Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 16:16, курсовая работа
Зерттеу мәні – ойын – сауық индустриясының дамуына ықпал ететін үрдістер, осыдан орай берілген ғылыми жұмыстың міндеттері:
Ойын – сауық индустриясының теориялық негіздері
Қазақстандағы ойын – сауық индустриясының даму жағдайын саралау
Қазақстандағы ойын – сауық индустриясы дамуының негізгі перспективалары.
Курстық жұмыста отандық және шет елдік авторлардың туризм және ойын-сауық кешенінің индустриясы жайлы еңбектерін, осы салаға арналған оқулықтарды негізге ала отырып орындалды.
Кіріспе............................................................................................................3
1 Ойын – сауық индустриясы құрылуының теориялық негіздері
Демалыс пен туризмді дамытуда ойын-сауық түрлерінің рөлі мен маңызы............................................................................................................5
1.2 Ойын –сауық индустриясын ұйымдастыру және оны басқару.............7
2 Қазақстандағы ойын – сауық индустриясының даму жағдайын саралау
2.1 Думан ойын – сауық орталығы.............................................................13
2.2 MEGA сауда, ойын-сауық орталығы....................................................16
2.3 «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық кешені............................................19
2.4. Шымбұлақ – отандық туризм ошағы .................................................21
2.5 Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуында ойын–сауық түрлерінің атқаратын орны............................................................................................23
3. Қазақстан Республикасында ойын – сауық индустриясының даму болашағы
3.1 Ойын – сауық индустриясын дамытудағы аймақтық бағдарламалар деңгейі және оның саясаты.............................................................................................25
3.2 Қазақстанда ойын – сауық индустриясы қызметінің тиімділігін арттыру факторлары ........................................................................................................27
3.3 Қазақстанда ойын – сауық индустриясының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру................................................................................28
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
3 сурет MEGA Shymkent сауда, ойын-сауық орталығы
MEGA Shymkent сауда, ойын-сауық орталығының орналасқан жері: Қонаев көшесі мен Тәуке хан көшелерінің қиылысы. Жалпы көлемі:29 000 шаршы м. Дүңгіршек саны: 50. Гипермаркет: 2 900 шаршы м. Тұрмыстық техника мен электроника гипермаркеті:1 400 шаршы м. Фуд-корт:
300 орындық.
Дәмхана мен мейрамханалар: 8. Балаларға
арналған ойын-сауық саябағы:1 200
шаршы м. Кинотеатр-
Ақтөбе – республиканың мұнай өндіретін
орталығы, жергілікті тұрғындардың
табысы мол аймақ. Ақтөбе қаласында
MEGA Aktobe сауда, ойын-сауық орталығы 2009 жылдың
16 қазанында ашылған (сурет 4).
4 сурет MEGA Aktobe сауда, ойын-сауық орталығы
MEGA Aktobe Абай атындағы орталық мәдениет саябағында, жаңа мен ескі қала орталығына орналасқан. Оның құрлысында бұрын жұмыс істейтін MEGA тәжірибелері ескерілген. MEGA Aktobe сауда, ойын-сауық орталығы күніне 30 000 келушілерді қабылдайды[13,14].
MEGA Aktobe сауда, ойын-сауық орталығының орналасқан жері: Абай атындағы орталық мәдениет саябағы. Жалпы көлемі:45000 шаршы м. Дүңгіршек саны:85. Гипермаркет: 3400 шаршы м. Тұрмыстық техника мен электроника гипермаркеті: 1400 шаршы м. Фуд-корт: 400 орын. Дәмхана мен мейрамханалар: 15. Балаларға арналған ойын-сауық саябағы: 2300 шаршы м. Кинотеатр-мультиплекс: 7 зал. Құзға өрлеу: биіктігі 18 м. Мұз айдыны:
500 шаршы м. Боулинг 10 жол. Көлік қоятын тұрақ: 800 автомашина.
2.3 «Хан Шатыр» сауда,
ойын-сауық кешені
Елімізде қазіргі таңның барлық талаптарына жауап бере алатын ойын – сауық кешендері күннен – күнге бой көтері келеді. Астанада 5 шілде 2010 күні Елорда күніне орайластырылып «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық кешенінің салтанатты ашылуы болып өтті.
Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстан, Армения, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Украина президенттері қатысты. Түн ауа Елорда күні мен президент Н. Назарбаевтың 70 жылдық мерейтойының құрметіне мерекелік отшашу болды.
«Хан Шатыры» - бұл қазіргі заманғы ең
батыл және сәулеткерлік әрі инженерлік
жетістіктерді жалғастырған бірегей кешен.
Ғимарат шатырлы іспеттес түрдегі әлемдегі
екінші ал Орталық Азиядағы ең үлкен жалғыз
кешен. «Хан Шатыры» бірегей кешені жеті
қабаттан тұрады. Оның биіктігі – 102 метр,
жалпы аумағы – 127 мың шаршы метр. «Хан
Шатырды» жобалау барысында қазақтың
салт-дәстүрімен байланысты құндылықтар
басты назарға алынған. Мәселен, қазақтың
киіз үй жобасы – ғимараттың негізгі элементі.
Сондықтан орталықтың құрылымы әлемнің
бірде-бір мемлекетінде жоқ (сурет 5).
5 сурет «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық
кешені
Сыртқы жабыны қыстың сырқыраған аязы мен жаздың аптап ыстығына шыдайтын материалдан жасалған, күн сәулесі еркін өтеді. Ғимарат ішінде тропикалық бақ, сарқырамалар, жасанды өзендер мен көлдер, құмды жағалау бар. Осыдан бөлек сауда нүктелері, балаларға арналған ойын алаңдары, мейрамханалар, фитнес орталықтары, кинозалдар яғни қалалықтардың демалуына қажеттінің бәрі табылады. Енді қыс мезгілінде ат басын елордаға тіреген туристерге «Хан Шатыр» таптырмайтын орталыққа айналады. Өйткені, кешен ішінде жыл он екі ай бойы жаз мезгілі болып тұрады. Демек, қыс мезгілінде орын алатын қатты аяздар қыдырушыларға зардабын тигізе алмайтын болады. «Хан Шатыр» – халықтың әлеуметтік қажеттілігіне орай дүниеге келген жоба. Яғни, көзделген мақсат – қаланың өсіп гүлденуі ғана емес, ондағы халықтың әлеуметтік өмірінің оңалуына да үлес қосу болып табылады[15,16].
“«Хан Шатыр» 20 метр цемент іргетасқа орнатылған қаладағы ең биік және әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен ғимарат болып отыр.
Шатырдың ішінде бірнеше деңгейде көптеген дүкендер, мейрамханалар, кинотеатрлар және спорт кешені орналасқан.
Астананың температурасы жазда +30 градустан қыста -30 градусқа дейін төмендейтіндігіне қарамастан, мұнда әртүрлі климаттық белдеу сақталып, оның ішінде жаз кезіндегідей тұрақты температура қамтамасыз етіледі. Сәулетшілер толқынды бассейн, өзенше және сарқыраманы да ойластырған.Шатыр құрылысы төрт жылға созылды, оның бастапқы жобасының құны 200 млн. долларды құрады. Бұл көрнекті орынның ашылуы туралы хабарлай отырып, Америка дауысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі шатыр пішіндес ең биік ғимараттың бірі «Хан Шатыр» жаңа сауда ойын-сауық кешенін салтанатты түрде ашқанына назар аударған. Кешен гольф пен су аттракциондары үшін шағын алаңқайлармен жабдықталған. «Хан Шатыр» кешенін салуда британдық сәулет фирмасы жоспарлаған арнайы 150 метрлік көлбеу құрастырмалар орнатылған. Сондай-ақ оның күн сәулесін өткізетін мөлдір жабыны қазақстандық климаттың қандай күшті аяздарынан да қорғайды.
Табаны дөңгелек пішіндес алып ғимарат жоғарылаған сайын сүйірленіп барып тұйықталады. Жоғарыдағы сүйір қадасымен қоса есептегенде, «Хан Шатырдың» биіктігі 150 метр. Бірегей ғимараттың сәулетшісі - ағылшындық Норман Фостер. Атақты сәулетшінің Астанада бірнеше қолтаңбасы бар. Бейбітшілік және келісім сарайының авторы да Норман Фостер.
«Хан шатыры» құрылысының төрт жылға созылып, ақыры Астананың 12 жылдығы қарсаңында ашылды. Пиротехникалық мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану үшін «Хан шатыры» салтанатты түрде түнде ашылды. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге бірқатар шетел мемлекет басшылары да қатысты.
«Хан Шатыр» кешенінің ашылу салтанатына
қатысушыларға арнайы қойылымдар көрсетілді.
«Хан Шатырдың» ашылу салтанатына биыл
әлемге танымал атақты опера әншісі, италиялық
Андреа Бочелли келді. Андреа Бочеллидің
концертінен кейін «Хан Шатыр» кешені
ресми түрде ашылды деп жарияланып, мемлекет
басшысы және құрметті қонақтар оның ішін
тамашалауға асықты. Жеті қабаттан тұратын
кешеннің жалпы аумағы 133 мың шаршы метр.
Ең жоғарғы қабатында 2 олимпиадалық бассейн
мен жағажай орналасқан. Тереңдігі 160 см
бассейннің жағалауында төселген құм
шетелден әкелініпті. Оның ішінде, әсіресе
көшпелілер өркениетін көрсетуге көп
мән берілді. Бұл жердегі көріністерден
кең-байтақ қазақ мемлекеті білектің күшімен,
найзаның ұшымен қорғалғандығын байқау
қиын емес. Қазір осы ұлан-ғайыр жер көк
байрағы желбіреген еркін елге айналып
отыр[17,18].
2.4.
Шымбұлақ – отандық
туризм ошағы
Елімізде сауда, ойын – сауық кешендерімен
қатар спорттық, көңіл-көтеру курорттары
да қарқынды дамуда. Осындай ойын – сауық
курорттарының бірі, еліміздің мақтанышы
– Шымбұлақ. Шымбұлақ – Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр
биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық
курорты. Таудың кереметтей көрінісі,
жұмсақ климаты мен шуағы мол күндердің
көп болуы, қар қабатының ұзақ уақыт жатуы,
осында туристер мен тау шаңғы спорты
әуесқойларын еріксіз өзіне тартады. (6
сурет)
6 сурет Шымбұлақ таулы курорты [35]
Шымбұлақты желтоқсаннан сәуір
мезгіліне дейін қар басып
жатады. Мұнда келіп, шаңғыға алғаш рет
тұрғандар да өзін өте ширақ сезінеді.
Тау шаңғы спортын сүйетіндерді кез келген
қажеттегі және шеберлік деңгейдегі тау
баурайлары мен шаңғы трассалары, шапшаңдықпен
түсетін және слалом –алыптар трассалары,
ыңғайлы көтергіштер, тау шаңғы мектебі
қуанта алады. Курортқа балаларын алып
келетін туристерге ыңғайлы болу үшін,
«бэби-лифт» - көтергіші бар балалар алаңы
құрылған. Курортта қонақ-үй, мейрамхана,
боулинг және сауна моншасы бар. Шымбұлақты
еш жерде қайталанбайтын атмосфера, ерекше
рухани күш жайлаған. Мұнда демалыстың
басқа түрлерінен гөрі, айдындай тайғанақ
мұз жолдарын қалайтын, шаңғышылар; шеберлітерімен
деміңді ішінен алып таң қалдыратын, экстремальды
секіретін және қилы бұрылыстар жасап
түстін, батыл сноубордшылар келеді.Шуақты
күндері Шымбұлаққа мыңдаған демалушылар
ағылып келіп жатады. Отырғышы бар көтермелермен
Талғар асуына (теңіз деңгейінен 3163 м биіктіктегі)
шығуға болады. Бұл кәсіби шаңғышылардың
ұнататын жері, өйткені мұнда асудан түсетін
жер өте тік. Талғар асуынан альпинистер
шыңдарды бағындырады. Ал әрі қарай одан
биік – тек жұлдыздар[19,20].
2.5 Қазақстанның әлеуметтік
– экономикалық дамуында
ойын–сауық түрлерінің
атқаратын орны
Өркениеттің дамуы және жаңа технологиялардың
дамуы адамның бос уақытының көбірек болуын
қамтамасыз етеді, яғни осыған сәйкес
әлеуметтік-мәдени ортаның дамуы да байқалады.
Қазақстанда ойын-сауықты мәдени тұрғыда
дамыту алға қойылған. Өсу динамикасы
мәдени нысандардың барлығында дерлік
байқалады. Мәдениет мекемелерінің қызмет
ету нәтижелері 2-ші кестеде көрсетілген.
2 кесте
ҚР-нда
2007-2010 жылдар аралығында мәдени мекемелердің
қызмет ету динамикасы.
Мекемелер |
2007 | 2008 | 2009 | 2010 |
Театрлар саны | 58 | 58 | 61 | 63 |
Көрермендер саны. Мың адам. | 1482,5 |
1707,3 |
1795,0 |
1835,7 |
Спектакльдер саны,мың. | 8,1 | 9,3 | 9,5 | 9,8 |
Библиотекалар саны | 3462 | 3539 | 3664 | 3848 |
Клубтар саны | 2409 | 2659 | 2703 | 2749 |
Өткізілген іс-шаралар саны, мың. | 156 |
166 |
188 |
203 |
Мұражайлар саны | 173 | 182 | 197 | 195 |
Экскурсия жүргізушімен өткізілген экскурсиялар саны | 164 |
170 |
175 |
180 |
Саябақтар саны | 50 | 52 | 60 | 67 |
Мәдени-массалық іс-шаралар саны, бірлік | 1574 |
1029 |
1987 |
1935 |
Зоосаябақтар саны | 4 | 4 | 4 | 5 |
Өткізілген экскурсиялар саны, бірлік | 646 |
730 |
781 |
1857 |
Кинотеатрлар | 67 |
85 |
87 |
89 |
Киносеанстар саны,мың. | 78 | 95 | 111 | 131 |
Келуші адамдар саны, мың адам. | 3490 | 4100 | 4327 | 5696 |
Ескерту - ҚР-ның статистика агенттігінің мәліметтері бойынша құрылған |
Елімізде көңіл – көтерудің мәдени тұрғыда дамуында театрлар мен мұражайлардың алатын орны ерекше. Еліміздің саяси және мәдени орталығы Астана қаласын әрі қарай өркендету мақсатымен 2000 жылы қаңтарында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ықыласымен «Ақ Орда» опера және балет театры құрылды. 2000 жылы шілде айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымөн 2000 жылы Мәдениетті қолдау Жылы деп жариялануына орай, сонымен қатар Астана қаласының опера және балет театрына қазақтың әйгілі әншісінің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Күләш Байсейітованың есімі және Ұлттық мәртебе берілді. Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуында кино өнерінің алатын орны зор. Әлемдік кино өнері тарихымен салыстырғанда қазақ жерінде кино өндірісі кешеуілдеп дамыды. 20-жылдар тұсына дейін Қазақстан өңірінде кино өндірісі әлі қалыптаса қоймаған еді және кино саласында ұлттық мамандарда болмады. Жас Республиканың бұл жылдары мәдени өмірде бірінші кезектегі маңызды мәселелер қатарында қазақ даласына кинофикация құбылысын кеңінен тарату болды[21,22,27]. Ұлы Қазан көтерілісіне дейін Қазақстанда баржоғы 13 қана киноқондырғы жұмыс жасайды және олардың барлығы дерлік жеке кәсіпкерлердің меншігінде болды. Ең алғашқы киносеанс 1910 жылы Верный (қазіргі Алматы) қаласында «Марс» жазғы кинотеатрында өтті. Дәл осы жылы Қазақстанның тағы бірқатар қалаларында жылжымалы кинотеатрлар іске қосылады. Екі жыл аралығында Верный (қазіргі Алматы) қаласының бір өзінде ғана үш стационар кинотеатр жүмыс істей бастайды. Киносеансты табыс көзі деп таныған кәсіпкерлер (Омбы қаласынан келген Фабри, Ташкенттен келген Сейфуллин) бір-бірімен өзара бақталастықта болды, олар кинотеатрлардың мәдени дәрежесі мен көрсетіліп жатқан кинотуындылардың көркемдік деңгейіне аса мән бере қоймады. Көп үзамайақ қазақ даласын кинофикациялау процесі мемлекеттік дәрежеде жүйелендіріле бастады. 1919 жылдың 19 тамызында Халықаралық Комиссарлар Кеңесінің «Фотографиялық және кинематографиялык сауда мен киноөндіріс орындарын мемлекеттендіру» жөніндегі Декреті кабылданады. Осы кұжат негізінде 1921 жылдың 24 қазанында Бүкілодақтык Фотокино өндірісінің Қазақстандағы бөлімі құрылады. Жаңа кұрылған бұл бөлімшенің күн тәртібінде кезек күттірмес мәселелердің барлығы дерлік кино өндірісін қалыптастыру бағытында болады, олардың негізгілері:
• губерниялық аймақтар бойынша фотокино бөлімдерін құру және дамыту;
•
жылжымалы киноқондырғылар
• кинопленкалар, диапозитив өндіретін және оны өңдейтін лабораториялар мен фотоательелер ашу;