Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 15:11, курсовая работа
Қай елдің болмасын экономикасының дамуын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі — ол сыртқы сауда саясаты. Осы тақырыпты таңдағанымның себебі Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайындағы сыртқа сауда саясатының ролі мен мәнін талдап, тереңірек зерттеу .
Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Халықаралық сауданың теориялық аспектілері.............................................5
1.1 Халықаралық сауда теориялары.....................................................................5
1.2 Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары...................8
1.3 Халықаралық сауда субъектілері..................................................................11
2. ҚР-дағы сыртқы сауда саясатының рөлі.......................................................19
2.1 Сауда саясатының құралдарының экономикаға әсері................................19
2.2 ҚР-ның сыртқы сауда айналымы..................................................................21
2.3 ҚР-ның сыртқы сауда саясатының жүзеге асырылуы................................25
3. Дүниежүзілік сауда ұйымына ену үшін Қазақстандағы қолданылып жатқан шаралар...............................................................................................33
Қорытынды...........................................................................................................45
Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................47
Қосымшалар..........................................................................................................48
Жоспары:
Кіріспе.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланған
әдебиеттер....................
Қосымшалар....................
Кіріспе
Қай
елдің болмасын экономикасының дамуын
айқындайтын негізгі
Жаһандану жағдайында әлемдік экономиканың үрдістерінен сырт қалу елдің экономикалық жағдайының, даму деңгейінің, технологиялық даму мен ұлттық бәсекелестік қабілеттілігінің шегеріп қалуына әкелуі мүмкін. Сондықтан сыртқы экономикалық қатынастардың ырықтандырылуы қазіргі заманның талабы болуда. Қазақстанның өз экономикалық даму бағдары да сыртқы экономикалық іс-әрекетті ырықтандыруға, әлемнің жаңа технологияларын жетістіктерін кеңінен пайдалануға бағытталған. Мемлекеттің сыртқы ашықтық деңгейі жоғарылаған сайын сыртқы экономикалық факторлардың даму үрдісіне әсері де күшейе түсіп, сыртқы экономикалық қауіпсіздік мәселесін өзектендіре түседі.
Сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру ең алдымен елдің сыртқы саудасында шектемелерді жоюымен көрінеді. Менің ойымыша оның үрдісі жергілікті, отандық өндірушілердің шетел тауарларымен бәсекелестік қабілетін қолдаудың кең тарамды шаралар жүйесін қалыптастырумен қатар жүргізілуі тиіс. Өйткені ұлттық капиталдың қорлануының алғашқы кезеңіндегі Қазақстандық өндірушілер үшін қаржылық қуаттылығы мол, технологиялық озықтығы әйгілі, бизнестік тәжірибиесі қомақты шетел өндірушілерімен тең дәрежелі бәсекелесу мүмкіндігі екі талай болады. Бұл жағдай елдің сыртқы саудасын ырықтандыру мен сыртқы экономикалық қашықтық дәрежесінің арасында тікелей өзара байланыстылығы барын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы сыртқы сауда саясатын жүзеге асыруда мемлекеттің орнына айрықша мән беріледі. Оның ұлттық экономикалық мүдделерге сай келуі мен халықаралық аренада бәсекелестік қабілетті жоғарылатуға үлкен ықпал ету мүмкіндігімен көрінеді. Сондықтан кез - келген елдің сыртқы сауда саясаты шетел тауарларының келуін реттеу және ел мүдделеріне сәйкес келетін халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына әсер ету сияқты мақсаттарды көздейді. Осы мақсаттарды орындау барысында халықаралық сауда ағымдарының елдің экономикалық қауіпсіздігіне әсер ету мәселесі ерекше мәнге ие болатындығын Қазақстан Республикасының қызметкерлері жақсы біледі.
Біріншіден,
халықаралық сауда қатынастарында әрбір
ел өз мүдделерін жүзеге асыруға тырысатындықтан,
әлемдік нарықта мемлекеттер шиеленісті
мүдделер қақтығысы негізінде бәсекелеседі.
Екіншіден, ғаламдану үрдісінің белен
алуы, сыртқы экономикалық катынастардың
ырықтандырылу бағытының басым болуы,
шаруашылық байланыстардың интерұлттандырылуы
ел алдында туындайтын сыртқы қауіп - қатерлерден
қорғану шараларын халықаралық келісімдерге
сәйкестендіре жасақтауды қажет етеді.
1. Халықаралық сауданың теориялық аспектілері
1.1
Халықаралық сауда теориялары
Халықаралық сауданың теориялық түсінігін берудің алғашқы талпыныстары мен осы бағыттағы ұсыныстарды жасау меркантилизм доктринасы болып табылады. Ерте меркантилизм XV ғ. соңында пайда болып, ақшалай байлықты көбейтуге ұмтылыстарға негізделген болатын. Ақша-қаражатты елден шығармау үшін оларды шетке шығаруға тыйым салынды. Саудадан түскен ақшаға шетелдіктер жергілікті өнімдерді сатып алуға тиіс болатын. Ерте меркантилистер көзқарасы бойынша, мемлекет сыртқы нарықта көбірек тауар сатып, азырақ сатып алуға тиіс болды. Сол кезде байлықпен бірдей деп саналған алтынның қорының жиналуы жүреді деп есептелген.
Кеш меркантилизм XVI ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғ. ортасына дейін дамыған. Оның негізгі қағидасы активті сауда балансының жүйесі болды. Байлық сыртқы нарықтарда ақшаға айнала алатын тауарлардың артық мөлшерімен сипатталады. Бұл тауардың артық мөлшері әкелінетін және шығарылатын тауарлар арасындағы құндық айырмашылығынан шығады деп есептеліп, ол екі әдіс арқылы қамтамасыз етіледі:
1. Өз елінен өнімді шығару арқылы. Соның ішінде шикізатты сатудан гөрі, сатқанда көбірек пайда түсетін дайын өнімдерді шығаруға рұқсат беріліп, сән-салтанат заттарын әкелуге тыйым салынды.
2. Делдалдық сауда, осы мақсаттарға шетелге ақша шығаруға рұқсат берілді. Бұл жерде тек бір принцип алға тартылды: бір елде арзанырақ алып, басқа елде қымбатырақ сату.
Меркантилистер алғашқы болып, қазіргі әлемдік экономикадағы төлем балансына сипаттама берді. Меркантилистердің шектеулілігі олардың бір ұлт өздері сауда жасасатын екінші бір ұлттың кедейленуінен ғана байымайтындығын, сонымен қатар халықаралық экономика дамығандықтан елдің дамуы қолда бар байлықты өзара бөлісу арқылы ғана емес, оны өсіру арқылы да мүмкін болатынын түсіне алмауында. Бірақ кейінірек пайда болған физиократтар ілімі сыртқы саудаға ешқандай көңіл бөлмегендіктен, меркантилистердің көзқарастары ғылыми ойды халықаралық экономикадағы классикалық мектеп ойларына итермеледі.
Алдыңғы қатарлы елдердің машина өндірісіне өту кезеңінде Адам Смит халықаралық саудадағы тиімділік туралы мәселе қойды. Өзінің меркантилизмді сынауға арналған атақты «Халықаралық байлығының себептері мен табиғаты туралы зерттеу» (1776) атты еңбегінде, ол мемлекетке сыртқы нарықта сату ғана емес, сатып алу да тиімді болатындығын болжап, қай тауарларды экспорттау және импорттау тиімді болатындығын анықтауға тырысты.
А.Смит идеясын жай модель арқылы сипаттауға болады. Бірақ әрбір модель абстрактылы болғандықтан, оны талдау үшін бірнеше шарттарды енгізу қажет:
1 - әлемде тек екі мемлекет бар;
2 – бұл елдерде тек екі тауар өндіреді;
3 – елдер арасындағы сауда ешбір шектеусіз жүзеге асырылады;
4 – халықаралық сауда үйлестірген;
5 - өндіріс факторлары елдер арасында ауыспайды;
6 – тауардың бағасы мен өнімділігіне еңбек қана әсер етеді;
7 - өнім шығарылуы мен еңбек арасындағы арақатынас тұрақты;
8 - өндіріс факторлары салалар арасындағы еш шектеусіз ауыса алады;
9 – екі ел мен екі салада жетілген бәсеке орын алады.
Д.Рикардо ХЭҚ ерекшеліктерін атай отырып, халықаралық өзара тиімді сауда үшін А.Смит принциптерін ұстап кедергі келтірмейтінін көрсететін модель жасады. Д.Рикардо салыстырмалы артықшылықтар заңын ашты; ел өндіруде ең көп абсолютті артықшылықтарға ие тауарларға немесе аз абсолютті артықшылыққа ие емес тауарлар экспортына мамандануы қажет.
XIX ғасырда еңбек теориясы әр түрлі өндіріс факторлары теорияларымен ығыстырыла бастағаннан бері, классикалық мектептің негізін қалаушылардың ізбасарлары – экономист-неоклассиктер халықаралық сауданы да өндіріс факторлар теориясы арқылы түсіндіре бастады. Бірақ, халықаралық сауда теориясында шынайы жаңалықты тек ХХ ғ. 20-жылдардың ортасында экономист-неоклассиктер – швед экономисі Эли Хешкер мен оның шәкірті Бертил Олин енгізді. Ол кейін Хекшер-Олин теориясы деп аталған, халықаралық сауданың тізбектелген теориясын құрды.
Өндіріс факторларының арақатынасы өндіріс факторларына, нарық, өндіріс және тауарлар сипатына қатысты көптеген жорамалдарға негізделген. Оның басым бөлігі абсолютті және салыстырмалы теориялардағы жорамалдарға ұқсас.
1991 жылы американ экономисі М.Портер «Елдердің бәсекелестік артықшылықтары» атты зерттеуін жариялады. Бұл зерттеуде халықаралық сауданың мәселелері өте тиянақты қарастырылды. Осы тәсілдің бір алғышарты: «халықаралық нарықта елдер емес, фирмалар бәсекелеседі. Бұл процестегі елдің атқаратын рөлін түсіну үшін фирмалардың бәсекелік артықшылықты қалай құрып және қалай нығайтатынын түсіну қажет». Сыртқы нарықтағы табысқа жету дұрыс таңдалған бәсекелестік стратегияға байланысты.
Портер
бойынша бәсекелестіктің негізгі бірлігі
сала, яғни тауар өндіретін және қызмет
көрсететін және өзара тікелей бәсекелесетін
бір топ бәсекелестер болып табылады.
Салаларда бәсекелестік артықшылықтардың
ұқсас негіздері бар өнімдер шығарылады.
Фирманың сала ішіндегі бәсекелестік
стратегияны таңдауына екі жағдай әсер
етеді.
1.2
Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері
және формалары
Бүгінгі жағдайда барлық елдердің экономикасы халықаралық саудамен байланысты. Тіпті экономикасы шалқып дамыған елдердің өзі де солай. Мысалы, АҚШ-тың экономикасы басқа елдерден мына өнімдерді импорттаумен байланысты: банан, какао, кофе, шәй, никель, қалайы, табиғи каучук, алмаз және т.б. өнімдер. Сонымен қатар АҚШ сыртқа мынаны шығарады: химия өнімдері, әр түрлі жабдықтар, автомобиль, ұзақ мерзімді тауарлары (тоңазытқыш, шаңсорғыш), астық және т.б.
Бір сөзбен айтсақ, халықаралық сауда – екі жақты қозғалысы бар көше сияқты құбылыс.
Сыртқы сауда – тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы саудасының нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса активті сауда балансы дейміз. Керісінше болған жағдайда пассивті балансын құрайды.
Сауда балансы пассивті болған жағдайда мемлекет айырманы алтынмен жабуы керек немесе несие алуға өтініш жасайды. Сондықтан да әрбір мемлекет сыртқы тауарды көп шығарып, аз тасуға бейімделеді. Бұл тауар балансының активті болуын көрсетеді. Мемлекет импортты түсіру үшін қорғау іс әрекетіне көшіп, тасылатын тауарларға жоғарғы қорғау салығын қолданады немесе арзан ақша саясатын іске қосады. Әдетте, АҚШ-ты өзінің сауда әріптесі Жапонияға осылай жасайды. Себебі Жапония АҚШ нарығын арзан автомашина, тоңазытқыш, аудио және видеотехникаға толтырып тастады.
Шартты түрде: 1 доллар – 1 теңгеге тең делік. АҚШ Жапонияға тоңазытқыш тасыса, Жапония АҚШ-қа транзистор тасиды. Тоңазытқыштың шартталуына 100 долл. тең, ал транзистордың шартты құны 100 иен болмақ. Шетел тауарларының легін тоқтату үшін АҚШ «арзан» ақша саясатын ендіруге келісіп, өзінің ұлттық валютасын, иеннің долларға қатынасы екі есе болған. Бұл жағдайда 1 долл. Жапонияда 0,5 иен ғана береді. Онда АҚШ-та иенге 2 долл. төлеуге тура келеді. Мынаны түсіну қиын емес: Америка тоңазытқышы Жапонияда 50 иен болып, оны Жапонияда шын пейілмен сатып алады. Ал, Жапония транзисторының бағасы екі есе өсіп, американдықтар үшін 200 долл. сатылады. Бұл американдықтардың қымбат жапон транзисторын сатып алу пейілін барынша тарылтады.
Сауда кедергілерінің ауқымы көп және бұған мыналар кіреді: сырттан әкелінетін тауарларға жоғарғы салымдар, ұлттық валютаның девальвациялануы, сыртқа шығаратын тауарларға квота, экспортқа еркін шектеулер. Мұның барлығын протекционистік шаралар дейміз немесе мемлекеттің экономикалық саясаты. Бұл аталған саясат ішкі нарыққа шетел тауарларының еніп кетпеуіне бағытталған.