Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 18:56, курсовая работа
Курстық жұмысты жазу барысында көптеген қиыншылықтар кездесті. Солардың бірі ана тілімізде жазылған әдебиеттердің тапшылығы. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықаралық есеп стандарттарына толығанан көшуіне байланысты, бұрынғы Бас есеп жоспарының бухгалтерлік есеп шоттарынан халықаралық есеп шоттарына көшу көптеген қиыншылық туғызды.
Кіріспе………………………………………………………………...….. 3
Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарының қозғаласы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі.... 4
Банктегі шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі........... 6
Ағымдағы банктік және арнайы шоттарда ақша қаражатының қозғалысын құжаттау.................................11
3.1.Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу...........................11
3.2.Чектермен есеп айырысу................................................12
3.3.Төлем-талап тапсырмалары арқылы есеп айырысу...........16
Ағымдағы банктік және арнайы шоттарда ақша қаражатының синтетикалық және талдау есебі.................19
4.1.Кассадағы теңгемен ақша қаражатының есебі.................19
4.2.Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен
ақша қаражаттарының есебі...........................................24
4.3.Ақша қаржысын, құнды қағаздарды және есеп берудің бланкілерін түгелдеу......................................................27
5.Ағымдағы банктік және арнайы шоттарда ақша қаражаттарының есебін жетілдіру...........................29
Қорытынды..........................................................................31
Қолданылған әдебиеттер.......................................................33
Қосымшалар.........................................................................34
Кассаға ақша
кірістелген кезде 1010 - "Кассадағы
теңгемен ақша қаражаты" шоты дебеттеліп,
мына төмендегі шоттары
1040 - "Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты" шоты— кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға;
1250 - "Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі" қызметкерлердің есебіндегі сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар, талан-таражға түскен сомалар және т.б. бойынша кассаға өткізілген қарыздар;
6010 - "Өнімдерді
сатудан және қызмет
Кассадан ақша берілген кезде 1010-шоты кредиттеледі және мына төмендегі шоттары дебеттеледі:
3350 - "Еңбекақы
төлеу бойынша қысқа мерзімді
берешек" шоты — кәсіпорын
қызметкерлеріне берілген
1250 - "Қызметкерлердің
қысқа мерзімді дебиторлық
1060 - "Депозиттік
банктік шоттардағы ақша
"Кассадағы
валютамен ақша қаражаты" есебі.
Шетел валютасымен есеп
Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.
Валюта түскен кезде 1020-шоты дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:
1050 - "Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты" шоты — валюта шотынан валюта түскен кезде;
1210 - "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі" шоты — кассаға алынған валюта түсімінің сомасына;
6250 - "Бағамдық
айырмадан түсетін кіріс" шоты
— тиісті шетел валюталарына
қатысты теңге бағамының
1250 - "Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі" шоты — есеп беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.
Валюта кассасынан валюта берген кезде — 1020-шот кредиттеледі және мына төмендегі шоттар дебеттеледі:
1250 - "Қызметкерлердің
қысқа мерзімді дебиторлық
1050 - "Ағымдағы
банктік шоттардағы валютамен
ақша қаражаты" шоты — валюта
шотына өткізілген валюта
7430 - "Бағамдық айырма бойынша шығыстар" шоты - тиісті валюталарға қатысты теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары сомасына.
Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі. Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне байланысты олардан түсетін түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша қаражаттары бойынша түсетін, оларға оперативтік касса есебін жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте, сауда залында орналасады. №1034 6 тамызда шыққан Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, қолма-қол ақшамен есеп айырысатын барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің (әсіресе, сауда және қызмет көрсететін кәсіпорындар) Ережесі бекітілген. ТЖБКМ көмегімен есептеуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарын сатып алушыларға бақылаушы-кассалық машинаның чегін беруге міндетті, өйткені ол сатушы мен сатып алушының арасындағы алып-сату келісім-шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын қуаттайды. Кассалық аппараттарды міндетті түрде салық органдарында тіркеуден өткізеді. Оны тірекуден өткізу үшін келесідей құжаттарды ұсыну керек: арыз, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлігінің көшірмесі, БКМ (бақылаушы-кассалық машина) паспорты; қолма-қол ақшаны тіркейтін журналы т.б. Салық органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғанын және БКМ-ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-ның пайдалану мерзімі біткен соң, салық органына қайтарылады. БКМ қондырған кезде салық органының өкілетті инспекторы тыңшылықты жадында сақтайтын қондырғыға пароль енгізеді. Пароль шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеуден өткен салық органдарында сақталады.
Ақша операциялық шотқа түскен кезде 1011 "Операциялық кассадағы қолма-қол ақша" аралық шоты дебеттеледі және мына шоттар кредиттеледі:
6010 - "Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс" шоты -кассаға алынған түсімнің сомасына;
1210 - "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешекі" шоты - сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің кассаға алынған сомаға.
Кәсіпорын кассасына түскен түсімді өткізгенде - 1010 шоты дебеттеледі де, ал 1011 шотының "Операциялық кассадағы қолма-қол ақша" субшоты кредиттеледі.
4.2. Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарының есебі.
Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарт келесі мәліметтерден тұрады: (жақтардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі; басшының көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімді жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін: клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты (жеке тұлғаның үлгісі де); аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылады.
Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.
Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражатының фактісі анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ, қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ, бұл жағдай келісім-шартта қарастырылғаны жөн.
Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру (жеткізу) қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есеп шоттары бойынша операцияларды тоқтату (кірістерден басқа) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалынбауына (тосқауыл қою) немесе алуға тыйым салу құқығы бар уәкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банктегі есеп шоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді (қаулыларды) қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.
Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Казақстан Республикасының заңына сәйкес жарғылық капиталын төлегенін қуаттайтын кұжаттарды ұсынуы тиіс, ол үшін банк келісім-шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.
Ағымдағы және басқа да шоттарды рәсімдеу үшін банкте келесі құжаттар пайдаланылады.
Қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама (10-қосымша). Шот иесінің банктегі шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады; қабылданған ақшаға банк түбіртек береді және ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі.
Ағымдағы банктік шоты бойынша операциялардың есебі 1040 "Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты" шотында жүргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, екіншісі — бет есебі болып қалады.
Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің "көшірме үшін" мөрінің таңбасымен (оттискісімен) расталынады.
Көшірмелердегі әрбір түзету атқарушы мен бас бухгалтердің немесе оның орынбасарының қойған қолдарымен куәландырылуы және банк мөрінің таңбасымен бекітілуі тиіс. Көшірмелерге қоса тіркелінген құжаттарда көшірмеге қол қойған операцияны жүргізуші қызметкердің қолымен бірге штамп және осы кұжаттардың бет есебі бойынша келтірілген жазбалардың күні (датасы) көрсетілген календарлық штемпелі қойылуы тиіс. Көшірмелер бірінші немесе екінші болып қол қою құқығы бар адамдарға субъектінің келісімі бойынша бекітілген мерзімде беріледі. Көшірмелер субъектілерге пошта арқылы жіберілуін немесе банк клиенттері үшін қолайлы жерде орналастырылған абоненттік жәшік арқылы жіберілуі мүмкін.
Клиент өкілінің көшірмені алғаны жөнінде бет есепте немесе жеке карточкада қойған қолы болуы керек.
Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банктің қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 1040 - "Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты" шоты кредитінен 1280 - "Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шотының дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 1040-шоттың дебеті және 3390 - "Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шотының кредиті бойынша көрініс табады.
Заңды тұлға — шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде немесе заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам кезеңде ақша келіп түспеуіне байланысты банк шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.
Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін, субъект осы жөнінде он күндік мерзім ішінде шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама жасауы тиіс.
Есепшот жабылған кезде сондай-ақ, иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі өзгергенде — шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкке қайтаруы керек.
Ағымдағы банктік шот бойынша мынадай шаруашылық операциялар көрініс табады:
1010 - "Кассадағы теңгемен ақша қаражаты" шоты - кассадан келіп түскен түсім және депоненттелген еңбек ақы сомасы;
1210 - "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі" шоты — сатылған өнім, жұмыс пен қызмет төлемақысына;
4410 - "Алынған
ұзақ мерзімді аванстар", 3510 - "Алынған
қысқа мерзімді аванстар" шоттары
- сатып алушылар мен тапсырыс
берушілерден алынған
3310 - "Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шоты - лынған өндірістік қорлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылар мен мердігерлердің акцептелген шоттарының төлемақысына;
1010 - "Кассадағы
теңгемен ақша қаражаты" шоты
- еңбек ақыға, іс-сапарларға
2021 - "Акциялар", 2022 - "Облигациялар", 2023 - "Басқа да қаржылық инвестициялар" шоттары — сатылып алынған акциялар (қайта сату үшін), облигациялар, банктердегі депозит шоттарына салынған салымдарына;
1610 - "Берілген
қысқа мерзімді аванстар" шоты
— жабдықтаушылар мен
3010 - "Қысқа мерзімді банктік қарыз", 3020 - "Қысқа мерзімді алынған қарыз" шоттары — есеп айырысу шотынан өтелген банк несиелері мен заем қаражаттарының сомасына;
3130 - "Қосылған құн салығы", 3140 - "Акциздер" шоттары - салықтар бойынша бюджетке төлемдер төленгенде;
3110 - "Төлеуге
тиісті корпорациялық табыс
4.3. Ақша қаржысын, құнды қағаздарды және есеп берудің бланкілерін түгелдеу.
Кассаны түгелдеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма-қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес құнды қағаздар ретінде шығарылған басқа да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады. Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы қалдыққа қосылмайды; кассада осы кәсіпорынға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің мәлімдемесі қабылданбайды.
Информация о работе Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарын есепке алу