құнды қағаздар мен ақша құжаттарын түгелдеу оларды парақтап қайта есептеу жолымен жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылы бағасы көрсетіліп жүргізіледі

Жол үстіндегі  ақша қаражаттарын түгелдеу осы шотта  тұрған сомаларды: банк мекемелері, байланыс бөлімшелері берген квитанцияларының деректерімен бірге түсімді өткізу кезінде, банк инкоссарторларына түсімді өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінің көшірмесін өткізу кезінде және т.с.с; бас кәсіпорынға аударылған сомалар бойынша немесе керісінше одан түскен сомалармен қатар олардан мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды қабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме (авизо) деректерімен бірге салыстырылып тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Банктерде ағымдағы, валюталық және арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын  бухгалтериясының деректері бойынша  берілген деректермен салыстырып тексеру  арқылы жүзеге асырылады.

Ақша қаражаттарын, құнды қағаздарды және қатаң есеп беру бланкілерін түгендеу олардың қалдықтарымен салыстыру арқылы жасалады.

Ақша қаражаттарының және құнды қағаздардың артық  шыққан сомалары кіріске алынуға  тиісті: ол кезде 1030, 1071, 1010, 1020 шоттары  дебеттеліп, 6160 шоты кредиттеледі.

Кем шыққан ақша қаражаттары мен құнды қағаздар өтеуі үшін материалды жауапты тұлғаның есебіне шығарылады:

1410 шоты дебеттеліп, 1030, 1071, 1010, 1020 шоттары кредиттеледі.

Егер де кінәлі тұлғалар табылса, онда 1410 шоты кредиттеліп, 1250 шоты дебеттеледі,  яғни 1410 шоты жабылады.

Егер де кінәлі тұлғалар табылмаса, онда кем шыққан сомасы 1410 шотының кредитінен, 7210 шотының дебетінен есептен шығарылады.

  1. Ағымдағы банктік және арнайы шоттарда ақша қаражаттарының есебін жетілдіру.

 

Нарықтық экономикадағы  бухгалтерлік есептің ролі мен маңызын, сондай-ақ оны одан әрі қарқынды дамытудың қажеттілігін ескере отырып, 1998 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, «1998-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту және жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. 2003 жылдан бастап халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары енгізілуде.

Бухгалтерлік  есеп стандарттарын және бухгалтерлік есепті копьютерлендіру мәселелерін, ішкі бақылауды, тәуелсіз аудитті дамыту, кәсіби бухгалтерлер институтын құру проблемаларын, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін енгізетін, бухгалтерлік есеп пен аудитті дамытудың біртұтас әдістемелік тұжырымдамасын жасау бағдарламаның негізгі бағыттары болып саналады.

Бухгалтерлік  есеп және аудитті дамыту тұжырымдамасы  заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер  бухгалтерлік есебінің негізін, қаржылық есеп беру, тапсыру және жариялау ережелері  мен келістерін айқындап, республикадағы бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық жүйеге, сондай-ақ осы жүйені ТМД елдері жүйесінде бірігуіне ықпал етуі тиіс.

Түбегейлі экономикалық қайта жаңарулар талаптарына  жауап беретін бухгалтерлік есептің  жаңа жүйесін жасау мен оны  енгізуді қамтамасыз ету, халықаралық байланыстарды кеңейту және Қазақстан Республикасының ұйымдары қажетті қаржылық ақпараттармен қамтамасыз ететін әлемдік қауымдастыққа бірігуі, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру бағдарламасының негізгі мақсаты болып саналады.

Экономика саласындағы  мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін  жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.

Экономиканың  барлық саласындағы кәсіпорындардың  иелері мен еңбек ұжымдары шикізат  пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Нарықтық экономикаға  бухгалтерлік есептің рөлі мен маңызын, сондай-ақ оны одан әрі интенсивті дамытудың қажеттілігі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы халықаралық есеп стандарттарына толығанан көшуге шешім қабылдады. Осы бағдарламаға сәйкес, ағымдағы банктік шоттардағы, корреспонденттік шоттардағы, арнайы банк шоттарындағы ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алуды жетілдірудің де маңызы өте жоғары. Сонымен қатар, ағымдағы банктік шоттардағы, корреспонденттік шоттардағы, арнайы банк шоттарындағы ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алуды жетілдіру мен жеңілдетудің тағы бір жолы – бухгалтерлік есептің компьютерлендірілуі. Бұл экономика саласының мамандарының қызметін одан сайын жеңілдетіп, жұмыс өнімділігін арттырады, сонымен қатар операциялардың орындалуын жеделдетеді.

Бухгалтерлік  есепті жетілдіру – серпінді дамып  отыратын процесс және ол қоғам дамуымен тікелей байланысты. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Осы курстық  жұмыстың басты мақсаттары болып:

    • ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебінің маңызын, принциптері мен міндеттерін;
    • кассалық операцияларды жүргізу тәртібі және оларды құжаттық рәсімдеуді, кассалық кітаптарды жүргізу тәртібі және кассалық есеп беруді жасау, кассадағы теңгемен ақша қаражаттарының синтетикалық және талдау есебін жүргізу, нәтижесін шығару мен есепке алу тәртібін;
    • ағымдағы банктік және арнаулы шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі, есеп айырысу және арнаулы шоттар операцияларын құжаттық ресімдеу, ағымдағы банктік және арнаулы шоттар операцияларының синтетикалық және талдау есептерінің түсінігін ашып көрсету.

Ақшамен операциялар  жасау есебі І «Ақша қаражаттары» бөлімінің шоттарында жүзеге асырылады. Ұлттық және шетел валютасындағы ақша есебі ерекше түрде 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» және 1020 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты» шоттарында жүргізіледі.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік кұжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте есеп айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісім-шарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының  банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары — бұл банк пен  клиенттер арасындағы келісім-шарттың  қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Банктердегі ұйым ақшасы халықаралық қаржылық есеп стандартының жоспары бойынша келесі шоттарда есепке алады:

    • 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты»;
    • 1050 «Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты»;
    • 1060 «Депозиттік банк шоттарындағы ақша қаражаты».

Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні банктегі бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде басты орын алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В. - «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы: Центр-аудит, 2003 ж., 656 б.
  2. Міржақыпова С.Т. – «Банктегі бухгалтерлік есеп», - Алматы: Экономика, 2004 ж., - 710 б.
  3. Кеулімжаев К.К. – «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері», - Алматы: Экономика, 2006ж., - 384 б.
  4. Мырзалиев Б.С. – «Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру», - Алмтаы, 2006 ж., - 163 б.
  5. Муравицкая, Лукьяненко – «Бухгалтерский учет», - Москва: Кнорус, 2005 ж., - 528 с.
  6. Глушков И.Е. – «Бухгалтерский учет на современном предприятии», - Москва: Кнорус, 2000 ж., - 830 с.
  7. Жакупова О.М. – «Бухгалтерлік есеп принциптері 2» оқу-тәжірибелік құралы, - Қарағанды, 2003 ж., - 235 б.
  8. Нұрғалиева Р.Н. – «Аралық қаржылық есеп ІІ бөлім», - Қарағанды, 2005 ж., - 244 б.
  9. Баймұханова С.Б., Балапанова – «Бухгалтерлік есеп» (оқу құралы), - Алматы: Қазақ университеті, 2001 ж.
  10. Кеулімжаева Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенова Н.А. – «Бухгалтерлік есеп принциптері», - Алматы: экономик-с, 2003 ж.
  11. Китебаева К.Ә. – «Бухгалтерлік есеп принциптері», - Қарағанды, 2002 ж.
  12. Попова Л.А., Нурхалиева Д.М., Омашева А.Б. – «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», - Қарағанды, 1998 ж.
  13. Толпаков Ж.С. – «Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі», - Қарағанды, 1999 ж.
  14. Күйімжанов Қ.К. – «Бухгалтерлік есеп принциптері», - Алматы, 2003 ж.
  15. Разливаева Л.В. - «Басқарушылық есеп», - Қарағанды: ҚКЭУ, 2003 ж.
  16. «Халықаралық қаржылық есеп стандарттары», - Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы №427 бұйрығымен бекітілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

1-қосымша

 

 

 

 

Өтінім

аккредитивке

 

 

________________________________________________________ пайдасына

                                     (өтініш берушінің  атауы)

_________________________________ міндеттемелерін  қамтамасыз ету үшін

                                     (бенифициар атауы)

«___» ______________ 200__ж.                           _____№ келісімшарт негізінде

__________________________________________________________________

(өтініш  берушінің міндеттемесіне  сипаттама: тауары, қызметі үшін ақы  төлеу)

бойынша міндеттемені қамтамасыз ету үшін «___» ______________ 200__ ж.

дейін ______________ мерзімге _________________ сомада _______________

«___» _________ 200__ж. аккредитив беруіңізді сұрайды.

 

Келісімшарттың жалпы  сомасы _______________________________________

Өтеу немесе орындау  уақыты ________________________________________

 

 

Аккредитив сомасын  қамтамасыз ету үшін ұсынамыз ____________________

__________________________________________________________________

                             (меншік құқы  кепілберушіге тиесілі мүлік, қарсы кепілдеме, депозит)

 

 

 

Басшы ______________________

Бас бухгалтер ________________

 

Мөр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-қосымша

 

Шот ашу үшін ӨТІНІШ

 

__________________________________________________________________

Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің аты _________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

(толық және  анық)

Неігзгі қызмет түрі ____________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Банктік шоттың _______________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________ валютада ашылуын сұраймыз.

(ҚР ҰБ-ның бізге  белгілі және біз үшін міндетті  күші бар нұсқаулары негізінде)

 

 

 

МӨР                    Басқарушы: ________________________      (қолы)

                             Бас бухгалтер ______________________       (қолы)

     «___» _______________ 200__ ж.

Информация о работе Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарын есепке алу