Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 17:49, курсовая работа
Мемлекеттің пайда болуына байланысты басқа да көптеген тарихи деректер бар. Дүниеде мемлекеттің калыптасуы мен дамуын түсіндіретін көптеген теориялар бар және қазір де кездеседі. Мемлекеттің пайда болуы заман заманға, ғасыр ғасырға, қоғам өркендеген сайын дамып келеді. Сонымен бірге әртүрлі және бір ғана әлеуметтік ортаның мемлекеттің дамуы мен қалыптасу үрдісі туралы өз пайымдаулары бар.
КІРІСПЕ 6
1 Мемлекеттің пайда болуының объективтік
заңдылықтары 8
1.1 Алғашқы қауымның рулық-тайпалық ұйымнан
біртіндеп мемлекетке ауысуы 8
1.2 Мемлекеттің пайда болуын қарастыратын негізгі теориялар 14
2 Мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуы, сипаты
және оның қызметінің мазмұны 18
2.1 Мемлекеттің түсінігі және оны алғашқы қауымдық құрылыстағы
әлеуметтік биліктен ажырататын белгілері 18
2.2 Мемлекеттің мәні мен типологиясының өзара байланысы 22
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бұл кезде коғамдағы әйелдің беделі төмендеп, ол тек ғана үй шарауашылығында қызметші ғана ретінде рөл атқарады. Енді қауымның бірігіп еңбек етуінің қажеттілігі жойылды. Осының нәтижесінде рулық қауымдық қатынастар ыдырап, патриархалды семья пайда болды. Еңбектің бөлінуі еркектің экономикалық жағдайының рөлін арттыра түсті, семьядағы шаруашылық қызметінің беделі жоғарылады, жеке меншіктің иесі болды. «Ал мұның өзі, — деп атап көрсетті Ф.Энгельс, - ежелгі ру құрылысында жік салды: жеке семья руға қатер туғыза, қарсы тұратын күшке айналды.». Бұрын соғыста қолға түскен жауынгерлерді өлтіріп тастап отырған болса, енді оларды құлдыққа айналдырып, жұмысқа күштеп салып, олардың қосымша өндірген азығын пайдалану қолайлы болды. Міне, осылай қоғам құлдар және құлиеленуші таптарына бөлінді. Соның нәтижесінде әлеуметтік, таптық қақтығыстар пайда болды.
Бұрын алғашқы қауымдық кұрылысты басқаруға ғана бейімделген ақсақалдар мен көсемдердің және қауымның кеңесі енді тапқа бөлінген қоғамды басқаруға ешқандай мүмкіндігі болмайды. Құлдарды бағындырып жұмыс істету үшін басқа мекеме қажет болды. Ол мемлекет еді.
Осылай алғашқы қауымдық құрылыс даму барысында бір-біріне қарсы болған таптарды қалыптастырып, олардың мүдделері таптық сипатқа ие болды. Таптар пайда болған қоғамда мемлекет пайда болады. В.И.Ленин таптардың анықтамасын былай деп түсіндіреді. «Таптар деп адамдардың үлкен топтары, қоғамдық өндірістің тарихи белгілі бір системасында олардың алатын орнына қарай, өндіріс құрал-жабдықтарына олардың (көбінесе заңмен бекітіліп қалыптасқан қатынасына қарай, еңбекті коғамдық жолмен ұйымдастырудағы олардың рөліне қарай, ал олай болса, қоғамдык байлықтан олардың алып отырған үлесінің мүшелеріне және ол үлесті алу әдістеріне қарай айрылатын топтары аталады. Таптар дегеніміз - адамдардың мынандай топтары: қоғамдық шаруашылықтары белгілі бір укладына олардың алатын орындарына айырмашылық болуының нәтижесінде олардың бір тобы екіншісінің еңбегін иемденіп кете алады» [5,16бет].
Көптеген ғасырлар бойы адамдар тек табиғаттың даяр өнімдерін жинап, қорек етіп өмір сүргендіктен еңбек өнімділігі төмен болған. Алғашқы қауымдық қоғам экономикасы өзара байланысты екі бағытта дамыды: еңбек құралдарын жетілдіру және еңбекті ұйымдастыру тәсілдері мен әдістерін жетілдіру. Осылардың барлығы біртіндеп еңбек өнімділігінің артуына әкелді.
Алғашқы қауымдық құрылыстың әлеуметтік негізі - ру, яғни туыстық байланыстардың дәнекер болуына және шаруашылықты бірлесіп жүргізуіне негізделген адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі болды. Бұл қоғамда қауымдық билік өмір сүрген. Ру өміріне қатысты аса маңызды мәселелердің барлығы ересек ру мүшелері қатысатын рудың жалпы жиналысында қаралып, әділ шешімін тауып отырған. Жедел басқаруды жүзеге асыру үшін ру жиналысында көсемді сайлаған. Көсем ру қамын ойлайтьн, басқару қабілеті бар, рудың аса құрметті мүшесі болуы керек болды. Бұл лауазымның сайланбалы ғана емес ауыстырмалы болуы да көсемге ешқандай артықшылықтар берілмегендігін білдіреді. Ол басқалардан өзінің беделділігімен, ақылдылығымен және әдет-ғұрыптарды білетіндігімен ғана ерекшеленген. Дамудың бертін кезеңдерінде бірнеше ру экономикалық, әскери немесе дипломатиялық мәселелерді шешу үшін бірігіп, бір тайпаны құраған. Тайпа өз руларының атынан өкілдік ететін ақсақалдар кеңесімен басқарылған. Осы кеңес ауыстырмалы лауазымды тайпа көсемін сайлаған. Бұлардың билігі әлеуметтік биліктің негізін құраған. Еңбек құралдарының нашар дамуы, еңбек өнімділігінің төменгі дәрежесі бірлесіп өмір сүру, өндіріс құралдарына ортақ меншік, жиналған өнімді теңдік негізінде бөлу қажеттігі туындатты. Бұл билік табиғаты мен алғашқы қауымдық қоғам нормаларына мәнді әсер етеді.
Алғашқы қауымдық құрылыстың ұзақ, үздіксіз дамуы үрдісінде, оның сапалық тұрғыдан қайта жаңару үшін бірте-бірте алғышарттар жасала басталды. Еңбек құралдарының жетілдірілуі мүмкіндіктеріне қарай адамдар барған сайын жаңа өндірістік дағдыларға ие бола бастады, еңбек құралдары артты, қоршаған әлем туралы жаңа білімдер қалыптасты. Жабайы жануарларды қолға үйрету және мал шаруашылығының пайда болуы, сонымен байланысты малшылардың шығуы, ет, сүт, тері, жүн өндіру маңызды дәуір болды. Байлық жинауға алғашқы мүмкіндіктер жасалды. Жаңа жетілдірілген еңбек кұралдары, металл соқалар, жерді жыртып өңдеу арқылы, егіншілікке көшудің себептері болды. Осылардың барлығы өндірістегі мамандануға әкелді. Егер бұрын еңбек бөлінісі табиғи сипатты білдірсе: еркек, әйелдер, қарт адамдар, балалар әртүрлі еңбек түрлерімен айналысса (өздерінің жас мөлшері мен мүмкіндіктеріне сәйкес), өндірісті мамандандыру қоғамдық еңбек бөлінісіне алып келді.
Әр халықтың нақтылы тарихи тұрмыс жағдайы қоғамдық өмірдің рулық жүйесінің ыдырау процесіне және мемлекеттің пайда болуы мен оны басқаруға әсер етпей қоймады. Мұндай жағдайлар тіпті көршілес және этникалық жағынан жақын халықтардың арасында әркелкі болғандықтан да қаралатын үрдістердің нысанының, қарқынының және соның салдарының бірдей болуы туралы әңгіме етудің өзі артық. Шартты түрде мемлекеттің пайда болуының батыстық және шығыстық моделі деп бөлуге болады. Бұл екі моделдің бір-бірінен елеулі айырмашылығы бар. Ф.Энгельстің "Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы" деген еңбегінде, сондай-ақ көлемді монографиялық және оқу әдебиеттерінде толық жазылған, оның бірнеше варианты бар, олардың әрқайсысының осы үрдіске шешуші ықпал ететін түрлі факторлар басым [6,398б.]. Отбасыларындағы өндіріс құралдарының арқасында қосымша өнім жинақталады немесе басы артық мүліктер жинақталады. Отбасылық жеке меншік рулардың ұжымдық меншігін ығыстыра бастады.
Экономиканың
дамуы, жеке меншіктің пайда болуы,
өз кезегінде отбасылық
Бірте-бірте әскер көсем сайлау заңды актіге айналады немесе өзінің әскери жасақтарына сүйене отырып, өзінің, сол сияқты өзінің мұрагерлерінің қайта сайлауын қамтамасыз етеді. Әскери көсемдер мұрагерлікпен берілетін монархтарға айналады және олардың билігі (өкіметі) моральдық беделге емес, жасақтардың әскери отрядтарына сүйенеді. Соған байланысты, -деп атап өтеді Ф.Энгельс "мұрагерлікпен берілетін королдік биліктің және мұрагер ақсүйектердің негіздері қаланады".
Таптық қоғамның қалыптасу үрдісі үшін "әскери демократия" соған тән болып табылады, ол әртүрлі халықтардың тарихында өзінің ерекшелігіне ие болды, бірақ та ол барлық елдерде көптеген жүз жылдарда қалыптасты. Дегенмен, таптық қоғамның қалыптасуының аяқталуымен, қандық туыстық байланыстарға негізделген қоғамдық билік ұйымдары, тіпті әскери демократия" үлгісінің өзінде, антогонистік таптар қарама қайшылықтары алдында қорғансыз болып қалды. Қанаушылар таптарының мүдделерінің, сондай-ақ олардың жеке мүдделерін қорғай алатындай, қанауға қарсы шыққандардың басым көпшілігінің басып жаншып тастайтындай мекеме қажет болды. Мемлекет осындай мекеме болды.Осылайша қоғамның таптарға бөлініп, екіге жарылуымен алғашқы қауымдық құрылыстың қоғамдық билігі рулық -тайпалық ұғымға ұласып, ол қоғамның барлық мүшелерінің ортақ ерлік -жігерін білдірді және ол экономикалық тұрғыдан үстемдік етуші канаушылар табының қолында шоғырланған мемлекеттік билікпен алмасады Өндіргіш күштерді дамыту және одан еңбегінің өнімділігін артыру, ақыр сонында мемлекеттің пайда болуына, алғашкы қауымдық құрылыстың ыдырауына, қоғамның антогонистік таптарға бөлуіне және мемлекеттің пайда болуына әкелгенін атап көрсетті. «Таптар пайда болған кезде-деп жазды В.И.Ленин-барлық жерде, әрқашанда және бірге осы бөліністің өсуімен және нығаюымен, ерекше институт - мемлекет пайда болды». Бұдан көзделетіндей, "мемлекет" - объекті түрде бітімге келе алмайтын таптық қайшылықтардың бітімге келмеушілігінің көрінісі және өнімі болып саналады.
Мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуымызға болады:
-
әлеуметтік билік тек ру
- ол тікелей қоғамдық болып, алғашқы қауымдық демократия, өзін-өзі басқару бастамасында кұрылады;
- алғашқы қауымдық қоғамның барлық маңызды мәселелерін шешу кезінде билік органдары ретінде ру жиналыстары, көсемдер және әскери басшылар танылады.
Ешқандай қоғамдастық өз ішіндегі мүшелеріне қатысты тәртіп ережелерінсіз өмір сүре алмайды. Сондықтан да осындай тәртіп ережелерін бекітетін, өндірістік қатынастарды, отбасылық, туыстық және т.б. қоғамдық байланыстарды реттейтін әлеуметтік нормалар жүйесі қалыптасады. Әлеуметтік нормалар дегеніміз - адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік-экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі. Әлеуметтік билік пен мемлекет пайда болғанға дейінгі кезең нормаларының ерекшеліктері олардың шын мәнінде рулардың, тайпалардың әлеуметтік - экономикалық бірлігін көрсетіп кана қоймай, оларды қамтамасыз өте отырып адамдар өміріне тікелей араласатындығында. Мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңде өмір сүрген нормалардың өздеріне тән мынандай белгілері болған:
-
алғашқы қауымдық қоғамдағы
- жазбаша түрде бекітілмесе де, адамдар әрекеті мен санасында өмір сүрген;
- негізінен дәстүрге айналу күшімен, сондай-ақ сендіру және мәжбүрлеу (рудан аластау) шараларымен қамтамасыз етіліп отырған;
-
барлық ру және тайпа
1.2
Мемлекеттің пайда болуын қарастыратын
негізгі теориялар
Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ішкі дамуымен тығыз байланыстағы құбылыс болғандықтан, ондағы заң, философия және саясаттану ғылымдарының өмір сүру барысында әр түрлі теориялар пайда болған. Сонда да болса мемлекет пен құқық табиғатын, олардың пайда болу себептері мен бастаулары туралы тартыстар әлі де болса жалғасын табуда. Осы сұрақтар төңірегінде адамдар ерте кезден бастап ойлана бастаған. Осындай теориялардың көптігін олардың ізін салушылардың өмір сүрген тарихи жағдайларының ерекшелігімен және өздерінің ұстанған идеологиялық және философиялық бағыттарының әр түрлілігімен түсіндіруге болады.
Мемлекет деген күрделі саяси ұйым. Мемлекет пайда болғаннан кейін ол туралы көптеген тұжырымдамалар мен теориялар қалыптасты. Олардың барлығы бір-біріне мүлдем ұқсамайды және мемлекетті әртүрлі плюралистік мағынада түсіндіреді. Ойшылдардың әр ғасырда ұсынған идеялары негізінде таптық мүдделер мен теория пайда болған қоғамның тарихи жағдайларына, заман талабына байланысты қалыптасқан.
Мемлекет пен құқықтың шығуы туралы түрлі теориялар осы құбылыстардын пайда болуын түрліше түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа - қанаушы және қаналушы таптарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым - мемлекет пайда болды. Мемлекет аталған қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей тапты байлардың еркіне көндіріп, оны қанауға, езуге жадай туғызу үшін құрылған. Сондықтан қандай да мемлекет болсын тек қанауды мақсат тұтып, бай, үстем таптың игілігіне көздеп, мүддесін корғайды. Социалистік мемлекет те таптық мемлекет. Бірақ ол саны жағынан қоғамның басым көпшілігін құрайтын еңбекші таптың мүддесін корғайды. Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
Теологиялық теория ежелгі замандарда пайда болған. Ежелгі Египет пен Вавилонияда мемлекеттің пайда болуының басты идеалары қалыптаса бастаған. Бұл уақыттағы теологиялық теорияның ең мықты және нақты позициялары феодализмнің орнығу және даму кезеңін қамтиды. Бұл теория мемлекеттің пайда болуын жаратушының әмірімен болатын құбылыс деп түсіндіреді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Ф.Аквинский, Ж.Маритен, Жозеф де Местр, Дабен, О.Бисмарк. Қазіргі заманда да кейбір мемлекеттер осындай қағидаларға негізделіп құрылып, қызмет атқарады. Бұл қағидаларға сүйене отырып діни теориктер мемлекет пен құқық құбылыстарын діни рәсімдерге байланыстыра түсіндіреді.
Патриархалдық теория. (Платон, Аристотель, Р.Фильмер, Н.Михайловский, Шоқан Уәлиханов, Борнганк, Вольтман). Бұл теорияның мәні бойынша мемлекет отбасының өсіп-дамуынан ұлғайтып біртіндеп мемлекетке айналады, ал монархтың билігі әке билігінің жалғасы болып табылады. Мысалы, Аристотельдің түсінігі бойынша мемлекет бірнеше отбасы қыстақтарынан құралады және мемлекеттегі басқару отбасы билігінің жалғасы болып табылды. Негізінде мұндай тұжырым ғылымның жетістіктеріне сәйкес келмейді. Тарихта дәлелденгендей отбасы жеке меншікті одан әрі қарай нығайту үшін мемлекетпен бірге пайда болып, алғашқы қауымдық құрылысты ыдыратуына ықпалын тигізеді.
Патроманальдық теория
(латынның - мұрагерлікке қалған жер, меншік
деген түсінігін береді). Швейцарлық К.Галлердің
түсінігі бойынша мемлекет меншік иесінің
жерге иелену құқынан пайда болады.
Жерге ие болған меншік иесінің билігі
сол аумақта өмір сүрген адамдардың бәріне
жүреді. Халық жерді
меншік иесінен мердігерлікке ғана алады.
К.Галлер XIX ғасырда Еуропаның кейбір мемлекеттеріндегі
феодалдардың жерге деген меншігінің саяси
билікпен ұласқандығын алға тартады.
Информация о работе Мемлекет түсінігі және негізгі белгілері