Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 18:36, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі - соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне жүгінсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып бере алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады. Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі қалыптаспағандығынан, білімінің жеткіліксіздігі деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп санайды. Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................3-6 Ағылшын тілін оқыту – заман талабы
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Сөйлеуді оқытудың мазмұны....................................................................6-13
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
мақсатындағы тиімді әдістер...................................................................13-17
1.3 Ағылшын тілінде еркін сөйлеу жолдары.................................................17-18
2. СӨЙЛЕУДІ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
2.1 Мультимедиа-инновациялық технологиялар - тілдерге оқытудың тиімді
жолдары......................................................................................................19-24
2.2 Аудиокітаптар ағылшын тілін үйрену құралы ретінде..........................24-26
3.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3.1 Сабақта қолданылған сөйлеуді дамытуға арналған жаттығулар
кешені.......................................................................................................27-29
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................31-32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................33

Содержимое работы - 1 файл

ТОЛКЫН КУРС.doc

— 510.00 Кб (Скачать файл)
  1. Сөйлеу  әрқашан белгілі бір мақсатқа көзделген бұл мінездеме  ағылшын   тіліндегі  экспресcивті  сөйлеуді  жүзеге асыру, сөйлеудің  алғашқы сатыларына тән.  Сөйлеуге  оқыту оқушының « сөйлегісі  келу» арманына қатысты болу керек, ол мұғалімге тікелей қатысты мысалы бұл құбылысты жүзеге асыру үшін оқытушы мен оқушының қайырымды қарым-қатынасы т.б. Мысалы оқушы «my pet» деген тақырыпқа қызыға талқылама жасайды. Олар өздерінің сүйікті үй жануарының суретін, ойыншығын алып келіп сыныпта әңгіме жүргізе алады. 
  2. Сөйлеу  аудитория үшін арналған және тыңдаушыға бағытталған түрде бола алады. Яғни біз  сөйлеу  кезінде сөзімізді белгілі бір адамға бағыттап ойды бөлісіп, дәлелдеп сұрай аламыз. Мысалы оқушы белгілі бір нәрсені айту кезінде оны сыныпқа немесе өзі қарым-қатына жасап отырған адамға қатыстыруы қажет. 
  3. Сөйлеу  әрқашан эмоционалды боялған түрде бола алады. Яғни  сөйлеуші  айтып тұрған объектіге өзінің сезімін, қатысын білдіре алады.  Сөйлеудің  бұл мінездемелері алғашқылармен де тікелей қатысты. Мыс: «my pet» деген тақырыпта I like my dog very much деген сөйлемде «like» деген сөзді белгілі бір екпінмен айта алады. 
  4. Сөйлеу  арқашан алдын ала келісу негізінде жүзеге асады. Мыс: оқытушы оқушылардын белгілі бір нәрсені сұрау алдында оқушылардың бұл тақырыпқа қатысы бар ма лексикалық қорлары жете ме оқушы санасына сай ма деген сұрақтарға жауап беріп алу қажет.  Сөйлеудің  психологиялық бағдарламасында да лингвистикалық мінездеме секілді 2 жүзеге асыру бар.
  • монологтық
  • диалогтық

Монологтық  сөйлеу  логикалық құрылған сөйлемдері, бір-бірімен қатысты белгілі бір мақсатқа бағытталған бір адамның сөзі монологты  сөйлеуді  жүзеге асыру үшін оның мынаай жүзеге асыру сатылары бар.

  1. не жайлы айту. Алғашқы сатысында заттың атын айту, оның түсін көрсету, мөлшерін, орналасуын, қатысын, өзінің сол затқа қатысын көрсету т.б.
  2. жаңағы  сөйлеу  бірліктерін жинақтап қатысын айту керегін таңдау.
  3. Жадыдағы тілдік бірліктерді құрастырып оларға эмоционалды анық бояу беру.

Диалог - бұл екі не одан да көп адамдардың  сөйлеу  кезіндегі қарым

қатынасы. Біреуі тыңдаушы, біреуі-сөйлеуші бола алады. Диалогтық  сөйлеуге  бағдарлама жасау мүмкін емес. Монологтық  сөйлеуден  айырмашылығы диалогтық  сөйлеуде  ым-шараларды қоса қолданамыз.

Мыс: - you going home?

  • Does Pete live far from school?
  • Yes
  • Were are you going?
  • I’m going home.
  • You will stay after closes won’t you?
  • I can’t.
  • Can you play football or hockey?
  • Let’s play

 

н/е 

k:- Hello, Mike?

m:- Hello ,Kate it’s nice to see you!

k:- Are you glad to be back to

    school again?

m:-I’ am but it was nice to have holidays. I was out-of-doors all day long. I had a lot of fun and what about

  you?

k:-I had a very good time too. I often went to the stadium and played with my friends.

 

 

 Сөйлеудің  3-ші компоненті әдістемелік компонентіне келер болсақ  сөйлеу  бұл қиын процесс.  Ағылшын   тілінде  сөйлеуді  оқытуда әртүрлі құбылыстарға қатыстыра аламыз. Ол көру және есту, верболды немесе верболды емес құбылыстар оқытушы осы құбылыстарды жақсы қабылдауды іске асыру қажет. Қарапайым сөзбен айтқанда оқушы тапсырманың негізгі мағынасын түсінуі қажет. Мыс; agree or disagree she жаттығуды көрсете аламыз. Оқытушы белгілі бір сөйлемдерді айтып отырады. Оқушы оған келісіп немесе келіспеуі керек.

Teacher: You usually have got a cup of tea for breakfast.

Егер оқушы келіссе «yes» деген карточканы алады да артқы  сөйлемін  өзі жалғастырады.

Pupil: Yes, I usually have got a cup of tea for breakfast.

Тағы бір мысал келтірсек  сөйлеудің  алғашқы сатыларында суреттерді қолдану кең жүзеге асады. Суретті көре тұрып оқушы  ағылшын  тілінде бұл жайлы не айту керектігін ойланып алу қажет. Есіне түсіре алмай қалған жағдайда көмекке мұғалім келеді.

 
             Көптеген әдістемелік зерттеулердің арқасында оқу жүйесінде әр түрлі жас ерекшеліктеріне қарай шет тілін үйренуде бір-бірімен тығыз байланысты сөйлесім әрекеттерінің негізгі түрлерін: тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым әрекеттерін сабақ барысында комплексті түрде пайдаланудың тиімді жолдары анықталды.

Шет тілін оқытуда, оқытылып жатқан тілде сөйлеу проблемалары көтеріліп, сабақ барысында сөйлеу ортасын  туғызу арқылы коммукативтік жаттығулар орындау, коммукативтік компетенцияларды дамыту енгізілді.

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру  мақсатында тиімді әдістер ұсыну

 

        Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді  біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды. 
Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы – дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім. 
        Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда. 
         Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға төмендегідей әдістерді жатқызуға болады: 
1. Ауызша әдіс – теория және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын және жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады. 
2. Көрнекі әдісті – бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын көтеру және оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады. 
3. Практикалық әдіс – практикалық іскерлік пен әдетті дамыту үшін және тақырып мазмұнына сәйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады. 
4. Іздену әдісі – өзінше ойлануды және зерттеу қабілеттерін дамыту үшін оқушыларды тақырыпты проблемалық оқытуға әзірлеуде қолданылады. 
5. Индуктивтік әдіс – қорытынды жасау қабілетін дамыту күрделендіре оқыту үшін, ойлау қабілетін қалыптастыру үшін пайдаланылады. 
6. Өзіндік жұмыс әдісін – оқу әрекетінде жұмыс істеуде қабілетті дамыту және оқу еңбегінде дағдыны қалыптастыруда жеңіл тақырыптарды өз бетінше дайындауға, дидактикалық материалдармен тиімді жұмыс жасай білуге баулу үшін қолданылады. 
7. Ойын әдісі – оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу - білік дағдыларын қалыптастырады.

8. Коммуникативтік әдіс. Оның басты мақсаты – әңгімелесушілердің сөздері түсінікті болуы үшін адам баласын бір-бірімен қарым-қатынас жасауға үйрету. Коммункативтік әдіс қазіргі таңда да жұмыс барысында жиі қолданыс тапқан. Осы замандық коммункативтік әдіс - білім берудің әр алуан әдістемесінің даму жолынан өткен, ағылшын тілін үйретудегі бірқатар үлгілі тәсілдердің үйлесімді көрінісі.     
         Аталған әдістерді пайдалана отырып түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгерту тиімді болып табылады 
        Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, белгілі бір мәтін бойынша жұмыс істеу үшін мынадай жаттығулар беріледі.  
Тапсырмалары 

1. Мәтінді қатесіз,  дауыс ырғағын сақтай отырып  оқу; 
2. Мазмұнын түсіну; 
3. Тірек – сызба сөздері арқылы баяндау; 
4. Мазмұнын түсінуі бойынша сурет салып, суреттеу; 

          Келесі жаттығу түрі сөйлеуге  үйрету. Диалогты сөйлеуде – оқушылар  сұрақ – жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа  жұмыстары ретінде қарапайым  іс - әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр – түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы қажет. 
          Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming up» жаттығуын кіргізуге болады. Тілдік жаттығудың мақсаты – сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым – қатнас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарлата түседі.  
          Шағын шығарма жазу оқушылардың тек жазу, тілді тусіну, сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығармаларды көп уақыт алмай 5 минуттық жазу ретінде өткізу әбден мүмкін. Шығарма тыңдау барысында диалогтағыдай баланың жіберген қателеріне емес, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу қабілетіне көбірек назар аударған жөн. 
        Тақырыптар түрі сан алуан: «Бүгінгі күннің ең қызықты сәті». 

«Қазір мен не ойлап  отырмын?» 
«Мен білетін адам». 
«Менің хоббиім». 
«Мен ұнататын нәрсе». 
«Мен ұнататын аң».  

       

         Келесі жаттығу түрі «Find the words» деп аталады. Нұсқау бойынша балалар сөзді табу тиіс. 
Bread 

E – is exactly in the middle. 
D – is at the end. 
B – is one of the letters before e. 
R – is between b and e. 
A – is between e and b.

Соңғы кезде көп қолданылып келе жатқан жұмыс түрінің бірі –  «Brainstroming» әдісі, яғни суреттеліп берілген белгілерді қолдану арқылы біртұтас әңгіме құрастыру, оны әңгімелеп  айту болып табылады. 
          Қорыта келе бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістерді пайдалана отырып жаттығулар орындатудың маңызы зор екендігін байқауға болады. Демек олардың іскерлік сөйлеу дағдыларын белсенді ұйымдастыра отырып, тиянақты білім беру – мұғалімнің ой ұшқырлығына, камуникативті құзіреттілігіне байланысты.

1.3 Ағылшын тілінде еркін сөйлеу жолдары

          Ел Президентінің жолдауында көрсеткендей қазіргі шәкірттеріміз ертеңгі күн әлем көшіне еркін ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге кетерілуі керек. Осы мәселені жүзеге асыру бағытында республикамыздың мектептерінде "2 сыныптан ағылшын тіліне үйрету" эксперимент-сынақтар өткізуде. Сондықтан да XXI ғасыр ағылшын тілі мұғалімдеріне қойылатын талаптар ауқымы үлкен.

  1. Оқушының зиялы, интеллект ретінде және сезімтал жан болып өcyiнe,оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына көмектесу;
  2. Оқушылардың танымдық  белсенділіктерін арттыру, оларды өмip бойы дербес оқуға, өз бетімен ізденіп білім алуға дайындап, білімнен өзіне қажеттерін 
    ала беруге дағдыландыру;
  3. Оқушының өзі тіл үйреніп жатқан ел мен оның мәдениетіне, біліміне, 
    өнеріне деген өз көзқарастарын қалыптастыру, сол тілге деген қызығушылықтарын арттыру;
  4. Өздерінің қабілеттерінше, мүдделеріне орай тіл үйреніп жүрген ел 
    өкілдерімен байланыс орнатып, оны түрлі қарым-қатынас жағдайларында ары қарай дұрыс жауап беруге үйрету.

Бұл талаптарға жауап беру үшін таңдалған мектептерде мұғалімдер ipiктеліп, материалдық-техникалық база толықтырылып кабинеттер жаб-дықталуда. Әлемдік байланысқа шығу үшін 2700-ден астам тілдің ішінен ағылшын тілінің қатынас құралы болып саналуының өзі шәкірттеріміздің ағылшын тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркеше меңгерулерін талап етеді. Яғни ағылшын тілінде ауызекі сөйлесіп, түсінісе білу негізгі мәселе.

Осы орайда ерте жастан ағылшын тілінде коммуникативтік білгіштікті қалыптастыру көптеген ғалымдар мен әдіскерлердің еңбектерінде қарастырылған және шетел психологтары В.Пенфильд және Р.Роберте "Речь и мозговые механизмы" атты еңбектерінде "9 жасқа дейінгі жас аралығындагы балалар -тіл игеру мамандары" деп атап көрсетілген. Олай болса ерте жастан ағылшын тілін оқыту бағытымыз 6yriнri күн талабына әбден сай жайт.

Бастауыш  сыныптағы әpбip сабақ басынан аяғына дейін балаға деген мейірімге толы болу керек. Осы бағытта Ш.А.Амонашвили: " Мектептен әpбip күн, әpбip сабақ мұғалім тарапынан оқушыға сыйлық болу керек. Әpбip оқушының мұғалімімен тідесуі бала бойына қуаныш пен өмipre құлшыныс беру керек" деген екен. Сондықтан да әpбip ағылшын тіл сабақтары қызығушылықты ояту, ойашардан басталады. Яғни, мұғалім  кішкене балаларға жымиып, оқушылармен жылы амандасып, хал-жағдайларын сұраумен бастап, өз иелігіндегі 45 минуттың құдіретін өзі сезініп, балаларды да өзіне тарта 6iлyi керек. Мысалы:

 

1.1 am glad to see you.

I love you

I like you

2. Turn and say warm words.

Say complements.

 

Ceбeбi: біз оқушылардың ойлауына, сабаққа қызығуына қолайлы орта тудыруымыз керек. Қолайлы орта дегенің әр-баланың ойлауына мүмкіндік беру, түрлі идея тудыру, күлмеу, қолпаштау, бipiн-бipi тыңдауға, сыйлауға, пікірлердің әртүрлілігін мойындатуға.

Мыс: This, These еткен  кезде мынадай ойын ойнауға болады.

Take sheets of paper. Put them on your books and on your heads with your left hands. Then take your pens and draw your neighbours' pictures on them and present to your neighbours.Бұл ойынды сөйлеп отырып ойнайды.

Ex. This is my friend. This is his head . This is his hair.

Соңынан дайын суретті досына сыйлайды. Бұл ойын арқылы оқушы әpi cөйлeйдi, әpi досына cypeтi ұнау үшін бар өнерін салады, адамгершілікпен сыйластықтың маңызын сезінеді. Бұдан басқа әртүрлі бағыттағы cypeттepдi байланыстырып, әңгіме құратуға болады. Осы бағыттағы жұмыстар арқылы осы таңдағы эксперимент қорытындысына оқушылар ауыз eқi тiлдiк қатынаста агылшын тілін қолдана алатындықтарын көрсету.

2.СӨЙЛЕУДІ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

 

2.1  Мультимедиа-инновациялық технологиялар - тілдерге оқытудың тиімді жолдары

 

Еліміздегі білім берудің  дәстүрлі қалыптасқан жүйесінен  әлеуметтік- экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениеттік әлемдегі ақпараттық даму жаңа технологияларды пайдалануды қажет етуде. Өйткені, бүгінде ғылым мен техниканың даму қарқыны білім беру саласында жаңа тенологиялық әдістер мен инновациялық құрал-жабдықтарды мейтінше қажет етеді.

Еліміздің даму бағыты айқындалған  қазіргі уақытта білім берудің маңыздылығы мен мәнділігіне шынайы көңіл бөлініп, сапалы білімге қол жеткізуге нақты міндеттер қойылуы тиіс. 

Информация о работе Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары