Акцизді салықты жинау ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 14:34, курсовая работа

Краткое описание

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл –ауқаты, энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет.

Содержание работы

Кіріспе

I Қазақстанда салынатын салықтардың түрлері
1.1 Салықтардың сипаттамасы
1.2 Нарық экономикадағы акциздік салықтың мәні

II Акцизді салықты жинау ерекшеліктері
2.1 Салық салу объектісі

2.2 Акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы

2.3 Акцизделетін тауарлар экспортын растау

2. 4 Салық төлеушілердің құрылымдық бөлімшелері үшін акциз есептеу мен төлеу тәртібі. Акциз бойынша декларация жасау ережесі
2.5 Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет тізімі

Содержимое работы - 1 файл

акциз салиги.doc

— 187.50 Кб (Скачать файл)

Осы тармаққа сәйкес салық кезеңінде акцизделетін тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетін шикізат көлемі негізге алынып анықталған акциз сомасына шегерім жасалады.

Осы баптың ережелері акцизделетін алыс- беріс шикізаты мен материалдарынан дайындалған акцизделетін шикізат көлемі негізге алынып анықталған акциз сомасына шегерім жасалады.

Осы жерде акциз төлеу мерзімдерін айта кету жөн , егер  271 бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға акциз;

-         салық кезеңінің алғашқы он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың он үшінші күнінен

-         салық кезеңінің екінші он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшінші күннен

-         салық кезеңінің  қалған күндерінде жасалған операциялар бойынша есепті айдан кейінгі айдың үшінші күнінен кешіктірілмей бюджетке аударылуға тиіс.

Алыс- беріс шикізаты мен материалдарынан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға өнім берілген күні төленеді.

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген газ конденсатын қоса алғанда шикі мұнайды өнеркәсіптік ұқсатуға берген кезде ол берілген күні төленеді.

Акциз  төлеу, акциз төлеушінің тіркелген жері бойынша жүргізіледі.

Құрылымдық бөлімшелері бар акциз төлеушілер, егер олар Салық кодексінің 257 бабы 1-2 тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларды өндіруді және оларды құюды, бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын болса, кодекста көзделген тәртіппен құрылымдық бөлімшелердің орналасқан жері бойынша акциз төлейді.

 

 

2. 4 Салық төлеушілердің құрылымдық бөлімшелері үшін акциз есептеу мен төлеу тәртібі

 

Акциз төлеу тәртібі 272 баптың 2 тармағында көрсетілді акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелерді олардың орналасқан жері бойынша салық органдарында тіркеу есебіне қоюға және өзінің құрылымдық бөлімшелерін тіркеу есебіне қойғаны туралы өзі тіркелген жері бойынша салық органына хабарлауға міндетті.

Құрылымдық бөлімше үшін төленуге тиіс акциз сомасы әр құрылымдық бөлімше бойынша жасалған құрылымдық бөлімше жөніндегі акциз есебі негізінде анықталады. Акциз есебін құрылымдық бөлімшелер бойынша жасаған кезде акциз салынған және салық кезеңі ішінде құрылымдық бүлімшелер жүргізген операциялар ескеріледі.

Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелері үшін төлеуге тиіс акциз сомалары бойынша (есепті өзінің тіркелген жері бойынша салық органына және есептердің көшірмелерін алып тасталды) құрылымдық бөлімшенің тіркелген жері бойынша салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті. Алымдағы төлемдерді қоса алғанда, құрылымдық бөлімшелер үшін акциз төлеуді акциз төлеуші заңды тұлға тікелей өзінің есеп шотынан төлейді немесе ол құрылымдық бөлімшеге жүктеледі.Белгіленген тәртіп  аталған қызметті өз тіркелген орнынан тыс жерде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер акциз төлеген жағдайда да қолданылады. Жеке кәсіпкер, ағымдағы төлемдерді қоса алғанда, акциз төлеуді өзі қызметін жүзеге асыратын жері бойынша жүргізеді.

 

 

Акциз бойынша декларация жасау ережесі

 

Акциз бойынша декларацияны жасау туралы айта отырып, декларацияның жалпы ережелерін айта кету жөн.бұл Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шілдедегі Кодексіне әзірленді  және акцизделетін тауарлар бойынша акциз есептеу мен уақылы төлеуге арналған Акциз бойынша жасау тәртібін айқындайды.

    Декларация Декларацияның өзінен (400.00) –нысан)  және акцизбен салық салу объектілері туралы ақпаратты ашатын оған қосымшалардан  (400.01-400.11) нысандар) тұрады.

Декларация жасау кезінде қағаз түрінде қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысымен толтырылады

- электронды түрде Кодекстің 69- бабының 1 –тармағына толтырылады

Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді, +, % белгілері пайдаланылмайды. Көрсеткіштер болмаған  кезде тиісті торкөз толтырылмайды. Қосымшаларда көрсетілуге тиісті деректер болмаған жағдайда, көрсетілген қосымша берілмейді. Қосымшаның «Салық төлеуш» туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштеркөрсетілген. Соманың теріс мәні тиісті жолдың ( бағаның) сол жақтағы торкөзіндеә белгісімен белгіленеді.

Декларацияны беру кезінде

1.       Декларация қағаз түрінде келу тәртібінде жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады.

2.       салық төлеуші хабарламаны почта арқылы хъатпен қағаз түрінде почта немесе өзге ұйымы арқылы алады.

Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді

-         салық төлеушінің тіркелу нөмірі

-         ЭҚЖЖ коды. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет түрлерінің коды және олардың үлес салмағы көрсетіледі Үлес салмағы он үлеске дейін дөңгелектелген процентпен көрсетіледі.  Үлес салмағының есебі үшін №1 ӨН жылдық статистикалық есеп беру нысанының салық төлеуші көрсететін деректері болу қажет.

-         Мысалы, қызметінің негізгі түрі №1 ӨН 1 бөлімінің 100 жолында үй жайларды салу болып табылады.

 

Көрсеткіштер атауы

Жолдың коды

Есепті жыл үшін барлығы

Соның ішінде қызметтің түрлері бойынша

 

 

 

Үй- жайлар салу

Автомоб бөлшек сауда сату

Автомоб жалдау

 

 

 

 

45211 коды

50102 коды

71100 коды

 

Өндірілген өнім (тауарлар, қызмет көрсетулер) көлемі, мың теңге

100

250,00

150,000,0

50 000,0

35 000,0

 

 

 

 

Темекі өнімдеріне және басқа да құрамында темекі бар өнімдерге салық салынатын операциялар -400.03 нысан.

 

23.400.03- нысан басқа да құрамда темекі бар өнімдерді қоса алғанда, өз өндірісінің темекі өнімдері бойынша, сондай- ақ тәркілген және  мемлекетке мұрагерлік құқығы құқығы бойынша өткен иесіз және мемлекет меншігіне тегін берілген темекі өнімдерін өткізу бойынша есепті салық кезеңі ішінде жасалған салық салынатын операциялар туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

24 « Фильтрлі темекі өнімдері бойынша салық салынатын операциялар» бөлімі мынадай ақпарат көрсетуге арналған:

400.03. 001 жолында сатылған жеке өндірістің фильтрлі темекі өнімдерінің саны көрсетіледі

400.03.002 жолында жарғылық капиталға жарна ретінде жеке өндірістің фильтрлі темекі өнімдерігің саны көрсетілді

400.03.005 жолында өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп- жөнелтілген жеке өндірістің фильтрлі темекі өнімдерінің саны көрсетіледі

400.03.06 жолында  тәркілген  және мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен иесіз және мемлект меншігіне тегін берілген темекі өнімдерінің саны көрсетіледі.

 

2.5   Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу

 

Импортталатын акцизделетін тауарлардың салық базасы

1)Тұрлаулы акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттау кезінде салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі ретінде белгіленеді.

2)Адваторлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды импорттау кезінде салық салынатын база импортталатын акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалатын кедендік құны ретінде анықталады.

Импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төлеу мерзімдері

- Импортталатын тауарларға акциздер, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайлары қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарына кеден төлемдерін төлеу үшін белгіленген күні төленеді.

- Осы Кодекстің 549-бабына сәйкес таңбалануға тиісті импортталатын акцизделетін тауарларға акциздік алымы маркаларын алған күнге дейін немесе алған күні төленеді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған акцизделетін тауарларды іс жүзінде импорттауды жүзеге асыру кезінде акциз сомасы нақтылануға тиіс.

Акцизден босатылған акцизделетін тауарлардың импорты

-         Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларына акциз төленбейді.

- Төмендегі тізіп көрсетілген импортталатын тауарлар:

1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерінде халықтаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшін қажетті, сондай-ақ аварияны жою үшін шет елден сатып алынған акцизделетін тауарлар;

2) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізгенге дейін бүлінуі салдарынан бұйым және материал ретінде пайдалануға жарамсыз болып қалған тауарлар;

3) шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін , сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік – техникалық қызметкерлерінің, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, жеке пайдалануы үшін әкелінген және қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акцизден босатылған босатылатын тауарлар;

4) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін, «Еркін айналыс үшін тауарлар шығару» режимін қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгіленген кеден режимі шеңберінде акцизден босатылатын тауарлар;

5) сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелген, құрамыңда спирті бар медициналық мақсаттағы өнім акциз төлеуден босатылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, салықтардың ішінде акциздік салықтың мәні зор. Бүгінгі мемлекеттің бюджеттің

                    Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу кезінде салық салудан босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші тіркелген орны бойынша салық органына алпыс жұмыс күннің ішінде міндетті түрде мына құжаттарды

- экспортталған акцизделетін тауарларды беруге шартты (келісім-шарт)

- акцизделетін тауарларды экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері бар кедендік жүк декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшірмесін табыс етеді.

Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

Салық салудың айқындылығы принципі Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Бұл жерде салық салу объектілерін айту жөн

  Салық салу объектісі, мыналар:

1) акциз төлеушінің өзі жасап шығарған және өедірген және ыдысқа құйылған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:

- акцизделетін тауарларды өткізуі;

- акцизделетін тауарларды алыс-беріс шикізат пен материалдарды ұқсату өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;

- жарғылық капиталға жарнасы;

- заттай ақы төленген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы;

- тауар өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;

- тауар өндірушілердің жасап шығарған және өндірген және ыдысқа құйылған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы;

2) бензинді және дизель оынын көтерме саудада өткізу;

3) бензинді және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;

4) тәркіленген және иесі жоқ, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;

5) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруы;

6) лотереяларды ұйымдастыруы және өткізуі;

7) акцизделетін тауарлардың, акциз алымы маркаларының бүлінуі, жоғалуы акциз алынатын объект болып табылады.

Мыналарға:

1) егер осы Кодекстің 268-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетін тауарлардың экспортына;

2) этил спиртің өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетін мемлекеттік орган белгілейтін коталар шегіндегі этил спирті:

тауар өндірушінде аталған өнімді өндіру құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы бар болған жағдайда емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек әзірлеу үшін, мемлекеттік медицина мекемелеріне босатылса;

3) тұтынушының сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дәрілік құрал ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімге акциз салынбауға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             Пайдаланған әдебиетт тізімі

 

1 Казахстан-2030.-Алматы,2006

Информация о работе Акцизді салықты жинау ерекшеліктері