Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 13:22, реферат
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Девианттық мінез-құлық
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды
Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
Үшіншілері оларды
негізгі бес факторға бөліп қарастырады.
Оларды жекеше қарастыратын
болсақ:
1. Биологиялық
факторлар
– баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі
жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер.
Оларға мыналар жатады:
Бұлардың бәрі
адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға
деген жағымсыз қарым-қатынасын
тудырады, ал балалар болса, өзіндік
сезім мен танымдық деңгейіне
байланысты, құрбы-құрдастары арасында,
ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы
бұзылады.
2. Психологиялық
факторлар.
Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір
қасиеттердің басым болуы т.б. жатады.
Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық
ауруларда, психопатияда, неврастенияда
т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы
мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады.
Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық
реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған
тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың
әрбір даму сатысында, олардың психикалық
қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері
қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында
әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе
керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі
мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы,
махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол
ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену
- невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен
қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық)
тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық,
психикалық аурулар және психологиялық
патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың
пайда болуына жол ашады. Егер, балада
адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса,
онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз
қасиеттерге бейім тұрады.
3. Әлеуметтік-педагогикалық
факторлар. Олар мектептік, отбасылық,
қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде,
баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты.
Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы
жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына
және бағаларға парықсыз қарайтындар.
Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін
көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің
(дезадаптация) қалыптасуы мынадай
сатылардан өтеді:
Баланың психоәлеуметтік
дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі
факторы - ата-ана. Баланың бойындағы
асоциалды мінез-құлықты
Балаға көрсетілген
қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық,
физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық.
Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар
үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін.
Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар
қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға
бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен,
бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді.
Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі
баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне,
әлеуметтік тәжірибесіне байланысты.
Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш,
үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы
т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді:
агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне
сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте
төмен болады. Зерттеулерге қарағанда,
зорлық-зомбылықты көп көрген балалар
өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.
4. Әлеуметтік-экономикалық
факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның
кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың
кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік
кернеу, т.б.
5. Моралді-этикалық
факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік
қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани
құндылықтардың бұзылуы. Девиантты
мінез-құлықты балаларды түзету күрделі
әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда
көп шыдамдылық пен белсенділік қажет.
Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық
талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер
негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін
жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау
қажеттігі туады: