Ойын-сауық индустриясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 16:16, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу мәні – ойын – сауық индустриясының дамуына ықпал ететін үрдістер, осыдан орай берілген ғылыми жұмыстың міндеттері:
Ойын – сауық индустриясының теориялық негіздері
Қазақстандағы ойын – сауық индустриясының даму жағдайын саралау
Қазақстандағы ойын – сауық индустриясы дамуының негізгі перспективалары.
Курстық жұмыста отандық және шет елдік авторлардың туризм және ойын-сауық кешенінің индустриясы жайлы еңбектерін, осы салаға арналған оқулықтарды негізге ала отырып орындалды.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................................3
1 Ойын – сауық индустриясы құрылуының теориялық негіздері
Демалыс пен туризмді дамытуда ойын-сауық түрлерінің рөлі мен маңызы............................................................................................................5
1.2 Ойын –сауық индустриясын ұйымдастыру және оны басқару.............7
2 Қазақстандағы ойын – сауық индустриясының даму жағдайын саралау
2.1 Думан ойын – сауық орталығы.............................................................13
2.2 MEGA сауда, ойын-сауық орталығы....................................................16
2.3 «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық кешені............................................19
2.4. Шымбұлақ – отандық туризм ошағы .................................................21
2.5 Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуында ойын–сауық түрлерінің атқаратын орны............................................................................................23
3. Қазақстан Республикасында ойын – сауық индустриясының даму болашағы
3.1 Ойын – сауық индустриясын дамытудағы аймақтық бағдарламалар деңгейі және оның саясаты.............................................................................................25
3.2 Қазақстанда ойын – сауық индустриясы қызметінің тиімділігін арттыру факторлары ........................................................................................................27
3.3 Қазақстанда ойын – сауық индустриясының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру................................................................................28
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

ойын сауык.doc

— 773.50 Кб (Скачать файл)

Жоспар  

Кіріспе............................................................................................................3

1 Ойын – сауық  индустриясы құрылуының  теориялық негіздері

    1. Демалыс пен туризмді дамытуда ойын-сауық түрлерінің рөлі мен маңызы............................................................................................................5

1.2 Ойын  –сауық индустриясын ұйымдастыру  және оны басқару.............7 

2 Қазақстандағы ойын  – сауық индустриясының  даму жағдайын  саралау 

2.1 Думан ойын – сауық орталығы.............................................................13

2.2 MEGA сауда,  ойын-сауық орталығы....................................................16                                                                                                                                                            

2.3  «Хан  Шатыр» сауда, ойын-сауық кешені............................................19

2.4. Шымбұлақ  – отандық  туризм ошағы  .................................................21

2.5 Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуында ойын–сауық түрлерінің атқаратын орны............................................................................................23 

3. Қазақстан Республикасында ойын – сауық индустриясының даму болашағы

3.1 Ойын –  сауық индустриясын дамытудағы  аймақтық бағдарламалар  деңгейі  және оның саясаты.............................................................................................25

3.2  Қазақстанда  ойын – сауық индустриясы қызметінің  тиімділігін арттыру факторлары ........................................................................................................27

3.3 Қазақстанда  ойын – сауық индустриясының  инвестициялық тартымдылығын жетілдіру................................................................................28 

Қорытынды 

Пайдаланған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                 Кіріспе 

    Курстық жұмыстың өзектілігі ойын – сауық индустриясы бұл тек қажеттіліктерді қанағаттандырып, көңіл – көтеру ғана емес, жылдан – жылға өсіп келе жатқан, миллиардтаған айналымы бар әлемдік индустрия болып табылады. Ойын – сауық туризмнің ең басты түрлерінің біріне жатады және оларсыз бірде – бір саяхат өтпейді. Ойын – сауық индустриясының негізгі қызметіне адамдардың қажеттіліктерін көңіл – көтере отырып қанағаттандыратын кәсіпорындар жатады. Ондай кәсіпорындарға қызметі ойын – сауықпен сипатталатын  - цирк, аттракциондар, ойын залдары, демалыс саябақтары,  кинотеатрлар және т.б. жатады. Әр түрлі кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары да ойын – сауыққа жатады. Дене шынықтыруға жататын қызметтерді де ойын - сауыққа жатқызуға болады: клубтар, спорт залдары және т.б. Мәдени құндылықтарды да – кітапхана, мұражай, көрмелерді де ойын – сауықпен байланыстыруға болады. Ойын – сауық арқылы адам өзінің рухани, интеллектуалдық немесе физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырады, өзін тұлға ретінде бағалайды, өзінің ролін әр түрлі жағдайларда және әлеуметік жүйелерде талдайды, әр түрлі сезімге бөленеді. Ойын – сауық қоғамның жағдайына тікелей әсер ететін адамның күнделікті өміріндегі маңызды сфераның бірі. Оған деген қажеттілік адамның бірінші қажеттіліктерін қанағаттандырғаннан кейін пайда болады. Өмір сүру дағдысы – адамдардың қызығушылығы, қызметі және көзі жеткен болмыс, тұрмыс формасы болып саналады. Адамның өмір сүру дағдысы қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас және іс-әрекетінің қайталанбас портреті болып табылады.

    Курстық жұмыстың мақсаты: туризм қазіргі таңда Қазақстандағы  ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың біріне жатады. Соңғы жылдары Қазақстан қалаларының көбінде ойын-сауық кешендері көптеп салынуда. Көптеген отандық өндірушілер елімізде ойын-сауық индустриясының дамуына назар аударуда. Астана осы жағынанан осы тенденцияны көрсететін ең перспективалы дамып келе жатқан өңір болып табылады. Іскерлік белсенділіктің дамуы, туристер ағымының көбеюі, белсенді демалысқа деген қажеттілік қала қонақтарына және өңірдегі халыққа қазіргі заманға сай қызмет көрсететін  әр түрлі класстағы ойын-сауық орталықтарының ашылуын талап етеді.

Қазақстанның  ойын – сауық  нарығында жұмыс  істеп жатқан кәсіпорындардың толық  тізімі емес. Барлық коммерциялық кәсіпорындар өздерінің мақсатын табыс табу деп  қояды, дегенмен мәдениет, шығармашылық және бос уақыт үшін жұмыс істейтін кәсіпорындар табыс табумен қатар мәдени қажеттіліктерді жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Еліміз егемендік алып, дами түскеннен бері, мәдени орындардың әртүрлі саладағы кәсіпорындарының саны ұлғайып, олар сәтті жұмыс істеуде.

    Қоғамның әлеуметтік негізгі тетігі болып саналатын іргелі ұйымның, яғни ойын-сауық кешеніне енетін кәсіпорындарының орын тебуі мемлекет үшін де, болашақ үшін де өркениет белгісі болып қала бермек.   Зерттеу мәні – ойын – сауық индустриясының дамуына ықпал ететін үрдістер, осыдан орай берілген ғылыми жұмыстың міндеттері:

  • Ойын – сауық индустриясының теориялық негіздері
  • Қазақстандағы ойын – сауық индустриясының даму жағдайын саралау
  • Қазақстандағы ойын – сауық индустриясы дамуының негізгі перспективалары.

      Курстық жұмыста  отандық және шет елдік авторлардың туризм және ойын-сауық кешенінің индустриясы жайлы еңбектерін, осы салаға арналған оқулықтарды негізге ала отырып орындалды. Қолданылған әдебиеттердің ішінен отандық және ресей авторларының арасында маңызды орынды алады – Ердаулетов С.Р.,  Вуколов В.И., Маханова. М.А., Дурович А.П., Богалдин-Малых М.И., Никитинский Е.С. және т.б. Демалыс және туризм мәселелерін зерттеумен айналысатын шетелдік ғалымдардың ішінен  Т.Веблен, Ж.Дюмазедье, Дж. Келли, Дж. Пейленгер, А. Пак, С. Паркер, ДЖ. Шиверсаны атап өту керек.

    Соңғы кездері елімізде туризмнің қарқынды түрде дамуына орай берілген әлеуметтік феноменді ғылыми зерттеу де белсенді дами түсті. Туризмнің экономикалық – географиялық шарттары, отандық және шет елдік туристік аймақатар, туристік ресурстар А.Ю.Александрова, Л.А.Багрова, Н.В.Багров, Е.В.Колотов, В.А.Окладникова, В.С.Преображенскиймен зерттелген.

    Туристік бизнесті туристік кешендерде ұйымдастыру негіздері, туристік фирмалардың, орталықтардың менеджменті, қаржылық – экономикалық аспектілері, туризмді әлеуметтік – мәдени тұрғыда қарастыру  Р.А.Браймер, М.В.Ефремова, М.А.Жукова,Н.Н.Ильина, Н.К.Моисеева, А.Д.Чудновскийдің еңбектерінде  сараланған.

    Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 3 негізгі бөлімнен,  қорытындыдан,28 пайдаланылған әдебиеттерден және 6 сурет, 6 кесте, 1 диаграммамен жабдықталған.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1 Ойын – сауық индустриясы құрылуының теориялық негіздері

    1.1 Демалыс пен туризмді дамытуда ойын-сауық түрлерінің рөлі мен маңызы 

    Табиғат  заңы бойынша адамзат баласы ұрпақ жайып басқа дүниеге есік ашқанша үздіксіз өмір сүріп, тіршілік етіп, онымен күресіп, еңбекшілікпен айналысады. Осы тіршілік үрдісі кезінде әрбір адам ағзасы эмоцаналды түрде демалады оның әрі қарай қызмет етуі биологиялық процесс болып табылады. Сондықтан әрбір адам өз қызмет өмірі барысында міндетті түрде демалып көңіл көтеріп, серігіп, тынығып  және т.б.  үрдістермен күй кешеді. Қарапайым әрі түбі тереңге кеткен маңызды демалыс, өз кезегінде әрбір адамның қажеттілігіне сай туризм  деген мағыналы қызмет түріне әкеліп соқтырады.

    Әлемнің барлық тұрғындары (жасы, жынысы, ұлтына, әлеуметтік жағдайына) қарамастан міндетті түрде демалады және демалуға құқылы. «Туризм» сөзі серуендеу, саяхаттау дегенді білдіретін «тур» сөзінен шыққан. Туризм сөзінің 200-ден аса анықтамасы бар.

    Жақсы ұйымдастырылған ойын – сауық индустриясы көптеген міндеттерді шешеді:

  • Тәрбие;
  • Жақсы көңіл – күй жасау;
  • Білім;
  • Демалыс;
  • Адамды мәдени тұрғыда дамыту және т.б.

     Өзінің бос уақытының бір бөлігін ойын – сауықпен толықтыра отырып адам өзін еңбек бірлігі ретінде қалыптастырады. Ойын – сауық индустриясының негізгі қызметіне адамдардың қажеттіліктерін көңіл–көтере отырып қанағаттандыратын кәсіпорындар жатады. Ондай кәсіпорындарға қызметі ойын – сауықпен сипатталатын   цирк, аттракциондар, ойын залдары, демалыс саябақтары,  кинотеатрлар және т.б. жатады. Әр түрлі кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары да ойын – сауыққа жатады. Дене шынықтыруға жататын қызметтерді де ойын - сауыққа жатқызуға болады: клубтар, спорт залдары және т.б. Мәдени құндылықтарды да: кітапхана, мұражай, көрмелерді де ойын – сауықпен байланыстыруға болады[1,2].

   Адам  баласының өмір сүру деңгейі дамуымен қатар, оның ойын – сауыққа деген  қажеттілігі де арта түсуде. Алғашқы  кезеңдерде адамдарға жүгіру бойынша  жарыстар және тура ата білу де жеткілікті еді. Одан кейін осы жұмысқа сезім мен ақылдың қажеттілігі байқалды, осылайша театрлар мен интеллектуалды ойындар пайда болды. Егер алғашқы кезеңдері ойын – сауық жабдықтары қолдан жасалған болса, одан кейін бұл жабдықтарға техниканың дамуына орай жаңа идеялар мен материалдар қолданыла бастады. Яғни, біз қазіргі кездегі адамдардың өмір сүру салттарының, көңіл-көтеруге деген мақсаттарының, ойларының өзгергендігін байқаймыз. Осыған орай әрбір ойын – сауық кешені адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қазіргі нарықты зерттеп, адамдардың қалауларын қарастырады. Қазіргі кездегі ғалымдардың айтуынша адамдар өздерін және өз ұрпақтарын қорғаудан, киінуден, тамақтанудан бөлек, ойын сауыққа да, яғни көңіл – көтеруге де үлкен көңіл бөледі.  Оған дәлел ретінде археологиялық қазбалар кезінде табылған әртүрлі ойын және жарыс жоспарлары болып табылады.  Римдіктер, гректер бізге мәдени ғана емес, әлеуметтік – мәдени жоспардағы үлкен байлық қалдырды. Біз оларды осы күндерде де қолданудамыз. Ойын – сауық тарихи даму барысында әрдайым өзгеріп отырды.  Крестік жорықтар, революциялар кезінде олар ақырындап баяулай бастады, бірақ тоқтаған жоқ. Көптеген заң актілері құмар ойындарының өткізілуіне тиым салған, дегенмен адамдардың қалаулары үлкенірек болғандықтан олар тоқтатылмаған және жылдан – жылға әйгілі бола түскен.  Ойын – сауық индустриясының даму тарихын зерттеудің бірнеше себептері бар. Оның ең бастысы бұрынғы қателіктерді қайта кешірмеу болып табылады. Екінші маңызды себептердің бірі адамның шығармашылық табиғатын зерттеу.  Және үшінші себеп, қазіргі таңдағы қоғамның даму тархын зерттеу[3,4].

    Ойын-сауық туризмнің ажырамас бөлігі. Қазіргі таңғы турфирмалар әр түрлі ойын – сауық турларын ұсынады. Ойын – сауық турлары бұл бүкіл әлем бойынша әр түрлі және ең танымал турлар. Оның ең негізгі мақсаты, әрине саяхат барысында көңіл көтеру. Ойын – сауық турлары да басқа турлар секілді шектеулі уақытта болады. Олардың ұзақтығы көбінесе 2-4 күн. Ең кең тараған ойын-сауық турлары апта соңында болатын турлар. Кейбір турлар, тақырыптық саябақтарды аралауға негізделген турлар 5-7 күнге дейін созылуы әбден мүмкін. Ойын-сауыққа негізделген турлар көңіл – көтерудің түріне байланысты болады. Сондай турлар түрлерінің бірі – демалып жатқан мекендегі фестивалдық бағдарламаларда,  мерекелік іс-шараларда қатысу. Және ойын-сауық турлары барысында тақырыптық саябақтарға бару өте кең таралған. Оларға кіруге арнайы билеттер сатылынып алынады және көбінесе ол билеттер жеңілдіктермен берілуі мүмкін. Ойын – сауық сипатындағы кешкі іс-шаралардың болуы да мүмкін. Олар арнайы мейрамханаларға, концерттерге бару болып табылады. Қазіргі кездегі туристерді тамақтандыру орындары да өздерінің негізгі қызметтерінен бөлек, ойын-сауық іс-шараларын ұсынуда. Сондықтанда турда тамақтануға  көбіне  кешкі ас кірмеуі мүмкін. Себебі осындай мейрамханаларда тамақтанудан бөлек, шоу бағдарламалар ұйымдастырылатындықтан турфирмалар үшін олар турдың толық бағасын ақтамауы да мүмкін. Ойын-сауық түрлері екіге бөлінеді: Біріншісі, бір реттік турлар – мейрамдарда, демалыс кездерінде, немесе дәстүрлі фестивальдар (Венециандық, в Рио-де-Жанейро) ретінде, қандай да бір ерекше жағдайларда (қаланың 100 жылдығы секілді)  ұйымдастырылуы мүмкін. Екіншісі, әрдайм қызметтегі арнайы орындарда болатын үлкен – үлкен ойын – сауық мекемелері  (Диснейленд немесе басқа да  тақырыптық саябақтар,  Лас-Вегастағы казино  және Сан-Сити (Оңтүстік  Африка)), басқа да аса танымал емес туристер қызығушылық танытатын, кішігірім ойын-сауыққа арналған жерлер. Мұндай жердегі турлар жыл бойы қызмет көрсетеді[5,6].  

1.2 Ойын –сауық индустриясын  ұйымдастыру және  оны басқару 

    Ұзақ уақыт бойы адамдардың  рухани қажеттіліктерін зерттеуге  және қанағаттандыруға  жеткіліксіз  назар бөлінді. Сондықтан да  кәсіпорынның экономикасы, ұйымдастырылуы, басқарылуы тұрғысынан ойын – сауық индустриясы жас сала болып табылады.  Ойын – сауық индустриясы экономикалық жүйенің жеке саласы ретінде көрінгенімен  материалдық, қаржылық, еңбек ресурстарын тарта отырып ойын – сауық индустриясының кәсіпорындары  арнайы технологиялармен және басқару жүйелерімен сипатталады. Қазіргі таңда  ойын – сауық орталықтары үлкен немесе кішігірім ғимарат болсын  біздің өмірімізге тұрақты кіргені белгілі.  Олардың барлығында ойын-сауық индустриясының бірнеше кәсіпорындары бір жерде болады.  Қазіргі уақытта бір ғимараттан  шықпай – ақ кино көруге, бильярд немесе боулинг ойнауға, мейрамханада тамақтануға, балаларды аттракциондарда немесе балалар ойын автоматтарында  ойнатуға, әр түрлі таңғажайып шоулар тамашалауға  болады.

   Осындай мекемелерге басқару  құрылымын, дұрыс менеджментті  құру, кәсіпорынның экономикалық  тиімділігін зерттеу маңызды.  Қазіргі таңғы тұтынушылар   өз уақытын текке кетірмей,  бір компаниядан максимум ұсыныстарды  қабылдағанды жөн көреді. Үлкен  бәсекелестік тауарлардың және қызметтің сапасының әрдайым жетілдіріліп отырылуына алып келеді. Ойын – сауық индустриясының кәсіпорындары да өз клиенттеріне максималды қызмет түрлерін ұсынуға тырысады және олар күннен – күнге үлкен гипермаркеттерге айналуда. Олардың иелері тұтынушылардың көп уақыттарын осында өткізгендерін және көбірек қызмет түрлерін тұтынғандарын қалайды, сондықтан олар тауарлардың сапасын да, қызметтің сапасын да жетілдіріп отыруға тырысады.  Қазіргі таңда көңіл – көтеруге арналған кәсіпорындар иелері оларды дұрыс ұйымдастыру мен басқару мақсатында маркетинг пен менеджменттің барлық тұжырымдамаларын дұрыс қолдануға тырысады.  Ең алдымен кез – келген жаңадан ашылатын ойын-сауық ғимараты маркетингтік  жоспарланады. Шетел тәжірибесі көрсеткендей ойын – сауық ғимараттарын маркетингтік жоспарлау 3 түрге бөлінеді:

1. стратегиялық  жоспар

2. тактикалық  жоспар

3. жедел  жоспар

    Стратегиялық жоспарлау – бұл  кәсіпорынның мақсатымен оның  маркетинг саласындағы потенциалды  мүмкіншіліктері арасында стратегиялық  сәйкестілікті құру және қолдауды басқару процессі. Ол фирманың нақты құрастырылған қосымша мақсаттармен, міндеттерімен баяндалған бағдарламалық  мәлімдемеге, шаруашылық портфельге және өсу стратегиясына сүйенеді.

Информация о работе Ойын-сауық индустриясы