Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 14:34, курсовая работа
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл –ауқаты, энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет.
Кіріспе
I Қазақстанда салынатын салықтардың түрлері
1.1 Салықтардың сипаттамасы
1.2 Нарық экономикадағы акциздік салықтың мәні
II Акцизді салықты жинау ерекшеліктері
2.1 Салық салу объектісі
2.2 Акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы
2.3 Акцизделетін тауарлар экспортын растау
2. 4 Салық төлеушілердің құрылымдық бөлімшелері үшін акциз есептеу мен төлеу тәртібі. Акциз бойынша декларация жасау ережесі
2.5 Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі
Жоспар
Кіріспе
I Қазақстанда салынатын салықтардың түрлері
1.1 Салықтардың сипаттамасы
1.2 Нарық экономикадағы акциздік салықтың мәні
II Акцизді салықты жинау ерекшеліктері
2.1 Салық салу объектісі
2.2 Акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы
2.3 Акцизделетін тауарлар экспортын растау
2. 4 Салық төлеушілердің құрылымдық бөлімшелері үшін акциз есептеу мен төлеу тәртібі. Акциз бойынша декларация жасау ережесі
2.5 Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі
Кіріспе
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл –ауқаты, энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет.
Осынау басымдықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді, ал ол өз кезегіндегі барлық қаржылық жүйені одан әрі реформалауды көздейді.
Қазақстандық бюджет республиканың стратегиялық басымдықтарын жүзеге асырудың негізгі құралы болып келеді, өйткені ол елдің ең маңызды қаржы ағымдарының қозғалысын реттейді. Келешек көкжиектегі салықтық- бюджеттік аяны реформалаудың негізгі бағыттарына салықтық әкімгерлеуді жақсарту және бюджеттік бағдарламау тәсілдерін өндіру кіреді.
Үкімет 2003 жылға дейін салық реформасын жалғастыру және салықтық әкімгерудің тиімділігін арттыру есебінен салық түсімдерін ішкі жалпы өнім көлеміне шаққанда 14-15 процентке өсіруді көздеп отыр: салық органдарын міндеттілік дәйектері бойынша жаңарту, салық төлеушілерді есепке алудың біртұтас ұлттық жүйесін құру, салық қызметтерін компьютерлеу, салық мағлұмдамаларының ықшамдалған нысандарын жақсарту және өндіру, Әділет министрлігі, кеден және Салық комитеттері арасындағы ақпаратты тиімділікпен, ретімен ұйымдастыру, кенді пайдалану мен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі келісім- шарттарда салықтық сараптау жүйесін енгізу, оларды орындау мониторингі, шаруашылық субъектілеріне кешенді салықтық тексерулер жүргізу жөнінде нұсқаунамаларды жасақтау.
Сонымен қатар қазіргі таңда Интеграцилық комитет шеңберінде « арналған орны» дәйегі бойынша өзара суда-саттықта қосалқы салықтарды алуға көшу жөнінде мәселелер жасақталынуда, бұл дегеніміз Кедендік одаққа мүше қайсыбір мемлекеттің ұлттық заңдары тағайындалған экспорт кезінде нөльдік мөлшерлемені пайдалануды, импорт кезінде іс- қимылдағы мөлшерлеме бойынша салық салуды білдіреді.
Бұл жерде айта кету жөн ол кәсіпорындардың дені тоқтап, өзара төлем қабілеті нашар болып тұрған бүгінгідей күрделі кезеңде салықтарды толық мөлшерде жинау оңай болмай тұр. Бұл жерде акциз туралы айта кету жөн. Акциз, қалыптасқан қағида бойынша, тұрғындарға арналған және мемлекеттің монополиясы болып табылатын тапшы, жоғары рентабедьді тауарлар мен өнімдерге салынады. Мемлекет акциз салығы сұранын мен ұсынымды реттеуге, сонымен бірге мемлекеттік бюджетті толықтыру үшін пайдаланады.
Үстіміздегі жылдың 7 тамызында «Rixos» қонақүйінде («Шаңырак» залы) ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің қатысуымен «Салық салуды реформалаудың негізгі бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген жаңа Салық кодексінің жобасын талқылау барысында екінші рет өткізіліп отыр. Ағымдағы жылы 18 маусымда жаңа Салық кодексі жобасының негізгі ережелері бойынша алғашқы дөңгелек үстел өткізілген болатын. Қазіргі кезде жоба қалыптастырылды, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің және Қаржы министрлігінің веб-сайттарында орналастырылды және мемлекеттік органдармен және бизнес қауымдастықтармен келісілу үстінде.
Мемлекет басшысы 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Салық кодексінде күрделі, көпқұрамалы міндет – бір мезгілде салық жүйесінің ашықтығын, салық салудағы бейтараптықты, салықтық әкімшілендірудің қарапайымдылығы мен тиімділігін қамтамасыз етіп, экономиканың сапалы дамуы үшін ынталандыру жүйелерін құруды тапсырды.
Алғашқы дөңгелек үстелде Жаңа Салық кодексі жобасының баса назар аударылмаған негізгі ережелері:
Салық салу мәселелері бойынша салықтық міндеттемелерді атқару барысында туындайтын айқын емес, нақтыланбаған тұстарды және қайшылықтарды жою бойынша мәселелерді жедел шешетін, сондай-ақ салық төлеуден жалтарудың болуы мүмкін схемасының жолын кесу бойынша Консультациялық кеңес құрылады. Оны Премьер-Министр басқаратын болады.
Корпорациялық табыс салығы (КТС) бойынша реформалауда тұжырымдалған тәсілдің мәні – корпорациялық табыс салығының ставкаларын төмендету, аясы тар салалық жеңілдіктер беруден бас тарту, автоматты түрде берілетін бірыңғай инвестициялық ынталандыруларды жүргізу, залалдар мерзімін ауыстыруды 10 жылға дейін ұзарту, сондай-ақ салық құрылымын жалпы жақсарту болып табылады.
Жобада корпорациялық табыс салығы 20-15 пайызға дейін төмендетілген. Ставкалардың нақты мөлшері мемлекеттің өзінің функциясын, қабылдаған әлеуметтік міндеттемелерін орындау үшін жеткілікті деңгейде айқындалатын болады. Түсіп қалатын кірістер салық салу режимі қайта қаралған экономиканың өндіруші секторының тиімділігін арттыру арқылы толтырылатын болады.
Жаңа инвестициялық преференциялар КТС бойынша ғана берілетін болады. КТС бойынша жеңілдіктер үш жылға дейінгі кезең ішінде инвестицияларды жедел шегеру түрінде әрекет ететін болады. Сонымен бірге залалдарды ауыстыру мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейін ұзартылады, бұл инвестицияларды есептен шығарудың артықшылықтарын толығынан пайдалануға мүмкіндік береді. Преференциялар автоматты түрде, яғни қызметті «өңдеу өнеркәсібі» секторында жүзеге асыратын кәсіпорынның өтінім беру ретімен берілетін болады.
АЭА-ның барлық аумағында қызмет талаптарын, атап айтқанда инвестициялық салық преференциялар режимі бар КТС бөлігінде біріздендіру ұсынылып отыр. Жер салығынан және мүлікке салынатын салықтан босату АЭА аумағында ғана сақталады.
Инвестициялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігін мойындай отырып, АЭА аумағында қызметін жүзеге асырып отырған инвесторларда келесі бес жыл бойы қазіргі режимді пайдалану мүмкіндігіне ие болатынын, ал инвестициялық преференциялар алуға келісім-шарт жасасқан инвесторларда келісім-шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанша преференциялардың қазіргі режимін пайдалану мүмкіндігіне ие болатынын атап өткен жөн.
Жаңа Кодексте бірлескен қызметке қатысушыларға, туынды қаржы құралдарына салық салу егжей-тегжейлі жазылған. Шағын және орта бизнес үшін аванстық төлем жойылды, іссапар кезінде тәуліктік шығыстарға лимит беру болмайды, өкілдік шығыстардың нормасы еңбекақы төлеудің 1 процентіне дейін ұлғайды. Жалға берушіге жалға берілген тіркелген активтерді жөндеуге жұмсалатын шығыстарды шегеруге рұқсат етілді.
Қосылған құн салығы бойынша, ҚҚС бойынша қазіргі жеңілдіктер жиынтығының орнына есепке жатқызылған ҚҚС-тың есептелгеннен асып кету сомасын автоматты түрде бірыңғай қайтару енгізілді. 2012 жылы тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде дебетті сальдоны автоматты түрде қайтару жүйесін толық енгізу көзделіп отыр. Бұл жылды ҚҚС-тың классикалық жүйесіне көшу және жеңілдіктердің мынадай жиынтығын жою сәті ретінде белгілеуге болады: импортқа ҚҚС төлеудің, есепке жатқызу, «еркін қойма» аумағынан сатуды босату әдісімен импортқа ҚҚС төлеудің мерзімін кейінге қалдыру.
Алкогольге және темекі өніміне акциздердің ставкалары үш жыл ішінде (2009-2011 жылдар) біріздендіріледі. 2009 жылдан бастап ставкалар Салық кодексінің мәтініне енгізіледі.
Шағын бизнеске салық салуды реформалау бөлігінде айтарлықтай өзгерістер болмайды. Патент негізінде және оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнеске арналған арнайы салық режимдерінің бұрынғы түрлері сақталады. Алайда, экономиканың көлеңкелі секторын қысқарту және базарлардағы салық салуды жүйелендіру қажеттігін назарға ала отырып, 2011 жылдан бастап біржолғы талон негізінде арнайы салық режимін жою ұсынылып отыр.
Жер учаскелерінің ауданы мен аумағына қарай бірыңғай жер салығы ставкаларының 0,1 %-дан 0,5 %-ға дейінгі үдемелі шәкілін енгізу ұсынылып отыр. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге арналған басқа режимдер сақталады: заңды тұлғалар үшін салықтарды 70 %-ға азайту, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеушілер үшін 70 %-ға азайту.
Жеке табыс салығының бірыңғай ставкасы 10 процент деңгейінде сақталады. Әлеуметтік салықты реформалау шеңберінде салық ставкалары 13 проценттен 5 процентке дейінгі кемімелі шәкілден ставкасы 11 процент шәкілге көшуді жүзеге асыру ұсынылып отыр.
Жобада мүлікке салынатын салықты алу тәртібін өзгерту көзделіп отыр. Барлық мүліктен (негізгі құралдар мен материалдық емес активтер) жылжымайтын мүлікке дейін салық салу объектілерін азайту ұсынылып отыр. Бұл ретте, жергілікті бюджеттердің кірісін сақтау мақсатында ставканы 1 проценттен 2 процентке дейін ұлғайту ұсынылып отыр.
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық бойынша жылжымайтын мүлікті бағалау әдістемесін Салық кодексіне бекіту ұсынылып отыр, сондай-ақ ставкалар құны 30 млн. теңгеден басталатын қымбат тұратын мүлікке ғана 0,5 проценттен 1 процентке дейін ұлғайтылады.
Көлік құралдарына салынатын салық бойынша ескі жеңіл, жүк және арнайы автокөлік құралдарына пайдалану мерзіміне байланысты төмендетілетін түзету коэффициенттерін алып тастау ұсынылып отыр, осыған байланысты салық ставкалары өзгерді.
жер қойнауын пайдаланушыларға салық жүктемесін ұлғайтуға мүмкіндік беретін салық салудың мынадай негізгі өзгерістері енгізілді:
§ роялти төлемін өндіру көлемі мен әлемдік баға есептеу базасы болып табылатын пайдалы қазбаны өндіруге салынатын салықпен (ПҚӨС) ауыстыру. Бұл ретте, рентабельдігі төмен, суланған, шағын дебетті және түгесілген кен орындарын игеріп жатқан жер қойнауын пайдаланушылар үшін жеңілдікті ставкалар белгіленеді.
§ 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап ТШО келісім-шартынан басқа (Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген) барлық жер қойнауын пайдаланушылар мен қолданыстағы ӨБК үшін келісім-шарттар салық режимінің «тұрақтылық» ережесін алып тастау;
§ жеке салық есебін жүргізудің базалық қағидаттарын белгілеу;
§ қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерін айқындау;
§ үстеме пайда салығының әдістемесі өзгертілді және салық алынатын таза табыстың мөлшері 20 %-дан 25 %-ға дейін ұлғайтылды.
Жаңа Салық кодексі экономиканың орнықты дамуы және оны жаңғырту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Акциз салығы, салыстырмалы түрде азғантай тауар түрлеріне салынады. Санамалған тауарлар бойынша акциз нарықын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті бекітеді, олар республиканың бүкіл территориясында бірыңғай болады және календарлық жыл бойы өзгертуге жатпайды.
Бұл курстық жұмыс нарықтық экономикадағы акциздік салықтарды қарастырады.
1-Тарау Қазақстанда салытатын салықтардың түрлері
1.1 Салықтардың сипаттамасы
Салық – қоғамдағы сатып алушылықтың даму қажеттілігімен, мемлекеттің болу фактісімен анықталған объективті қажеттілік болып табылады. Өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің шаруашылықтандыру субъектілері мен азаматтардын ұлттық табыстың белгілі үлесін міндетті жарна түрінде алуы салықтың маңызын құрайды.
Мемлекет қазынасының жарнасын өндірістің негізгі қатусышылары: материалдық және материалдық емес игіліктерді өз еңбегімен жасайтын және белгілі табыс алатын қызметкерлер, сонымен қатар шаруашылық субъектілері, капитал иеленушілері жүзеге асырады. Салық жарнасының есебінен бюджетте шоғырланған мемлекет ресурсы құрылады, кейін ол терең білімнің дамуы үшін, әлеуметтік-экономикалық, әскери-қорғаныс, құқық қорғау және басқа даа мәселелерді шешу үшін пайдаланылады.
Салық төлеушілердің бюджетпен өзара қатынас жүйесі, бір жағынан – салықты бюджетте шоғырландыру бойынша өзара қатынасы, басқа жағынан – түрлі саланы бюджеттен қаржыландыру бойынша өзара қатынасы.
Қазақстан Республикасындағы салық салуды құқықтық реттеу өз дамуында үш кезеңнен өтті.
Салық реформасының бірінші кезең» (1992 жылдан 1995 жылдың маусымы аралығында)