Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 22:19, курсовая работа
Менеджменттің әдіснамалык аспектілерін теориялық тұрғыдан талдап, оның Қазақстан жағдайындағы даму жолдарын қарастыратын, сонымен қатар ғылыми практикалық және материалдық үлкен көмегі тиетін бұндай кітаптың студенттер мен оқытушыларға және казіргі заманғы басқару жүйесінің мәселелері қызықтыратын мамандарға аса пайдалылығы даусыз. Қазіргі менеджментке қатысты көтеріліп отырған мәселелер ауқымы алуан түрлілігімен және көп қырлылығымен ерекшеленеді. Алайда осы уақытқа дейін Қазақстан экономикасының ерекшелігін ескертетін менеджмент әдісі мүлде толық зерттелмей келеді. Сондықтан осы бағыттағы ізденістерді экономиканың нарықтық қатынастарға көшу кезеңінен бері қарай бірнеше жыл бойы жүргізіп келеміз.
КІРІСПЕ
І. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Менеджменттегі жүйелі ықпал
1.2 Әлемнің дамыған елдерінде менеджментке қазіргі көзқарас
II. ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Электр жабдықтарының өндірістік қуатын есептеу.
2.2 Электр жабдықтырдың капитал шығынын анықтау
2.3 Еңбек пен еңбек ақы қорын есептеу
2.4 Қызметкерлердің саның анықтау
2.5 Жинақтау бөлімшесінің қызметкерлерінің еңбек ақы қорын есептеу
2.6 Өнімнің өзіндік құнын есептеу
2.7 Жабдықтарды пайдалану және үстап түрудағы шығындар
2.8 Жобаланатын электр жабдықтардың экономикалық тиімділігі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ
БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Менеджменттегі жүйелі ықпал
1.2
Әлемнің дамыған елдерінде
II. ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ
2.1
Электр жабдықтарының
2.2 Электр жабдықтырдың капитал шығынын анықтау
2.3 Еңбек пен еңбек ақы қорын есептеу
2.4 Қызметкерлердің саның анықтау
2.5
Жинақтау бөлімшесінің
2.6 Өнімнің өзіндік құнын есептеу
2.7
Жабдықтарды пайдалану және
2.8
Жобаланатын электр
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрлары дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты дайындау мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс. Нарық жағдайында түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде бұл проблема үлкен мәнге ие болады. Өткір бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның өміршендігін камтамасыз ету үшін фирманы «дәстүрлі түрде» емес, жаңаша басқарып үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара білу керек. Бұның өзі нарықтың конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер көзінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда жетекшілік етуді казіргі заман талаптары деңгейінде жүзеге асыра алатын жаңа типті басшы — менеджерлерді дайындауды талап етеді.
Менеджер қызметінің мақсаты — өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны еңгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және т. б. көздеген мақсаттарға жету жолында «Менеджмент негіздері» курсын оқыту ісі де игі ықпал етеді. Ұлттық оқулықтар мен оқу құралдарының жетіспеушілігі баршаға аян. Демек, менеджмент бойынша басылып шыққан әдебиеттердің қандайы болмасын зәрулігін жоймақ емес.
Менеджменттің
әдіснамалык аспектілерін теориялық тұрғыдан
талдап, оның Қазақстан жағдайындағы даму
жолдарын қарастыратын, сонымен қатар
ғылыми практикалық және материалдық
үлкен көмегі тиетін бұндай кітаптың студенттер
мен оқытушыларға және казіргі заманғы
басқару жүйесінің мәселелері қызықтыратын
мамандарға аса пайдалылығы даусыз. Қазіргі
менеджментке қатысты көтеріліп отырған
мәселелер ауқымы алуан түрлілігімен
және көп қырлылығымен ерекшеленеді. Алайда
осы уақытқа дейін Қазақстан экономикасының
ерекшелігін ескертетін менеджмент әдісі
мүлде толық зерттелмей келеді. Сондықтан
осы бағыттағы ізденістерді экономиканың
нарықтық қатынастарға көшу кезеңінен
бері қарай бірнеше жыл бойы жүргізіп
келеміз.
І.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ
БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Менеджменттегі жүйелі ықпал .
Жүйені кез келген типке қолдану — біршама шартты, абстракты ұғым. Философиялық жүйелер, сандар жүйесі, байланыс жүйелері, білім беру жүйелері дегендер болады.
Жүйелердің біреуі физикалық - техникалық мәндердегі концециялардың өзіңдік үйлесімі болып саналады. Адам денесінің жеке органы да, жеке адамның өзі де, жеке машина немесе машина кешені де яғни кейбір міндетерді шешетін кез-келген нәрсе жүйе бола алады. Тұтас әлемнің өзі жүйе, ал оның өзі көптеген үлкен және шағын жүйелерден тұрады.
Жүйелік — табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып саналады. Коғам әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс істейді. К Маркс осы тарапында жазып, қоғам тұтастай жүйе ретінде дамиды деп атап көрсетті. Табиғи байланысқан осы жүйенін өзі тұтастай жиынтық түрінде өзінің алғы шарты болады, әрі оның мақсатты дамуы қоғамның барлық элементтерін өзіне бағындыруға немесе одан оның жетіспейтін органдарын құруға бағытталады. Ағылшын тілінің «Оксфорд сөздігінде» жүйеге былайша анықтама береді: «Жүйе дегеніміз қүрделі бірлікті құрайтын бір-бірімен байланысты немесе өзара байланысты бъектілердің жиынтығы немесе комплекс, белгілі бір схемаға немесе жоспарға сәйкес реттеліп орналасқан бірнеше бөлімнен тұратын тұтастық». Ағылшын тіліндегі бұл сөздікке «Рэңдом-фоус» фирмасы жүйеге мынадай қосымша анықтама береді: «...белгілі бір саладағы білімнің немесе ойдын реттелген және көлемді фактілердің, принциптердің, т.б. жиынтығы».
Жүйе дегеніміз тұтастай құрылымды құрайтын, жаңа қасиетке ие болатын өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы. Жүйедегі объектілерді соның элементтері деп атайды. Белгілі бір шамада дербес жұмыс істейтін және де жүйедегі басқа да дербес жұмыс істейтін бөлімдермен шамалы ғана байланысы бар жүйедегі элементтер жиынтығын жүйе тармақтары деп атайды.
Әлеуметтік-экономикалық жүйе ең күрделі, динамикалы (өсідкілі) дамитын әрі өзі басқаратын жүйе саласына жатады. Басқа кез келген жүйе секілді, әлеуметтік-экономикалық жүйеге негізгі касиеттері мен белтілері тән, ал мұның өзі олардың қалыптасуы, жұмыс істеуі, әрі дамуы үшін айрықша маңызы бар.
Жүйенің негізгі екі типі болады: жабық және ашық, Жабық жүйенің белгіленген нақты шекарасы болады, онын іс-әрекеті қоршаған орта жүйесіне біршама тәуелсіз. Мәселен, кәдімгі сағат — жабық жүйе. Оны бұрағанда тетіктері тоқтаусыз, әрі дәл жүретін болады. Сағатта жиналған энергия көзі болған кезде, оның жүйесі коршаған ортаға тәуелсіз.
Ашық жүйенің ерекшелігі сыртқы ортамен тығыз байланыстылығында. Энергия, мәліметтер, материалдар — бұл жүйе шекарасы арқылы сыртқы ортадан енетін объектілер. Мұндай жүйе өзін өзі қамтамасыз ете алмайды, оның өмір сүруі сырттан келетін энергияға, мәліметтерге және материалдарға тәуелді. Сонымен қоса, ашық жүйенін сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделгіш кабілеті бар және де мұның өзі жүйенің одан әрі жұмыс істеуі үшін қажет.
Басшылар
негізінен ашық жүйемен жұмыс
істейді, өйткені барлық ұйымдар
ашық жүйеге жатады. Адамдардын ұйымының
өмір сүруі сыртқы әлемге тәуелді. Төменде
ұйымың ашық жүйе ретіндегі бейнесі келтірілген.
Төменде | Ұйым - ашық жүйе | |
Ену | Түрлену | Шығу |
Мәліметтер, материалдар капитал еңбек ресурстары | Енген обьектіні | Өнім немесе
қызмет пайда (банкте).
Әлеуметтік жауапкершілік нарықтағы (базар) үлесі өсім Қызметкерлердің қанағаттануы |
Ұйым сыртқы ортадан мәліметтер, капитал, адам ресурстары мен материалдар алады. Бұл компоненттер кіруші деп аталады. Түрлендіру процесінде ұйым осы енетін компоненттерді өңдеп, оларды өнімге немесе қызмет көрсету үшін түрлеңдіреді. Бұл өнімдер мен қызметтер ұйымнан сыртқы ортаға шығатын компоненттер болып саналады.
Менеджменттің сыртқы ортасы. Басқарушы кәсіпорынның сыртқы ортамен тығыз байланыс жасауына тура келеді. Басқарушы әр жолы жоспар белгілеген кезде ол ұйымның тыс жерлердегі қоғам мүшесінің қажеті мен тілегін, сондай-ақ шикізат пен адам ресурстарына, технологияға және сыртқы ортаға байланысты басқа да сұраныстарын ескереді.
Барлық басқарушылар қандай жұмыста болмасын сыртқы элементтерге мұқият көңіл бөліп, зер салуы тиіс.
Г.Кунц пен СО.Доннел «Басқару: басқару жұмысындағы жүйелік ықпал және жағдайды талдау» деген кітабында былай деп жазады: «Кәсіпорынның барлық түріне сыртқы орта секторлары экономикалық, технологиялық әлеуметтік, саяси және этикалық тұрғыда ықпал етеді». Іс жүзіне келгенде сыртқы ортаның барлық жағдайлары бірін-бірі толықтыруы, әрі өзара әрекеттесуі мүмкін.
Кез келген ұйымдасқан кәсіпорын жүйе ретінде алуан түрлі жоспарды сыртқы экономикалық ортаға шығаруы және одан кез келген өнімді немесе қызметті алуы, сөйтіп, сыртқы экономикалық ортамен белсенді қатынас орнатуы мүмкін.
Сыртқы экономикалық орта. Сыртқы экономикалық орта элементтеріне жататыны:
— капитал, машиналар, ғимараттар, тауар қорлары, кеңсе жабдықтары, әр түрлі аспаптар, сондай-ақ қолда бар ақша;
— жұмысшы күші. Қойылған мақсатқа жету, міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мамандықтағы жұмысшы күшімен қамтамасыз ету. Адамдарсыз күрделі технологияны, капиталды және технология материалдарын тиімді пайдалану мүмкін емес;
— баға деңгейі. Мәселен инфляция (ақшаның құнсыздануы) коммерциялық кәсіпорындардың қалыпты қызметін бұзып қана қоймай, еңбек өнімділігін де кемітеді. АҚШ-та барлық ұйым түрлеріне ықпал етудің басты факторы — еңбек өнімділігі болды. Олар көптеген жылдар бойы еңбек өнімділігін арттыру арқылы дүние жүзілік нарық бәсекелесіне ойдағыдай қатысып келеді. Әсіресе, мұның өзі ауыл шарушылығында өте жоғары деңгейде;
— жоғары білікті кәсіпкерлер мен әкімдердің болуы өте жоғары бағаланады. Фирма ішінде жоғары білікті менеджерлерді тарту және қабілетті басшыларды баулу өте маңызды проблема.
Үкіметтін қаржы және салық саясаты сыртқы экономикалық ортаның маңызды элементі. Үкіметтің колда бар кредитті қаржы саясаты арқылы жүзеге асыруы іскер әлемге едәуір дәрежеде ықпал етеді, сонымен қоса оның ықпалы көпшілік іскерлік операцияларға да әсер етеді. Үкіметтің салық саясаты қоғамның барлық тұстарын қамтиды, сондықтанда мұны барлық ұйым басшылары ескеруіне тура келеді. Салық салу деңгейі үкімет шығындарына тікелей байланысты.
— сатып алушылар. Тұтынушыларды тарта білу үшін кәсіпорын адамдар нені қалайтынын және алғысы келетіндігін біліп отыруы тиіс. Бизнес мақсаты - сатып алушыларды қызықтыра білу. Ұйымның өмір сүруі де, олардың жұмысының нәтижелі, табысты болуы да, тұтынушыларды таба білуіне, солардың сұранысын қанағаттандыруына байланысты.
Саяси орта, әдетте, саяси және үкімет басшылары мен заң көзқарасы мен әрекетінің орталығы болғандықтан, мұның өзі әлеуметтік талап пен сенімнің бәсеңдеуі мен көтерілуіне қарай өзгеріп тұрады.
Басқарушылардың көзқарасы тұрғысынан қарағанда ең дұрысы саяси тұрақтылық. Іскер кәсіпорын басшысы өз ісін жалғастыруға мүмкіндік беретін кез келген саяси ортада өмір сүре алады. Алайда, егер олар үнемі өзгеріп тұратын, әрі тұрақсыз жағдайда өмір сүретіп болса, онда мұның өзі аумалы-төкпелі жағдайға ұшырасады.
Әрбір ұйымдағы әрбір басшыны түрліше заңдар, қаулылар әр алуан комиссиялар, ресми жарлықтар мен сот шешімдері шырмап алады. Осы құжаттардың кейбіреуі жұмысшылардың, тұтынушылардың және жақын маңдағы елді мекендердегі тұрғындардың мүддесін қорғауға арналған. Басқа құжаттардың міндеті - шарттардың міндетті түрде орындалуын және жеке меншік правосын қорғауды қамтамасыз ету. Көптеген құжаттар басқарушының және оның қарамағындағылардың кәсіпорындағы алуан түрлі іс-әрекеттерін реттеу мақсатында қабылданған. Кез келген ұйымдағы басқарушының барлық іс-әрекеті кез келген заңға немесе қаулыға қатысты, әрі олар көбінесе тікелей бақылап отырады. Барлық ұйымдағы, әсіресе, іскер және үкімет ұйымдарындағы басшылар әдетте шешім қабылдар алдында заң кеңесшілерімен ақылдасады.
Сыртқы этикалық орта. Әтикалық орта әлеуметтік ортанын құрамдас элементіне жатады да, практикада жалпы қабылданған және қолданылып жүрген жеке бастың жүріс-тұрыс стандарттары жиынтығынан тұрады. Кейде этикалық талаптар заңдарда нақты қарастырылады. Алайда этикалық нормалардың барлығы зандарда толық қарастырылмайды, қарастырылуы да мүмкін емес. Сонымен қоса, көптеген салаларда этикалық талаптардың да оның ғылыми негіздерінің де тұрақсыздығы, әрі жетілмегендігі соншалық оны заң жүзінде негіздеу мүмкін емес.
Қазіргі
кезде жалпы қабылданған және
қолданылып жүрген жеке бастың жүріс-тұрыс
нормаларының қажеттілігі ерекше сезіледі.
Мемлекет басшыларының саяси қайраткерлердің,
соттардың, профессорлардың, дін қызметкерлердің,
заңгерлердің, бухгалтерлердің, тіпті
қарапайым жұмысшылардың жүріс-тұрысы
туралы әңгіме болғанда мұның өзі ерекше
қажетті.
1.2
Әлемнің дамыған елдерінде менеджментке
қазіргі көзқарасы
АҚШ-тағы менеджмент ерекшеліктері. Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі, монополистік топтар арасындағы бәсеке күресінің қүрт шиеленісуі, ғылыми-техникалық прогрестің жоғары қарқыны басқаруды жетілдіру жұмысында ұйымдық проблемаларды бірінші орынға қойды. Техникалық тұрғыдан күрделі өнімдерді шығаратын американдық және жапондық ірі компанияларды салыстырмалы талдағанда, тек негізгі өндірісті автоматтандыруды инвестициялаудан (ұзақ мерзімді капитал жұмсаудан) гөрі, мамандықты арттыру мен ұйымдық-басқару құрылымдарын жетілдіруді инвестициялау анағұрлым тиімді болатындығын көрсетті.
Информация о работе Жобаланатын электр жабдықтардың экономикалық тиімділіг