Кәсіпкерліктің дамуы  нарықтық экономиканы құру шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 15:39, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, бәсекелестіктің пайда болуына жол ашады. Біз әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені түрлі меншіктің формалары негізінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін еместігін айта аламыз. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Кәсіпкерлік түсінігі, оның мәні
1.1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні
1.2. Кәсіпкерлік  кәсіпорынның экономикалық белсенді қызмет түрі ретінде
2. Кәсіпкерліктің түрлері мен ерекшеліктері
2.1. Кәсіпкерліктің түрлері мен формалары
2.2. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру түрі мен принциптері
3. Нарықтық экономика құрудағы кәсіпкерліктің маңызы
3.1. Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму жолдары, қолдау шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

курсовая .doc

— 261.50 Кб (Скачать файл)


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпкерліктің дамуы  нарықтық экономиканы құру шарты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Кәсіпкерлік түсінігі, оның мәні

1.1.      Кәсіпкерліктің экономикалық мәні

1.2.      Кәсіпкерлік  кәсіпорынның экономикалық белсенді қызмет түрі ретінде

2. Кәсіпкерліктің түрлері мен ерекшеліктері

2.1. Кәсіпкерліктің түрлері мен формалары

2.2. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру түрі мен принциптері

3. Нарықтық экономика құрудағы кәсіпкерліктің маңызы

3.1. Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму жолдары, қолдау шаралары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтық экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің, қоғамдық өндірістің негізгі саласы болатындығына ешкімнің күмәні жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Біздің көзімізше қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демократиялануы болып табылады.

Нарықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, бәсекелестіктің пайда болуына жол ашады. Біз әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені түрлі меншіктің формалары негізінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін еместігін айта аламыз. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді.

Бүгінгі күнде нарықтық экономикада кәсіпкерліктің маңызы артып келеді, сол себепті әрбіреуіміздің ойланбай-ақ кәсіпкерлік дегеннің не екенін білгеніміз дұрыс. Осы мақсатта менің  бұл курстық жұмысымда кәсіпкерлік туралы айтылады. Курстық жұмысымның тақырыбы «Кәсіпкерліктің дамуы  нарықтық экономиканы құру шарты» деп аталады.

Курстық жұмысым үш негізгі бөлімнен тұрады:

1-ші бөлімінде кәсіпкерлік дегеніміз не, яғни оның экономикадағы рөлі мен мәні жайлы айтылды. Нарықтық жүйеде кәсіпорын мен кәсіпкерлікті бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Сондықтан кәсіпорын туралы, кәсіпкерліктің кәсіпорынның белсенді қызмет түрі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі сипаттадым;

2-ші бөлімде нарықтық экономикадағы кәсіпкерліктің түрлері мен негізгі формаларына жекелей тоқталып өттім. Сонымен қатар жалпы кәсіпкерлікті ұйымдастыру түрі мен принциптерін сипаттадым;

3-ші бөлімде кәсіпкерліктің нарықтық экономиканы құрудағы маңызы және еліміздегі кәсіпкерліктің даму жолдары мен қолдау шараларына тоқталып өттім. Бүгінгі күнде кәсіпкерлік еліміздің экономикасын жандандырумен қатар халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын, соның ішінде қазіргі басты мәселе  жұмыссыздықты   жоюда, жалақыны  уақытылы  төлеуде  және  тағы басқа  еліміз бастан  кешіріп  отырған  мәселелердің  шешуші  факторы. Кәсіпкерлік бұл халқымызды жұмыспен қамтудың қайнар көзі болып  табылады. Бұл бөлімде кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған бағдарламаларға тоқталып өттім. Сонымен қатар еліміздегі кәсіпкерліктің даму мысалы ретінде облысымыздағы  «Раушан» жеке шаруашылық серіктестігін мысалға алдым.

Бүгінгі күнде елімізде кәсіпкерлікті дамыту жолында мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр, бұның барлығы кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы ерекшелігін көрсетеді.

Еліміздің экономикасын, әл-ауқатын жақсартуда ең басты шешуші шарт – кәсіпкерлік  болып  саналады.  Сондықтан  да  еліміздің  ертеңі кәсіпкерлердің  қолында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1.           Кәсіпкерліктің экономикалық мәні

 

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. «Кәсіпкерлік» (ағыл. business) ұғымын алғаш рет XVIII ғасырда ағылшын банкирі әрі экономисті Ричард Кантильон (1680 – 1734) қолданған болатын.

Бұған кезінде атақты неміс экономисті Йозеф Алоиз Шумпетер ерекше мән беріп, былайша айтып өткен болатын:  «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Шындығында да кәсіпкер нарықта өмір сүру үшін жаңалық енгізіп, сұранымдарды қанағаттандырып, өз жұмысын дұрыс басқарып, ұйымдастыруы қажет. Бұл айтылған сөздер кәсіпкерліктің қоғамға қажетті екендігін көрсетеді.

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.

Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік  – жаңашылдық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ ол бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, жаңашылдықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көзқараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

Бүгінгі күнде кәсіпкерлік ұғымының дәл анықтамасы жоқ. Американдық ғалым, профессор Роберт Хизрич кәсіпкерлік ұғымына мынадай түсінік береді: «кәсіпкерлік  бұл құны бар жаңашылдық енгізу, ал кәсіпкер  бұл осы жаңашылдықты енгізуге өзінің қаражаты мен күш-қайратын жұмсап, барлық қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелділікті өзіне жүктейтін адам». Жалпы американдық оқулықтар және ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлік ұғымына басқа да түсініктер бар, бұлардың барлығы кәсіпкерлікті экономикалық, саяси-экономикалық, психологиялық, басқарушылық және тағы да басқа тұрғыдан қарастырады.

Кәсіпкерліктің дамуын қарастыруда оның «Үш толқынын» бөліп көрсетуге болады, яғни кәсіпкерліктің қалыптасуын осылайша сипаттауға болады. Кәсіпкерліктің бірінші толқынына тоқталсақ, ол алғаш кәсіпкерлердің тәуекелдік жағдайымен байланысты ХVІІІ ғасырда пайда болды. Ал екінші толқыны кәсіпкерлік қызметтің сипаты ретінде инновацияның енгізілуіне байланысты пайда болды. Кәсіпкерліктің үшінші толқыны кәсіпкерлердің жеке қасиеттеріне және кәсіпкерліктің экономикалық жүйедегі роліне ерекше назар аударумен байланысты енгізілді. Қазіргі күнде кәсіпкерлік қызметтің дамуын кәсіпкердің басқарушылық қызметіне негізделген төртінші толқыны деп қарастыруға болады.

Жалпы кәсіпкерлік  бұл адамдар, яғни шаруашылық іске қатысушылардың іскерлік қарым-қатынасын білдіреді. Кәсіпкерлік қызметпен кәсіпкер жеке қызығушылықтан айналысады, яғни жасаған жұмысының жемісі ретінде пайда табуға және тиімді нәтижелерге қол жеткізуге тырысады. Бұл қызметтің негізгі сипаты – өндірісте жаңашылдық енгізу, жаңа тауар түрлерін өндіріп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы тұлғалар «кәсіпкерлер» деп аталады. Кәсіпкерлер – бұл коммерциялық мүмкіндіктерді сезінетін, қажетті қаражат мөлшерін тауып, белгіленген жұмысты аяқтай алатын және тәуекелділікке бел буа алатын іскерлік әлемдегі тұлғалар болып табылады.  Оның  талаптары – міндеттілігі,  жауапкершілігі  және  адалдығы.  Міне  осылар  қазіргі  кәсіпкердің  мінезінен  толық  табылуы  қажет.  Бизнесте  адал  болу негізінде ғана кәсіпкерлердің сенімділігі  күшейіп,  абыройы  арта түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.           Кәсіпкерлік  кәсіпорынның экономикалық белсенді қызмет түрі ретінде

 

Кәсіпорын  өндіріс шаруашылық әрекетін ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады. Ол қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі жекелеген  дербес  бөлім. Кәсіпорын  қоғамның   негізгі  өндірісттік  буыны ретінде  әрбір  әлеуметтік  экономикалық  формацияға  тән  және  өздерінің  ерекше  белгілерімен   сипатталады.  Олар алғашқы  қауымдық  құрылыс,  құл  иеленуші,  феодалдық  иеліктер  мен  шаруа  қожалығы,  капиталистік  кәсіпорындар,  ал  бүгінгі  таңда  ірі  фабрикалар,  зауыттар мен  бірлестіктер  ретінде  ерекше  орын  алады.  Кәсіпорын  атаулыға  фабрика,  зауыт,  өндірістік  және  ғылыми  өндірістік  бірлестіктер,  сондай – ақ  өте  ірі  және  күрделі  кәсіпорындар  жатады.               

Еңбектің  қоғамдық  бөлінісі  мен  кәсіпорындардың  экономикалық  жағынан  дербестігіне  байланысты  олардың өндіретін  өнімдері  тауарға  айналады.  Ендігі  жерде  тауар  айырбастау  және  оны  сату,  сатып  алу  процестері басталып,  бұл  әрекеттер  қоғамның  қажеттілігін  қамтамасыз  етеді.  Сондықтан  кәсіпорындар  тауар  өндіруші  ретінде  бейнеленеді.

Біздің  республикамызда  бүкіл  шаруашылық  механизмдегі  өзгерістердің іргетасын  қалайтын,  әлеуметтік  экономикалық  маңызы  зор  құжат  Қазақстан  Республикасының  « Кәсіпорындар  туралы » Заңы.  Бұл  заңның  мәнділігі  халық  шаруашылығының  негізгі  буындары  ретіндегі   кәсіпорындардың  қоғамдық  өндіріс  жүйесіндегі  рөлі  мен  орнына  байланысты  көрініс  береді.  Аталған  заңда  кәсіпорындар  мен  еңбек  ұйымдарының әрекеті көрсетіліп,  әрі  мақсаты да  нақты  тұжырымдалған.  Мақсаттың  мазмұны  -  халықтың  әл-ауқатын  жақсартып,  рухани  байлығын  молайта  түсуге  саяды. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мәліметтері бойынша әлемдік экономикада шағын кәсіпорындардың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санының 95%-нан асады. Олардың үлесі әрекеттегілерінің 60%-нан астам бөлігін құрайды, ал олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ға дейін жетеді. Бұл орташа әлемдік көрсеткіштер.

Ал Жапонияда мысалы, шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі компаниялардың жалпы санының 99,6%-ын, ЖІӨ-нің 55%-ын және өнеркәсіпте қызмет ететіндер санының 80%-ын құрайды. АҚШ-та - ЖІӨ-нің 50%-дан артық бөлігі, инновациялардың жартысынан астам бөлігі, ұлттық жұмыс күшінің 2/3 артық бөлігі шағын кәсіпкерлікте еңбек етеді.

Бүгінде Қазақстанда еңбекке жарамды белсенді тұрғындардың әрбір бесіншісі  шағын және орта бизнесте еңбек етуде. Олардың шамамен алғанда тең жартысы – жеке кәсіпкерлер. Ал барлық тіркелген кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің 90% артық бөлігі шағын және орта бизнес секторына тиесілі болып келеді. Бұл тұрғыда біз орташа әлемдік көрсеткіштермен бір деңгейде келеміз.

Бүгінгі таңда мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нәтижесінде  меншік пен кәсіпорындардың алуан түрлері мен формалары дұрыс қалыптаса бастады. Олардың ең алдымен мемлекеттік меншікке негізделетін төмендегідей формалары  бар:

1. мемлекеттік  бюджетте  тұрған  кәсіпорындар мен  ұйымдар  несие  негізінде коммерциялық қызметпен айналыспайтын мемлекеттік бюджеттік  кәсіпорындар;

2. шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару негізінде жұмыс істейтін мемлекеттік шаруашылық есептегі кәсіпорындар;

3. мемлекеттік жалгерлік кәсіпорын – мемлекеттік кәсіпорынды, оның бір бөлімшесін немесе басқа мүліктерін еңбек ұжымының өзі жалға алған жағдайда құрылады;

Информация о работе Кәсіпкерліктің дамуы  нарықтық экономиканы құру шарты