Мемлекет түсінігі және негізгі белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 17:49, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттің пайда болуына байланысты басқа да көптеген тарихи деректер бар. Дүниеде мемлекеттің калыптасуы мен дамуын түсіндіретін көптеген теориялар бар және қазір де кездеседі. Мемлекеттің пайда болуы заман заманға, ғасыр ғасырға, қоғам өркендеген сайын дамып келеді. Сонымен бірге әртүрлі және бір ғана әлеуметтік ортаның мемлекеттің дамуы мен қалыптасу үрдісі туралы өз пайымдаулары бар.

Содержание работы

КІРІСПЕ 6
1 Мемлекеттің пайда болуының объективтік
заңдылықтары 8
1.1 Алғашқы қауымның рулық-тайпалық ұйымнан
біртіндеп мемлекетке ауысуы 8
1.2 Мемлекеттің пайда болуын қарастыратын негізгі теориялар 14
2 Мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуы, сипаты
және оның қызметінің мазмұны 18
2.1 Мемлекеттің түсінігі және оны алғашқы қауымдық құрылыстағы
әлеуметтік биліктен ажырататын белгілері 18
2.2 Мемлекеттің мәні мен типологиясының өзара байланысы 22
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

понятие госуд.doc

— 252.50 Кб (Скачать файл)

    Заң ғылымында  мемлекеттерді  типке бөліп  зерттеу арқылы олардың даму процесін, деңгейін, өркениеттің мазмұнын тануға болады.

    Теорияда  қабылданған мемлекеттердің аталмыш типологиясында номадизм қалыптастырған мемлекеттік құрылым таса қалып қалғанын атап кеткен жөн. Негізінде евоцентристік кезқараста болған А. Тоинби, О.Шпенглер және Ресей зерттеушілері көшпенділерді «жабайы орда» ретінде бағалады. Олар қалыптастырған мемлекеттік жүйені жалпы мемлекет типологиясына, дәстүрлі стандарттық қалыпқа сыймайтын, өркениетке жат, үнемі инерциялық санат билеген және ретсіздік жайлаған тобыр екені ағыл-тегіл болып суреттелінді. Себебі, «Қазақ тардың қоғамдық қатынастарын қате баяндау оларды тек ғана шалағай зерттеулерімен ғана түсіндірілмейді, сонымен қатар буржуазиялық авторлардың аз болмаса да ғылыми әдістемелерінің терістігінен болған. Олар қоғамдық құбылыстарды танудың ғылыми әдісін меңгермей, ең дегенде адал ниетпен бай-қағандарын жазып алды. Оларға қоғамдық өмір құбылыстарын басқаратын зандар белгісіз болып қала берді» [15,98бет]. Сонда көшпенділердің мемлекеті ғылыми жағынан алып қарағанда типологияның қандай түріне кіруі қажет? Көшпенділердің тарихын мол зерттеген Е.И.Кычанов, «біз көшпенділер мемлекеті туралы жазамыз, бірақ, жеке алып қарағанда, көшпенділердің мемлекетінің бұрын болғанын осы күнге дейін дәлелдеп келеміз» [16,48 бет]-деп жазды.

    Н.Масанов  кешпенділердің жалпы қоғамдық-экономикалық формация типологиясына мүлдем сай келмейтін мемлекеттік дамуы болғанын тілге тиек ете келе олардың қоғамдық-саяси құқықтық дамуын әмбебаптық аграрлық цивилизация деген теориямен байланыстырады. Шын мәнінде назар аударарлық пікір. Бірақ, көшпенділер мемлекетінің мәртебесі типологиясы көрсетілмеген. Біздің ойымызша «көшпелі қазақ өркениетінің эволюциялық дамуы Батыс Европа халықтарының тарихынан мүлдем ерекше және далалық салт-санаға еш уақытта «базис», «қондырма» ұғымдары формула, қағида ретінде жүрмейді. Көшпелі өмірдің ең негізгі ерекшеліктері «жеке адамның мінез-құлқының моральдық талаптарын асқақтату, ұят, ар-этностың рухы, баға жетпейтін құндылығы, әлеумет тыныс-тіршілігінің өзегі болып табылады. Ал, материалдық дәреже, байлық руханият пен даналықты, жалпы өнерді қамтамасыз ету жолында пайдаланатын зат, нәрселер ретінде қабылданған». Осыған байланысты қазақ мемлекеті типологиясының мағынасы мен мәніне баға беретін болсақ оның «билік жүргізу формасы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының ең соңғы кезеңінде қалыптасқан әскери демократия сатысы мен мазмұнына дәлме-дәл сәйкес келетін құрылым. Бұл кезеңде рулық құрылымның дәстүрлері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттің нышандарымен бір қайнасып жатады».

    Мемлекет  типі сәйкес тарихи кезеңде туындайтын  оның  маңызды  жақтары  мен  қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Белгілі бір кезендегі барлық мемлекеттерге белгілі бір сипаттар тән болып келеді. Мемлекеттерді типке бөлу негізінен формациялық жэне өркениетті тәсілдер тұрғысынан жүзеге асырылады.

      Формациялық тәсілдің шегінде  негізгі талап ретінде әлеуметтік-экономикалық факторлар, яғни, қоғамдық-экономикалық формация орын алады. Бұл тәсіл тұрғысынан мемлекет типі қоғамның экономикалық базисімен тығыз байланысты қоғамдық құрылымға сәйкес мемлекеттің өзара тығыз байланысты белгілерінің жиынтығы ретінде анықталады. Экономикалық базистің типтеріне қарай   мемлекеттің төмендегідей типтерін бөліп қарастырады: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер.

      Бұл типологияның артықшылықтары  болып екі мәселе табылады: мемлекеттерді  әлеуметтік-экономикалық негізінде бөлу идеясы өте дұрыс, себебі, шынымен де бұл факторлар қоғамға зор әсерін тигізеді, ол мемлекеттің дамуының табиғи-тарихи сипатын, кезенділігін көрсетеді. Ал формациялық теорияның әлсіз жағы оның тарихтың әртүрлі сипаттарын ескермеуінен және рухани факторларды бағаламауынан көрінеді.

      Мемлекеттің алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік биліктен айырмашылығы:

- Халықты  туысқандығына қарамай, территориясына  сәйкес біріктіру. Билікті осы  территорияда жүргізу.

- Қоғамдағы  басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы. Бұл аппарат үстемдік таптың, топтың, мүдде-мақсатын орындау үшін қалыптасты.

- Салық  жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті  басқаратын аппаратта қызмет  жасайтын адамдарды әлеуметтік  қамтамасыз ету үшін салық  қалыптасты. Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:

- Қоғамды  басқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамның  жұмысының көлемі де, шеңбері  де молайып, кеңейіп ескі басқару  аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;

- Қалың  бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы іс-әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;

- Қоғамды,  экономиканы дамыту үшін, әлеуметтік  жағдайды жақсарту үшін басқарушы  аппаратты нығайту керек болды;

- Қоғамның  қорғанысын күшейту үшін, зандылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.

        Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:

- мемлеқет  қоғамдық көлемде бірден-бір билік  жүргізетін ұйым; басқа бірлестіктердің  билігі барлық халықты қамти  алмайды, мемлекет қана барлық қоғамға күші бар нормативтік акты қабылдай алады;

- мемлекет  қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың  дұрыс, уақытында іске асуын,  орындалуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылап отырады:

- мемлекеттің  ішкі-сыртқы істердегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.

      Мемлекеттерді этатистік және құқықтық мемлекеттерге жіктеу де айрықша назар аударуды қажет етеді. Мұндай жіктеуге мемлекеттің құқықка қатынасы негіз болады. Академик М.Т.Баймахановтың пікірі бойынша, этатистікке қоғамдық қатынастарды реттеудің императивтік әдістерімен сипатталатын мемлекеттерді жатқызу керек. Ол мемлекеттерде азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің және т.б. бостандықтары мен дербестіктері, олардың мемлекетке қатысты автономиялығы жоққа тән болып келеді. Этатистікке тоталитарлық және авторитарлық режимнің барлық түрлерін жатқызуға болады. Ал, құқықтық мемлекеттер мемлекеттік басқаруда құқықтың артықшылығы идеясын ұстанады, азаматтардың құқықтары, бостандықтары және мүдделерін қамтамасыз ету және кепілі болу кажеттігін есепке алады. Этатистік және құкықтық мемлекеттермен бірге аралық үлгідегі мемлекеттер бар, оларға жоғарыда аталған мемлекеттердің екеуінін де сипаттары тән.  

 

    Қорытынды 
 

    Мемлекет  әрдайым даму үрдісінде болатын, тек өзіне ғана тән қызметтері, әсер ету нысандары мен әдістері болатын айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында, оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз. Сонымен, мемлекет тақыр жерден пайда болған жоқ. Ол  рулық басқару жүйесін жоққа шығару және сонымен бір мезгілде оның өзіндік жалғасы болып табылды. Олардың арасында жақсы жаңалықтан кенде емес кейбір сабақтастығы айқын көрініп тұрады. Біріншіден, рулық басқарудың көптеген институттары ысырылып тасталып, билік ету-мәжбүрлеу бағытындағы басқасымен алмастырылды. Екіншіден, рулық басқарудың бірқатар институттары елеулі өзгерістерге ұшырап, қоғамның тіршілік әрекетінде жаңа жағдайларға бейімделді, сипатын, қызметі мен міндетін өзгертті, қалай болғанда да сақталып қалды. Үшіншіден,  бұл үрдісте басты нәрсе әлеуметтік жағынан әр алуан, антогонизмдерімен және күресімен сипатталатын қоғамға арналған әкімшіл-бұйрықшыл, мәжбүрлеу-күштеу сипатындағы жаңа институттардың қалыптасуы, іріктелуі, жетілдірілуі болып отыр.

    Жоғарыда  баяндалғандардан байқағанымыздай, алғашқы  қауымдық қоғам дамуының табиғи барысының  өзі, әрекет етіп отырған барлық факторлардың – обьективті және субьективті,  ішкі және сыртқы, маңызды және екінші кезектегі жиынтығы мемлекеттің пайда болуына алып келді.

    Мемлекет  деген күрделі саяси ұйым. Мемлекет пайда болғаннан кейін ол туралы көптеген тұжырымдамалар мен теориялар қалыптасты. Олардың барлығы бір-біріне мүлдем ұқсамайды және мемлекетті әртүрлі плюралистік мағынада түсіндіреді. Ойшылдардың әр ғасырда ұсынған идеялары негізінде таптық мүдделер мен теория пайда болған қоғамның тарихи жағдайларына, заман талабына байланысты қалыптасқан.

    Мемлекет  қоғамға қызмет етуі керек, оның мүдделері  мен кажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік етуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл жағынан мемлекеттің мүмкіндігі зор. Орасан зор материалдық, адам, ұйымдастыру ресурстарына, саяси-идеологиялық потенциалға, басқарудың, реттеудің және ықпал етудің әр алуан құралдарына иелік ете отырып, мемлекет экономиканың, әлеуметтік, рухани және                                                                                                         басқа жеткізуге,     қоғамда    қажетті         моральдық-психологиялық    ахуал қалыптастыруға оң ықпал етеді.

         Мемлекет қоғамның негізінде пайда болады. Ол ерекше ұйымдасқан билік ретінде және қоғам өміріндегі дербес, тәуелсіз институт ретінде, әрдайым даму процесінде болады. Бірнеше мың жыл, ғасыр бұрын тіпті он жыл бұрын қазіргі мемлекет мүлдем басқа болды.

    "Мемлекет - бұл өзінің иемденген белгілі территориясы мен жоғары билігі бар ашық ұйым". Мемлекет өз алдына ерекше ашық билік, қоғамнан тыс билікті ұсынады. Мемлекеттік билік тек билік ету органдарымен жүзеге асады. Бұл билікке қарсы қоғамдық билік және арнайы мемлекеттік мекемесі жоқ діни билік қарама-қарсы тұрады. Мұндай қоғамдық немесе әлеуметтік топтардың биліктері бір институт арқылы көрініс табады. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыста арнайы мамандандырылған билік топтары болған жоқ,  алайда мемлекет арнайы органмен көрініс тапқандықтан кейбір органдар тұрғындардан ақша немесе салық жинауға құқығы болды.

Мемлекет - басқару қызметін орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмытылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Ол  өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.

         Мемлекет құқықшығармашылық    қызметті    жүзеге    асырады:    барлық    ел тұрғындарына     арналған     заңдар     және     басқа     нормативтік     актілер шығарады. Құқық басқару құралы және қоғамда пайда болатын қарама-қайшылықтарды өркениетті шешудің әдісі болып табылады.

          Мемлекет - қоғамның саяси билігінің ерекше ұйымы. Оның ортақ істерді басқаруға бағытталған арнаулы аппараты болады. Ең алдымен мемлекет өз билігі таратылатын белгілі бір аумақпен байланысты болады. Мемлекет түсінігі және түрлеріне қатысты мәселелер адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын өз көкейкестілігін жоғалтқан емес. Өзіміз байқап отырғандай, азаматтардың  барлық саналы өмірі өзі өмір сүріп отырған мемлекетпен тікелей байланысты болғандықтан, ол өз мемлекетінің көркейіп, гүлдене беруіне барлық күш-жігерін жұмсауы қажет. 

 

     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 

  1. С.Өзбекұлы, Ө.Қопабаев. Мемлекет және құқық  теориясы.Алматы, 2006.15-17бб.
  2. Қ.Д.Жоламан, А.Қ.Мухтарова, А.Н.Тәукелев   "Мемлекет   және құқық теориясы". Алматы, 2005.320 бет.
  3. Ғайрат   Сапарғалиев   "Казахстан   мемлекеті  мен       кұқығының негіздері". Алматы:"Атамұра" 2003.10-12бб.
  4. Маркс К., Энгельс Ф. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1981,296 бет.
  5. Ленин В.И. Шығармалар толық жинағы, 39 том, 16 бет.
  6. Н.Дулатбеков, С. Амандықова, А.Турлаев "Мемлекет және кұқық негіздері" Астана: "Фолиант" 2004.-252 бет.
  7. Ғайрат   Сапарғалиев   "Казахстан   мемлекеті  мен       кұқығының негіздері" Алматы:"Атамұра" 2003. - 168 бет.
  8. Сапарғалиев Г.С, Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 2005.
  9. Андабеков Ш. Мемлекет және құқық териясы. Қарағанды, 2002. 398 бет.
  10. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды, 2001.
  11. С.Өзбекұлы. Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық. Алматы, 2002. 54 бет.
  12. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды, 2001.
  13. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2004, 36 бет.
  14. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.18-19бб.
  15. Өзбекұлы С. Барлыбек Сыртанов. Алматы, 1996.98б.
  16. Қ.Д.Жоламан. Мемлекет   және құқық теориясы. Алматы, 2005.48бет.

Информация о работе Мемлекет түсінігі және негізгі белгілері