Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 18:36, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі - соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне жүгінсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып бере алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады. Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі қалыптаспағандығынан, білімінің жеткіліксіздігі деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп санайды. Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................3-6 Ағылшын тілін оқыту – заман талабы
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Сөйлеуді оқытудың мазмұны....................................................................6-13
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
мақсатындағы тиімді әдістер...................................................................13-17
1.3 Ағылшын тілінде еркін сөйлеу жолдары.................................................17-18
2. СӨЙЛЕУДІ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
2.1 Мультимедиа-инновациялық технологиялар - тілдерге оқытудың тиімді
жолдары......................................................................................................19-24
2.2 Аудиокітаптар ағылшын тілін үйрену құралы ретінде..........................24-26
3.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3.1 Сабақта қолданылған сөйлеуді дамытуға арналған жаттығулар
кешені.......................................................................................................27-29
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................31-32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................33

Содержимое работы - 1 файл

ТОЛКЫН КУРС.doc

— 510.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

    1. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

3.1 Сабақта қолданылған сөйлеуді дамытуға

 арналған  жаттығулар  кешені.

 

Бастауыш сыныптарда балаларға тапсырмалар, оларды шаршатпайтындай  етіп, ойын формасында беріледі. 2-3 сыныптық кезеңдерде оқушылар шет тілі орфографиясымен енді танысып бастайды. Ойын арқылы тұрмыстық қарым-қатынаста сөздер үйренеді. Бұл кезеңде көрнекі материалдарды көптеп қолдануға тырысу керек. Мұғалімнің айтқанын қайталау, оған еліктеу орын алады.Осы жастағы балаларды оқуға мотивациялау мақсатында балаларға арналған аутентикалық шығармаларды қолдануға болады. Оқыту оқиға желісі негізінде ұйымдастырылуы мүмкін. Әртүрлі шығармашылық тапсырмалар қиялдың дамуына септігін тигізіп, сабақта өтілген нәрсені меңгеруге көмектеседі. Балаға заттардың суретін салып бітіруге, ұйқастар ойлап табуға, тығылып тұрған ойыншықтарды табуға және т.б істеуге тура келеді. Есте сақтауға арналған өлеңдер мен санамақтар, ұйқастар сөздерден және сөйлемдерден құралған. Шет тілін ерте жастан бастап оқыту баланың жан-жақты дамытады. Оның есі, зейінділігі,  байқағыштық қасиеті жақсарады. Ауызша сөйлеуді дамытуға арналған жаттығулар кешені

1-жаттығу

Мақсаты: оқытылатын тілмен танысу; Міндеттер: Балаларды оқытылатын тілдің елімен таныстыру, мысалы Англияның мәдениетімен, жазушыларының шығармашылығымен таныстыру арқылы оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту. Балалармен ағылшын тілінде амандасып,танысыңыз,олармен шет тілде сөйлесудің қызықты әрі маңызды екені туралы әңгімелесіңіз, мысалы,  ағылшын тілін үйреніп, олар ағылшын тілінде сөйлейтін елдердегі құрдастарымен сөйлесе алады, ағылшын жазушыларының кітаптарын оқып, мультфильмдерді аудармасыз қарай алады. Балаларға ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы айтыңыз. Оларға ағылшын кітаптары мен мультфильмдеріндегі кейіпкерлерді естеріне түсіруге көмектесіңіз. Ағылшын тіліндегі дыбыстарды дұрыс айту керектігіне көңілдерін аударыңыз. Бірнеше ағылшын тіліндегі сөздерді тыңдатуға да болады. Олармен ағылшынша қоштасып, келесі сабақта кейбір қалған дыбыстарды қалай айту керектігін және  «менің атым» фразасын қалай құруға болатындығы туралы білетіндерін айтыңыз.

2-жаттығу

Мақсаты: Монологтық сөйлеудің  ептілігін дамыту

Орындалу амалы: Үлкен  сөмкеде қарапайым заттар жатады. Оқушылар бір затты алып шығып, онымен не істеуге болатынын көрсетеді. Ал қалған оқушылар оның істегенін  үш әрекеттің көмегі арқылы табу керек. Мұғалім заттарды көрсететін оқушылардың, сол заттардың ағылшын тіліндегі баламасын білуін тексереді.

Мүмкін болатын заттар тізбегі: 1) a long scarf; 2) an empty jar; 3) a small box; 4) a flower; 5) an apple; 6) a key; 7) a ball; 8) scissors; 10) a book.

Жауап үлгісі: You have a long scarf. You are putting it on.

3-жаттығу

Мақсаты: Монологтық сөйлеудің  ептілігін дамыту

Орындалу амалы: Оқушылар көздерін жұмып, дөңгеленіп тұрады. Өздері естіп тұрған заттарды қолдарында бар деп елестетіп, оларды сиппаттап беру қажет.

Ойдағы заттар тізбегі: 1) snow; 2) a baby bird; 3) an apple; 4) sand; 5) a puppy; 6) a glass of hot tea; 7) a basketball; 8) a tennis ball; 9) a little snake; 10) a big stone.

Жауап үлгісі: It is cold and wet. It is melting.

4-жаттығу

Мақсаты: Монологтық сөйлеудің  ептілігін дамыту

Орындалу амалы: Оқушылар көздерін жұмып, мұғалімнің бастауымен сиқырлы саяхатқа аттанады.Оқушылар мұғалім айтқан орындардан не көретіндерін, еститіндерін, не сезінетіндерін айту қажет.

Орындар атауы:

 

1. You are in a cafe.

2. You are at the beach.

3. You are in a supermarket.

4. You are in a forest.

5. You are in the rain.

6. You are in the snow.

7. You are at the children's        

     playground.

8. You are in the cinema.

9. You are in a hospital.

 

Жауап үлгісі: І'м in a cafe. I see many people and much food. I hear the people talking. I smell coffee and sweet cookies.

5-жаттығу

Мақсаты: Диалогтық  сөйлеудің  ептілігін дамыту

Орындалу амалы: Тақтада  оқушыларға белгілі бір жағдайларды  баяндайтын сөйлемдер ұсынылады. Оқушылар сөйлемдердің ішінен біреуін таңдап, дайындалып,  сыныпқа айтады.Ал қалған оқушылар осы жағдайды тауып,тақтада тұрған оқушыға тиісті кеңестерін береді.

Жағдайлар атаулары:

 

         1. Where is my key?

         2. I'm hungry! When shall we eat?

        3. Help! I can't carry this big box         
            alone.

        4. Do you want to dance?

        5. I am freezing!

6. I am too hot!

7. Where is my pen?

8. Where is my bag?

9. I have a terrible headache!

10. It is too dark!

 

Жауап үлгісі: — Are you looking for anything?— Yes. My key. — Look! Your key is on the table.

6-жаттығу

Мақсаты: оқу және монологтық сөйлеудің ептілігін дамыту

Орындалу амалы: әр оқушы  анықталған бір сиппаттама алады. Кішкене  дайындықтан кейін оқушы оның орындалуын сыныпқа хабарлайды. Басқа оқушылар не болып жатқанын тауып, өз түсініктерін ағылшын тілінде беру қажет.

Мүмкін болатын жағдайлар:

 

1. Wash your hands with a very small piece of soap. The water is very      cold.

2. Open a packet of milk. Pour the

milk into a glass and drink it.

3. Cut a piece of cake. Then eat it without a fork.

4. Give a bath to a very big dog. It doesn't want to take a bath.

5. Break three eggs into a plate. Beat the eggs with a fork.

6. Open a book. Read two pages. Shut the book. Put it into your bag.

7. Brush your teeth and wash your face.

8. Try several times to make a phone call. The line is busy.

9. Take flowers and put them into a vase. Don't forget to pour water into the vase.

10. Blow up a balloon. Throw the balloon up in the air.

 

Жауап үлгісі: You are washing your hands with soup. The piece is very small. The water is very cold .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Жаңа өмір талабы кез  келген адамды алаңдатады. Шетел тілінде сөйлеу - оқушылардың санасында мәдениетаралық коммуникация іскерліктерін қалыптастырудың нақты жолы. Бұл жерде мәдениетаралық коммуникация ұлттар мен мәдениеттер арасындағы өзара байланысты түсіну ретінде қарастырылады. Оқытудың мәдениетаралық коммуникацияға байланысты бағыт-бағдары әдістеменің логикалық жалғасы болып табылады.

Еліміздің даму бағыты айқындалған  қазіргі уақытта білім берудің  маңыздылығы мен мәнділігіне  шынайы көңіл бөлініп, сапалы білімге  қол жеткізуге нақты міндеттер  қойылуы тиіс. 

Сонымен сөйлеу үйрету амалы, сөйлеу, лексикалық және грамматикалық дағдылардың қалыптасуы ретінде қаралды.  Біз тіл аспектілерімен жұмыс толық құрылымдар мен сөйлеу үлгілерінде жүргізілу керектігін көрсеттік. Оқушылар ұсынылған бірліктермен жұмыс істейді, ал мұғалімдер олардың көңілін сөйлеу, грамматикалық, лексикалық  бірліктерге шоғырландырады. Сөйлеуді айтудың әр түрлі жақтарын қалыптастыруда ұтымды қолдану балаларға сөйлеуді коммуникативті әрекет ретінде үйретуге мүмкіндік береді. Сонымен  2-3 сынып оқушылары

  • серіктесімен қарым-қатынастың оқу, ойын және нақты  ситуацияларында байланыс жасай алу;
  • заттардың немесе жануарлардың атын,  олардың әрекетін, олардың  қарым-қатынастың оқу, ойын және нақты  ситуацияларында сапалық және уақытша сиппаттамаларын бере алу;
  • қабылданған ақпаратқа деген эмоционалдық бағасын (сезім, қалау, қаламау) бере білу;
  • қарым-қатынастың оқу, ойын және нақты  ситуацияларында қарапайым нұсқауларын бере білу қажет.

Сөйлеуге үйретудің  басты көрсеткіші диалог жүргізе  алу қабілеті екенін білдік:

  • диалогты бастай білу;
  • қыстырма сөздерге әсер ете білу;
  • әңгімені қолдай білу;
  • әңгімелесушіні ынталандыра білу;
  • керек кезінде диалогты үзіп, сөздікке жүгіне білу.

Бастауыш кезеңде көбіне мұғалімнің бастауымен ауызша, шартты-коммуникативті жаттығулар хор түріндегі жұмыстың, лексикалық ойындар мен көрнекіліктердің қолданылуы арқылы өткізіледі.

Курстық жұмыста диалогтық  және монологтық сөйлеудің, сөйлеу, лексикалық, грамматикалық дағдылардың қалыптасу  ерекшеліктері қаралды. Сөйлеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған жаттығулар кешені зерттелді. Оқу процесін дұрыс ұйымдастыру үшін оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Тек осы жастағылардың психологиялық және сөйлеуге үйретуді ұйымдастырудың ерекшеліктерін есепке алғаннан бастап, оқу процесі тиімді әрі нәтижелі болмақ.

Инновациялық технологиялар  оқыту үрдісінде білім сапасын  заман талабына сай етіп, жаңашыл  бағытта білім алушыларды толық  қамтамасыз етеді, жаңаша оқыту жүйесіне бейімдейді. 

Қорыта айтқанда білім  беруді дамытудың қазіргі кезеңінде  жаңа формация мұғалімдерінің оқытуда жекелік-әрекеттік көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқытудың жаңа модельдері мен технологияларын іздестіру керек. Бұл мақсатты іске асыруда иинвациялық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

  1. Селевко Г.К. «Технологии развивающего обучения» 
  2. «Шетел тілін оқыту әдістерінің даму кезеңдері» Қазақстан мектебі №7- 2004жыл
  3. «Проектные работы на занятиях иностранного языка» ИЯШ №2,3-2006г.
  4. «Оқыту тиімділігі –озық технологияларда» Қазақстан мектебі №11-2004
  5. Кобдикова Ж.У. «Оқыту процесін технологияландыру»  
  6. Буранбаева Л.С. «Жаңа педагогикалық технологиялар- сапалы білім  берудің негізі»
  7. Полат Е.С.  «Метод проектов на уроках иностранного языка» ИЯШ №2- 2004 год
  8. Тен Н.Л. «проектная культура как одно из условий реализации  
  9. Иманқұлова С. «Жаңаша оқыту әдістемесі», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы, Филология сериясы, 97-98 беттер, №1, 2006 ж.

 

  1.  М. С. Сақтағанова, Н. Қ. Алиева, Н. Қ. Айтбаева «Ағылшын тілін оқытудың әдістері», Білім, 43-бет, №3, 2006 ж..

 

  1.  Г. Ботағарина, «Ағылшын тілін оқытудағы бүгінгі белес», Білім, 70-бет, №3, 2006 ж..

 

  1.  Г. Шамшырақова «Ағылшын тілін оқытудың құрылымы», 12-бет, Кәсіптік мектеп,  №3, 2007 ж..

 

  1.   Гүлмира Жұмайқызы, «Ағылшын және қазақ тілдеріндегі салыстырмалы ерекшеліктер», Білімдегі жаңалықтар №3, 53-54 беттер, 2006 ж.

 

  1.  Е. Нұрланбекова «Шетел тілін оқытуда бейнефильмдерді қолдану», Шетел тілін оқыту методикасы, №2, 17 – 18 беттер, 2005 ж..





Информация о работе Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары