Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 15:11, курсовая работа
Қай елдің болмасын экономикасының дамуын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі — ол сыртқы сауда саясаты. Осы тақырыпты таңдағанымның себебі Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайындағы сыртқа сауда саясатының ролі мен мәнін талдап, тереңірек зерттеу .
Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Халықаралық сауданың теориялық аспектілері.............................................5
1.1 Халықаралық сауда теориялары.....................................................................5
1.2 Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары...................8
1.3 Халықаралық сауда субъектілері..................................................................11
2. ҚР-дағы сыртқы сауда саясатының рөлі.......................................................19
2.1 Сауда саясатының құралдарының экономикаға әсері................................19
2.2 ҚР-ның сыртқы сауда айналымы..................................................................21
2.3 ҚР-ның сыртқы сауда саясатының жүзеге асырылуы................................25
3. Дүниежүзілік сауда ұйымына ену үшін Қазақстандағы қолданылып жатқан шаралар...............................................................................................33
Қорытынды...........................................................................................................45
Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................47
Қосымшалар..........................................................................................................48
Осы мәселелерге байланысты біздің мемлекетімізге қай саясатты ұстанған жөн болар еді? Бұл өте күрделі сұрақтардың бірі, мәселен егер мемлекетіміз еркін сауда саясатын ұстаса онда: мемлекеттіміздің барлық нарығы ашылып, отандық тауарлардың орнын импорт тауарлары басады және көптеген отандық өндіріс орындары жабылуы мүмкін, себебі олар шетел тауарлармен бәсекеге түсе алмайды. Еркін сауда кезінде мыңдаған адамдар жұмыссыз қалып экономикаға қауіп төнуі мүмкін. Сол үшін мемлекет протекционистік саясатты ұсынады: отандық өндірушілерді қорғау үшін, жоғарғы кедендік тарифтерді импорт тауарларына көтеріп, содан кейін оны қандай дәрежеге түсіруін немесе көтеруін ұсынады. Ол нарықтағы еркін іс-әрекеттерге жол бермейді. Бірақ бұл саясатты ұзақ мерзім бойы пайдалану экономиканың тоқырауына әкеледі, өйткені шетелдік тауарлармен бәсеке болмаса, жергілікті кәсіпкерлердің техникалық деңгейі, өндірісті жоғарлату ынтасы төмендейді одан келе импорт тауарларларының көтерілуі отандық тауарларды да көтереді себебі импорт тауарларына тарифтердің көтерілуі, нарықта бұл тауарларды да қысқартады ал ұқсас келетін отандық тауарларға сұраныс төмендейді. Біздің бұған көзіміз жеткен мысалы: 2005 жылы жоғары тарифтік баждар Ресейдің, Өзбекстаның, Қырғызстаның, Украйнаның тауарларына салынды. Соның әсерінен импорт тауарлары шифер, цемент, кондитер өнімдері және тағы басқада заттар көтерілгеннен кейін кедендік тарифтерді алып тастады, алып тастағанның өзінде де бұл тауарлар бұрынғы баға деңгейіне келмеді. Импорт тауарларына тарифтердің көтерілуі, тұтынушының көп қаржы жұмсауына итермелейді және өмір сүру деңгейін күрделендіреді өйткені тұтынушылар ләз жоқтан қымбат отандық тауарларды сатып алуға тура келеді, содан соң тұтынушының ақша қорын азайтып, мемлекеттің экономикалық дамуына кедергі жасап, экономикалық өсуді баяулатады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей импорт тауарларына жоғарғы баж салығын салу көптеген жұмыс орындарын қысқартады, өйткені бағаның өсуі сұранысты азайтып, тауарлардың сату көлемін қысқартады бұдан кейін тауар өндірушілер өздерінің тауарларын қысқартуға тура келеді, тауар көлемі қысқарған соң жұмысшыларды да қысқарады, сонымен қатар кедендік баждарды көтере отырып мемлекет инфляцияны тудыртады. Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндірісі дамыған елдерде де қолданылады. Сол үшін мемлекет өз экономикасына қолайлы жағдай туғызу үшін осы екі саясатты алмастырып ұстанған жөн. Айта кететін жай Қазақстанның өндірушілері импорт тауарларымен қатты бәсекеде болса және біздің тауарлардың өтуіне мүмкіндік бермесе, мемлекет әкімшілдік реттеу шараларын, соның ішінде квотаны, стандартизация, сертификацияны, адам денсаулығына зиянды, төмен сапалы тауарларды азайту шараларын қолдануы керек. Бірақ Қазақстанда өндірілмейтін және бәсекелесуге көмектесетін тауарларды жіберуі тиіс, мысалы: бізде киім – кешек өндірілмейді, сол үшін мемлекет өз халқын қамтамасыз ету үшін импортқа, соның ішінде Қытайдың тауарларының сатылуына мүмкіндік беруіге міндетті. Осыған байланысты мемлекетімізге өте қу саясатты ұстанған жөн, ол деген мемлекетіміз өз халқын киім – кешек қамтамасыз ету үшін Қытайдың киімін сатылуына рұқсат беріп жатыр. Ал егер киім – кешек өнеркәсібі дамыған жағдайда және отандық киім өнеркәсібі Қытайдың тауарларымен бәсекеде болып жатса мемлекет тарапынан протекционистік саясат қолданады, соның ішінде мемлекет стандартизация, сертификация арқылы іс - әрекеттерін жүзеге асырады бұл жерде мемлекет Қытайдың тауарлары денсаулыққа зиян, сапасы төмен деген шектеулер қойып тауарлардың әкелуіне тыйым салуы керек.
Кедендік баж сыртқы эконмиканың негізгі құралы. Оның бірінші мақсаты ұлттық экономиканы қорғау. Сыртқы сауда саясатының ең жауапты қызметі Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген кезден басталады, ал бұл жердегі ең маңызды мәселенің бірі импорт тауарларына қандай деңгейде кедендік тарифтерді қою керектігін анықтау. Әлемдік саудада әр мемлекеттер экономикалық дәрежесіне байланысты кедендік тарифтер орта есеппен келесідей деңгейде салынуы керек: дамыған мемлекеттерде – 6,3 – 3,9%, дамушы мемлекеттерде – 8,6 – 6,0%, Өтпелі экономикадағы мемлекеттерде – 15,3 – 12,3%. Осыған байланысты дамыған елдердің баж салығының деңгейінің талабы жоғары, ал дамушы елдерде ондай талаптар төмендеу, осыған орай Қазақстан өтпелі экономикадағы мемлекеттер тобына кірсе, біз бірнеше тарифтік жеңілдіктерге ие боламыз. Қазақстан бүгінгі таңда салынатын орташа кедендік баждар мөлшері 12,7-13,0 пайыз шамасында. Ал жалпы алғанда келесідей кеден баждарын қолданады ол: 5 - 10, 20 – 25, 30-дан жоғары пайыз мөлшерлерін қолданады. Еліміздің импорттық азық – түлік өнімдері 50 – 55% құрайды. Қазіргі кедендік баждар мөлшері осы тауарларды дұрыс қорғай алмай жүр, не сонда осы өндіріс орындарын жауып тек шетел тамақтарын пайдалануға көшеміз бе? Әлде басқаша кеден саясатына көшуіміз керек пе? Бұл тұрғыда бізге тиімді кедендік тариф саясатын жан-жақты зерттеп, талдап анықтауымыз керек. Осы айтылған мәселелерді үлгіге ала отырып өзіміздің елде шығарылған тауарлар, импорт тауарларымен бәсекелесіп жатса онда оларға жоғарғы кедендік тарифтерді қойып, елімізде өндірілмейтін тауарларға кедендік тарифтерді түсірген оңды және дұрыс саясаттың бірі болар еді.
Келешекте ДСҰ – на кірудегі біздің тағы жіберіп отырған кемшілігіміз мемлекеттік тұрғыдағы саясат, осы саясатымызға мысал ретінде ДСҰ–на 20 жыл дайындалған Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының жіберіп отырған қателіктерін талдайық? Қытайдың ұйымға кіруде құрған бағдарламасы қарапайым. Бірақ осы қарапайым бағдарламаға олар өздерінің 20 жылын жұмсады. Ол бағдарламаға тоқталып кетсек; біріншіден Қытай өзінің Тынық мұхит жағалауында ең ірі 11 кеме порттарында еркін сауда аймағын ашты, бұл деген экспорт импорт тауарларының еркін айналымына рұқсат берді яғни кедендік баж салықтары мүлдем төмен деңгейде салына бастады. Екіншіден Қытай өзінің отандық өнеркәсібін дамытып оларға мемлеккет тарапынан қолдаулар көрсетілді, осының арқасында отандық өнеркәсіп дамып, Қытайдың тауарлары дүниежүзін басуда.
Ал біздің мемлекет бұл жағдайды өте бұрыс түсінеді. ДСҰ – на кіруде отандық өнеркәсіпті дамытудың орнына оны кері басуда. Мысалы: Егер Қытай мемлекетінің кез келген кәсіпкері кәсіпкерлікпен айналысса онда оған мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі, еш бір мемлекеттік орган қысым көрсетпейді, тек қана салықтарын уақытылы төлесе болды, төлейтін салықтарының көлемі де жоғары емес. Ал бізге келетін болсақ: кез – келген кәсіпкер өз жұмысын бастаса оған міндетті түрде несие алу керек, одан соң мемлекет тарапынан ешқандай көмек көрсетілмейді, керісінше зиян тигізеді Мысалы: Салық инспекциясы, санитарлы – эпидемиялық станция, өрт сөндіруші органдары, одан қалса рэкиттер.
Қазақстан мен Қытайдың кәсіпкерлерінің айналысатын мамандықтары әр – түрлі, мысалы: Қытай кәсіпкерлері кішігірім затты шығарудан бастаса; ине, жіп немесе қарапайым қалам, ал Қазақстанның кәсіпкерлері болса кіші заттарды менсінбей, өте идеалды заттар шығарғысы келеді; жиһаз, арақ – шарап немесе сусындар. Соның өзінде сыртқы тауарлармен бәсекелеспей ішкі отандық өндірушілерімен бәсекелесіп өз - өздерін жоюда. Ал егер Қазақстан кәсіпкерлері несие алса онда ол ресторан, кафе, ойын – сауық клубтарын, немесе сұлулық салондарын ашуға ұмтылады. Бұл іс - әрекеттер кәсіпкерлікке жатпайды, кәсіпкерлік деген қандай да бір затты шығарумен айналысатын адамдарды айтады. Ашылған салондар, ресторандармен, клубтар Қазақстанның кез – келген қаласының әрбір 100 метр өткен сайын көзге түсуде. Бұл кәсіпорындар ДСҰ- на кірген кезде кімдермен бәсекеге түсе алады, импорт тауарларымен бе? әлде импорттық қызмет көрсеттетін кәсіпкерлермен бе? Менің сіздерге айтарым бұлар тек ішкі нарықта бір –бірімен күресіп жабылуда. Осы жағдайды ескере отырып неге Қытайдан үлгі алып солар сияқты елімізде өндірілмейтін қарапайым тауарларды өндірмеске.
Сол үшін келешекте ДСҰ – на кірместен бұрын отандық кәсіпкерлерді дамыту керек, ол үшін кәсіпкерлерге қаржы бөлуі керек, ал ол қаржыны қайдан аламыз, әрине банктен бірақ бүгінгі күнде Республикамызда несие жүйесі әлі дамымаған, мысалы: кіші және орта бизнесті ашу үшін ең төменгі несиенің проценттік ставкасы 12% жоғары. Ал бұл көптеген кәсіпкерлерге тиімсіз. Тиімді болғанның өзінде де кәсіпкерлердің көбі несие алдым енді зауыт соғам немесе жаңа құрал – жабдықтар сатып аламын дейді. Зауыт соғып жаңа құрал – жабдықтарды іске қосқанша несие мерзімі өтіп пайда табу мүмкіндігі болмайды немесе банкротқа ұшырайды. Неге тағы Қытайлар сияқты бір қап ұнмен немесе бір тігін машинасымен жұмысты бастамасқа.
ДСҰ – на кіргенде ауылшаруашылық өнімдері біздің ең басты өнімдеріміздің бірі, себебі Қазақстан Республикасы аграрлы мемлекеттердің қатарына жатады. Бірақ ауыл жылдарында көрсетілген істер шаруаларды қанағаттандырмауда. Себебі жиналған өнім өз құнын ақтамай көптеген шаруалар банкротқа ұшырауда, одан қалса жанармай бағасының қымбаттауы өнімдердің жиналуына кері әсерін тигізіп отыр. Несие мәселесі жөнінен жұмыс істеймін деген шаруаларың несие алуы өте қиын, себебі несие процентінің ставкасы жоғары болуына байланысты өнімдерін ақтамауда. Біздің еліміздің ауыл шаруашылығы бәсекелестік мүмкіндігі төмен, бәсеке сайысқа нашар. Республика халқының 44% ауылды жерде тұрады, ал халықтың 25% жуығы тікелей ауыл шаруашылығында еңбек етеді. Аталмыш ұйымға кіру осы ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста. Ол үшін біздің жіберген қателігіміз 1 Ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай көмек қандай болуы керек, сауда ұйымының қойып отырған талабына мойын ұсынамыз ба, әлде ерекушеліктерімізді, ауылдың бүгінгі жайсыз жағдайын еске алып, іс - қимыл жасаймыз ба? 2 Біздің ауылшаруашылық өнімдеріміз шет елдерде молырақ сатылуы үшін мемлекет тарапынан қандай саясат, әсіресе қолдаулар керек.
ДСҰ
– ның механизмі өте күрделі
жасырын болып келеді, сол үшін
мемлекетіміз осы айтылған мәселелердің
бәрін сөзсіз атқарып орындауымыз
керек, сол кезде ғана біз ДСҰ – на кіргенде
көп ұтысқа ие боламыз.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатын зерттеп, талдауға арналған курстық жұмыста біріншіден, халықаралық сауданың теориялық аспектілеріне тоқталдым. Бұл бөлімнен біз халықаралық сауда теориялары, мәні, ерекшеліктері және формалары, сонымен қатар халықаралық сауда субъектілері жөнінде теориялық ақпараттарды қарастырдық.Негізгі бөлімде ҚР-дағы сыртқы сауда саясатының рөлі, сауда саясатының құралдары, сыртқы сауда айналымы, сыртқы сауда саясатының жүзеге асырылуы талқыланды.Үшінші бөлімде Қазақстанның ДСҰ-на ену үшін жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып кетті.
Сыртқы сауда – тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы саудасының нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса активті сауда балансы дейміз. Керісінше болған жағдайда пассивті балансын құрайды.
Халықаралық
ұйымдар сауда тосқауылдарын
жою бойынша маңызды
Халықаралық сауда саясаты – халықаралық сауда саласында жалпылама қабылданған саясат. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы жүргізеді және ол әлем елдерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.
Қазіргі
кезде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда
ұйымына кіру процесі маңызды
сатыда тұр. Келіссөздер жүргізу
тұрғысында Қазақстан үшін бес мемлекет,
атап айтқанда, АҚШ, Еуропалық
Одақ, Канада, Аустралия
және Болгария ең маңызды болып табылады.
Келіссөздер процесінде уағдаластыққа
жету қиыншылықтары тауарлар мен қызметтер
нарығына шығуда көп жағдайда олардың
нақты коммерциялық мүддені қозғамайтын,
тіпті еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне
нұқсан келтіретін әсіре қатаң талаптар
қоюынан туындауда. Аталған проблемаларды
реттеу үшін Қазақстанның ДСҰ-ға кіру
жөніндегі келіссөздер мен ресми кездесулер
кестесі әзірленді. Бұл тұрғыда Сыртқы
істер министрлігінің шетелдік мекемелері
де ДСҰ мүшелері болып табылатын жеке
елдерге саяси ықпалды күшейтуге барлық
мүмкіндіктер жасауда.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Елемесов. Р.Н. Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы. «Қазақ университеті» - 2002
2. Тоқтасейітов. Р. Экономикалық - анықтама сөздік. «Болашақ-Баспа»-2000
3. Аль – Пари № 2 – 3 2003 жыл.
4. Аль – Пари № 4 – 5 2003 жыл.
5. Қазақ - Қытай сыртқы экономикалық байланыс дамуы / / Халықаралық – ғылыми тәжірибелік конференция материалдары. Қытай Шинзян университеті хабаршысы/ Уримчи, Экономика-2005. 3-бөлім, 63-67 Б. 0,37 б.т.
6. Батыс Қазақстан - Қытай мұнай құбырының қүрылыс жобасы/ Шанси университеті хабаршысы/ Тайуан, Экономика-2005 №4, 105-107 Б. 0,37 б.т.
7. Дүниежүзілік сауда ұйымының вэб беті www.wto.org
8. Международные экономические отношения/ Под ред. Р.И.Хасбулатова. – М.: Новости, 1991.
9. Линдерт
Н.Х. Экономика
10. Шмелев
Н.П. Всемирное хозяйство:
11. Основы внешнеэкономических знаний: Словарь – справочник. – М.: Высшая школа, 1990.
12. Статистический
бюллетень Министерства
13. Ломакин
В.К. Мировая экономика. – М.,
1998.
Қосымшалар