Ойын-сауық индустриясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 16:16, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу мәні – ойын – сауық индустриясының дамуына ықпал ететін үрдістер, осыдан орай берілген ғылыми жұмыстың міндеттері:
Ойын – сауық индустриясының теориялық негіздері
Қазақстандағы ойын – сауық индустриясының даму жағдайын саралау
Қазақстандағы ойын – сауық индустриясы дамуының негізгі перспективалары.
Курстық жұмыста отандық және шет елдік авторлардың туризм және ойын-сауық кешенінің индустриясы жайлы еңбектерін, осы салаға арналған оқулықтарды негізге ала отырып орындалды.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................................3
1 Ойын – сауық индустриясы құрылуының теориялық негіздері
Демалыс пен туризмді дамытуда ойын-сауық түрлерінің рөлі мен маңызы............................................................................................................5
1.2 Ойын –сауық индустриясын ұйымдастыру және оны басқару.............7
2 Қазақстандағы ойын – сауық индустриясының даму жағдайын саралау
2.1 Думан ойын – сауық орталығы.............................................................13
2.2 MEGA сауда, ойын-сауық орталығы....................................................16
2.3 «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық кешені............................................19
2.4. Шымбұлақ – отандық туризм ошағы .................................................21
2.5 Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуында ойын–сауық түрлерінің атқаратын орны............................................................................................23
3. Қазақстан Республикасында ойын – сауық индустриясының даму болашағы
3.1 Ойын – сауық индустриясын дамытудағы аймақтық бағдарламалар деңгейі және оның саясаты.............................................................................................25
3.2 Қазақстанда ойын – сауық индустриясы қызметінің тиімділігін арттыру факторлары ........................................................................................................27
3.3 Қазақстанда ойын – сауық индустриясының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру................................................................................28
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

ойын сауык.doc

— 773.50 Кб (Скачать файл)

   Жоспарлаудың  тиімділіктері:

  1. Басшыны перспективті ойлауға мадақтайды;
  2. Күш жігер координациясын дәлірек жүргізеді;
  3. Кейінгі бақылау үшін қызмет көрсеткіштерін анықтайды;
  4. Кәсіпорынның өзінің міндеті мен саяси  көзқарасын дәлірек қарауға мәжбүр етеді;
  5. Кәсіпорынды – өзгерістерге дайындайды;
  6. Барлық қызметкерлердің міндеттердің өзара байланысын айқын көрсетеді.

    Басқару жүйесінің негізі ретінде  қарастыратын стратегиялық есептерді  маңызына қарай топтастыру арқылы  дер кезінде шешім қабылдау  принципі менеджмент мамандардың  пікірінше: шаруашылық қызметті жоспарлауда және ірі өндірістерді басқаруда сыртқы ортаның даму жолында, сонымен қатар үкімет саясатының күрт өзгеруінде саяси тұрақсыздық ғылыми техникалық прогресстің технологиялық алға басу бәсекелестік концепциялардың өзгеру жағдайында ең ыңғайлы тәсіл болып табылады.

    Стратегиялық есептерді маңызына  қарай топтастыру басқару және  жоспарлау жүйелі әрекеттердің  жиынтығы болып келеді:

  1. Негізгі ақпарат жүйе қызметіне сыртқы ортаның даму жөнінде әсіресе нарықтың жалпы экономикалық, ғылыми-тенникалық, саяси тенденцияларын бақылау жиынтығы;
  2. Бақылау қорытындылары кәсіпорын басшысына нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорын мүддесіне қатысты сыртқы ортада жаңа құбылыстардың пайда болуы жөнінде үнемі хабарлап отырады;
  3. Тиісті маркетинг қызметімен бірге басшылық пайда болатын мәселелерді бірнеше категорияға бөліп топтастырады:
  • Тез арада қарастырылып басқару шешімдерін қабылдауды талап ететін ең жедел мәселелер;
  • Келесі жүйелеу кезінде шешуге болатын орташа жедел мәселелер;
  • Маңызды, бірақ жедел емес не түбіне дейін анықталмаған құбылысты (мүмкін болатын мәселелер) әрі қарай бақылауды, ерекше хабар мен талдауды жинақталуын қажет ететін мәселелер;
  • Нақты талдаудан кейін кәсіпорынға маңыздылығы жоқ болып  шыққан және тіпті дұрыс түсінбеген  әрі қарай назар аударуға тұрмайтын мәселелер.
  1. Тез шешуді қажет ететін мәселелер кәсіпорын бөлімінің шешім қабылдауы үшін және уақытша бір белгілі мақсатқа құралған арнайы топтың талқылауы түпкілікті талдау  үшін беріледі;
  1. Мүмкін болатын тактикалық және стратегиялық салдарды алып қарағанда, шешім қабылдау мен оларды орындауды бақылауды кәсіпорынның басшылығының жоғарғы тобында іс жүзінде асырылады;
  2. Пайда болған мәселелер тізбегі ылғида қайтадан қарастырылып кәсіпорын басшылығының жоғарғы тобымен маңызына қарай топтастырылады.

    Әлемдік тәжірибеде туристерді орналастыру, тамақтандыру мекемелері, демалыс орындары да ойын – сауықпен байланысты. Қазіргі заманда әр түрлі қонақ үйлер өзінің негізгі қызметінен бөлек (орналастырудан) туристерге ойын – сауық қызметтерін ұсынуда. Ойын – сауық сегменті қоғам үшін маңызды элемент болып табылады. Өкінішке орай, ойын – сауық түрлерінің, формаларының, әдістерінің көптігіне қарамастан, қазіргі таңғы статистикалық тәжірибеде де, қазақстандық мамандардың зерттеулерінде де ойын – сауық түрлері мен формаларының классификациялары бөлініп көрсетілмеген. Бұл ең алдымен ойын – сауық үрдістерін жүзеге асыратын кәсіпорындардың экономикалық, басқарушылық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылмауына алып келеді. Ойын – сауық үрдістері жасанды және табиғи жағдайларда жүзеге асуы мүмкін. Ойын – сауық үрдістеріне арнайы жағдайлар құру тәжірибесі ойын – сауық индустриясының белсенді дамуына алып келді.   Оның қазіргі заманға сай дамуы 20 ғасырдың басында қалыптаса бастады.

    Ойын – сауықты массалық және  жеке түрдегі деп бөлуге болады. Ойын – сауықтар арнайы дайындалуы немесе аяқ астынан ұйымдастырылуы  мүмкін. Кез келген кәсіпорын, оның ішінде казино, ойын-сауық кешені, мейрамханалар, мейлі олар ірі болсын немесе шағын, кішігірім болсын біртұтас құрылымға біріктірілген функционалды бөлімдердің жиынтығынан тұрады, әртүрлі мақсаттағы және әртүрлі қызметтер көрсететін осы бөлімдер өз алдына жұмыс істей отырып, біртұтас кәсіпорынның немесе сауықхананың жемісті жұмыс істеуіне өте зор ықпал етеді. Ойын-сауық, мейрамханалар үшін әрбір қызмет көрсету бөлімінің орыны бөлек. Бөлімдер бір мезгілде бір-бірінен тәуелсіз, сонымен қатар өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Кез келген кәсіпорында ұйымдастыру жалпы міндеттерден әрбір нақты міндетті кім орындау керектігін және бұл үшін қандай құралдар қолданатындығын анықтауға мүмкіндік береді. Ұйымдастырылған қызмет арқылы, яғни тапсырмалардың бөлінуі және бірлесулері арқылы әрбір бөлімге қатысты басқару бір бағытта жүргізіледі. Ойын-сауық кешенінің ұйымдастырушылық құрылымы мейрамхананың, казиноның тағайындалуымен оның орналасқан жерімен, қонақтарының ерекшелігімен, оның жан-жақты жаңа үрдісте болуымен, жаңа технологиялардың қолданыста енуімен және басқа да факторлармен анықталады.

    Демалысқа деген қатынас ақырындап ғасырдан-ғасырға өзгеріп келеді. Осылай жұмыс аптасы айтарлықтай қысқарып кетті. ХІХ ғасырдың 50 жылдары жұмыс аптасының орташа ұзақтылығы 70 сағатты құрады. Ол тіпті ауыл шаруашылығымен айналысатындардан да ұзағырақ болып кетті. 1920 жылға қарай жұмыс аптасы 50 сағатқа дейін қысқарды. Бұл тенденция ауыл шаруашылығымен қол босамаушылығымен түсіндіріледі. Орташа жұмыс уақытының ұзақтығы сонымен қатар күніне 12-ден 8 сағатқа дейін қысқарып кетті. Жұмыс күнінің саны 7-ден 5 дейін қысқарып кетті. Тұтынушылардың қоғамдық психологиясы айтарлықтай өзгеріп отырады. 1950-70 жылдары, экономика көп өндіріп, ал тұтынушылар көп тұтынатын кезеңде, ал демалыс – алдағы еңбек күшті қайта қалпына келтіру құралы болып саналады. Ал қазір адамдар демалуға деген құқықты өмірдегі маңызды бөлімі ретінде қарастырады. Жаңа тұтынушы баяғыдай көп тұтынуға тырысады, бірақ қазір – бірінші қажеттілікті қанағаттандыру бойынша. Ол көбіне көңіл-көтеруге, әсер алуға, тануға, рахаттануға, өзін-өзі көрсетуге тырысса, ал аз мөлшерде – материалдық құндылықтарға бағыттауға тырысады. Қазіргі нарықта тұтынушының жаңа типі қалыптасты, ол келесідей психологиялық ерекшеліктерге ие:

  • Жоғары ақпараттылық;
  • Қызметтің сапалы және ыңғайлы болуына жоғары талап;
  • Индивидуализм;
  • Сана экологизмі;
  • Шешімді тез қабылдау;
  • Мобильділік (икемділік);
  • Демалыстағы физикалық белсенділік;
  • Өмірден әсер алу калейдоскопына тырысу.

    Өмір сүру дағдысы – адамдардың  қызығушылығы, қызметі және көзі  жеткен болмыс, тұрмыс формасы  болып саналады. Адамның өмір  сүру дағдысы қоршаған ортамен  өзара қарым-қатынас және іс-әрекетінің қайталанбас портреті болып табылады.

     Адамдарды көбіне оқиғалы мақсаттармен  саяхаттау, жаңа әсер алу, дені  сау демалу, қайта күшін қалпына  келтіру мақсаттарындағы саяхаттар  көп қызықтырады және тартымды  келеді. Демалыста олар уақытын  өздерін тануға арнайды. Және де қазіргі қоғам осы индивидуализді өзін-өзі құрметтеуді ұстанады.

    Туристік кешендерді  дамытуды  басқару әрдайым маркетинг зерттеулерінің  болуын қажет етеді. Өзгерістерге  тек әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар оны басқара да білу керек. Қоғамда келешек толық өзгерістерге ие болып отыр.  Қазіргі таңда әлем бойынша жаңа бағыт – анимация белсенді қолданыла бастады. Кейіпкерлерімен тіпті сөйлесуге болатын тақырыптық саябақтар (Диснейленд, Леголенда, Порт Авентура секілді) өте әйгілі.

   Осындай шет елде өте әйгілі  ойын – сауық саябақтары ұйымдастыру  және басқару тұрғысынан ең  қолайлы басқару жолдарын қолдануға  тырысады. Walt Disney компаниясының келесідей  басқару тізімдерін кез – келген  жаңа ашылатын ойын – сауық  кешенінде қолдануға тырысады.

   Тұтыныушыларға қызмет жасау  мәселесі жөнінен жаңа көзқарас  ұйымдастыру мақсатында компания  ұмтылады:

  1. Компанияның кадр бөлімі жаңа қызметкерлер қабылдау жөнінде арнайы хабар жариялады. Қайда келу, не кию және қаншалықты әрбір оқу деңгейі созылуы мүмкін деген жазба түрде кеңес жаңадан жұмысқа қабылданғандарға берілді.
  2. Жаңа қызметкерлер жұмысқа қабылданған бірінші күннен бастап танысу семинарына келеді. Олар стөл басында 4 адамнан отырып, аты-жөні жазылған белгі алып, кофе және шырындар ішіп әңгімелеседі. Осындай жағдайда олар өзара танысады. Нәтижесінде әрбір жаңа қызметкер өзінен басқа 3 қызметкермен танысып, ақпарат алады және өзін бір коллективтің мүшесі есебінде сезінеді.
  3. Танысу кезінде қызметкерлер  компанияның  қызметімен танысады. Олар өздерінің көңіл көтеру бизнесінде жұмыс істеу керектігін түсінеді. Олар – алдағы уақытта жұмыстары қызығушылықпен, білікті, кәсіби дайындалған және  клиенттерге неғұрлым жақсырақ қызмет көрсетуі тиіс бір команданың мүшесі.
  4. Жаңа қызметкерлерді саябақтың келушілері жиі қоятын сұрақтарға дұрыс жауап беруді үйретеді. Егер қызметкер сұраққа жауапты білмесе, ең қиын және стандартты емес сұраққа  арнайы оператордың анықтама телефон номірін теріп жауап ала алады.  
  5. Қызметкерлер компанияның қызметі, персоналға білім беруге ұсыныс және персоналдың біліктілігін көтеретіндігі туралы мағлұматтар бар арнайы газет алады.
  6. Әр менеджер жыл сайын  өз жұмыс орнын қалдырып, бір апта «қиылысты» жұмыста өткізеді. Мысалы, билет тексеру немесе келушілерді аттракциондардан түсіру.
  7. Компания қызметкерлеріне олардың жұмысқа   көңілі толу деңгейі, басшылыққа шағымдары және  талаптары   жайлы  уақтылы сұрақтар қойылып тұрады.

   Ойын-сауық  кешендері әр түрлі бағыттарда дамуда және тұтынушыларына қызметтің түр  – түрін ұсына алады. Мұндай кешеннің дәстүрлі түрі бір ғимаратта көптеген  ойын-сауық түрлерінің болуы – бильярд, рулетка, боулинг, сыра бары, мейрамхана, сауна және т.б.

    Тәжірибеде,  басқару үрдісі бірнеше тәсілдердің жиынтығы арқылы жүзеге асады. Ойын-сауық кешендерін басқарудың ерекшеліктерін бақылау үшін басқару мәселелерін теортетикалық тұрғыдан қарастыру керек.      

Ойын-сауық  кәсіпорындарын басқару жүйесі қосады:

  • Менеджменттің мақсаттары, тәсілдері мен тұжырымдамалары;
  • Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері;
  • Өнімдер мен қызмет сапасының артуы;
  • Өндірісте қолданыладын ресурстарды тиімді қолдану (шикізат, материалдар, элект энергиясы, жұмыс күші);
  • Жоспарлау (болжамдау, жоспарлар мен бағдарламаларды қоса);
  • Ұйымның құрылымы, бақылу және есептеу;
  • Персоналдарды еңбекке ынталандыру;
  • Менеджмент жүйесін ресурстік, ақпараттық, құқықтық және ұйымдастырушылық – технологиялық қамтамасыз ету;
  • Кәсіпорындардың ішкі және сыртқы қызметі;
  • Персоналды басқару;
  • Кәсіпорын қызметінің ортасы;
  • Басқару мәселелерін қабылдау.

    Әрбір басқару жүйесі екі жеке, бірақ өзара тығыз байланысты жүйелерден тұрады – басқарылатын және басқаратын. Басқарылатын жүйеге материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін барлық элементтер жатады.     Басқаратын жүйеге кәсіпорынды басқаратын, адам ресурстарын бақылайтын, тікелей коллективте мақсатты ықпал ететін элементтер жатады. Басқару субъектісі – бұл басқару жүйесінің бір бөлігі, олар басқару объектісіне тікелей ықпал етеді.   Басқару субъектісін бөліп көрсететін критерилердің бірі болып басқарушылық шешім болып табылады. Осыған байланысты басқару субъектісі де әр түрлі болады. Ойын–сауық  менеджменті – бұл ойын-сауық кешендерін басқарудың экономикалық әдістерін материалды және еңбек ресурстары арқылы рационалды жолмен қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған кәсіби қызметтің түрі. Сонымен қатар, бұл әлемдік нарықтық шарттарға сәйкес басқару болып табылады. Ол мына мәселелерді болжайды: 1.ойын-сауық кешенінің нарықтың қажеттілігі мен сұранысына бағытталуы; 2.нақты тұтынушылардың қолдауымен сұранысқа ие болатын өнімдер түрлерін өндіруді; 3.өндірудің жоғары деңгейіне жету, яғни аз шығынмен жақсы қорытынды алу. Туризм менеджментінің мақсаты – туристік  процесті рационалды ұйымдастыру жолымен кәсіпорынның пайданы әкелетін іс-әрекетін қамтамасыз ету, өндірісті технологиялық базаның дамуын қоса отырып, сонымен қатар әрбір жұмысшының шығармашылық белсенділігін көтере отырып кадрлық потенциалды тиімді қолдану. Әрбір кәсіпорынды басқарарда оның менеджменттік функциялары анықталады. Ойын – сауық менеджментінің негізгі атқаратын қызметтері: ойын – сауық кешендерінде өндіріс автоматизациясын қамтамасыз ету,біліктілігі жоғары мамандарды таңдау, кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жұмысын орталықтандыру, жаңа қызмет түрлерін ұсына білу 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Ойын-сауық индустриясы