Ойын-сауық индустриясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 16:16, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу мәні – ойын – сауық индустриясының дамуына ықпал ететін үрдістер, осыдан орай берілген ғылыми жұмыстың міндеттері:
Ойын – сауық индустриясының теориялық негіздері
Қазақстандағы ойын – сауық индустриясының даму жағдайын саралау
Қазақстандағы ойын – сауық индустриясы дамуының негізгі перспективалары.
Курстық жұмыста отандық және шет елдік авторлардың туризм және ойын-сауық кешенінің индустриясы жайлы еңбектерін, осы салаға арналған оқулықтарды негізге ала отырып орындалды.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................................3
1 Ойын – сауық индустриясы құрылуының теориялық негіздері
Демалыс пен туризмді дамытуда ойын-сауық түрлерінің рөлі мен маңызы............................................................................................................5
1.2 Ойын –сауық индустриясын ұйымдастыру және оны басқару.............7
2 Қазақстандағы ойын – сауық индустриясының даму жағдайын саралау
2.1 Думан ойын – сауық орталығы.............................................................13
2.2 MEGA сауда, ойын-сауық орталығы....................................................16
2.3 «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық кешені............................................19
2.4. Шымбұлақ – отандық туризм ошағы .................................................21
2.5 Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуында ойын–сауық түрлерінің атқаратын орны............................................................................................23
3. Қазақстан Республикасында ойын – сауық индустриясының даму болашағы
3.1 Ойын – сауық индустриясын дамытудағы аймақтық бағдарламалар деңгейі және оның саясаты.............................................................................................25
3.2 Қазақстанда ойын – сауық индустриясы қызметінің тиімділігін арттыру факторлары ........................................................................................................27
3.3 Қазақстанда ойын – сауық индустриясының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру................................................................................28
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

ойын сауык.doc

— 773.50 Кб (Скачать файл)

       •  Қазақстан жеріндегі бұған дейінгі барлық кинотеатрларды мемлекет қарамағына енгізу және оларды бір жүйеден басқару жұмысын жолға қою. 
 

    3 Қазақстан  Республикасында ойын – сауық индустриясының даму болашағы

    3.1 Ойын – сауық индустриясын дамытудағы аймақтық бағдарламалар деңгейі және оның саясаты

                                                    

     Қазақстанда аймақтық бағдарламаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінген, яғни осы аймақтарда турситік саясат стратегияы жаалып, осы аймақтарда туризмді дамыту алға қойылған. Туристік бағдарлама құрылатын аумақ таңдаларда аумақта туризмді қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік беретін табиғи, тарихи – мәдени және әлеуметтік – экономикалық нысандардың жиынтығы есеріледі. Жалпы аумақтың табиғи-эстетикалық жағына, олардың тартымдылығы мен қайталанбастығына көңіл бөлінеді, өйткені олар аумақтың туризм бойынша функционалдық сапасын анықтайды. Бұл жерде қолайлы климаттық жағдайлардың рөлі жоғары және аумақ табиғатының аз өзгеру жағдайы орын алады. Өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін оны  кезеңдерге бөлу қажет. Әр кезең бір – бірімен тығыз байланысты. Бирженюк Г.М. және Марков А.П. өңірлік туристік бағдарлама қүрудың кезеңдерін көрсеткен (4 кесте). 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

    3 кесте                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

    Өңірлік туристік даму бағдарламасының даму кезеңдері [10] 

Кезең мақсаты  Қызмет мазмұны Кезеңнен шығу
1.  Өңірдегі  туристік жағдайды меңгеру Аумақтың экономикалық, мәдени жағдайы туралы ақпараттар жинау, өңдеу а) өңірдің туристік даму паспорты;

б)әлеуметтік-мәдени өмірдің матрицалық сараптамасы

2. Туристік даму тұжырымдамасын дайындау Туристік даму бағыттарының айрықша белгілерін анықтау Өңірдің әлеуметтік – мәдени саясат тұжырымдамасы
3. Тапсырманы  жүзеге асыру негіздерін құрастыру Өңірде туризмді дамытуға байланысты міндеттерді анықтау Өңірлік туристік даму бағдарламасы
4. Аумақтық бағдарламаны жүзеге асыру Бағдарламаны  кадрлық, құқықтық, материалдық-техникалық, қаржылық қамтамасыз ету Аумақ халқының жағдайының жақсы жаққа өзгеруі

   

                                                               

    Аумақта туристік бағдарлама құруға қатысты келесі ұғым туристік мүмкіндіктер. Туристік мүмкіндіктер дегеніміз белгіл бір аумақтағы туризмді қалыптастырып дамытуға мүмкіндік беретін, бірақ әр түрлі себептермен қазіргі жағдайда пайдаланылмай жатқан орындар мен факторлардың жиынтығы. Туристік ресурстардың таралуына байланысты оларды аудандастыру жүргізіледі. Туристік аудандастыру – аумақтағы туризмге байланысты географиялық ақпараттарды жүйелендіруге және ол аумақтағы туризмнің даму заңдылықтарын анықтауға байланысты жеке аудандарды анықтап, бөлу. Туристік аудандастыру аумақтың барлық бөліктеріндегі  туризмнің жағдайы, факторлары және болашағы жайлы толық түсінік алуға, оларға байланысты жеке аумақтық ерекшеліктерді бір – бірімен салыстырғандағы белгілі – бір аумақтардағы орналасу реті мен жиілігі болу жағдайы.Елімізде ойын – сауық индустриясын дамыту ірі қалаларда ойын-сауық кешендерін салумен қатар, Қапшағай су қойасында және Бурабай курорттық аймағында ойын – сауықты дамыту жобасы құрылған.

    Сонымен қатар бұл аймақтарды дамыту шаруашылық жүргізу жүйесінде тиімді  орнығуына жағдай жасайды, бұл Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының бәсеке қабілеттілігін арттырады.

    Облыстық бағыныстағы Қапшағай қаласы географиялық, көліктік тұрғыдан алғанда өте қолайлы жерде орналасқан. Бұл өңір орталық және солтүстік Қазақстанды Ресей және Европа елдерімен, ал Алматы облысының солтүстігін Қытаймен жалғастырады. Дамыған өнеркәсібі, туристік және сауықтандыру кешені, су және темір жол көлігі мен кең көлемді қызмет көрсету саласы бар Қапшағай қаласы - Алматы қаласының серігі болып табылады. Аймақты қалыптастыру процессі барысында Қапшағай қаласы мен оған жақын орналасқан аумақта өнеркәсіп айтарлықтай дамуда[23,24,26].

    Қапшағай қаласын дамыту Стратегиясының мақсаты республиканың ұлттық экономика жүйесінде тұрақты дамуы табылады.

   Стратегия  мақсатын  жүзеге   асырудың  негізгі   бағыттары: аймақтағы  тұрғын  халықтың  тұрмысы  мен  өмір сүру сапасын  жақсартуға  жағдайлар  жасау;  адамның қызмет атқару ортасына қауіпсіз және  қолайлы нормаларды сақтап, сапалы  экономикалық  өсім қарқынын  қамтамасыз  ету; экономиканың шикізаттық емес  секторларын жеделдетіп дамытуға және аумақтық, геоэкономикалық үндесе дамуға, аймақтың ұлттық, өңірлік жәе әлемдік шаруашылық жүйесінде тиімді орналасуына бағытталған аймақтық экономиканың және жалпы республикалық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар қалыптастыру;  табиғи  ресурстарды  ұтымды  пайдалану   мен  қорғауды,  мәдени  мұраларды,  жергілікті  салт-дәстүрлер  мен  ерекшеліктерді  сақтауды  қамтамасыз  ету.

    Қапшағай  қаласын  2015  жылға  дейін  дамыту Стратегиясының міндеттері төмендегілер болып табылады:

  • кеңістіктік-аумақтық даму  элементтерін және экономикалық процесстердің тиімді ұйымдастырылуы үшін жағдайларды қамтитын аймақты дамыту жөніндегі міндеттерді шешу кезінде біртұтас кешенді көзқарасты жүзеге асыру:
  • аймақтық, республикалық  және  халықаралық  маңызы бар  экономикалық өсім нүктелерін анықтау;

3.2  Қазақстанда ойын – сауық индустриясы қызметінің тиімділігін арттыру факторлары  

    Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң Маркетингтiк-талдамалы зерттеулер орталығы және "J.E. Austin Associates Inc." америкалық консалтингтiк компания "Қазақстан экономикасының қолданыстағы және әлеуеттi болашағы бар секторларының бәсекеге қабiлеттiлiгiн бағалау және оларды дамыту жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау" жобасын жүзеге асырды. Жобаның мақсаты елдiң экономикалық өсiмi үшiн әлеуетi бар Қазақстан экономикасының шикiзаттық емес салаларының бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру болып табылады. Қорытындысында экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн және әртараптылығын арттырудың индустриалдық негiзiн құру үшiн шикiзаттық емес жетi басым саланың iшiнде алғашқылардың бiрi болып туризм айқындалды.  Сарапшылардың пiкiрiнше, Қазақстанның бәсекелiк артықшылығы бiрегей мәдениетiнде (мәдени-танымдық туризм), бай табиғи әлеуетiнде (экологиялық туризм), өсiп келе жатқан iскерлiк белсендiлiгiнде (iскерлiк туризм), сондай-ақ спорт және хикаялы (шұғыл) туризм сияқты демалыстың белсендi түрлерiмен шұғылдану мүмкiндiгiнде.  Италия, АҚШ, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi мен Түркиядағы туристiк орталықтар дамуының тәжiрибесi айтарлықтай. Аталған елдердiң туризм индустриясын дамыту негiзiнде туристiк сала инфрақұрылымын, көлiктi және қызмет көрсетулер салаларын дамыту жатты. Туристік ойын – сауық  орталықтардың белсендi дамуы Италияда (Рим, Венеция), Түркияда (Бодрум, Мармарис, Анталья), AҚШ-та (Лас-Вегас, Гавай аралдары), Египетте (Каир, Гиза, Александрия), Тайландта (Бангкок) байқалды[25,28]. Осы әлемдiк туристiк орталықтар туризмi инфрақұрылымының негiзiн қазiргi заманғы үш, төрт және бес жұлдызды қонақ үйлер, театрлар, ойын-сауық орталықтары құрайды. Сонымен қатар аталған туристiк орталықтардың дамуында бай тарихи-мәдени мұра мен табиғи-климаттық жағдайлардың рөлi маңызды болды. Осы өңiрлердiң туризм индустриясының тиiмдi дамуына мемлекеттiң бизнестiң кәсiпкерлiк бастамаларына қолдау көрсетуi, сондай-ақ туризм инфрақұрылымын қалыптастыруда мемлекеттiк-жеке әрiптестiк ықпал еттi. Ойын - сауық индустриясының ең үлкен өсу темпін Азия – Тынық мұхиты аймақтары көрсетті: 2012 жылға қарай Қытай азия елдеріндегі ең қарқынды даму үстіндегі  Жапония нарығын қуып жетеді.  АҚШ әлемдегі ең үлкен ойын – сауық нарығы болып қала береді, оның жыл сайынғы өсімі 5,6 пайызды құрайды.  Интернет арқылы көңіл – көтерулер алдыңғы бес жыл бойы жақсы дами түседі.  

    3.3 Қазақстанда ойын – сауық индустриясының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру 

    Туризмдегі  құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы іс-шараларға байланысты.Туристік кешенді жоспарлауда құрылымдық саясат, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.

    Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:

  • Мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;
  • Ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
  • Шетелдік инвестициялырды тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы.

     4 кесте

    Туристік  индустрияның  болашақтағы бағыттарын дамыту үшін қажетті ресурстар көлемі 

 

Қажетті ресурстар
  Ресурстардың  сипаттамасы Көздері
  Бағдарламаны 2010 — 2014 жылдары іске асыруға барлығы 4 251 749 996,8 мың теңге талап етіледі Республикалық:

2010 ж. - 757 564,0 мың теңге;

2011 ж. - 2 767 881,0 мың теңге;

2012 ж. - 269 625,0 мың теңге;

2013 ж. - 269 625,0 мың теңге;

2014 ж. - 268 825,0 мың теңге.

Жергілікті:

2010 ж. - 8 766,8 мың теңге;

2011 ж. - 361 180,0 мың теңге.

Инвестициялар есебінен: 4 247 405 500,0 мың теңге

 

   Қазақстан Республикасы ойын-сауық индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру бойынша негізгі инвестициялық жобалар анықталған (6 кесте).

    
 

 5 кесте

    Ойын – сауық индустриясы бойынша негізгі инвестициялық жобалар

      

Жобаның атауы Жобаның мақсаты Ұсынылатын  өңірлік орын Жобаның іске асырылуының  басталуы Жобаның іске асырылуының  аяқталуы Қаржыландыру  көлемі, млн тг. Қаржыландыру  көздері
1 3 5 6 7 9 10
Ақмола  облысы «Бурабай» АЭА шекарасында  туристік ойын-сауық кешенін салу Бәсекеге қабілетті  туризмді дамытудың, қызмет көрсету  саласын дамытуын туристік индустриясын құруын орнықты қамсыздандыру Ақмола облысы 2009 2021 450 000 Инвестициялар есебінен
Алматы  облысының Қапшағай су қоймасы жағалауында  «Жаңа іле» халықаралық туристік орталығын салу Бәсекеге қабілетті  туризмді дамытуын, қызмет көрсету  саласын дамытуын туристік индустриясын құруын орнықты қамсыздандыру Алматы облысы 2009 2020 3 000 000 Инвестициялар есебінен
Жамбыл  облысында «Көксай» тау шаңғысы  базасын құру Туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігі арқылы бірлесіп әрекет ететін өңірлік туристік кластерлермен  байланыстыратын базасында Қазақстанды  әлемдегі 50 танымал туристік орталықтардың қатарына енуін қамсыздандыру Жамбыл облысы 2011 2014 2 068 Инвестициялар есебінен
Алматы  қаласында «Шымбұлақ» тау шаңғысы  курортын кешенді дамыту Әлемдік деңгейде Орталық Азия аумағында  жыл бойы шаңғысы курортын құру Алматы  қаласы 2007 2011 30 750 Инвестициялар есебінен
110 250 Инвестициялар есебінен

Информация о работе Ойын-сауық индустриясы