Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарын есепке алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 18:56, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысты жазу барысында көптеген қиыншылықтар кездесті. Солардың бірі ана тілімізде жазылған әдебиеттердің тапшылығы. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықаралық есеп стандарттарына толығанан көшуіне байланысты, бұрынғы Бас есеп жоспарының бухгалтерлік есеп шоттарынан халықаралық есеп шоттарына көшу көптеген қиыншылық туғызды.

Содержание работы

Кіріспе………………………………………………………………...….. 3
Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарының қозғаласы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі.... 4
Банктегі шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі........... 6
Ағымдағы банктік және арнайы шоттарда ақша қаражатының қозғалысын құжаттау.................................11
3.1.Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу...........................11
3.2.Чектермен есеп айырысу................................................12
3.3.Төлем-талап тапсырмалары арқылы есеп айырысу...........16
Ағымдағы банктік және арнайы шоттарда ақша қаражатының синтетикалық және талдау есебі.................19
4.1.Кассадағы теңгемен ақша қаражатының есебі.................19
4.2.Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен
ақша қаражаттарының есебі...........................................24
4.3.Ақша қаржысын, құнды қағаздарды және есеп берудің бланкілерін түгелдеу......................................................27
5.Ағымдағы банктік және арнайы шоттарда ақша қаражаттарының есебін жетілдіру...........................29
Қорытынды..........................................................................31
Қолданылған әдебиеттер.......................................................33
Қосымшалар.........................................................................34

Содержимое работы - 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 248.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

Тақырып: Ағымдағы банктік және арнайы  шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарын есепке алу.

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:

Ғылыми  жетекшісі:

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

 

        Кіріспе………………………………………………………………...….. 3

 

 

  1. Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарының қозғаласы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі.... 4
  2. Банктегі шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі........... 6
  3. Ағымдағы банктік және арнайы шоттарда ақша қаражатының қозғалысын құжаттау.................................11

3.1.Төлем тапсырмаларымен  есеп айырысу...........................11

  • 3.2.Чектермен есеп айырысу................................................12
  • 3.3.Төлем-талап тапсырмалары арқылы есеп айырысу...........16
    1. Ағымдағы банктік және арнайы шоттарда ақша қаражатының синтетикалық және талдау есебі.................19
    2. 4.1.Кассадағы теңгемен ақша қаражатының есебі.................19
    3. 4.2.Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен 
    4.          ақша қаражаттарының есебі...........................................24

    4.3.Ақша қаржысын, құнды қағаздарды және есеп берудің бланкілерін түгелдеу......................................................27

         5.Ағымдағы банктік және арнайы  шоттарда 

            ақша қаражаттарының есебін жетілдіру...........................29

     

     

     

    Қорытынды..........................................................................31

     

    Қолданылған әдебиеттер.......................................................33

     

    Қосымшалар.........................................................................34

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Кіріспе

     

    Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелерінің бірі – бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін халықаралық  стандарттар мен нормалар талаптарына  сәйкестендіру. Ол, әрине, халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.

    Бүгінде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең басты  орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.

    Бұл курстық  жұмыстың басты мақсаты ұлттық валютада банктік шоттардағы және арнайы шоттардағы ақшаны  есепке алуды сипаттап, оның маңызы мен мақсатын ашып көрсету. Сонымен  қатар, ақша қаражаттарын халықаралық қаржылық есеп стандарттары бойынша есепке алудың ерекшеліктерін көрсету.

    Курстық жұмысты  жазу барысында көптеген қиыншылықтар кездесті. Солардың бірі ана тілімізде  жазылған әдебиеттердің тапшылығы. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықаралық есеп стандарттарына толығанан көшуіне байланысты, бұрынғы Бас есеп жоспарының бухгалтерлік есеп шоттарынан халықаралық есеп шоттарына көшу көптеген қиыншылық туғызды. Осы жұмыста пайдаланылған әдебиеттердің ішінде Радостовец В.К., Міржақыпова С.Т., Нурғалиева Р.Н., Күйімжанов Қ.К., Мырзалиев Б.С. оқу құралдары мен халықаралық қаржылық есеп стандарты үлкен көмек болды. Сонымен қатар Қарағанды экономикалық университетінің бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының оқытушылары ұжымының   «Бухгалтерлік есеп принциптері», «Бухгалтерлік есеп принциптері 2», «Басқарушылық есеп», «Негізгі құралдың бухгалтерлік есебі» оқу-тәжірибелік құралдары қолданылды.

     

    1. Ағымдағы банктік және арнайы  шоттардағы ақша қаражатының  қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі.

     

    Барлық кәсіпкерлер  мен ұйымдар өзінің ақшасын тиісті банк мекемелерінде сақтайды және келесідей міндеттемелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асырады:

      • осы банк мекемелері  арқылы аударымдар жасаумен есеп айырысу тәртібінде;
      • Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік құжаттарымен белгіленген жағдайлар мен шектерінде қол ақшамен есеп айырысу арқылы.

    Қол ақшаларды  сақтау және есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін кәсіпкерлер мен ұйымдар  Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде келесідей шоттар ашулары мүмкін:

        • шаруашылық есеп айырысудан тұратын дербес балансқа ие, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлғалар есеп айырысу шоттарын;
        • жергілікті бюджетке қарайтын мекемелерге, олардың  бюджеттен тыс қаржылары бойынша бюджеттік мекемелерге, өндірістік  және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға – ағымдық шоттар;
        • Қазақстан Республикасы бюджетінде тұратын мекемелерге – бюджеттік  шоттар;
        • Ұлттық банк мекемелеріндегі және корреспонденциялық келісімдер негізінде бір-біріне есеп айырысу ережелеріне сәйкес, екінші деңгейдегі банктерге – корреспонденциялық шоттар;
        • сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын және өнімдерді валютаға өткізетін ұйымдарға валюталық шоттар;
        • арнайы мақсаттарға пайдаланатын қол ақшаларды айрықша сақтайтын ұйымдар мен мекемелерге арнайы шоттар ашылады.

    Қазақстан Республикасында  валюталық – несие қатынасы, сондай-ақ Қазақстан теңгесі мен шетел  валютасын Қазақстан ұйымдарының қолдану саласы мен тәртібі бірқатар заң актілерімен  және нұсқаулық материалдармен реттеледі.

    Қол ақшаның  есебін жүргізу міндеттері «Бухгалтерлік  есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» ҚР заңына сәйкес келесідей  түрде құрылуы тиіс:

    • ұйымды, сондай-ақ өзге мүдделі тұлғаларды қолдағы ақшамен оның қозғалысы туралы толық және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету;
    • мемлекеттік органдарды, кәсіпкерлер мен ұйымдардың ақша, есеп айырысу және валюталық операцияларды жүзеге асыруы кезінде Қазақстан Республикасы Заңдарын сақтауын бақылау үшін қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    2. Банктегі шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі.

     

    Кәсіпорындардың банктердегі арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі 1070 "Арнайы шоттардағы ақша қаражаты" деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:

    1071 "Аккредитивтегі ақша қаражаттары" шоты. Бұл шотта аккредитивтегі ақша қаржыларының қозғалысы есепке алынады. Аккредитив — клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк (банк-эмитент) жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.

    Аккредитивтің келесі түрлері ашылады: жабылатын (депоненттелген); қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.

    Жабылатын (депоненттелген) аккредитивті ашқан кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең ақша сомасын (жабылатын) оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы акцияны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.

    Қайтарып  алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын-ала келіспей-ақ (мысалға, келісім-шартта қаралған жағдайды сақтамаған жағдайда) жоюы немесе өзгертуі мүмкін. Қайтарып алынатын аккредитив жағдайында барлық билікті өзгерту туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.

    Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.

    Бенефициар  аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.

    Дәлелденген аккредитив — бұл банк-эмитент  болып саналмайтын басқа орындаушы  банктердің қосымша кеплідігі бар  болса ғана жүзеге асатын аккредитив.

    Трансферабельдік (аударма) аккредитив - бұл бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.

    Аккредитив  тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арналуы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу тәртібі және оның мерзімі бенефициар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша каржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет.

    Аккредитивтің қандай түрге жататындығы анық болуы  керек, яғни қайтарып алынатын ба, жоқ  әлде қайтарып алынбайтын ба? Егер де бұндай белгілері анық болмаса, онда ондай  аккредитивтер қайтарып алынбайтын болып саналады. Сондай-ақ аккредитивтің  пайдалану тәсілі де анық болғаны жөн: ұсынған азаматта төленетін немесе бөліп-бөліп төлеуге болатын және аудармалы вексельді акцептеу немесе негоциациялау үшін пайдаланатын болып бөлінеді.

    Аккредитив  бойынша қаржы алу үшін бенефициар тауарларды тиеген соң, тауарлардың  тиелгені жөнінде және басқа да аккредитивтің шарттарында көзделген құжаттарды қызмет етуші банк мекемесіне ұсынады. Аккредитив бойынша төлемді растайтын құжаттар жабдықтаушы арқылы банкке аккредитивтің мерзімі өткенге дейін ұсынылуы және аккредитивтің барлық шарттарының орындалғанын айғақтауы керек. Осы шарттардың біреуі бұзылған жағдайда аккредитив бойынша төлеу жүзеге асырылмайды.

    Бенефициар  банкісі аккредитив бойынша қаржының дұрыс пайдаланылуын бақылайды, сол үшін аккредитив беруші оған аккредитив сомасынан белгіленген көлемде делдалдық ақша төлейді. Аккредитив ұсынылған тапсырыста делдалдық ақшаның сомасы жеке көрсетіледі.

    Бенефициар  банкісі (атқарушы банк) аккредитивті төлеу кезінде жабдықтаушының аккредитив бойынша барлық шарттарын сақтағанын тексереді, сондай-ақ шоттар тізбесінің дұрыс рәсімделгенін, ондағы бенефициардың қолы мен мөрінің белгіленген үлгіге сай болуын тексеруге міндетті.

    Егер аккредитивтің  шарттарында уәкілетті сатып  алушының келісімі көзделген болса, онда акцептік жазбаның бар болуы  және уәкілдің қолының ұсынылған үлгіге сәйкестігі тексеріледі.

    Сатып алушының уәкілі жабдықтаушыдан тауарды қабылдап алар кезде шот тізбесінде тауардың тиелген күні, тауарлы-көлік құжаттарының нөмірі, тауарды байланыс мекемелері арқылы жөнелткен жағдайда пошта квитанциясының нөмірі, қабылдау, қабылдау-өткізу құжаттарының нөмірі немесе толтырылған күні және тауар жөнелтілген көліктің түрі көрсетілмесе, шот-тізбесін төлеуге беруге болмайды. Жабдықтаушы арқылы банкіге реестрдің (шот-тізбесінің) үш данасы ұсынылады, олардың ішінен бір данасы мемориалды ордер ретінде пайдаланылады, үшінші данасы шот-тізбесінің қабылданғанын білдіретін қолхат ретінде жабдықтаушыға беріледі де, ал екінші данасы тауарлы-көлік құжаттарының хаттамасымен және банкінің белгісімен жабдықтаушыға тапсыру үшін банк-эмитентке жіберіледі. Аккредитивті қолма-қол ақша түрінде төлеуге рұқсат етілмейді. Егер аккредитивтің шарттарымен уәкілетті сатып алушының акцепті көзделген болса, онда аталған тұлғалар атқарушы банкіге келесі құжаттарды: төлқұжат немесе оны алмастыратын құжат; банкіде жоқ болған жағдайда өз қолының үлгісін (қолдың үлгілері карточкасының бланкісіне толтырылады); іс-сапар куәлігі немесе аккредитив ашқан ұйым берген сенімхатын ұсынуға міндетті.

    Аккредитив  есебінен төлеу үшін акцептелінген шоттар тізбесінде (реестрінде) немесе тауарлы-көлік құжаттарында (накладнойында) уәкілеттік берілген тұлға акцепт жөнінде жазбаны береді.

    Аккредитивтің мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға  қызмет көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде атқарушы банк банк-эмитентті хабардар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкте пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылған аккредитивтің сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кемітіледі. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде банк-эмитентке хабарлама жіберіледі.

    Банктің кінәсінен  жіберілген кемшіліктерден басқа барлық бенефициарға түскен шағым банктің  қатысуынсыз тараптардың өз арасында қаралады.

    Егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса, 3010 "Қысқа мерзімді банк қарыздары" шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған  болса, 1040 "Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты" шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1040, 3010) кредиттеледі де, 1070 "Арнайы шоттардағы ақша қаражаттары" шоты дебеттеледі. Жабдықтаушылар шотын төлеу 1070 шоттың кредиті бойынша және 3310 "Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шотының дебеті бойынша көрсетіледі; пайдаланылмаған аккредитивті тұтастай немесе бөлшектей кері қайтару 1040, 1050, 1051, 3010 шоттарының дебеттерінде және 1070 шоттың кредитінде көрсетіледі.

    Информация о работе Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарын есепке алу