Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарын есепке алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 18:56, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысты жазу барысында көптеген қиыншылықтар кездесті. Солардың бірі ана тілімізде жазылған әдебиеттердің тапшылығы. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықаралық есеп стандарттарына толығанан көшуіне байланысты, бұрынғы Бас есеп жоспарының бухгалтерлік есеп шоттарынан халықаралық есеп шоттарына көшу көптеген қиыншылық туғызды.

Содержание работы

Кіріспе………………………………………………………………...….. 3
Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарының қозғаласы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі.... 4
Банктегі шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі........... 6
Ағымдағы банктік және арнайы шоттарда ақша қаражатының қозғалысын құжаттау.................................11
3.1.Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу...........................11
3.2.Чектермен есеп айырысу................................................12
3.3.Төлем-талап тапсырмалары арқылы есеп айырысу...........16
Ағымдағы банктік және арнайы шоттарда ақша қаражатының синтетикалық және талдау есебі.................19
4.1.Кассадағы теңгемен ақша қаражатының есебі.................19
4.2.Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен
ақша қаражаттарының есебі...........................................24
4.3.Ақша қаржысын, құнды қағаздарды және есеп берудің бланкілерін түгелдеу......................................................27
5.Ағымдағы банктік және арнайы шоттарда ақша қаражаттарының есебін жетілдіру...........................29
Қорытынды..........................................................................31
Қолданылған әдебиеттер.......................................................33
Қосымшалар.........................................................................34

Содержимое работы - 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 248.00 Кб (Скачать файл)

Банктерге комиссиондық төлемдері төленген кезде 7210 шоты дебеттеледі  де, 1040 шоты кредиттеледі.

1072 "Чек кітапшаларындағы ақша қаражаттары" шоты бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады. Чек — бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.

Чек кітапшасы  бойынша депоненттелген сомасы берілген кезде 1072 дебеттеліп, 1050, 1051, 1040, 3010 шоттары кредиттеледі.

Кітапшалардағы  чектерге төлем жасалуы үшін чектер чек ұстаушылар арқылы банкке чек  реестрімен ұсынылады. Чек кітапшаларын есеп беруге жабдықтаушыларға (экспедиторларға) және басқа тұлғаларға беру кезінде 2940 "Өзге ұзақ мерзімдегі активтер" шотының, "Өздеріне берілген чек кітапшалары бойынша есеп беретін тұлғалар" деп аталатын аналитикалық шоты дебеттеліп, 4240 "Өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері" шотының  «чек кітапшалары бойынша есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу" деп аталатын аналитикалық шоты кредиттеледі. Төленген чектердің сомасына 4240 шоты дебеттеліп, 1072 шоты кредиттеледі.

1073  "Банктердегі арнайы шоттардағы қолма-қол қаражат" шотында айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджетпен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар. 1074 "Басқа да" шотында субъектінің құрамына кіретін филиалдардың, құрылымдық бірліктердің ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс-сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.

Шотты ашу  үшін міндетті түрде өтініш толтырылады. Оның нұсқасы төменде келтірілген (2-қосымша).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Ағымдағы банктік және арнайы  шоттарда ақша қаражатының қозғалысын  құжаттау.

 

  3.1. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу.

 

Төлем тапсырмалары, онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге кызмет көрсететін банк - алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы - материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.

Төлем жасаушы  банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі  төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға  қоса төлем жасаушы банктің талап  етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.

Төлем тапсырмасын  толтыру кезінде келесі реквизиттер (көрсеткіштер) көрсетіледі (3-қосымша):

  • төлем тапсырмасының нөмірі;
  • төлем тапсырмасының жазылған күні;
  • жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК)
  • жіберуші мен бенефициардың банк шоттарының нөмірі;
  • бенефициардың коды (БК немесе КБЕ) және жіберушілердің коды (ЖК иемесе КОД) — бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі — резиденттік белгісін, ал екіншісі — экономиканың секторын көрсетеді.

Бенефициар  — аудару жасалған кезде ақша қаражатын  алушы.

Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға  рұқсат етілмейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.

Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқаулар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.

Мерзімінен бұрын немесе мерзімі  кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.

Субъектілер жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына: жалақы төлеуге арналған банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ, егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.

 

3.2. Чектермен есеп айырысу.

 

Чек беру - төлемді  жүзеге асырудың бір тәсілі болып  табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да, аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі — депозиттермен қамтылған, ал екіншісі — қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банк белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол кою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан "бүлінген" деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы койылады.

Чекті чек  ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.

Банк чек  берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті  қабылдамауына болады, егер де мынадай  жағдайлары анықталса:

  • егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
  • чектің мерзімі өтіп кетсе;
  • төлем кұжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса (немесе түзетулер бар болса);
  • чек әр түрлі қолмен және әр түрлі сиямен жазылған болса;
  • чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек);

-чекте көрсетілген  реквизиттер қате болса;

-чектегі қойылған  қолда үлгі ретінде қабылданған  құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;

  • чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
  • чектің басқа да дефектілері бар болса.

Дефектісі бар  чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып  қайтарылады. Чектердің дефектілері  табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі  бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:

біріншісі —  банкте қалады;

екіншісі  — көшірмесімен бірге ішкі істер  органдарына беріледі;

үшіншісі  — Клирингтік палатаға беріледі;

төртіншісі— чекті беруші банкке беріледі.

Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.

  Вексельдер арқылы есеп айырысу.

Вексель — біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келеді.

Жай вексель (соло-вексель) — талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады.

Аударма вексель (тратта) — вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтындығы туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша "бұйрыққа" ұқсас болып келеді

(4-қосымша).

Төлем құжаттары келесі реквизиттерден (көрсеткіштерден) тұрады:


  • төлем құжатының нөмірі және жазылған күні, айы, жылы;
  • операцияны жасаған ұйымның толық атауы (коды) және эквайер;
  • карточка төлемінің реквизиті;
  • төлем сомасы;
  • төлем валютасы.

Төлем құжаттары (слип) төлем карточкаларын ұстаушылардың  қолынсыз-ақ жасалуы мүмкін, ол кезде  олар электрондық құжаттарын негізге  алады. Төлем құжаттарын жөндеуге, өшіруге  рұқсат етілмейді.

Сауда чегі - төлем карточкасын жүзеге асыру кезінде жасалады, яғни төлем жасалып біткен соң, карточканы ұстаушыға беріледі (слиппен де, слипсыз да) және келесі міндетті реквизиттерден тұрады:

  • құжат нөмірі және оның жазылған күні, айы және жылы;
  • операцияны жүзеге асырушы ұйымның атауы (коды, идентификаторы);
  • төлем сомасы; 
  • төлем валютасы;
  • төлем карточкаларының реквизиттері.

Енді біз  төлем карточкасын әртүрлі жағдайда пайдаланған кезде болатын шоттар корреспонденциясын мысал ретінде  келтірейік.

1-Мысал: Кәсіпорын өзі халықаралық корпоративтік карточкасын шығару мен қолдану үшін банкімен келісім-шартқа отырған. Кәсіпорын сол келісім-шарттың негізінде бірыңғай шот-картасын ашып, сонымен қоса ондаған еңбеккерлеріне іс сапарымен, офисімен, үстеме шығыстарымен есеп айырысу үшін таратып берген. Шот-картасы шетелдік валютада ашылған және ол АҚШ долларымен есептелінеді. Шот-картасына орналастырылған ақша қаражаты 1072 шотының дебетінде көрініс табады. Демек, олардың келіп түскен кезінде: 1072 шоты дебеттеліп және 1040, 1050 шоттары кредиттеледі.

Төлем карточкалары арқылы жұмсалған ақша қаражаттары 1072 шоттың кредитінен мына шоттардың дебетіне жазылады:

  • 1250 – қолма-қол ақшаны іс-сапар мен шаруашылық шығыстарына, авиа, темір жол билеттерін сатып алуға арналған кезде;
  • 7210, 7110, 8048 - корпоративтік картаның көмегімен орындалған жұмысқа, көрсеткен қызметке, қонақ үйде тұрғанына төлеген кезде;
  • 7210 - банкінің комиссиондық төлемдерін төлеген кезде;
  • 1310, 1311, 1330 т.б. - карточка арқылы алынған тауарлы-материалдық құндылықтарды төлеген кезде.

Ай соңында барлық карточка ұстаушылары бойынша банк төлемдерінің көшірмесі беріледі.

Төлем карточкасының  көмегімен төленген іс-сапарының  шығыстары алғашқы құжат мәліметтері  бойынша (шоттары, тауар чектері, накладнойы бойынша), оның валюталық трансакциясы (валютамен жасалған операциялар) Ұлттық банкісінің белгілеген бағамы бойынша анықталады. Осыдан бір күнгі екі түрлі валютаның айырмасын табамыз.

Келтірілген мысалдан байқағанымыз, жеке тұлғалардың  көрсеткен қызметі, орындалған жұмысы, сатылған ТМҚ-лары төлем карточкаларының көмегімен жүзеге асқан, оның сомасы есеп беретін тұлғаға берілгендей етіп рәсімделмейді, тек есеп айырысу операциясы ғана жүргізіледі, өйткені олар нақты ақшаны алған жоқ. Бірақ, ТМҚ кірістеу немесе есептен шығару үшін бухгалтерияға келесі құжаттарды міндетті түрде тапсырады:

- қаражаттың пайдаланған фактісін растайтын құжаттар (смета, накладной, чек тауары);

- төлем карточкасының пайдаланған фактісін растайтын құжаттар (чектер, слиптер).

Төлем карточкадан  қолма-қол ақшаны алған кезде  есеп беретін адамға ақша қаражатын берген сияқты рәсімделеді, операциялар одан әрі қарай жалпы қабылданған тәртіп бойынша көрініс табады.

2-Мысал: Қолма-қол ақшаны және оны есептеумен байланысты уақытын және басқа да шығындарын қысқарту мақсатында кәсіпорын еңбеккерлердің еңбек ақысын төлем карточкасында төлеуді ұйғарған.

Информация о работе Ағымдағы банктік және арнайы шоттардағы теңгемен ақша қаражаттарын есепке алу