Кәсіпкерліктің дамуы  нарықтық экономиканы құру шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 15:39, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, бәсекелестіктің пайда болуына жол ашады. Біз әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені түрлі меншіктің формалары негізінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін еместігін айта аламыз. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Кәсіпкерлік түсінігі, оның мәні
1.1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні
1.2. Кәсіпкерлік  кәсіпорынның экономикалық белсенді қызмет түрі ретінде
2. Кәсіпкерліктің түрлері мен ерекшеліктері
2.1. Кәсіпкерліктің түрлері мен формалары
2.2. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру түрі мен принциптері
3. Нарықтық экономика құрудағы кәсіпкерліктің маңызы
3.1. Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму жолдары, қолдау шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

курсовая .doc

— 261.50 Кб (Скачать файл)

Сонымен қатар кәсіпкерлікті ұйымдастыру түрлерін былайша классификациялауға болады:

1)            құрамына байланысты: техника-экономикалық, әлеуметтік, оперативті-өндірістік, қаржылық, ұжымдық-техникалық, қамтамасыздандыру, бизнес-жоспарлау, стратегиялық, бағдарламалық және т.б.;

2)            басқару сатысына байланысты: жоғарғы, орташа және төменгі;

3)            қамту уақытына байланысты: қысқамерзімді (бір жыл, тоқсан, ай, апта), ортамерзімді (бір мен үш жыл арасында), ұзақмерзімді немесе перспективалы (үш жылдан он жылға дейін);

4)            қолдану ортасына байланысты: цехаралық, цехішілік, топтық және жеке;

5)            жоспар жасақтау сатысына байланысты: алдын-ала, ағымдық және қорытынды;

6)            жоспар мақсатына байланысты: оперативті, тактикалық, стратегиялық және нормативті.

Дұрыс таңдалынған ұйымдастыру түрі тек мақсаттар мен жоспарлардың орындалуына ғана емес, сонымен қатар өндірістің жалпы тиімділігін және өндірілетін тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға, кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар осы жағдайлардың орын алуында жоспарлау принциптерінің маңызы зор.

Кәсіпкерлік қызметті дұрыс жүргізу үшін жоспарлау принциптерін тиімді қолдану керек. Алғаш жоспарлау принциптерін француз Анри Файоль ұсынған болатын. Кәсіпкерліктің жоспарлары мен әрекеттерінің басты талаптары ретінде бес принцип қалыптасты:

      жоспарлау қажеттілігі принципі  кәсіпкерліктің барлық саласында да жоспардың болуын талап етеді;

      жоспарлардың бірлігі принципі  кәсіпорынның барлық жоспарларының бір-бірімен тығыз байланысты болуын көрсетеді;

      жоспарлардың үздіксіздігі принципі  бұл әрбір кәсіпорындағы өндірісті жоспарлау, ұйымдастыру және басқару қызметінің бір-бірімен байланыстылығын көрсетеді және бұл жұмыстардың үздіксіз орындалуын талап етеді;

      жоспарлардың ыңғайлылығы принципі  бұл жоспарлаудың үздіксіздігімен және белгіленген көрсеткіштерді өзгерту мен кәсіпорынның жоспарлы-экономикалық қызметін ұйымдастыру мүмкіндігін береді;

      жоспарлардың дәлділігі принципі  кәсіпорында жоспарлау қызметінің дәл және нақты белгіленіп орындалуын талап етеді.

Қазіргі заманғы жоспарлау тәжірибесінде осы аталған принциптерден өзге кең қолданылатындарын атап өтуге болады:

      жинақтылық принципі  қызметтің сапалық және сандық көрсеткіштерін арттыру үшін техника, технология, өндіріс ұйымдастыруын, еңбек ресурстарын, еңбекке деген мотивацияны тиімді пайдалану болып табылады. Бұл принцип алғаш жоспар құрылған сәтте ескеріледі;

      тиімділік принципі  шектеулі ресурстарды пайдалана отырып жоғары экономикалық тиімділікке жету;

      ыңғайлылық принципі  қызметті жүзеге асыру үшін жоспарлау сатысында барынша ыңғайлы жолды таңдау;

      пропорционалдылық принципі  кәсіпорынның ресурстары мен мүмкіндіктерін теңестіру арқылы тиімділікке жету;

      ғылыми принцип  ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін пайдалану;

      қарапайымдылық және айқындылық принципі  жобаның жасақтаушылар мен қызметкерлерге түсінікті, ұғымды болуы.

Осы аталып өткен негізгі приниптер кәсіпорынның қызметін ыңғайлы ұйымдастырып, жоғары экономикалық тиімділікке жетуіне мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1. Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму жолдары, қолдау шаралары

 

Қазіргі таңда нарықты экономикада кәсіпкерліктің алар орны өте зор. Дамыған елдер кәсіпкерлікті экономиканың негізгі қуаты екенін біле отырып, осы салаларға кеңінен қолдау көрсетіп, дамуына жағдай жасап отыр. Президентіміз жыл сайынғы Жолдауында ел экономикасын әртараптандырудың негізгі өзегі кәсіпкерлік екендігін атап өткен болатын. Сол себепті бүгінгі күнде елімізде кәсіпкерлікті дамыту аясында шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Нарықтық экономикаға нық қадам басудағы, ел экономикасын әртараптарандыруда шағын және орта кәсіпкерліктің алар орны ерекше.

Шағын және орта кәсіпкерлік — экономиканың ұтқыр да нәтижелі салаларының бірі болып табылады. Ол әсіресе, жұмыссыздықты жоюда, халық қажеттілігін қанағаттандыруда, нарықты қажетті тауарлармен толтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде шешуші қызмет атқарады. Шағын кәсіпкерлік үлесіне барлық жұмыспен қамтылған адамдардың 40-50 , жаңа жұмыс орындарының 70-80  келеді, ал өндірілген өнімдер мен қызметтер ЖІӨ елеулі бөлігін құрайды. Шағын  және  орта  кәсіпорындардың  тиімділігі  және  артықшылығы – олар  аса  үлкен  қаржыны  керек  етпейді,   және  оларға  салынған  қаржының   да  қайтарымы  жылдам  болады.  Шағын және орта кәсіпкерлік нарықтық қатынастарды алға жетелеуші негізгі буын болғандықтан кәсіпкерліктің бұл түрлерін дамытпай нарықтық экономиканы дамыту мүмкін емес. Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі үкімет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шараларына қарамастан экономиканың осы саласының қалыптасуы әлі де қиыншылықтарды бастан кешуде. Соңдықтан, бұл мәселенің түбегейлі шешім табуы шағын және орта кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін жеңілдік шарттарын құру экономиканың жалпылай көтерілуіне және өндірістің құлдырауын жеңуге септігін тигізетін ынталандыру болары сөзсіз.

Еліміздегі кәсіпкерліктің осы түрлерінің даму мысалы ретінде облысымыздағы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және сату қызметін атқаратын «Раушан» жеке шаруа қожалығын айтуға болады. Оған тоқталып өтетін болсам.

«Раушан» жеке шаруашылық серіктестігі 1995 жылы Атырау облысы Махамбет ауданында құрылды. Серіктестікті құрушы құрылтайшылар Қазақстан Республикасының азаматтары – жеке тұлғалар болып табылады. Құқықтық статусы бойынша «Раушан» ЖШС-і Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды тұлға болып табылады.

«Раушан» ЖШС-нің негізгі мақсаты  бәсекеге қабілеті жоғары сапалы, халық тұтынатын ауылшаруашылық өнімдерін өндіру.  Бұл негізгі мақсатқа жету үшін серіктестік келесідей қызметтерді жүзеге асырады:

      ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару, өндіру;

      ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу;

      ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау;

      ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу;

      өнімдер өткізу үшін дүкендер желісін ұйымдастыру, яғни өнімдерді көтерме және бөлшек сауда арқылы сатуға мүмкіндіктің болуы.

Бұл қызметтер арқылы серіктестік халықтың, аймақтық мекемелер мен ұйымдардың қажеттілігін қанағаттандырып, жаңа жұмыс орындарын және әлеуметтік мәселелерді шешуге мақсат құрып ықпал жасайды.

Жалпы қазіргі күнде «Раушан» ЖШС-нің негізгі қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге және өткізуге негізделген. Осы негізгі қызмет серіктестіктің 94%  табысының  көзі болып табылады.

Серіктестік өзін-өзі қаржыландыру және шығындарын өзі өтеу негізінде қызмет етеді. Серіктестіктің өзіндік жеке балансы, мөрі, белгісі және басқа да реквизиттері иелігінде бар. Серіктестік өз атынан келісім  жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары және міндеттері бар және де үшінші тарап ретінде сотта жауапты болуы мүмкін.

Серіктестіктің шаруашылық қызметін  жүргізуіндегі ең негізгі мәселе  шикізатты тиімді, қымбат бағамен  өткізу болып табылады.

Жерді өңдеудегі көмекші өндіріс құралдарына трактор, комбайн, машина-техникалық саймандарын қолданады. Оларды үнемі жөндеуден өткізу, басқа кооперативтердің жерін жыртуға, өнімін жинауға, жалға беру сияқты қызметтерді жүзеге асырып отырады.

Серіктестің даму тенденциясы ретінде ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудағы жоғары өнімділік болып табылады. Атырау облысы бойынша табиғи ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде маңызды кәсіпорын болып табылады. 2010 жылы алынған өнім 2008 және 2009 жылдарға қарағанда 48%-қа өсті. Осындай өнімділіктің  жоғарлылығы арқасында өз қызметін кеңейтуді жоспарлап отыр.

«Раушан» ЖШС-нің қазіргі күнде қаржылық жағдайы тұрақтанып, нарықтағы дәрежесі де өсіп келеді. Бұл серіктестіктегі басқару қызметінің тиімді  ұйымдастырылуының  арқасында  мүмкін  болып  отыр. Серіктестіктің қаржылық жағдайын 1-кестеден көруге болады (мұнда 2008-2010 жылдар арасындағы мәлімет көрсетілген).

 

1-кесте. «Раушан» ЖШС-нің қаржылық жағдайы

 

Көрсеткіштер

2008

2009

2010

Өткізу  көлемі

19304,2

24136

35000

Пайда

349

504,3

768


 

«Раушан» ЖШС-нің алдағы уақытта өз қызметін тұрақты жүргізуі  және туындайтын мәселелерді шешу үшін төмендегі шараларды ұсынар едім:

      өнімді қоймада сақтаудың тиімді жолдарын қарастыру;

      өнімді  өткізу  каналдарын  диверсификациялау;

      өнімді  өткізу  процестерін оптимизациялау;

      серіктестікке тиімді несие алу шараларын жетілдіру ;

      мемлекет тарапынан жүргізілетін қолдау шараларына белсенді түрде қатысу.

Осындай кәсіпкерлік түрлеріне бүгінгі күнде мемлекет ерекше көңіл бөліп келеді.

Қазіргі таңда елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау төмендегі ұстанымдар негізінде іске асады:

1)       Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту басымдығы;

2)       Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешендігі;

3)       Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына және субъектілері үшін іске асырылатын шараларға қол жеткізу мүмкіндігі;

4)       Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау төмендегі бағыттарды қамтиды:

1)       шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржы, статистика, материалдық-техникалық және ақпарат ресурстарын, сонымен қатар ғылыми-техникалық зерттеулер мен технологияларды пайдалануы үшін ыңғайлы шарттар құру;

2)       шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларын әзірлеу;

3)       шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу тәртіптерінің оңайлатылған жолдарын қарастыру;

4)       салық салудың оңтайлы жолын тағайындау;

5)       шағын және орта кәсіпкерлікке несие беру бағдарламаларын қабылдау;

6)       шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін инвестициялар (оның ішіде шетелдік те) тарту және пайдалану;

7)       мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарларды сатып алудың кепілді көлемін қамтамасыз ету;

8)       шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін жаңа оқу және зерттеу орталықтарын, консалтинг ұйымдарын және ақпарат жүйелерін құру, сонымен қатар бұрыннан барларын жетілдіру жолымен мамандарды даярлауды және олардың біліктілігін көтеруді ұйымдастыру;

9)       ұлттық даму институттарын құру.

Осы бағыттар негізіндегі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту төмендегі жолдармен жүзеге асырылады:

Информация о работе Кәсіпкерліктің дамуы  нарықтық экономиканы құру шарты