Мемлекет түсінігі және негізгі белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 17:49, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттің пайда болуына байланысты басқа да көптеген тарихи деректер бар. Дүниеде мемлекеттің калыптасуы мен дамуын түсіндіретін көптеген теориялар бар және қазір де кездеседі. Мемлекеттің пайда болуы заман заманға, ғасыр ғасырға, қоғам өркендеген сайын дамып келеді. Сонымен бірге әртүрлі және бір ғана әлеуметтік ортаның мемлекеттің дамуы мен қалыптасу үрдісі туралы өз пайымдаулары бар.

Содержание работы

КІРІСПЕ 6
1 Мемлекеттің пайда болуының объективтік
заңдылықтары 8
1.1 Алғашқы қауымның рулық-тайпалық ұйымнан
біртіндеп мемлекетке ауысуы 8
1.2 Мемлекеттің пайда болуын қарастыратын негізгі теориялар 14
2 Мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуы, сипаты
және оның қызметінің мазмұны 18
2.1 Мемлекеттің түсінігі және оны алғашқы қауымдық құрылыстағы
әлеуметтік биліктен ажырататын белгілері 18
2.2 Мемлекеттің мәні мен типологиясының өзара байланысы 22
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

понятие госуд.doc

— 252.50 Кб (Скачать файл)

    Мемлекетке  берілген өзге анықтама аталмыш философиялық жүйеде мемлекет түсінігі қандай орын алатындығын көрсетумен ғана шектеледі. Мәселен, Гегель мемлекетке: "нақты бостандық болмысы " ретінде анықтама береді. Ең сонында, мемлекет анықтамасын, мемлекеттің еңбегін түрақты сіңіретін, ал екіншісі басқаның еңбегін қанайтын адамдардың топтарына бөлінуі кезінде мемлекет пайда болған. Барлық маңызды негізгі деген мәселелері өздігінен шешілетіндей, аталмыш анықтамадан шығара отырып, логикалық қорытындылардың қажеті қатары ретінде мемлекет туралы бүкіл ілім тұрақты бола алатындай етіп дәл беруге, кисындауға ұмтылушылық жиі кездеседі. Шын мәнісінде, мемлекеттің мақсаты мен шығу тегі немесе оның басқа да табиғаты әлі күнге дейін даулы мәселелер болып саналады. Мемлекеттік билік қоғамдық биліктің бірден-бір жалғыз үлгісі емес. Мемлекет барлық қоғамдық одақтардың ішіндегі басымдығы бойынша билік етуші болып саналады.

    "Мемлекет - бұл әлеуметтік өкілдерден тұратын таптар одағы, жалпы адамзаттық қағидалармен негізделген өзіне сәйкес рухани билік - бұл ой Тихомиров А.А. өзінің жеке ойымен мемлекетті түсіндіреді [10,31бет], осыған ұқсас Шершиневичте Г.Ф. "Мемлекет бір орталыққа біріккен адамдар билігі мен территория иесімен сипатталған" . Сонымен, мемлекетті аппарат билігі сияқты немесе мемлекеттік үйымдасқан қоғам сияқты қарастырын, айтуға болады. Мемлекетті зерттей отырып, оны қоғамнан алшақтатуға болмайды. Мемлекет қоғамсыз өмір сүрмейді. Көп жағдайда мемлекет әлеуметтік позициядан халық сияқты міндетті белгілерден тұратынына көзіміз жетеді."Материалдық негізден алсақ мемлекет белгіленген ұйымдық тәртіптен тұратын органикалық жүйе, мұнда көпшілік билік пен билеупіі органдар, құқық пен құқықтық тәртіп, әдет - ғұрып пен рухани байлықтар, нормалар т.б. осылардың барлығы адамдарды бір орталыққа біріктіретін, олардың   өмір   сүруін   қолдайтын,   іс-әрекеттерін   бақылайтын   және қорғайтын қоғамдық байлық".

    Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық  теориясының негізгі міндеттерінің  бірі болып табылады. Мемлекеттің  мәні - бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мәнін түсініктің кең және тар мағынасында анықтауға болады.

    Кең мағынада мемлекеттің әлеуметтік  мәнін  биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдардың бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тастығы сәйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен катынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізі қалыптасады. Тар  мағынада  мемлекеттің  әлеуметтік  табиғатын   қоғамның бөлектенген, жекелеген класстар мен әлеуметтік топтардың қоғамның да мүддесін білдіруші эрі қорғаушы басқару аппарат бүқаралық биліктің әртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды. Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:

- формальды - кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымдасқан екендігі;

- мазмұнды  - осы  ұйымның  кімнің  мүдделеріне  қызмет ететіндігі.

    Мемлекеттің мәнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге болады:

- Таптық, бұған сәйкес мемлекетті экономикалық үстем құрушы топтың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады.

- Жалпы әлеуметтік, бұған сәйкес мемлекетті әртүрлі таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасалатын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады. Сонымен, мемлекеттін мәні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның тұтастығын және қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.

    1.    Мемлекеттің мәні мен типологиясының өзара байланысы
 
 

    Мемлекеттің түпкі мәні қандай болса оның ұғымының, белгілерінің, нысандарынын, механизмінің, атқаратын қызметтерінің мазмұны  да сондай болады. Демек, осы тұрғыдан қарағанда мемлекетті оқып-білуді оның мәнін ашып көрсетуден бастау дұрыс әдіс. Мемлекеттін мәні дегеніміз - оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі және сыртқы жақтары мен қасиеттерінін жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыптасқан: таптық (маркстік-лениндік) және жалпы әлеуметтік. Маркстік-лениндік ағым «мемлекеттің мәні жиынтығы қоғамның экономикалық негізін кұрайтын өндірістік қатынастардың сипатымен анықталады»-дейді. Өңдірістік қатынастардың сипаты осы қатынастарға тікелей араласатын таптардың алатын орны мен атқаратын рөлдерінен байкалады. Сөйтіп, марксизм-ленинизм мемлекеттің әлеуметтік құбылыс ретіндегі мәнін аша отырып, таптық қоғамда оның үстем етүші таптың мүддесін қорғайтынын көрсетеді. Сонымен, марксизм «мемлекет - коғам бір-біріне қарама-қайшы таптарға бөлінген кезенде пайда болады»-деп түсіндіреді. Адамзат қоғамындағы алғашқы таптық мемлекет ол құл иеленүшілердің үстемдігіне негізделген құл иеленүші мемлекет болды. Бұл мемлекеттің мәні қоғамның алғаш рет таптарға - құл иеленүшілер мен құлдарға бөлінгенін көрсетті. Осы тұрғыдан қарағанда мемлекет дегеніміз - бір таптың екінші тапқа өзінің үстемдігін жүргізудің құралы. Мемлекеттің әлеуметтік мәнін жақтаушылар «мемлекет адамзат қоғамына ортак, әмбебап, жалпы ұйым болғандықтан ол халыктың барлық топтарының мүддесін, ешкімге артықшылық кемшілік жасамай бірдей қорғау керек»-деген пікір айтады.

    Солардың  барлығын ескере келе, бүгінгі танда  мемлекет дегеніміз — егемендікке ие, құқықтың негізінде, арнайы аппараттың көмегімен елді басқаруды іске асыратын, зандандырылған мәжбүрлеу мен күштеу қолдану кұқығы бар, қоғамдағы саяси биліктің ұйымдастырылуының ерекше түр-пішіні деп айтуға болады.

    Мемлекеттің мәні оның ерекшеліктері мен сипатты белгілерінің жиынтығынан тұратын мазмұнынан көрінеді. Мемлекет деген қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзіне асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым. Осыған байланысты мемлекеттің тарихи даму кезеңдеріне орай олардың өздеріне тән типтері калыптасады. Мемлекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз байланысты. Мемлекет және құқық теориясында жалпы тарихтың жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіреді:

- формациялық;

- өркениеттік.

    Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүддесіне кызмет ететін басқару күштер құралы ретінде танылды. Формациялық типология негізінде марксистік ілімге тән марксизм-ленинизмнің саяси-құқықтық ілімі адамзат тарихыңда пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық-экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды. Формация өзгеріске ұшырағанда - мемлекеттің типі де соған сәйкес келетін формалық мағынаны қабылдайды.

    Мемлекеттің формациялық типтерінің негізін  қоғамдық-экономикалық формацияның өндірістік қатынастарының жиынтығы (базисі) құрайды. Марксистік ілім бойынша коғамдағы өндіргіш қарама-қайшылықтар пайда болғанда әлеуметтік төңкеріс болып, жаңа қоғамдық-экономикалық формация пайда болады. Бұл процесс жаңа формацияға сәйкес келетін мемлекеттің типін қалыптастырады. К.Маркс өзінің формациялық ілімі туралы былай деп жазды: «Менің зерттеулерім мені мынадай нәтижеге жеткізді: праволық қатынастарды, дәл сол сияқты мемлекеттердің формацияларын да өзінен-өзі де, адам рухының жалпы дамуы дейтінінен де түсініп болмайды, керісінше, олар материалдық өмірлік қатынастарға негізделеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық кұрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп зандылық және саяси қондырма орнайды. Қоғамның материалдық өндіргіш күштері өз дамуының белгілі саласында сол кездегі өндірістік қатынастарға немесе осы күнге дейін өздері солардың ішіңде өркендеп келген өндірістік қатынастардың заңдық жағынан алғандағы бейнесі ғана болып табылатын меншік қатынастарға қайшы келеді. Өндіргіш күштердің даму нысандары болған бұл қатынастар енді олардың бұғауына айналады. Сол кезде әлеуметтік революция заманы басталады, экономикалық негіздің өзгеруімен бірге азды-кепті қысқа уақыт ішінде бүкіл орасан зор қондырмада төңкеріс жасалады» [11,146-147бб.].

    К.Маркстің ашқан бұл жаңалығын коммунистік  идеология құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер типологиясын тек догматикалық қағида ұғымдарымен түсіндірді.

    Кұл иеленушілік типтердегі мемлекеттердің экономикалық негізін құл иеленушілердің өндірістік кұрал-жабдықтарға деген жеке меншігін құрайды, ал сол өндірістік қатынастардан тікелей құл иеленушілердің саяси билігі, диктатурасы қалыптасады. Біріншісі - қоғамның экономикалық негізі, екіншісі - саяси негізі. Әлеуметтік негізін екі тап қалыптастырады: құл иеленушілер және құлдар.

    Феодалдық мемлекеттің экономикалық негізін феодал таптарының жерге деген жеке меншігі кұрайды. Саяси билік феодалдардың иелігінде. Осыған орай феодалдық базис негізінде пайда болған мемлекеттердің барлығы феодалдық типтегі мемлекеттердің қатарына жатады. Феодалдық мемлекеттер феодалдық өндірістік қатынастарды қорғау үшін феодал таптарының саяси билігін жүргізетін басып-жаншу машинасы ретінде ғана бағаланады. Басқа құндылықтарды таптық сипат негізінде бағалайды.

    Буржуазиялық  мемлекет типінің экономикалық негізін  буржуазия табының өндірістік құрал-жабдыққа деген меншігін құрса, саяси негізін буржуазияның саяси билігін заңдастырады. Буржуазия мен пролетариат қоғамның әлеуметтік негізін құрайды. Маркстің саяси-құқықтық ілімі бойынша буржуазиялық мемлекет тарихтың даму зандылықтары социалистік мемлекетпен ауыстырылды. Бұл процесс негізінде төңкеріс арқылы болады. Және ол барлық елдерде міндетті түрде болатын құбылыс.

    Социалистік типтегі мемлекеттің экономикалық негізін жұмысшы және шаруалар табының өндірістік құрал-жабдықтарға меншігі құрайды, ал саяси негізі пролетариат және шаруалар табының билігі ретінде бағаланды. Социалистік мемлекет пролетариат диктатурасы ретінде пайда болып, дами келе жалпы халықтық мемлекетке айналады. Қоғамның басқарушы күші ретінде жұмысшы табының коммунистік партиясы танылады. Социалистік мемлекеттің оған дейін пайда болған мемлекеттерге қарағанда адамның әлеуметтік жағынан тиімді қорғалудың тетіктерін (жұмыссыздыққа жол бермеу, ақысыз медициналық көмек, ақысыз білім алу, т.б.) іс жүзіне асырады. Бұл прогрессивтік бағана. Сонымен қатар, социалистік мемлекетке бір меншіктің түріне, бір партияға шексіз монополия беріледі, адам құқы аяққа тапталады, бір ғана идеология үстемдік етеді, билікті болу идеясы қабылданбайды және плюрализмге жол бермейді. Халыққа қарсы күш қолдану және үркіту-қорқыту мемлекеттік саясаттың негізгі құралдарына айналады.

    Кеңестік  социалистік мемлекет, алпауыт қызыл  империя қанау мен күштерді үш бағытта жүргізді:

-   Меншікке қарсы  жүргізген күштеу саясаты. Меншікті күшпен тартып алудың нәтижесінде халық езгіден құтылған жоқ. Керісінше, адам партиялық номенклатура билеген  мемлекеттің шексіз езгісіне душар болды. Мемлекет жеке адамға артық табыс табуға тыйым салды, тер төгіп төккен жалақысының 36% ғана  иемделінді,  қалғандары   мемлекеттің қалтасына түсіп отырды.

- Өмірдің барлық саласына мемлекеттік көлемде жоспар құру (түйме жасаудан, космос корабіліне дейін) және бәсекелестікті жою саясаты мемлекеттік мәні бар идеология ретінде танылады.

- Жеке адамға қарсы күш қолдану, адам құқын аяққа таптайды, еркін пікір білдіруге қатаң түрде тыйым салады. Оның барлық қимыл-әрекеттері мемлекет тарапынан бақылауға алынады.

    Социалистік мемлекет жеке адамды қакпанда ұстайды. Соның нәтижесінде тек ғана 1919 жылы 1 миллион 114 мың қазақ құрбандыққа ұшырады [12,77бет], меншікті тартып алудың салдарынан 1930-32 жылдары, колдан жасалған этноцидтен үш миллионға жуық қазақ қырылды, 75 мың бетке ұстар перзенттеріміз қуғын-сүргінге ұшырап түрмелерде қаза тапты, оның 22 мыңы атылды [13,34 бет]. Бұл социалистік типтегі мемлекеттің қазақ жеріндегі көрінісі.

    Жалпы алып қарағанда мемлекеттердің формациялық  типологиясы барлық халықтар мен қоғамға әмбебаптық әдістеме бола алмайды. Соған байланысты типологияның түрлерін өркениеттік мағына сипатымен түсіндіру бар. Мысалы, А.Тоинби қоғам мен мемлекеттердің типологиясының негіздерін анықтауда тек экономикалық қатынастарды ескеріп қана қоймай, сонымен қатар мәдени, діни факторларды ескеру қажет екенін дәлелдейді. Ол дүниежүзілік тарихта 21 астам өркениет қалыптасқанын атап көрсетті [14,43 бет]. Мысалы, египет, қытай, араб, мексика, православия, иран, сирия, батыстық, мая, инкілер, ацтектер т.б., өркениеттер. Ал, зерттеуші О.Шпенглер 8 өркениеттік дамумен шектеледі [34,30 бет]. А.Тоинбидің пікірінше, мемлекеттер пайда болғаннан кейін езінің биік даму, өркендеп өсу шыңына жеткеннен кейін, міндетті түрде күйрейді осылай даму арқылы мәңгілік айналым болып тұрады. Өркениеттік типология негізінде мемлекеттердін барлығын бір-біріне ұқсас даму сатыларынан өтеді деген тезисті жоққа шығарып, дүниені біртұтастық ұғым ретінде қарайды, ал мемлекеттер мен халықтардың тарихқа қосқан мәдени үлестерін бүкіл адамзаттын жетістігі деп бағалайды.

    Сонымен қатар, өркениеттік типологияда технологиялық бағыт дамып келе жатыр. Бұл тұжырымдама бойынша мемлекеттердің типтерінің деңгейі қоғамдағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен сарапталады. Жоғарғы технологияны еңгізу мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық деңгейін халықтың әл-ауқатының жақсаруына мүмкіндіктер туғызады. XVII ғасырда ойшыл Криспюфор Келлер (Целлариус) мемлекеттердің типологиялық даму сатыларын ежелгі, орта және жаңа даму сатыларын үш дәуірге бөліп, олардың даму заңдылықтарын зерттеу қажеттілігін дәлелдеді. Орта ғасырда мемлекеттің қалыптасуы, билік ету діни ағымдардың ықпалымен қалыптасып, діни мағынадағы сипатқа ұласты. Жаңа замаңда мемлекетті «бірігу», «одақ» ұғымдарымен байланыстырып таныды. Мысалы, Гуго Горций мемлекетке: «Мемлекет деген еркін адамдардың құқықтарын қорғау және жалпы пайда үшін құрылған, -жетілдірілген» одағы деп анықтама берсе, Иммануил Кант: «Мемлекет - көп адамдардың құқықтық заңдармен бірігуі» - деген тұжырымды ұсынды.

Информация о работе Мемлекет түсінігі және негізгі белгілері