Мемлекет түсінігі және негізгі белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 17:49, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттің пайда болуына байланысты басқа да көптеген тарихи деректер бар. Дүниеде мемлекеттің калыптасуы мен дамуын түсіндіретін көптеген теориялар бар және қазір де кездеседі. Мемлекеттің пайда болуы заман заманға, ғасыр ғасырға, қоғам өркендеген сайын дамып келеді. Сонымен бірге әртүрлі және бір ғана әлеуметтік ортаның мемлекеттің дамуы мен қалыптасу үрдісі туралы өз пайымдаулары бар.

Содержание работы

КІРІСПЕ 6
1 Мемлекеттің пайда болуының объективтік
заңдылықтары 8
1.1 Алғашқы қауымның рулық-тайпалық ұйымнан
біртіндеп мемлекетке ауысуы 8
1.2 Мемлекеттің пайда болуын қарастыратын негізгі теориялар 14
2 Мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуы, сипаты
және оның қызметінің мазмұны 18
2.1 Мемлекеттің түсінігі және оны алғашқы қауымдық құрылыстағы
әлеуметтік биліктен ажырататын белгілері 18
2.2 Мемлекеттің мәні мен типологиясының өзара байланысы 22
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

понятие госуд.doc

— 252.50 Кб (Скачать файл)

      Күштеу (зорлау) теориясы - XIX ғ. қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л.Гумплович, К.Каутский, Е..Дюринг т.б. мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күшпен, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындарып, бакылауды жақсарту үшін мемлекет құрады – деп түсіндіреді. Озбырлық теориясына баға бере келіп, озбырлық, мәжбүрлеу мемлекеттің пайда болуы үрдістеріне қатысқанымен, аталған теорияда олардың абсолюттендіріліп, шектен тыс өсіңкіреп кеткендігін айта кету керек. Ал бұл, шындыққа жанаспайды.

       Шарт теориясының негізін қалаушылыр Б.Спиноза, Д. Локк, Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж.Ж. Руссо, Д. Дидро, Ш.Л. Монтескье, П.А. Гольбах, А. Радищев. Бұл теория ХҮІІ-ХVIII ғасырларда феодалдық мемлекеттік-құқықтык институттар мен жүйеге қарсы күрес кезеңінде қалыптасып дами келе көптеген елдерде кеңінен тарады. Теорияның тұжырымы бойынша адамдар ерте кезде қақтығыстар мен шиеленістерден көздерін ашпаған. Оларды болдырмай, өздерін сақтап қалу мақсатында саналы, әділетті түрде басқару үшін адамдар бір-бірімен шарт жасап, билікті өздері қалаған адамдарына берген. Келісім шарттық теория мемлекет пен құқықтың шығуын, пайда болуын адамдар арасындағы келісім - шартпен байланыстырады.

    Психологиялық теория - XIX ғасырда дамыған, оны уағыздағандар: Фрезер, Г.Тард, Р. Пампериен, Л.Петражицкий, З.Фрейд, М.Ковалевский, Н.Коркунов. Аталмыш теорияны жақтаушылар мемлекет пен жалпы билік жүргізуді адамдардың ерекше психикалық қабілеттерімен байланыстарып карайды. Олардың пікірінше, билік жүргізетін адам ерекше сыйқырлы күшпен психикалық энергияға ие. Алғашқы адамдар ру көсемдері мен бақсыларға сенімдік білдіріп, табынған болса, мемлекеттік билік тұлғалары алдында да адамдар өздерінің бағыныш қылығын танытады, бағынуға құлшыныс білдіреді. Бағындыру,бағындырушының ерекше психикалық қабілеттеріне байланысты. Мемлекеттік билік осы жолмен қалыптасады.

    Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з. IV -ҮІ ғ.). бірақ теория толық түрде XIX ғасырда қалыптасты, өкілдері: А.Шеффле, Р.Вормс, Д.Фортескью, Г.Спенсер. Теорияның мазмұны мемлекетті біртұтас организмге теңейді. Кайсыбір тірі организмнің қалыптасуын Г.Спенсер эволюциялық дамудың жемісі ретінде бағалайды. Ағзада әр түрлі функциялар атқаратын жасушалар мен органдар болады. Олардың барлығы біртұтастықты құрап, тіршілік етуді қамтамасыз етеді.

    Инцесттік теория (К.Леви-Стросс). Тұңғыш рет бұл теорияны француздың зерттеушісі К.Леви-Стросс ашылған ғылыми жаңалық ретіңде ұсынды. Бұл теория бойынша мемлекеттің пайда болуы адамдардың алғашқы қауымдық құрылыс кезінен қалыптасқан эндогамия орнына экзогамиялық табудың енуі қоғамда мемлекеттің нышандарын калыптастырады. Оның ойынша ру ішінде жыныстық қатынастарға тыйым салу адамзаттың жабайылықтан жоғарғы сатыға көтерілуіне мүмкіндіктер жасады. Қан араласудан сақгады, соның нәтижесінде салауатты, ақылды адамдар өмірге келді, басқа ру, тайпалармен қатынас жасап, айырбас жасауларына, тіпті соғысуға жол ашады. Қатынастар күрделене түскен сайын басқару қажеттігі туды.

    Ал  қазіргі генетика ғылымы және медицина қандас туыстар арасында неке қиюдың нәтижесінде сәбидің жалпы денсаулығы, ой-өрісімен дене бітімінің кемтар, әлсіз, дәрмені жоқ болып қалыптасатынын дәлелдеп отыр. Кейбір зерттеулердің нәтижесіне көз салсақ, қандас адамдардың бір-бірімен некеге тұруы тұкым қуалайтын аурудың - жүз есе ұлғайтуына себепкер болатынын аңғартады».

    Бірақ, экзогамиялық табу мемлекеттің шығуына  тікелей себепші бола алмайды Ол қоғамның жалпы моральдық деңгейінің, ар-ожданының биік сатыға көтергенін айқындайды. Ал мемлекеттің шығуы негізінде өндірістік экономиканың пайда болуымен тікелей байланыста.

    Табиғи  құқықтық теория - ХҮІІ-ХҮШ ғғ. қалыптасқан теория. Өкілдері: Г.Гроцкий, Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж Руссо, Б.Спиноза, А.И.Радишев т,б, Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды. Қоғамның тарихи даму үрдісінде адамдардың арақатынасында қайшылықтар басталады. Сондықтан, қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.

      Ирригациялық (гидравликалық)  теорияның пайда болуы шығыс елдерінің ежелгі тарихын зерттеумен тікелей байланысты. Оны уағыздаушы К.Виттфогель тұңғыш рет өткен ғасырдың соңында жазған «Шығыс деспотизмі: тотальдық билікті салыстырмалық зерттеу» деген еңбегінде осы теорияны ұсынды. Бұл тұжырымдама бойынша мемлекеттің пайда болуы үлкен өзендердің суларын пайдаланудан жөне оны игеруден туындайды.

    Дифузиялық теория (Гребнер). Бұл теория мемлекеттің пайда болуын, қалыптасуын халықтардың бір-бірімен жасаған қарым-қатынастарынан болатын құбылыс ретінде бағаланады. Соның тікелей әсерінен бір халық басқа халықтың тәжірибесін алады, басқарудың жетістіктерін өз орталарына енгізеді. Гребнер теориясының негізінде кезінде П.Сорокин, Д.Гэлбрейт, О.Флейтхейм сияқты зерттеушілер ұсынған «Конвергенция теориясы» бар. Адамдар мен халықтардың бір-бірімен жасаған байланыстары мемлекетті қалыптастырмайды, тек озық тәжірибелері мен басқарудың тиімді әдістерін ғана еңгізеді.

    Нәсілдік  теория. Өкілдері: Шыңғыс хан, Наполеон, Ф.Ницше, А.Гитлер, Ж.Габино. Бұл теорияның концепцуальдық мазмұны бойынша күшті мемлекет құру тек жоғарғы нәсілдерге ғана тән қасиет. Олар ғана басқа төменгі (екінші, үшінші сорттағы) нәсілдермен ұлттарға билік жүргізуге құқылы. Жаратылысынан төменгі санатта тұрған этнос өкілдері жоғарғы нәсілдер ұйымдастырған, құрған мемлекеттік билікке тырп етпей бағынулары тиіс және олар орнаткан тәртіп бәріне міндетті.

    Материалистік теория мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның карама - қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде - мақсатты корғауы.

    Таптық  теория мемлекет қоғамның экономикалық дамуының объективтік үрдістері  әрекеттерінің нәтижесі деп есептейді. Бұл теорияны негіздеген теоретиктер К.Маркс (1818-1883 жж), Ф.Энгельс (1820-1895жж) М. Морган (1818-1881жж) болды. Олар мемлекеттің пайда болуын таптардың,бай, кедейлердің пайда болуымен тікелей байланыстырады. Мемлекет таптар шиеленістері өршігеңде қаналушы тапты басып-жаншуға арналған машина ретінде ғана бағаланады.

    Диалектикалық теория мемлекеттің пайда болуын табиғи-тарихи себептермен - өндіріс  қаржысына жеке меншіктің пайда  болуымен, шиеленіскен әлеуметтік келіспеушіліктер мен қарсыласулар тудыратын олардың  теңсіздігімен, таптық қарама-қайшылықтың  ымырасыздығымен түсіндіреді. Экономикада шешуші позицияда отырған тап, өзінің экономикалық билігін сақтап қалуға тырысады. Осы мақсатпен ол саяси билікті қолға алып, соның көмегімен өзінің еркін бүкіл қоғамға таңады. Сөйтіп ол қоғамда өзінің диктатурасын, яғни саяси билігін орнатады. Бұл көзқарас Ф.Энгельстің "Жанұяның, жеке меншігі және мемлекеттің пайда болуы"  деген   еңбегінде  және   В.И.Лениннің  "Мемлекет  туралы"  деген лекциясында кең түрде негізделеді. Оларда, сондай-ақ К.Маркстің кейбір еңбектерінде мемлекеттің пайда болуынын күрделі үрдісінің көптеген сипаттары дұрыс көрсетілген [8,390бет].

 

    2  Мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуы, сипаты және оның қызметінің мазмұны 

    2.1 Мемлекеттің түсінігі және оны алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік биліктен ажырататын белгілері 
     

    Мемлекеттің пайда болуын оқып-білу үрдісі тек қана танымдылық және ғылыми тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге саяси тұрғыдан қарастырылады. Ол мемлекеттің әлеуметтік жағын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, мемлекеттің гүлденуі мен дамуының себептері мен жағдайларын сараптауға мүмкіндік береді.

    Мемлекеттілік рулық-тайпалық кұрылымның орнына келеді. Бұл даусыз ақиқат болса, оның қалыптасу  барысының ерекшеліктері әлі күнге дейін толық зерттеліп бітпеген және ортақ келісімге келмеген өзекті мәселелердің бірі болып отырғандығы белгілі. Дегенмен де, осы күрделі мәселенің барынша кең таралған көрінісін қарастырып көрейік. Алғашқы қауымдық ұжымдық өндірістік қатынастар уақыт өте келе өзгеріп, бұзыла бастайды. Қоғам өмірі күрделене берген кезеңде ондағы еңбек түрі де көбейіп, түрлене береді. Ірі еңбек бөліністері, яғни мал шаруашылығының бөлініп шығуы, колөнердің егіншіліктен ажырауы, сауда-саттықпен айналысатын адамдар тобының қалыптасуы, сондай-ақ еңбек құралдарын жетілдіру мен тәжірибе жинақтау еңбек өнімділігінің артуына әкелді. Бір рудың бір ғана шаруашылық түрімен басьм түрде айналысуы және кұралдардың жетілдірілуі еңбек өнімділігін арттырады. Нәтижесінде артық өнім пайда болады. Рулық қауымда барлық жиналған өнім ру мүшелерінің ортақ меншігі болса, енді еңбек өнімділігінің артуына байланысты пайда болған артық өнім жеке адамдардың, жеке отбасының меншігіне айнала бастайды. Ақырында ру қауымының ортақ меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің ерекше түрі - жеке меншік қалыптасады. Осы кезеңнен бастап қоғамда маңызды қызмет түрімен айналысатын, бірақ материалдық өндіріске тікелей қатыспайтын адамдар тобын ұстап тұруға мүмкіндік пайда болады. Қоғамдық еңбек бөлінісі коғамдық өмірді ұйымдастырудың мазмұны мен нысанын өзгертеді. Рулық-тайпалық құрылым күрделене түседі, әлеуметтік қызмет бөлінісі дамиды. Бір кезде қауымның өмір сүруіне кажетті әрекеттің барлық түрімен айналысқан адамдар ендігі жерде әрекеттің бір ғана түрімен айналыса бастайды. Осындай маманданудың нәтижесінде материалдық құндылықтарды жасауға қатыспайтын адамдардың арнаулы тобы пайда болады. Олар әскери, соттық, полицейлік қызмет атқарумен, яғни мемлекеттік билікке тән қызметтердің түрімен айналыса бастады. Рулық - тайпалық құрылымдардың теңдік жағдайынан алыстап кетуіне күшейе түскен билікті бір қолға шоғырландыру үрдісі де әсерін тигізді. Бір жағында қолында құралдар, өндірілген бұйымдар шоғырланған байлар, екінші жағында кедейлер тобы пайда болады. Соның нәтижесінде рулық қауым өзіне тән белгілерінен айырылып, оның орнына жеке меншікке негізделген, ерекше екі үлкен топтан тұратын коғам қалыптасты. Сонымен, жоғарыдағы айтылғандарды ескере отырып мемлекеттің пайда болуының экономикалық себептерін қысқаша былай көрсетуге болады:

- ірі  еңбек бөліністерінің болуы;

- еңбек  өнімділігінің артуы;

- артық  өнімнің пайда болуы;

- жеке  меншіктің пайда болуы.

    Мемлекеттің пайда болуының әлеуметтік себептеріне  келсек, жеке меншіктің ру ақсақалдары, көсемдерінің колына шоғырлануы, тең дәрежеде еңбек еткен руластарының наразылығын туғызады. Енді меншік иелері -байлардың басқа ру мүшелерімен - кедейлермен мәселелерді бірлесіп, тең негізде шешуден бас тартуы көтерілістерге әкеліп соғады. Ру ақсақалдары, көсемдері өздерінің экономикалық және саяси үстемдіктерін сақтап калу үшін жаңа жүйе кұруға мәжбүр болады. Мүдде кайшылықтарын бір негізде шешуге арнаулы аппарат қажет болады және құрылады. Ол мемлекет еді.

      Мемлекет дегеніміз - қоғамдағы  аса маңызды таптық қатынастарды және өзге де жалпы адамзаттық мәселелерді шешуді және орындауды қамтамасыз ететін, тарихи қалыптасқан қоғамды ұйымдастыратын бірден-бір жан-жақты әмбебап саяси ұйьм [9]. Мемлекетті алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік өкіметтен ажырататын мынадай негізгі белгілері бар:

- Қоғамнан  ажыратылатын ерекше көпшілік (жария)  биліктің болуы. Жария билік  алғашқы қауымдық қоғамда да  танылған, бірақ оның ерекшелігі  ол қоғамнан ажыратылмаған еді,  оны жүзеге асыруға қоғамның  барлық мүшелері қатысатын. Ал, кез келген мемлекетте шынайы билік мемлекеттік аппаратпен жүзеге асырылады. Ол адамдардың басқарумен айналысатын ерекше тобынан құралады және қоғамның белгілі бір бөлігінің ғана мүддесін көздейді. Мемлекеттік биліктің ерекше белгісі - оның жалпылық және әмбебаптық сипатында.

- Тұрғындардың  аумақтық ұйымдастырылуы. Мүшелері  руға, тайпаға тән болу сипатына  қарай бөлінетін алғашқы қауымдық  қоғамға қарағанда, мемлекеттілік   тұрғындар белгілі бір аумақта  өмір сүру белгісіне байланысты  бөлінеді. Бұл салықтарды алу қажеттілігіне және басқаруды дұрыс жолға қою шарттарына жауап береді. Себебі, рулық қауымның ыдырауы халықтардың өзара араласуына және көш-қонға әсер еткен еді. Мемлекеттік билік тек мемлекет аумағында өмір сүріп жатқан тұрғындарға ғана тарайды.

- Тұрғындардан  салықтарды жинау. Салықтар мемлекетпен қалыптастырылып, мәжбүрлі түрде алынады. Мемлекеттің осындай кірістері әскерді, мемлекеттік аппаратты, құқық қорғау органдарын және әлеуметтік салаларды, мемлекеттің өзге де қажеттіліктерін өтеуді қаржыландыруға кетеді.

- Мемлекетте арнаулы мәжбүр ету аппараты болады. Тек қана мемлекет прокуратура, сот, ішкі істер органдары, қауіпсіздік органдары тәріздес органдар мен материалдық қосымшаларды (әскер, түрмелер және тағы басқа) кұра алады. Олар мемлекеттік шешімдерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, қажетті жағдайларда мемлекеттік мәжбүр ету құралдарын пайдаланады.

- Жалпыға міндетті нормативтік актілердің болуы. Мемлекет өз елінің барлық тұрғындарына арналған заңдар және басқа да нормативтік актілер қабылдайды.

- Мемлекеттің келесі негізгі ерекшелігі - егеменділігінің болуына байланысты. Мемлекет егемендігі - мемлекеттік биліктің саяси-құқықтық ерекшелігі, оның ішкі басқа биліктен және шет мемлекеттерден тәуелсіз өз мақсаттарын шешуге құқығы және еріктілігі.

    "Мемлекет  бұл тәуелсіз адамдардың қоғамдық одағы. Өзара келісілген тәртібі мен мемлекет органымен бекітілген құкығы бар. Мемлекеттің негізгі атқаратын бағыттары олардың барлық бірдей қызметтері туралы аныктау және олардың негізгі орны мен қызметін қоғам өмірімен саяси жүйеде орналастыру.

    Мемлекет  пен құқық сарапшыларының арасында қазіргі кезде және алдыңғы уақыттарда да мемлекеттің пайда болуы туралы ортақ көзқарастары болмаған. Осы сұрақты карастырсақ, мысалы, әйгілі тарихи жағдайларға сүйене отырып ежелгі Грецияда, Египетте, Римде және басқа да елдерде алғашқы мемлекеттік - кұкықтық жүйе, кұлиеленушілік жүйе болды.

    Мемлекеттің пайда болуына байланысты басқа да көптеген тарихи деректер бар. Дүниеде мемлекеттің калыптасуы мен дамуын түсіндіретін көптеген теориялар бар және қазір де кездеседі. Мемлекеттің пайда болуы заман заманға, ғасыр ғасырға, қоғам өркендеген сайын дамып келеді. Сонымен бірге әртүрлі және бір ғана әлеуметтік ортаның мемлекеттің дамуы мен қалыптасу үрдісі туралы өз пайымдаулары бар.

      Адамдардың қарым-қатынас жасауының алуан түрлі формаларының ішінде  бірінші  кезекті маңыз,  даусыз жағдайда мемлекет үшін  карым-қатынасқа берілуі тиіс. Ол адам өмірінің барлық жақтарын қамтыды, өйткені антикалық әлемде адам айрықша түрде мемлекеттің азаматы болып саналады. Қандай жағдайда болсын адамзат тарихы басты түрде мемлекеттің қызметімен жасалады. Сондықтан да, қандай бір құбылысты зерттей отырып, жұртшылықтың мемлекеттің қызметі мен ұйымдарының формалары туралы сұрақтармен тұрақты түрде бетпе-бет келуіне тура келеді. Біз осыған дейін ұзак уақыт айтып келгендей, мемлекет, саясат туралы ілім, жұртшылық, қоғам таралуы барлық ілімді козғады. Осындай жағдайларда мемлекеттің жалпыға бірдей танылған анықтамасы көп уақыт бұрын-ақ жасалуға тиіс болатын. Оның үстіне біз әдебиеттерден мемлекет анықтамасының көп алуан түрлілігін кездестіреміз. Бұл мынадай жағдайлармен түсіндіріледі: көпшілік жағдайларда мемлекет анықтамасына мүлде оған жатпайтын міндеттерді танытады. Мәселен, ең алдымен, бірі мемлекетке анықтама бере отырып, олардың пікірі бойынша мемлекет қандай болуға тиіс екенін атап көрсетеді, яғни мемлекет туралы анықтаманы ол туралы айтылған пікірлер мен пайымдауларға айналдырады.

Информация о работе Мемлекет түсінігі және негізгі белгілері