Девианттық мінез-құлық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 13:22, реферат

Краткое описание

Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.

Содержимое работы - 1 файл

Девианттық мінез.doc

— 123.50 Кб (Скачать файл)

Рефлекстерді  шығу тегіне сәйкес шартсыз жөне шартты рефлекстер деп екі топка бөледі. Шартсыз рефлекс орталык жүйке  жүйесінің төменгі бөлімдері (жұлын, сопақша, ортаңғы ми, мишық) аркылы жүзеге асады. Алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары алып тасталған жануарларда шартсыз рефлекс сақталады. Шартсыз рефлекстер адамның жасына сәйкес үнемі өзгеріп отырады. Туа пайда болған ретті тізбек арқылы бірімен-бірі байланысқан шартсыз рефлекстер жиынтығы – түйсік – инстинкт (лат. «instictus» – түйсіну) деп аталады. Түйсік – едәуір күрделі мінез-құлықтың бір түрі. Түйсік көбінесе топтасып тіршілік ететін бунақденелілерде де айқын байқалады. Түйсік арқылы ағзаның ішкі ортасының қажеті қанағаттандырылады.

Жаңа туған  нәрестенің алғаш рет анасын емуі – тағамдық шарт сыз рефлекске жатады. Көзге бір затты жақындатқанда көзді жұму – қорғаныштық шартсыз рефлекс. Сәбиге таные емес затты көрсеткенде соған карай басы мен көзін бұруы – бағдарлаушы шартсыз рефлекс. Шартсыз рефлекстер арқылы ағзаның ішкі ортасының түрактылығы қамтамасыз етіледі. Ішкі мүшелер мен мүшелер жүйесінің кызметі үйлесімді түрде жүреді.

Шартты рефлекстер 

Шартты рефлекстер. Ми қыртысында шартты рефлексті жүзеге асыратын жүйке – рефлекс орталықтары  орналасады. Жүйке орталығы мен жүйкелер арасында шеңбер түрінде үнемі байланыстар болып тұрады. Шартты рефлекстер кезінде ми қыртысы мен мидың басқа бөлімдерінің арасында уақытша байланыстар түзіледі. Шартты рефлекстер – ағза мінез-құлығының ең қарапайым көрінісі. Шартты рефлекстер бірімен-бірі белгілі бір реттілікпен жүзеге асатын бірнеше кезеңдерден түрады. Шартты рефлекстер аркылы адам тамағын табуға, кауіпті жағдайлардан қорғануға әрекет жасайды. Мүның бәрі де жоғары жүйке қызметі аркылы жүзеге асады.

Жоғары жүйке  кызметінің күрделенуі 

Жоғары жүйке  кызметінің күрделенуі сөздің пайда болуымен тікелей байланысты. Адамның мінез-құлығы негізінен екі түрлі жағдайларға байланысты қалыптасады. Біріншіден — ағзаның ішкі қажетін қанағаттандыру. Екіншіден – сыртқы орта жағдайларына бейімделу. Мидың және жүйке жүйесінің баска бөлімдерінің қызметі рефлекстер түрінде жүзеге асады, яғни рефлекстік сипатта болады. Ми қыртысының рефлекстік қызметін ғылыми түрғыда түсіндірген орыс ғалымы – И.М.Сеченов (1829-1905). Ол «Мидың рефлекстері» (1863) еңбегінде рефлекс ұғымына жан-жақты анықтама берді. Ғалым алғаш рет біздің саналы жөне санасыз әрекеттеріміздің бәрі рефлекстерге негізделгенін дәлелдеп берді. И. М. Сеченовтың пікірі бойынша, рефлекстер үш кезеңді қамтиды. Оның бірінші кезеңінде сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен сезім мүшелерінде қозу пайда болады. Екінші кезеңінде – мида қозу мен тежелу үдерістері жүреді. Осы үдерістердің нөтижесінде психикалық құбылыстар (түйсіну, сезу, т.б.) пайда болады. Үшінші кезеңінде – адамның мінез-құлығы әрекеттер арқылы көрініс табады. И.М.Сеченовтың зерттеулері мидың төменгі орталықтары, оның жоғары орталықтарының тікелей бақылауында жүретінін дәлелдеп берді. Ми қыртысындағы рефлекс орталықтары көптеген шартсыз рефлекстердің қызметін кейде тежеуі, кейде күшейтуі мүмкін. 

Павлов Иван Петрович

Рефлекстер туралы ілімді одан әрі толыктырып дамытқан көрнекті орыс ғалымы И. П. Павлов (1849 – 1936) . Ол – жоғары жүйке қызметінің физиологиясы — мінез-қүлық туралы ғылымның негізін салушы ғалым. Ғалым мінез-құлықты зерттеуде шартты рефлекстердің қальпггасу әдістерін ашты. И.П.Павлов жоғары жүйке кызметі тікелей шартты рефлекстер жиынтығынан түратынын толық дәлелдеп берді.

Бірінішіден, шартты тітіркендіргіштің әсер ету уакыты шартсыз тітіркендіргіштердің өсерімен сәйкес келуі кажет. Мысалы, бұрын  ет жеп көрмеген итке етті көрсетсе де иттің оған сілекейі бөлінбейді. Итке етті көрсетіп, артынша ет беруді бірнеше рет кайталаса, ет көріне салысымен сілекей бөліне бастайды.

Екіншіден, шартты тітіркендіргіштің өсері шартсыз  тітіркендіргіштің алдында бірнеше  рет кайталануы шарт. Қоңырау шалып, артынан итке тамак беруді бірнеше рет кайталаса, шартты рефлекс түзіледі.

Үшіншіден, шартты жөне шартсыз тітіркендіргіштердің әсер ету уакытын сәйкестендіріп, бірнеше рет кайталаганда да шартты рефлекс түзіледі.

Шартты рефлекстің қалыптасуы, шартты және шартсыз тітіркендіргіштерді қабылдайтын ми қыртысының екі орталығының арасындағы уакытша байланыска негізделген. Шартты тітіркендіргіштің әсерінен ми кыртысының бір жерінде козу ошағы пайда болады. Шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен де ми қыртысының екінші жерінде қозу ошағы пайда болады. Ми қыртысындағы осы екі козу ошақтарының арасында уақытша байланыс түзіледі. Адам өмірінде көптеген шартты рефлекстер түзіледі. Мұның бәрі де біздің өмір сүруіміздің басты мәні болып саналады. Тіршіліктің бұл өмірлік мәні жеке адам үшін басты рөл атқарады, бірак бұл тұқым қуаламайды. 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиет 

    ↑  Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын  басқарған э.ғ.д., профессор Е.  Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6

    ↑  Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

    ↑  Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың  түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Девианттық мінез-құлық