Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 15:11, курсовая работа
Қай елдің болмасын экономикасының дамуын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі — ол сыртқы сауда саясаты. Осы тақырыпты таңдағанымның себебі Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайындағы сыртқа сауда саясатының ролі мен мәнін талдап, тереңірек зерттеу .
Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Халықаралық сауданың теориялық аспектілері.............................................5
1.1 Халықаралық сауда теориялары.....................................................................5
1.2 Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары...................8
1.3 Халықаралық сауда субъектілері..................................................................11
2. ҚР-дағы сыртқы сауда саясатының рөлі.......................................................19
2.1 Сауда саясатының құралдарының экономикаға әсері................................19
2.2 ҚР-ның сыртқы сауда айналымы..................................................................21
2.3 ҚР-ның сыртқы сауда саясатының жүзеге асырылуы................................25
3. Дүниежүзілік сауда ұйымына ену үшін Қазақстандағы қолданылып жатқан шаралар...............................................................................................33
Қорытынды...........................................................................................................45
Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................47
Қосымшалар..........................................................................................................48
3.
Дүниежүзілік сауда
ұйымына ену үшін
Қазақстанда қолданылып
жатқан шаралар
Міне 10 жылдан аса біздің сыртқы саудамыздағы ең басты мақсатымыз орындалмауда, яғни біз 1996 жылдан бері Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше бола алмай отырмыз. Біз қазір көптеген беделді халықаралық ұйымдардың мүшесіміз, осындай ұйымның маңыздысының біреуі ДСҰ-ы. Дүниежүзі елдерінің жетпіс бес пайызынан астамы мүше болып отырған осындай халықаралық бірлестіктен тыс қалу, еліміздің экономикасына теріс әсерін тигізуі де мүмкін. Оған қосылу біздің экономикамызды, әсіресе сыртқы сауда саласын әрі қарай нығайуына себепші болады.
Үкімет басшысының хабарлауынша, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту үшін Қазақстанға төрт пункт бойынша шараларды келісу қажет. Біріншісі, Қазақстанның бірқатар шикізат өндіру саласындағы қатыстылық көрсеткішін қорғауға байланысты заңнамалардағы қиындықтар. Бұл жерде мәселе "Мұнай туралы" және "Жер қойнауы туралы" тәрізді бірқатар заңдарда көрсетілген талаптар туралы болып отыр. Оларда республикада жұмыс істейтін шетелдік компанияларды жалпыәлемдік стандарттарға сәйкесетін қазақстандық өнімдерді тұтынуға міндеттеу туралы баптар бар.
Келісуді қажет ететін екінші мәселе - ауылшаруашылығы саласына субсидия бөлу болмақ. Дүниежүзілік сауда ұйымы сүйенетін нормаға сәйкес Қазақстан ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидия мөлшерін есептеуге негіз ретінде 1994-1996-жылдарды алуы тиіс. Бұл кезеңдегі субсидия мөлшері 864 млн. доллар шамасында болды.
Ауылшаруашылығы саласы жоғары деңгейде дамыған АҚШ және Австралия сияқты мемлекеттер Қазақстан субсидия мөлшерін есептегенде 2002-2004-жылдар аралығындағы көрсеткіштерге негіздеуі тиіс деген талап қойып отырған көрінеді. "Бұл жерде аталмыш мемлекеттердің түпкі пиғылы түсінікті болып отыр. Өйткені, таяу уақыттарда Қазақстан ауылшаруашылығының астық және басқа да салаларында қуатты бәсекелеске айналады",- деді үкімет басшысы. Оның айтуынша, республика бұл мәселеде де өз позициясынан ауытқымайды.
Үшінші мәселе акциздік бағдарламаға байланысты проблемаларды шешу болмақ. Біздің пайымдауымызша, бұл тұрғыда Қазақстан обьективті ымыраға бара алады.
Ал телекоммуникациялық қызметтер рыногына шетелдік компаниялардың енуіне мүмкіндік беру - келісілуге тиіс төртінші тауқыметке саналады. "Үкіметтің бұл тұрғыдағы идеологиясы, ниеті барлардың барлығын нарыққа жіберіп, жұмыс істеуге жағдай жасауға саяды",- деді Д.Ахметов. Оның айтуынша, үкімет еліміздің қолданыстағы заңына өзгерістер енгізуге кірісті. Қазіргі жағдаймен коммуникация саласындағы кәсіпорындардағы еліміздің үлесі 51 проценттен кем түсуге тиіс емес. Үкімет алдағы уақытта бұл көрсеткішті азайтуға құлық танытып отыр.
Ал Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына Ресеймен бір уақытта мүшелікке өтуге пейіл,- деді үкімет басшысы.
Келіссөздер Женевада орналасқан ДСҰ Хатшылығында көпжақты және екіжақты негізде жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда қазақстандық делегация төрт негізгі бағыттар бойынша келіссөздер жүргізуде:
— Тауарлар рыногіне шығу келіссөздері ұйымға кіргеннен соң Қазақстан пайдалануға құқық алатын импорттық кедендік алымдарды барынша байланыстыру деңгейлерін ДСҰ-ға мүше елдермен анықтау және келісуді көздейді;
— Қызметтер нарығына шығу туралы келіссөздердің мақсаты қазақ нарығына шетелдік жеткізіп берушілердің шығу шарттары болып табылады;
— Ауыл шаруашылығына қатысты арнайы көп жақты келіссөздер, тарифтік аспектіден бөлек, ауыл шаруашылығына іштен қолдау білдіру мен экспорттық субсидиялардың мөлшерін келісуді көздейді;
— ДСҰ қатысушысы ретінде өз міндеттемелерін орындау үшін заңнамада қолдануға тиіс шараларды анықтау мақсатында жүргізіліп отырған жүйелік мәселелер бойынша келіссөздер;
Жеке
елдермен өткізілген екіжақты келіссөздердің
14 раундының қорытындылары
Бүгінгі таңда, Грузия, Пәкістан, Түркия, Оман Сұлтанаты, Корея, Жапония, Куба, Мексика Қырғыз Республикасымен екіжақты келіссөздердің аяқталуы туралы Хаттамаларға және ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Индустрия және технологиялық даму министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. ҚР мен ДСҰ арасындағы ынтымақтастықтағы маңызды оқиғалардың бірі 2004 жылғы тамыздағы ДСҰ Бас хатшысы С.Паничпакдидің Қазақстанға сапары болды. Осы тұста айта кетер бір жай ДСҰ басшылығы әдетте бір елге арнайы сапар ұйымдастырмайды, қалыптасқан тәжірибе бойынша бірнеше мемлекетті аралап шығады. Осы сапардың барысында ұйым басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, елдің бірқатар министрлерімен кездесіп, ДСҰ келісімдерінің міндеттемелерін қабылдау жөніндегі Қазақстанның ортақ ұстанымын түсінісуге қол жеткізілді.
Қазіргі кезде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі маңызды сатыда тұр. Келіссөздер жүргізу тұрғысында Қазақстан үшін бес мемлекет, атап айтқанда, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада, Аустралия және Болгария ең маңызды болып табылады. Келіссөздер процесінде уағдаластыққа жету қиыншылықтары тауарлар мен қызметтер нарығына шығуда көп жағдайда олардың нақты коммерциялық мүддені қозғамайтын, тіпті еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әсіре қатаң талаптар қоюынан туындауда. Аталған проблемаларды реттеу үшін Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер мен ресми кездесулер кестесі әзірленді. Бұл тұрғыда Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері де ДСҰ мүшелері болып табылатын жеке елдерге саяси ықпалды күшейтуге барлық мүмкіндіктер жасауда.
Бірақ ДСҰ – на кейбір сарапшылар оптимистік жақпен қараса; осы ұйымға кіру біздің елдің әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялау процесінің кезекті кезеңі ретінде қарастырылып жүр және бұл қадамда Қазақстан тауарларын одан әрі әлемдік нарыққа шығарады деген үмітте. Екіншілері пессимистік тұрғыдан қарауда; шетелдік арзан тауарлардың тасқыны еліміздің онсыз да әлсіз өндіріс орындарын құлдыратып жібереді деген ескертулер айтып жүр.
Міне осы күнге дейін ДСҰ - ның салдары отандық экономикаға тигізетін әсері анық емес, біздің экономикалық шекарамыздың толық ашықтығының кемшіліктері мен артықшылықтары да әлі анықталған жоқ, осының салдарынан мемлекетіміз қолайсыз жағдайға тап болуы мүмкін. Оның дәлелін осы ұйымға кірген көптеген елдердің тәжірибесінен көре аламыз, ұтқан және ұтылған мемлекеттердің де саны аз емес.
Бүгінде Қазақстан Республикасы 100 астам елдермен сауда - экономикалық қатынастарын жүзеге асырады, оның негізгі экономикалық серіктестеріне ТМД елдері, Европа, Латын Америкасы, АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея, Жапония және тағы басқа Азия елдері кіреді. Осы сауда - экономикалық қатынастарда еліміздің импорттап, экспорттап жатқан тауарлардың құрылымына көңіл аударсақ онда импорттық тауарлардың басым бөлігі дайын өнім, құрал-жабдықтар, халық тұтынатын тауарлар, электроника және тұрмыстық техникаларды құраса, экспорттық тауарларымыздың көбі шикізаттан тұрады. Мемлекеттің экспорттық импорттық тауарларына қарай отырып, сол елдің экономикалық деңгейі қаншалықты дамығанын және қаншалықты дұрыс саясатты ұстап отырғанын байқауға болады.
Осыған байланысты біздің елге келетін болсақ әлі сыртқы экономикамызда атқарылатын мәселелер өте көп, соның бірі сыртқы саудада дұрыс бағытты таңдаған жөн. Ол үшін ең бірінші бізге экспорттық операцияны дұрыс жүзеге асыруымыз керек. Мәселен біздің экспорттық тауарларымыз негізінен таргетингке бағытталған, таргетинг дегеніміз – экспорттық тауарлардың түрлерін бір мақсаттқа ғана көздеп шығару, мысалы: әртүрлі тауарлардың түрлерін сата бермей тек қана шикізатты шығару. Жаңа технологиялардың қолдануна байланысты таргетингтік экспорттық өнімдерге сұраныс та аз болуда оның себебін мысал ретінде түсіндіріп өтуге болады, ғасырлар өткен сайын техникамыз дамуда, техника дамыған сайын жаңа технологиялардың түрлері де дамуда мысалы: жанармаймен жүретін автомобилдердің орнына күн батареясымен немесе сумен жүретін автомобильдер шығарылуда, темірдің орнына пластик, пластмасса материалдарын қолдануда. Осы жағдайды ескере отырып мемлекетіміз шикізатты өңдеп оны дайын өнім қылып сату керек немесе диверсификациялық (диверсификация - өнімнің түр – түрлерін өндіру) өнімдерді шығаруы тиіс. Бірақ бұл саясатты дұрыс жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан қосымша қаржы бөлініп зауыттар мен фабрикалар салынып, сапалы тәжірибелі мамандар дайындалуы тиіс. Ал біз бұл жағдайды керісінше түсінеміз, біз пайдалы қазбалар қоры жағынан дүние жүзінде алдыңғы қатарлы орындарға иеміз сол үшін біз шикізаттарды арзан болса да сата беруге болады, ал бұл өте бұрыс саясаттың бірі.
Бұл ұйымға кірудің ең басты мақсаты, дүние жүзі елдерімен сауда - экономикалық қатынастарын дамыту, яғни экспорт пен импорт операцияларын дамытып кеңейту. Осы ұйымға кірместен біз өзіміздің ішкі экономикамыздағы болып жатқан мәселелерді, ДСҰ-ың қазіргі жағдайы мен келешегін талдайық. Қазіргі жағдайда ДСҰ-ғы біздің мемлекетіміздің үлкен масштабты бағытталған зерттеулері аз. Қазақстан Республикасы бүгінде импорт тауарларына бостандық беріп, өздерінің отандық өндірушілерін қорғауын жақтамай, керісінше сол импорттық тауарларды пайдалануға мүмкіндік беріп жатыр, қазірдің өзінде ішкі нарықта импорт тауарлары басым, ал біз келешекте ДСҰ-на кірсек не болады? Отандық өндірушілер болса шетел өндірушілермен және импорт тауарларымен бәсекеде қатты жүр және кейбір отандық фирмалар, кәсіпорындар банкротқа ұшырап жабылуда. Соңғы жылдары Қазақстанның экономикасында отандық туарлардың көбі өндіріліп, көптеген кәсіпорындар іске қосылған болатын, бірақ біз ДСҰ-ға кірсек бұларға аса қиын болады. Өйткені рыноққа толы осындай тауарлар түсіп, отандық тауар өндірушілеріне қиын жағдай туғызуы мүмкін.
Көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей ДСҰ-ға кірер алдында өте ұқыпты шешім қабылдау керек, неғұрлым қай болмасын мемлекеттің экспорт пен импорттық операциялары тиімді жүзеге асырылса, соғұрлым мемлекеттің саудасы ДСҰ-да, көп ұтысқа ие болады. Сол үшін өкімет келешекте ДСҰ-ға кірер алдында тиімді стратегиялық саясат жасауы керек. Ол стратегиялық саясаттың ең негізгі мақсаты ішкі нарықты дұрыс реттеп, экспорт пен импорт операциялардың қызметін дұрыс жүзеге асыру, ішкі экономиканы реттеп, содан соң сыртқы эконмикаға көңіл бөлген тиіс, ішкі экономиканы реттеу үшін келесі мәселелерді шешіп алуымыз керек.
Олар Қазақстан Республикасы аграрлы мемлекет болғандықтан біздің ең басты өнімдеріміз ауылшаруашылық өнімдері сол үшін ауылшаруашылық саласын дамыту керек, отандық өндірушілерге қолайлы жағдай көмек көрсетуіміз керек, ол үшін отандық кәсіпорындарға салық көлемін азайту, ұзақ мерзімді несие алу, несие пайыздарының төменділігі, мемлекет тарапынан банкротқа ұшырап бара жатқан кәсіпорындарға субсидиялар бөлінуі қажет, шетел инвестицияларын кеңінен пайдалану керек, олармен бірлескен кәсіпорындар құру, отандық тауар өндірушілерін қорғау тағы басқа сол сияқты мәселелерді шешіп алуымыз керек. Бұған мемлекет тарапынан тағы да қаржы көздері жұмсалып, тиімді саясат атқарылуы тиіс. Сол кезде ғана біз ДСҰ-на, кіре аламыз, ал бұндай жағдайларсыз біз ДСҰ-на кірсек онда экономикамызға қауіп - қатер тууы мүмкін.
Сыртқы сауда саясаты мәселесіне келетін болсақ онда, сыртқы саудада дұрыс саясатты ұстанған жөн, әйтпесе мемлекеттің экономикасы өте баяу дамып немесе экономикалық дағдарыс пен құлдырау мүмкін. Сол үшін әр мемлекет өзінің экономикалық дәрежесіне байланысты, әр түрлі саясат қолданады. Мысалы: дамыған елдер өз нарығын Либерализацияса (нарыққа толық еркіндік беру) дамушы елдерге Протекционистік (өзінің отандық өндірушілерін қорғау) саясатын ұстанған жөн. Дамыған елдерде Жапония, Англия, Канада тағы басқа мемлекеттер өзінің нарығына толық еркіндік береді яғни либерализациялайды, өйткені мемлекеттің экономикасына еш қауіп төнбейді, олар экспортты да күшейтіп импортқа да еркіндік береді. Себебі олардың ішкі экономикасы толық дамыған және олардың отандық өндірушілеріне қауіп төнбейді, өйткені импорт тауарларынан гөрі, олардың отандық тауарлары өте арзан және сапасы өте жоғары. Бұл не үшін ондай? Себебі бұлар дүниежүзінде алдыңғы қатарлы мемлекет болған соң, оларда барлық мүмкіндіктер дамыған: құрал – жабдықтар, технологиялар, жұмысшылардың тәжірибесі. Бұлар дүние жүзінде алдыңғы қатарлы тауарлар шығарса, бұлардан кім асып түсе алады? Ал дамушы мен дамып келе жатқан мемлекеттер сыртқы сауда операцияларын тиімді реттемесе, бұлардың экономикасына өте қиын жағдай туу мүмкін. Өйткені отандық өндірушілері өз елін дамыған елдер сияқты толық тауарлармен қамтамасыз ете алмайды себебі олардың техникасы дамымаған, білімді сапалы жұмысшылар аз, бірақ бұларда шикізат көзі көп, шикізат көп болғанымен, адам оны шикідей ішіп немесе шикідей қолдана алмайды оны міндетті түрде өңдеуі керек, осы біздің елімізге тән жағдай.