Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 15:39, курсовая работа
Нарықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, бәсекелестіктің пайда болуына жол ашады. Біз әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені түрлі меншіктің формалары негізінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін еместігін айта аламыз. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Кәсіпкерлік түсінігі, оның мәні
1.1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні
1.2. Кәсіпкерлік кәсіпорынның экономикалық белсенді қызмет түрі ретінде
2. Кәсіпкерліктің түрлері мен ерекшеліктері
2.1. Кәсіпкерліктің түрлері мен формалары
2.2. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру түрі мен принциптері
3. Нарықтық экономика құрудағы кәсіпкерліктің маңызы
3.1. Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму жолдары, қолдау шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1) қаржылай қолдау көрсету;
2) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау орталықтары желісін ұйымдастыру;
3) бизнес-инкубаторлар қызметін ұйымдастыру;
4) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жылдан астам уақыт пайдаланылмаған мемлекеттік меншік нысандарын сенімділікпен басқаруға және жалға беру, яғни лизингті жетілдіру;
5) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіптік өндірісті және халыққа қызмет көрсету саласын дамытуды ұйымдастыру үшін жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген нысандарды шарт жасау сәтінен бастап бір жыл өткеннен кейін, ҚР Үкіметі белгіленген тәртіпте шарттар орындалған жағдайда, өтеусіз беру.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мемлекеттік, салалық, аймақтық бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және олар шағын және орта кәсіпкерлікті өркендетуге және қолдауға бағытталған шаралар кешені болып табылады. Бұл тұрғыда елбасымыз «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2010 жылдан бастап, аймақтарда кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай бюджеттік бағдарламасын енгізуді тапсырды.
Өңірлерде кәсіпкерлердің жаңа қатарын қалыптастыру арқылы тұрақты жұмыс орнын құруды көздейтін бұл бағдарлама «Бизнестің жол картасы – 2020» деп аталды. Аты айтып тұрғандай, экономиканың тұрақты да сенімді дамуының негізі болып табылатын кәсіпкерлікті, оның ішінде қазақстандық шағын және орта бизнесті дамытуды көздейтін бағдарламаның маңызы ерекше.
Бағдарламаны іске асыру кезең-кезеңмен жүзеге асады. Бірінші кезең – 2010-2014 дейінгі жылдарды қамтыса, екінші кезең – 2014-2020 жылға дейін уақыт аралығында орындалады деп жоспарланып отыр.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үш бағытта жүреді:
1) Жаңа бизнес-бастамаларға қолдау көрсету;
2) Кәсіпкерлік секторын сауықтыру;
3) Экспортқа бағытталған өндірісті қолдау.
Бағдарламаның басты мақсаты да сол, қазақстандық кәсіпкерлерді қолтықтан демеп, өнімінің құнын, сапасын арттыру. Ал әзірге біздің елімізде кәсіпкерліктің бұл түрі мемлекеттік орган, не ірі ұлттық компания, не шетелдік инвестордың есебінен жүзеге асырылып келе жатқаны жасырын емес.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруды жеке сектор кәсіпорындары үшін қаржы ресурстарының қол жетімділігін арттыру;
экономиканың шикізаттық емес секторындағы инвестициялық жобаларын іске асыру үшін жеке секторды, бірінші кезекте банктердің қаражатын тарту;
жеке сектор кәсіпорындарының, бірінші кезекте, шағын және орта кәсіпкерліктің қаржылық-экономикалық тұрақтылығын арттыру көзделеді.
Экономикамызды жаңғырту мәселесінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының маңызы өте зор болып отыр. Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру мақсатында бұл қор бүгінгі күнде көптеген жұмыс атқарып келеді. Қазіргі кезде «Даму» қорының алдында негізінен мынадай стратегиялық мақсаттар тұр:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің несиеге қолжетімділігін қамтамасыз ету;
шағын және орта кәсіпкерліктің әртараптануына жәрдемдесу;
елдегі микронесиелік ұйымдарға қаржылай және қаржылай емес қолдау көрсету;
ел аймақтарында кәсіпкерлік орта инфрақұрылымын құру.
Бүгінде «Даму» қоры – бұл шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылық, сондай-ақ қаржылық емес қолдау аспаптарын ұсынуға қабілетті ұлттық институт. Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау шараларының негізгі операторы және интеграторы. Шағын және орта бизнес субъектілерінің жеңілдік несиелік ресурстарға кеңінен қол жеткізуі үшін «Даму» қоры шағын және орта бизнесті қолдаудың төмендегідей қаржылық аспаптарын әзірлеген болатын:
2009-2012 жж. арналған «Даму-Қолдау» Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін және тамақ өнімдерін шығаратын ұйымдарды тікелей несиелендіру бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнестің сапалы дамуына және олардың Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыру барысындағы рөлін күшейтуге ықпал ету;
Франчайзингті дамыту. Бағдарламаның мақсаты – өзінің қызметін ұлттық және шетелдік коммерциялық кәсіпорындардың сәтті үлгісін қайталау арқылы жүзеге асырып отырған шағын және орта кәсіпкерлікке инвестициялық қолдау жасау;
Орта және шағын кәсіпкерліктің несиелерін кепілдендіру бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелік ресурстарға кеңейтілген және тең түрде қол жеткізуі мақсатында оларға екінші деңгейлі банктердің алдындағы міндеттемелерін орындау жөніндегі жартылай кепілдіктерді ұсыну арқылы қолдау;
Аймақтардағы нүктелік қаржыландыру бағдарламалары. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламаларды жүзеге асырудың тиімділігін сол аймақ үшін басымдылыққа ие болатын салалардағы немесе жекелеген аймақтық бірліктердегі жобаларды қаржыландыру арқылы арттыру;
Лизингілік компанияларда негізделген түрде жайғастыру бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – лизингілік мәмілелерді жеңілдік шартпен қаржыландыру арқылы экономиканың басымдылыққа ие салаларындағы шағын және орта бизнестің мүмкіндіктерін кеңейту және негізгі құралдарын жаңарту мүмкіндігін қамтамасыз ету;
Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бағдарламалары. Бағдарламаның мақсаты - экономиканың басымдылыққа ие салаларындағы жобаларды жүзеге асырып жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін олардың банкілік займдар бойынша пайыздарын төлеу жөніндегі шығындарын азайту арқылы қолдау;
Аймақтардағы пайыздық мөлшерлемені жергілікті атқару органдарының қатысуымен субсидиялау. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламарын жүзеге асырудың тиімділігін сол тұлғалардың банкілік займдар бойынша пайыздарын төлеу жөніндегі шығындарын азайту арқылы арттыру;
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің несиелік қоржындарын Қордың кепілдік етуімен қамсыздандыру. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендірудің көлемін одан әрі арттыру мақсатында активтермен қамсыздандырылған құнды қағаздарды шығару арқылы қаржы тарту.
Осы аталған мақсаттарды жүзеге асыруда «Даму» қорының басты қызметі – Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында, оның сапалы серпіліс жасауына, өнімділікті өсіруге және негізгісі ел экономикасын әртараптандыру үдерісін күшейту болып табылады.
Еліміздегі кәсіпкерліктің қарқынды дамуында кәсіпкерлердің сауаттылығы ең маңыздысы болып отыр. Себебі бүгінгі күнде көптеген кәсіпкерлер өз құқын мен міндеттерін білмей жатады. Сондықтан олардың кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында бюджет тарапынан және ҚР заңдарымен тыйым салынбаған басқа да қаржы көздері есебінен келесідей оқу-әдістемелік қолдау көрсетілу қажет, яғни олар:
1) кәсіпкерлікті жүргізу үшін оқу семинар-тренингтерін, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу;
2) кәсіпкерлікті жүзеге асыру тәжірибесі туралы әдістемелік оқу құралдарын, ақпараттық бюллетеньдер тарату;
3) аймақтарда ақпарат және консалтинг орталықтарын құру;
4) аймақтарда шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқытуды ұйымдастыру үшін менеджерлер даярлау.
Қорытынды
Қорытындылай келсем, кәсіпкерлік ел экономикасының маңызды буыны екені белгілі. Шаруашылықты жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі ол кәсіпкерліктің дамуы болып табылады. Нақты айтқанда, жұмыссыздықты жоюда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, базарды халыққа қажетті тауарлармен толықтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде, депрессияны бастан кешіріп отырған жекелеген аудандарды қалпына келтіруде осы кәсіпкерлік шешуші фактор. Яғни кәсіпкерлік нарықтық экономикаға нық қадам басудағы, оны құрудағы басты шарт екенін ұғынуға болады.
Курстық жұмысымда жалпы кәсіпкерлік ұғымына, оның кәсіпорынның экономикалық белсенді қызмет түрі ретіндегі ерекшелігін сипаттадым. Сонымен қатар кәсіпкерліктің негізгі түрлері мен формаларына тоқталып өттім. Соңғы бөлімде елімізде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған шаралар мен бағдарламаларға тоқталдым және де еліміздегі кәсіпкерліктің даму мысалы ретінде облысымызда ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын «Раушан» жеке шаруашылық серіктестігін алдым. Бұл серіктестік облысымыз бойынша кең ассортиментті ауылшаруашылық өнімдерін өсіріп, сатады. Алдағы уақытта өз қызметін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл тұрғыда өз қызметін тұрақты жүргізуі және туындайтын мәселелерді шешу үшін төмендегі шараларды ұсынар едім:
өнімді қоймада сақтаудың тиімді жолдарын қарастыру;
өнімді өткізу каналдарын диверсификациялау;
өнімді өткізу процестерін оптимизациялау;
серіктестікке тиімді несие алу шараларын жетілдіру ;
мемлекет тарапынан жүргізілетін қолдау шараларына белсенді түрде қатысу.
Соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлік саласын қолдау жолында мемлекет тарапынан қаржының көлемі еселеп өсіп келеді. Елімізде оны дамыту жолында шаралар ұйымдастырылып, бағдарламалар қабылданып жатыр. Елбасымыз бекіткен « Бизнес жол картасы – 2020 » бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта кәсіпкерліктің жаңа тобын дамыту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашу болып табылады.
Еліміздегі кәсіпкерліктің оң қарқында дамуында «Даму» қорының маңызы зор екенін айта кеткен жөн. Бұл қор кәсіпкерлікті дамыту аясында көптеген жұмыстар атқарып келеді. Осы кешенді іс-шаралар отандық кәсіпкерлерге серпін беріп, оған нақты көмек болуы тиіс. Кәсіпкер үшін мемлекет әрекет етпейтіні ақиқат. Сондықтан да кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауы мен қаржылай жәрдемін пайдаланып, алға жылжуы тиіс. Мәселен, өндіріс құра отырып, өзінің де, басқа әлеуметтің де қажетін шешу кәсіпкердің өз ынта-ықыласынан туындауы шарт. Егер ынта болса, отандық өнім өндірушінің бәсекеге қабілеттілігі жарқырай көрінетін айтулы кезең басталады.
Сонымен еліміздің экономикасын жандандыруға негіз болар кәсіпкерлік қызметті дамытуда және жетілдіруде мынадай негізгі қадамдар жасалуы қажет, яғни : салық салу базасын жетілдіру, қаржы операцияларын жүргізуге негіз болатын салық мөлшерлемелерін азайту, несие беру мерзімдерін ұзарту, лизингтік несиелерді беру жүйесін жетілдіру, аймақтық мәні зор шағын өндірістік кәсіпорындар үшін пайыздық мөлшерлемелерді төмендету, мемлекеттік органдар тарапынан қыспақтарды және сапасы төмен арзан тауарларды тасып әкелуге тосқауыл қою тәрізді шаралар жүргізу керектігі жөнінде де айтуға болады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еңбек етуші халықтың 60 шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеген кезде Қазақстан тұрақтылыққа қол жеткізетін болады» деген болатын, яғни осы жағдайлар реттелген жағдайда кәсіпкерлер өз қызметін алаңсыз атқарып, еліміздің жарқын болашағына зор үлес қосары сөзсіз.
Қолданылған әдебиеттер
1. Ө.Қ.Шеденов, Е.Н.Сағындықов. «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе, 2004 жыл.
2. А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов. «Кәсіпорын экономикасы» оқу құралы, Алматы «Экономика», 2003 жыл.
3. Б. Мадешов. «Нарықтық экономикаға кіріспе», Алматы, 2002 жыл.
4. Б.А.Бижан, Г.А.Тұрғанбаева, Т.В.Иссык. «Кәсіпкерліктің жедел курсы», Алматы, 2009 жыл.
5. З.Б.Құрманбаева. «Кәсіпкерлік негіздері», Семей, 2005 жыл.
6. О.А.Сәбден, А.Б.Тоқсанова. «Шағын кәсіпкерлікті басқару», Алматы, 2002 жыл.
7. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхамбетова. «Экономикалық теория», Астана, 2008 жыл.
8. www.damu.kz сайты
9. www.dkb2020.kz сайты
2
Информация о работе Кәсіпкерліктің дамуы нарықтық экономиканы құру шарты