Акцизді салықты жинау ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 14:34, курсовая работа

Краткое описание

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл –ауқаты, энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет.

Содержание работы

Кіріспе

I Қазақстанда салынатын салықтардың түрлері
1.1 Салықтардың сипаттамасы
1.2 Нарық экономикадағы акциздік салықтың мәні

II Акцизді салықты жинау ерекшеліктері
2.1 Салық салу объектісі

2.2 Акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы

2.3 Акцизделетін тауарлар экспортын растау

2. 4 Салық төлеушілердің құрылымдық бөлімшелері үшін акциз есептеу мен төлеу тәртібі. Акциз бойынша декларация жасау ережесі
2.5 Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет тізімі

Содержимое работы - 1 файл

акциз салиги.doc

— 187.50 Кб (Скачать файл)

Спирттің барлық түрлеріне акциз ставкалары спирттің бұдан әрі пайдаланнылу мақсаттарына қарай  сараланады.

Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке акциз ставкасы алкоголь өнімдерн өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін.

Ойын бизнесі объектілеріне акциздің базалық ставкасының ең жоғары және ең төмен шектерін Қазақсатан Республикасының Үкіметі бір жылға белгілейді.

Жергілікті өкілді органдар ойын бизнесі объектілеріне белгіленген базалық ставкалар шегінде қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай акциз ставкасын белгілейді.

Қазақсатан Республикасында өндірілетін, өткізілетін акцизделетін тауарларға және акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II – Тарау Акцизді салықты жинау ерекшеліктері

2.1   Салық салу объектісі

 

Айтып кеткендей,  бүгінгі бюджет қазынасын толтыру үлкен мақсат болып отыр бюджетті толтыруда салық қызметкерлердің атқаратын орны зор.

     Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

Салық салудың айқындылығы принципі Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Бұл жерде салық салу объектілерін айту жөн

  Салық салу объектісі, мыналар:

1) акциз төлеушінің өзі жасап шығарған және өедірген және ыдысқа құйылған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:

- акцизделетін тауарларды өткізуі;

- акцизделетін тауарларды алыс-беріс шикізат пен материалдарды ұқсату өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;

- жарғылық капиталға жарнасы;

- заттай ақы төленген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы;

- тауар өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;

- тауар өндірушілердің жасап шығарған және өндірген және ыдысқа құйылған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы;

2) бензинді және дизель оынын көтерме саудада өткізу;

3) бензинді және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;

4) тәркіленген және иесі жоқ, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;

5) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруы;

6) лотереяларды ұйымдастыруы және өткізуі;

7) акцизделетін тауарлардың, акциз алымы маркаларының бүлінуі, жоғалуы акциз алынатын объект болып табылады.

Мыналарға:

1) егер осы Кодекстің 268-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетін тауарлардың экспортына;

2) этил спиртің өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетін мемлекеттік орган белгілейтін коталар шегіндегі этил спирті:

тауар өндірушінде аталған өнімді өндіру құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы бар болған жағдайда емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек әзірлеу үшін, мемлекеттік медицина мекемелеріне босатылса;

3) тұтынушының сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дәрілік құрал ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімге акциз салынбауға тиіс.

          Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетін тауарларды сатып алушыға тиеп жөнелту күні операция жасалған күн болып табылады.

Тауар өндіруші өзі өндірген акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелер желісі арқылы өткізген жағдайда тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.

          Акцизделетін алыс-беріс тауарларын беру кезінде аталған тауарларды мердігерге берген күн опервция жасалған күн болып табылады.

Алыс-беріс тауарларынан акцизделетін тауарлар әзірленген кезде әзірленген акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады.

Акцизделетін тауарларды өздерінің өндірістік қажеттеріне пайдаланған кезде аталған тауарларды сатға шығаруды тіркеген күн операция жасалған күн болып табылады.

Лотерея ұйымдастырған және өткізген жағдайда салық органында лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген күн операция жасалған күн болып табылады.

Акцизделетін өнім, акциз алымы маркалары бүлінген жағдайда бүлінген акцизделетін өнімді есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.

           Акцизделетін тауарлар, акциз алымы маркалары жоғалған жағдайда акцизделетін тауарлар, акциз алымы маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады. Салық базасы

Тұрлаулы акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде белгіленеді.

            Адваторлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндіруші осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгізбей беретін бағалар бойынша анықталатын өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде белгіленеді.

Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегіқызметті жүзеге асыру кезіндегі салық базасы лотереяны ұйымдастырушы салық органында лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркелген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома алып тасталған, оған акциз сомасы қосылмай мәлімделген түсім сомасы ретінде анықталады және шығарылым тіркелгеннен кейін ол өзгертілмеуге тиіс.

Түрлі ставкалар белгіленген жағдайда спирттің барлық түріне салық салу ерекшеліктері

Салық  Кодекстің 258-бабының 3-тармағына сәйкес спирттің барлық түріне әртүрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады.

            Алкоголь өнімін өндірушілер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спиртті алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде осы спирт бойынша акциз сомасы алкоголь өнімін өндірушісі болып табылмайтын тұлғаларға сатылатын спирттің барлық түрлері үшін белгіленген акциздің базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге тиіс. Қайта есептеу мен салық төлеуді спиртті алушы жүргізеді.

               Осы баптың 2-тармағының ережелері емдік фармацевтік дәрі-дәрмек өндіру және медициналық қызмет көрсету үшін алынған спирт мақсатқа сай пайдалынмаған жағдайда да қолданылады. Осы спирт бойынша емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек өндірушілер мен спиртті акцизсіз алған мемлекеттік медициналық мекемелер акциз төлеушілер болып табылады.

 

 

 

 

 

2.2 Акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы

 

Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндірілген акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленеді.

Осы ереже одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин, дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайда да қолданылады.

Осы баптың мақсаты үшін акцизделетін өнімнің бүлінуі, жоғалуы болып осы Кодекстің 237-бабының 2-тармағында сипатталған оқиғалар ұғылады.

Акциз алымы маркаларының бүлінуі, жоғалуы

Осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, акциз алымы маркалары жоғалған, бүлінген кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшелерінде төленеді.

Осы Кодекстің 549-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған акциз алымының бүлінген немесе жоғалған маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың көлеміне қолданылатын белгіленеген ставка негізге алынып жүргізіледі.

Маркада сауытттың көлемі белгіленбеген жағдайда акциз алымының бүлінген немесе жоғалған маркалары бойынша акцизді есептеу акциз алымы маркалары бүлінген, жоғалған кезеңнің алдындағы салық кезеңі ішімде құю жүргізілген сауыттың неғұрлым үлкен көлемі негізге алынып жүргізіледі.

Акциз алымы маркалары бүлінген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:

1) акциз алымы маркалары төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;

2) акциз алымының бүлінген маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаса, акциз төленбейді.

Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин мен дизель отынын көтерме және бөлшек саудада өткізуге жатқызу өлшемдері

Егер сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы аталған акцизделетін тауарларды қабылдауға және оларды одан әрі өткізу үшін пайдалануға міндеттенсе, осы сатып алу-сату шарты бофынша:

Көтерге өткізу саласына одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге бензин мен дизель отынын тиеп жөнелту де жатқызылады.Бензин мен дизель отынын өндіруші;

1        бензин мен дазель отынын одан әрі өткізу мақсатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асрған салық төлеуші өнім берішілер болып табылған жағдайда, бензинді және дизель отынын өткізу көтерме саудада өткізу саласына жатқызылады.

Бензин мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу саласына осы баптың 1-тармағында аталған берушілер жүзеге асыратын мынадай:

1) бензин мен дизель отынын заңды тұлғаларға (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаларға) және жеке кәсіпкерге олардың өндірістік қажеттері үшін өткізу;

2) бензин мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткізу;

3) өндірілген немесе одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин мен дизель отынын өзінің өндірістік қажеттеріне пайдалану операциялары жатады

 

2.3 Акцизделетін тауарлар экспортын растау

 

 

                    Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу кезінде салық салудан босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші тіркелген орны бойынша салық органына алпыс жұмыс күннің ішінде міндетті түрде мына құжаттарды

- экспортталған акцизделетін тауарларды беруге шартты (келісім-шарт)

- акцизделетін тауарларды экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері бар кедендік жүк декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшірмесін табыс етеді.

             Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистралдық құбыр жүйесімен немесе электр берілісі желілерімен не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып әкеткен жағдайда кеден ресімдеуін жүргізген кеден органының белгілері соғылған толық кедендік жүк декларациясы экспортты куәландыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі соғылған тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерін табыс етеді.

  Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистралдық құбыр жүйесімен немесе электр берілісі желілерімен не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып әкеткен жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау – тапсыру актісі табыс етіледі.

Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан республикасында ашылған шоттарында акцизделетін тауарлар өткізуден түскен нақты түсімді растайтын төлем құжаттары мен банк көшірмесін табыс етеді.

Қазақстан Республикасы акцизделетін тауарлар экспортын акцизден босатуды көдейтін  халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына қатысушы мемлекеттерге акцизделетін тауарлар экспортталған кезде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимінде әкетілген акцизделетін тауарларды импорттаған елде рәсімделген кедендік жүк декларациясының көшірмесі қосымша табыс етіледі.

Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу  Салық Кодексінде 1 және 2 тармақтарына сәйкес расталмаған жағдайда, мұндай өткізуге Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарларды өткізу үшін тауарды белгіленген тәртіппен акциз салынуға тиіс.

Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі.

Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу кезеңіне белгіленген акциз ставкасын салық салынатын объектілердің санына қолдану арқылы анықталады. Салық кезеңінде салық салынатын объектілердің саны өзгерсе, енгізілген объектіге акциз сомасы толық көлемде төленеді.

Акцизделетін  тауарларды (спирттің барлық түрін және газ конденсатымен бірге мұнайды қоспағанда) сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталған кезде, егер аталған тауарлар бұдан әрі акцизделетін тауарлар өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған болса, Қазақстан республикасының аумағында төленген акциз сомалары шегерілуге тиіс.

Информация о работе Акцизді салықты жинау ерекшеліктері