Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 18:36, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі - соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне жүгінсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып бере алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады. Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі қалыптаспағандығынан, білімінің жеткіліксіздігі деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп санайды. Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................3-6 Ағылшын тілін оқыту – заман талабы
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Сөйлеуді оқытудың мазмұны....................................................................6-13
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
мақсатындағы тиімді әдістер...................................................................13-17
1.3 Ағылшын тілінде еркін сөйлеу жолдары.................................................17-18
2. СӨЙЛЕУДІ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
2.1 Мультимедиа-инновациялық технологиялар - тілдерге оқытудың тиімді
жолдары......................................................................................................19-24
2.2 Аудиокітаптар ағылшын тілін үйрену құралы ретінде..........................24-26
3.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3.1 Сабақта қолданылған сөйлеуді дамытуға арналған жаттығулар
кешені.......................................................................................................27-29
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................31-32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................33

Содержимое работы - 1 файл

ТОЛКЫН КУРС.doc

— 510.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Тақырыбы: «Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары»

Ж О С П А Р

КІРІСПЕ...............................................................................................................3-6 Ағылшын тілін оқыту – заман талабы

 

НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

1. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

1.1  Сөйлеуді  оқытудың мазмұны....................................................................6-13

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру 

       мақсатындағы тиімді әдістер...................................................................13-17

1.3 Ағылшын тілінде еркін сөйлеу жолдары.................................................17-18

 

 2. СӨЙЛЕУДІ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

2.1 Мультимедиа-инновациялық технологиялар - тілдерге оқытудың тиімді     

       жолдары......................................................................................................19-24

2.2 Аудиокітаптар ағылшын тілін үйрену құралы ретінде..........................24-26

 

3.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

3.1 Сабақта қолданылған сөйлеуді  дамытуға арналған жаттығулар  
        кешені.......................................................................................................27-29

 

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................31-32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шыңдауға бет бұрады. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Себебі, еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты оқып тәрбиелеу–біздің басты борышымыз. Сондықтан, мектептің мәселесі дұрыс таңдалып мектеп басқару, сапалы білім беру,  нәтижеге жету үшін әрбір атқарылған істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген, стратегиялық жұмыс жоспары жасалуы тиіс. Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Осыған орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып табылады. Жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне – халықаралық сипат алған ағылшын тілінің рөлі зор. Ағылшын тiлiн үйрену арқылы оқушылар бiлiм деңгейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мәдениетiн үйренедi. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепті жаңарту ауқымындағы ең бір елеулі инновациялық шешімдерінің бірі оның ерте жастан шет тілді оқып, шет тілін оқуда шетелдік оқу әдістемелік кешендерін енгізу болып табылады. Шет тілін мектепте оқытудың шарттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргенннен кейін де шет тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуі тиіс. Осыған орай, шетел тілін мектепте оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты- оқыту әдіс- тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.Шет тілін үйрету әдістемесі біздің қоғамда жетекші орын алуда. Қазіргі уақытта шет тілін оқытуға байланысты оқыту саясатының бағыты мемлекетте шет тілін оқушыларға барлық жақсы және ыңғайлы жағдайларды жасап, олардың қоғамдық және жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жасап жатыр.Елімізде күннен-күнге оқу процесінде шет тілі жетекші орын алатын лицей,гимназиялар ашылуда. Жалпы білім беретін мектептерде де шет тілін бастауыш сыныптан бастап оқытады. Тіпті, өз балаларының шет тілін үйренуін қолдайтын ата-аналар саны да көбейін келе жатыр. Отандық телеарналардан, газеттерден ағылшын тілінің курстары немесе шет елде білім алуға және жұмыс істеуге   шақыратын хабарламаларды да көруге болады. Ағылшын тілін ерте жастан бастап оқыту маңызды. Қазіргі уақытта Қазақстанда балаларды балабақшадан немесе 1 сыныптан бастап шет тілін оқыту басталып жатыр. Бұл тереңдетіп оқыту болып табылады. Бастауыш мектепте шет тілі бойынша білім беру процессінің мәні мен ерекшелігі осы бастауыш сынып оқушыларының шет тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастыру болып табылады.

Зерттеу жұмысының  тақырыбы: «Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары» 

Зерттеу жұмысының мақсаты – шетел тілін оқыту барысында алдыңғы қатарлы технологияларды және оқу процесін ұйымдастырудың жаңа формаларын нақты оқыту жағдайына сәйкес шығармашылықпен қолдана білу іскерлігін қалыптастыру және дамыту. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сөйлеуге үйрету әдісінің тиімділігін (эффектілігін) жоғарылату.

Зерттеудің  міндеттері:

1. Ағылшын тілі сабағында  сөйлеуге үйретуде жаңа ақпараттық           
     технологияларды қолданудың маңыздылығын суреттеу; 
2. Ақпараттық технологиялардың бар бағдарламаларын ағылшын  
    тілінде сөйлеуге үйрету процессінде қолдану мүмкіндіктерін   
     көрсету; 
3. Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялар арқылы

     сөйлеуге үйретудің жаңа нұсқаларын  ұсыну.

Зерттеу жұмысының  өзектілігі - соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне жүгінсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып бере алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады. Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі қалыптаспағандығынан, білімінің жеткіліксіздігі деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп санайды. Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. 

Зерттеу пәні -  ағылшын тілі сабағында сөйледі оқытудағы инновациялық технологииялар.

Зерттеу жұмысының  зерттеу объектісі – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, сөйлеуге үйретудің әдістері.

Зерттеу процессінде келесідей  әдістер қолданылды: шет тілдерін оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; ақпараттық технологиялар бағдарламасының мүмкіндіктерін тану; танып, білген мәліметтерді эксперименттік зерттеу жүргізу мақсатында педагогикалық практикада қолдану.

Зерттеудің  ғылыми болжамы - оқушылар тілін дамыту белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыру кешенді жұмыстар мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса, оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түседі. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырса, онда оқушы келешекте қоғамдық-әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби нормада жүйелі, шебер сөйлеуге дағдыланады.

Зерттеу жұмысының  құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 

1. Ағылшын   тілінде   сөйлеуді  қалыптастырудың маңызы

1.1 Сөйлеуді  оқытудың мазмұны

Тіл – қарым-қатынас құралы.  Тіл   сөйлеу  арқылы жүзеге асады,  сөйлеу  арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас құралы ретінде оқимыз. 

Сөйлеудің  негізгі мағынасы адамның әлеммен қарым-қатынасы адам санасында көрініс табатын ой.  Сөйлеудің  негізгі объектісі адамның шыншыл өмірмен байланысы. Биляев ойынша шет тілін игеру яғни басқа тәсілдермен және жолдармен санадағы ойды шығару.  Сөйлеудің  құрылымына тоқталатын болсақ оны психологтар былай көрсетеді.  Сөйлеуді  адамдар бірдеңені айту қажеттілігі туған кезде қолданады.  Ағылшын  тілін оқытудың алғашқы сатыларында оқушыларда  ағылшын тілінде өз ойын жеткізу қажеттілігі туады. Ол қарым-қатынас жасап отырған қимыл іс-әрекет негізінде көрінеді. Мысалы бірдеңені жеткізу, сұраққа жауап беру, өтінішті орындау сондай-ақ қаламды әперу, есікті ашу, тақтаны сүрту т.б. Бұл жағдайлардың негізгі мақсаты күтілетін қорытынды. Бұл бөлімде  сөйлеу  мынадай қызметтерді ғана атқарады. Атап айтсақ не үшін, неге және не айту керек.  Сөйлеуді  қалай жүзеге асыру  сөйлеудің  2-ші бөлімін де яғни аналитика-синтетикалық бөліміне қатысты. Бұл бөлімінде тіл арқылы ойды жүзеге асыру процесі жүреді.  Ағылшын   тілінде  ойды жеткізу кезінде оқушы естегі сөздерді теріп (анализ) оны ойды жеткізу үшін  сөйлеу  бүтініне қосу керек (синтез). Сөзді жадыда сақтау үшін оларды белгілі бір нәрсемен қатысты жүйелеу керек. Олар парадигматикалық және синтагматикалық бола алады.  Сөйлеудің осы екі түрі көп болса оқушының  сөйлей  алу қабілеті жоғары болады.

Парадигматикалық байланыс негізінде  сөздерді әртүрлі белгісіне қарап  есте сақтай алады.

  • жазу кезіндегі бірдей дыбысталу two-too
  • one-won, see-sea
  • мағына жақындығына байланысты Мысалы: small-little
  • мағынасының қарама-қарсылығына байланысты answer-ask

 

 Cөйлеу  кезінде синтагматикалық байланыста үлкен роль атқарады. Яғни басқа сөздермен сәйкес келу негізінде мысалы order деген сөз келесі сөз тіркестерінде қолданылады.

  • order-something (order dinner, order breakfast, a new coat etc )
  • order to do something (order to stand up, to close the door, to stay in bed)
  • give an order to do something (to stand up, to stay after classes)

Осы сөздердің таңдалынып алынуына  сөйлеушілер  арасындағы қарым- қатынас лексикалық сөздік қорлары қатысты құралдарды таңдап алу процесінде мынадай жағдайлар іске асады.

  • күнделікті қолданылатын  ағылшын  тіліндегі бірліктер

Good afternoon, thank you my name is, I am on duty, may I come in.

Сөздердің орнын ауыстыру және құрылымын өзгерту. Мысалы: My name is деген дайын тіркестен name is бірлігі өзгеріссіз қалып my түрін his, her немесе my sister’s деп ауыстыруға болады. Осы құрылымды өзгерту кезінде біріншіден ойлау тікелей мен арқылы жүзеге асып 2-ші жағдайда грамматикалық құрылымы іске асады. Шет тілін оқытудың қиындығы осында. Адам ойын жеткізер кезінде оны бірінші ойлап алады ал ол ана тілінде іске асады.  Сөйлеу  құрылымының 3-ші бөлігі ойды жүзеге асыру бөлімі: 

Сөйлеу  аудирование, оқу және жазумен тығыз байланыста. Аудирование мен  сөйлеу  ойды ауызша жеткізу ретінде бір-бірімен тығыз байланысты.  Сөйлеу  бұл тікелей оқумен байланысты. Яғни  сөйлеу  мен дауыстап оқудың қарым қатынасын дәлелдеп жату артық.  Сөйлеу  жазумен де байланысты. Мысалы оқушы жазу үстінде өз ойынан сыбырлап айтып отырады. 

Сөйлеу  монологтық және диалогтық түрде жүзеге асырылады. Ол методикалық мақсат негізінде де жүзеге асады яғни әрбір  сөйлеу  формаларының лингвистикалық ерекшелітерін көрсету негізінде. Монологтық ойлауға ойды толық жеткізу және бір-бірімен байланысты болу деген мінездеме тән. Диалогтық  сөйлеу   сөйлеу  клишелерін және элиптикалық сөйлемдерді қолдану негізінде жүзеге асады. Мысалы  сөйлеу  практикасында жалпы сұрақтарға иә, жоқ деген қысқа жауап ала аламыз. Оқушылар көбінесе бұндай жауапқа қанағаттанбай толық жауап сұрайды. Мысалы is it tuesday today деген сұраққа yes,it is немесе yes it is already tuesday today деп жауап беруге болады. Альтернативтік сұрақтарға жауап ретінде мынандай мысалдар келтіре аламыз. Yes ,it is an English book or Russian one сұрағына it is a Russian one немесе a Russian one деген жауап ала аламыз. Арнайы сұрақтарға мынадай жауап ала аламыз what is red. The flower is who will go to the cinema. My brother will. деген сияқты       Монологтық  сөйлеуге  «хабарлау» деген мінездеме бере аламыз. Оларға мынандай мысалдар көрсете аламыз. Мысалы оқушылар қайда оқимыз немесе бүгін қай күн деген сөздерді ағылшынша жеткізе алу жауап алуға болады.   Ағылшын   тілің  оқыту кезінде оқушылар  сөйлеуге  ұмытылады. Тіпті оқушылардың лексикалық сөздік қорлары минималды дәрежеде болса да олар тілдің коммуникатививтік қызметін сезіне бастайды.  Ағылшын   тілін  оқытудың алғашқы жылдарында оқушыға сұрақтарды қою, оған жауап беру т.б сияқты ұсақ  сөйлеу   бірліктерін оқытушы сұрайды.  Сөйлеу  кезінде оқушы кем дегенде үш  сөйле монологтық  сөйлеуге   сөйлеу  дайындықсыз іске асады, яғни  тілдің  тіл материалының көлемі бес сөйлемнен кем болмау керек. Оқытудың екінші жылында диалогтық  сөйлеу  кезінде әңгімені жүргізе алу қабілеттілігі болу керек, ол сұрақ пен жауап, ұсыныс, бұйыру негізінде жүзеге асады. Ол тікелей тілдік мәтіннің бағдарламасына қатысты болу керек және ол 4 сөйлемнен кем болмауы қажет. Кейбір монологтық  сөйлеу  күрделірек яғни оның көлемі 7 сөйлемнен жоғары болу керек. Ауызша сөйлеу  шет  тілін  үйретудің маңызды құралы.  Сөйлеу  – сабақтың маңызды бөлігі. Ауызша  сөйлеу - оқушылардың  мәтінді тыңдау мен оқу кезіндегі оқылған материалды тексеру. Сөйлеудің  оқытудың мазмұны кезінде 3 компонентті бөліп ала аламыз. Олар: лингвистикалық, психологиялық және әдістемелікқұралы. Лингвистикалық бөлімнен бастасақ бұл кезде  сөйлеу  оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады .  
                Бұл тілдік бірліктермен тікелей қатысты: сөз, сөз құрылысы, грамматикалық мәтін, фонетикалық минимум т.б. Таңдалып алынған тілдік мәтін  сөйлеудің  алғашқы сатыларында ақ жүзеге аса бастайды. Оқушылар тілдік материалды  сөйлеу  бірліктері негізінде жүзеге асырады. Олар мына түрде жүзеге асады. Олар here is the book немесе there is a lot of books on the shelf немесе what is on happy birthday to you немесе диалогты түрде келе алады.

  • please give me that book.
  • what for?
  • to hour a look at it
  • here you are
  • thank you
  • you are welcome немесе бір-бірімен қатысты  сөйлеу  түрінде кездеседі Мыс:
  • Mr.John White lives at sixteen, forest road, green town, England.
  • his house is not very large but it is not small either
  • it has a ground flower and the first flower.

 

 

 Сөйлеудің  лингвистикалық бөлшегін айту кезінде сөздің экстралингвистикалық бөлімшесін ұмытпаумыз қажет дәлірек айтсақ ым, қол сілтеу, бас шайқау т.б. құралдар. Мысалы  ағылшын  тілінде кейде бұндай ым шараларды оқушылар көп қолданбайды. Бұл қате құбылыстар мысалы 1,2,3 деп санау кезінде қазақтар саусақтарын бүксе  ағылшындар  саусақтарын жаяды.  Сөйлеуді  оқытудың мазмұнының 2-ші компоненті пихологиялық компонент яғни экспрессивті  сөйлей  алу қабілеттілігімен дағдылану. Ол мысалы белгілі бір мәтінді оқытушыдан есту кезіндегі репродукция операциясы арқылы іске асады. Психологияда неғұрлым оқушы кішкене болса соғұрлым бұл операция жеңіл өтеді. Мыс: 2-ші сынып оқушылары жеке сөздер, сөз тіркестері тұрмақ белгілі бір

мәтінді қағып алу  қабілеттіліктері жоғары. Репродукция  толық және бола алады. Мыс: толық  репродукция

  • we speak, read and write in the lesson.

Бөлшектік репродукция  оқушы өз ойын жеткізу негізінде  жүзеге асады. Мыс: this is a blue pencil. / Оқытушы (көк қарындашты көрсетіп тұрып айтылатын сөз тіркесі).  

Сөйлеудің  келесі бір маңызды құбылысы бұл сөздердің грамматикалық құрылымын өзгерту. Мыс:

  • I live in Astana.
  • Arman lives in Astana деген сөзде I-to be етістегі Arman-ға өзгерді. Ол

тікелей етістіктің өзгеруіне  әкеліп соғады: live-lives

  • Nick is reading a book

Nick leads a lot. Бұл сөйлемде Present Progressive - Present Simple-ға айналады. Грамматикалық құрылымды өзгерту кезінде сөйлеу  жеткізу, және лексикалық дағдылар да қалыптасады. Сөзді жеткізе алу құбылысы сөздердің мағыналарын кеңейтумен де байланысты.

 

I have got a book.

I have got an English book.

I have got an interesting English

book.

I have got an interesting English  

book at home.

 

Бұл құбылыс грамматикалық құрылымды өзгертумен де байланысты. Ол сондай-ақ жадыдағы лексикалық сөздік қорға сөзді айту дағдысына ритмға, мелодикаға қатысты. Психологиялық бағдарламада экспрессивті  сөйлеуге  мынадай мінездеме бере аламыз. 

Информация о работе Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары