Халық аралық аспектілер теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 15:11, курсовая работа

Краткое описание

Қай елдің болмасын экономикасының дамуын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі — ол сыртқы сауда саясаты. Осы тақырыпты таңдағанымның себебі Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайындағы сыртқа сауда саясатының ролі мен мәнін талдап, тереңірек зерттеу .

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Халықаралық сауданың теориялық аспектілері.............................................5
1.1 Халықаралық сауда теориялары.....................................................................5
1.2 Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары...................8
1.3 Халықаралық сауда субъектілері..................................................................11
2. ҚР-дағы сыртқы сауда саясатының рөлі.......................................................19
2.1 Сауда саясатының құралдарының экономикаға әсері................................19
2.2 ҚР-ның сыртқы сауда айналымы..................................................................21
2.3 ҚР-ның сыртқы сауда саясатының жүзеге асырылуы................................25
3. Дүниежүзілік сауда ұйымына ену үшін Қазақстандағы қолданылып жатқан шаралар...............................................................................................33
Қорытынды...........................................................................................................45

Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................47
Қосымшалар..........................................................................................................48

Содержимое работы - 1 файл

НургульКурсоваяя.doc

— 415.00 Кб (Скачать файл)

     Кеңесті Президенттің рекомендациясы бойынша  ХСП саясатын жүзеге асыруға жауапты  атқарушы кеңес таңдайды. Атқарушы Кеңес кем дегенде жылына үш сессия жүргізеді, оның екеуі ХСП Кеңесімен  бірге.

     Генералды секретар басқаратын штаб-квартиртира ХСП барлық қызметін бақылайды.Ол бес негізгі департаменттерден (халықаралық даму; коммуникациялар: экономикалық саясат пен ынтымақтастық, халықаралық сауда саясаты мен технологиялар, администрациялар, қаржы мен персонал) құралады.

     ХСП саясаты мен тәжірибелік нұсқаулар арнайы жұмыс органдарымен әзірленеді (комиссиялар, жұмыс топтары). Комиссия ХСП саясатының негізгі мәселелерімен (халықаралық сауда саясаты, халықаралық арбитраж, қаржыландыру, сақтандыру, салық салу, көпұлттық кәсіпорындар мен халықаралық инаестициялар, қоршаған орта, энергетика және т.б.) айналысады. Уақытша негізде нақты жобаларды әзірлеп, жүзеге асыру үшін жұмыс топтары құрылады, олар тұрақты сәйкес органға есеп беріп тұрады.

     Халықаралық сауда дауларын шешудегі басты орган Халықаралық арбитражды сот болып табылады. Ол өндіріс пен арбитраждың ережелерін жарыққа шығарады.

     Халықаралық сауда палатасының бюросы (ХСПБ) сауда палаталарының бүкіләлемдік форумы болып табылады. Ол пайда  болған мәселелерді талқылау үшін, дамыған және дамушы елдердің, сонымен қатар экономикасы ауыспалы елдердің палаталарын басқаратын қызметкерлердің тәжірибесі және білімдерімен алмасу үшін халықаралық кездесулерді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Дамушы елдер мен Орта және Шығыс Еуропа елдеріне ол техникалық көмек бола алады және кадрлар даярлау бағдарламасымен қамтамасыз етеді. Бюро ATA Carnet-уақытша бажсыз импорт жүйесін (коммерциялық нұсқаулар, ғылыми және оқу құралдары, көрмеге арналған тауарлар) басқарады.

     Конгресс  ХСП-ның ең жоғарғы органы болып табылады. ХСП-ның барлық мүшелері-компаниялар мен ұйымдар конгресске өздерінің ең жоғарғы өкілдерін жібере алады. Конгресс үш жылда бір рет қабылдаушы елдің ұлттық комитетінің шақырылуы бойынша жүргізіледі.

     Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды халықаралық ұйымдарсыз елестету мүмкін емес. Олар халықаралық өмірді реттеудің ең дамыған механизмдерінің бірі және негізі бойынша үкіметаралық және үкіметтік емес органдардың тұрақты бірлестігі болып табылады.

     Халықаралық ұйымдар халықаралық қатынастардың  тұрақты құрылымын көрсете отырып, халықаралық өмірді саяси реттеудің құралы бола алады, ол ол бір мезгілде халықаралық интегрирлеу функциясын атқарады, халықаралық қатынастарды модификациялауға әсерін тигізеді.          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. ҚР-дағы сыртқы сауда саясатының рөлі

2.1 Сауда саясатының құралдарының экономикаға әсері 

      Әр түрлі елдер жалпы әлемдік экономикада жалпы және оның жекелеген тауар нарықтарында әр түрлі орын алады. Халықаралық сауданың әр бір қатысушысы өз мүдделерін қорғау мақсатында қандай да бір іс-әрекет атқаруға тырысады, яғни осы салада белгілі бір саясат жүргізеді. Халықаралыө сауда саласында саясаттың негізгі екі түрі бар:

- халықаралық сауда саясаты;

- сыртқы сауда саясаты;

      Халықаралық сауда саясаты – халықаралық сауда саласында жалпылама қабылданған саясат. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы жүргізеді және ол әлем елдерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.

      Сыртқы сауда саясаты атауымен мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған іс-әрекеті түсіндіріледі. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:

  • Осы елдің халықаралық еңбек бөлінісіне кіруінің дәрежесі мен әдісін өзгерту;
  • Экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;
  • Елді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету (шикізат, энергия және т.б.)

      Кейбір мақсаттар ұзақ мерзімді сипатта болады, мысалы халықаралық еңбек бөлінісіне кіру дәрежесі мен әдісін өзгерту. Басқа мақсаттар одан гөрі аз мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін, мысалға экспорт пен импорт көлемін өзгерту.

      Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар:

  • Еркін сауда саясаты;
  • Протекционизм

      Еркін сауда саясаты таза күйінде мемлекеттің сыртқы саудаға тікелей араласудан бас тартып, нарыққа негізгі реттеуші рөлін жүктеуін білдіреді. Бірақ бұл мемлекеттің осы шаруашылық іс-әрекетінің бағытына әсер етуден толық шектелуін білдірмейді. Мемлекет өз шаруашылық субъектілеріне максималды еркіндік беру үшін басқа елдермен келісім-шарттарға отырады.

      Еркін сауда оң саяси салдарға әкеледі, өйткені елдердің өзара байланыстылығы күшейіп, бір-біріне дұшпандық әрекетінің мүмкіндігін төмендетеді.

      Еркін сауда саясатының жүргізілуі экономикасы дамыған елдерге халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде, еркін сауда саясаты таза күйінде ешқашан және еш жерде қолданылған жоқ.

      Протекционизм – отандық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясат. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі нарықтық күштердің еркін іс-әрекеті жоққа шығарылады, өйткені әлемдік нарықтағы жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлі, осыған байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған елдер үшін нарықтық күштердің еркін іс-әрекеті пайдасыз болуы мүмкін. Күшті шетелдік мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке экономикалық дамуы төменірек елдерде экономиканың тоқырауына және осы елде тиімсіз экономикалық құрылымның қалыптасуына әкелуі мүмкін.

      Протекционизм елде беглілі бір салалардың дамуына көмектеседі. Аграрлы елдерде протекционизм көбінесе индустриализацияның қажетті шарты болады. Одан басқа, протекционизм жұмыссыздықтың азаюына әсер етеді. Бірақ бұл саясатты ұзақ мерзім бойына пайдалану экономиканың тоқырауына әкеледі, өйткені шетелдік бәсеке болмаса, жергілікті кәсіпкерлердің техникалық деңгейі мен өндіріс тиімділігін жоғарылатуға ынтасы төмендейді.

      Өзінің төтенше формасында протекционизм экономикалық автаркия түрінде болады, яғни ел импортты тек өз елінде шығаруға мүмкін болмайтын тауарлармен ғана шектейді. Экспорт болса, импортты қамтамасыз ету деңгейінде ғана рұқсат етіледі.

      Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндірісі дамыған елдерде шиедленіскен бәсекелестік жағдайында ұлттық тауар өндірушілерін қорғау үшін пайдаланылуда. 
 

2.2 ҚР-ның сыртқы сауда айналымы 

     Дүниежүзілік  сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.

     ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық  сауда-саттықа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс:

— Саудада  еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;

— Сауда  кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың  келуіне кедергі келтіретін факторларды  жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;

— Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала  болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;

— Халықаралық  саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең  құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану;

— Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық  саудада жеңілдіктер жасау. Нақ  осы бап жоғарыда көрсетілген  ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған  елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі.

      Еліміз  Кедендік одаққа кірсек, өзара сауда-экономикалық қатынаста кеден салығы алынып тасталады. Бұл одаққа мүше үш елге де тиімді. 
Екіншіден, Кедендік одақ ТМД елдерін Дүниежүзілік сауда ұйымына қиындықсыз кіруіне қолайлы басқыш болады. Үшіншіден, жалпыға бірдей әрі тұрақты тарифтер қабылданып, сырттан келетін импорттық тауарларға қол жеткізуде теңдік сақталады. Мәселен, тек қана теміржол тарифтерін теңестіру келісіміне қол жеткізгеннің өзінде Кедендік одаққа мүше үш ел арасындағы тауар және жүк айналымын 30 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

    Жалпы Кедендік одақ ТМД елдерін Дүниежүзілік сауда ұйымына қиындықсыз кіруіне қолайлы басқыш болмақ. Алайда көршіге құшағымызды жайып, шекарамызды айқара ашамыз деп, есірткі мен контрабандалық тауарлар тасқынының және заңсыз мигранттар шабуылының астында қалып қоймауды ұмытпаған жөн.

      Мәскеуде  Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері вице-премьерлерінің қатысуымен өткен кезекті тоғызыншы Кедендік кеңесте кедендік кодекс, бірыңғай кедендік-тарифті реттеу сондай-ақ, Кедендік кеңес комиссиясының жұмыс барысы талқыланды. Жиында Ресей мен Беларусь елдерінде 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап, ал Қазақстан мен Ресейдің шекарасында 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап кедендік бақылау тоқтатылатыны белгілі болды. Ал шекаралық қадағалаудан басқа мемлекеттік бақылаудың қалған түрі кедендік кеңеске көшірілетін болды. Отырыс соңында Кеңестің басты нормативтік-заң жүзіндегі құжаты - Кедендік кодекс редакциясы нақтыланып, құжатқа 27 қараша күні барлық Мемлекет басшылары Минскіде қол қойды. Дәл сол күні бірыңғай кедендік тарифтер және Кедендік кеңеске кіретін мемлекеттерге тыйым салынатын тауарлар тізімі белгіленді. Кездесуде кедендік баж салығын реттеу мәселесі шешімін таппады. Ресейдің бірінші вице-премьері Игорь Шуваловтың айтуынша, бұл мәселе келесі жылдың бірінші жарты жылдығында Ресей елінің арнайы тобы мен Қаржы министрлігімен бірлесе талқыланады. Сондай-ақ, жиналыста Әлемдік Сауда Ұйымына ену жайлы сөз болып, нәтижесінде үш елдегі тараптардың келісуімен ұйымға бір уақытта мүше болуға уәделесті.

     Қазақстан Республикасының кеден аймағына әкелінетін тауарлар және Қазақстан Республикасымен Кедендік Одақты құратын мемлекеттерден әкелінген тауарлар немесе еркін сауда шегінің саудаларының тауарлары тек қана СҚҚ мен салық салынады. Басқа мемлекеттер әкелінген тауарлар кедендік құннан 10% мөлшерде кедендік төлемін төлейді.

     Кедендік  одақ еркін сауда аймағын құра отырып, кедендік одаққа кірмейтін үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік тарифті қолдану мен бірыңғай сауда саясатын жүргізуге мүмкіндік жасайды.

     Бүгінгі таңда, Кедендік Одақ құру барысында оның құқықтық негізін құрушы 30-ға жуық халықаралық келісім-шарттарға қол қойылған. Бұл құжаттар кедендік одаққа кіретін мүше ел территорияларында біркелкі сыртқы сауда саясаттарын жүргізуге жол ашады, яғни үшінші елдерге қатысты бірыңғай импорттық кедендік баж салығын қолдануға, бірыңғай кедендік әкімшілік етуге, бірыңғай импорттық лицензиялауға, импорт барысында біркелкі ветеринарлық және санитарлық бақылау жүргізуге және бірыңғай техникалық реттеуге мүмкіндік жасайды.

Информация о работе Халық аралық аспектілер теориясы