Кәсіпкерліктің дамуы  нарықтық экономиканы құру шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 15:39, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, бәсекелестіктің пайда болуына жол ашады. Біз әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені түрлі меншіктің формалары негізінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін еместігін айта аламыз. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Кәсіпкерлік түсінігі, оның мәні
1.1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні
1.2. Кәсіпкерлік  кәсіпорынның экономикалық белсенді қызмет түрі ретінде
2. Кәсіпкерліктің түрлері мен ерекшеліктері
2.1. Кәсіпкерліктің түрлері мен формалары
2.2. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру түрі мен принциптері
3. Нарықтық экономика құрудағы кәсіпкерліктің маңызы
3.1. Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму жолдары, қолдау шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

курсовая .doc

— 261.50 Кб (Скачать файл)

4. кооперативтік кәсіпорын – бұл жаңа түрлі кооперативтер;

5. мемлекеттік акционерлік қоғам немесе холдингтер;

6.мемлекеттік бірлескен кәсіпорындар, сол кәсіпорынды құрушылардың мүліктерін біріктіру жолымен құрылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1.   Кәсіпкерліктің түрлері мен формалары

 

Кәсіпкерліктің қызмет түріне және өндірістік қызметтің негізгі сатысына қарай мынадай түрлерін ажыратады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық және сақтандыру (1-суретте).

1-сурет. Кәсіпкерліктің түрлері

 

Өндірістік кәсіпкерлік дегеніміз  бұл тікелей тауар өндірумен айналысатын, яғни еңбек құралдарын пайдалана отырып өнім, тауар, қызмет түрлерін тұтынушыға ұсынатын ұйымдар. Кәсіпкерліктің бұл түрінде ең басты қызмет  бұл өндіру процесі. Өндірістік кәсіпкерлікке тән ерекшеліктер:

1)       қызмет жасау саласы кең;

2)       өнімді шығару үшін ресурстарын қамтамасыз ету қажеттілігі бар;

3)       өнім өндірудің кезеңі бар;

4)       жұмысшы күші мен өндірістік қорлар өнім өндірісі үшін тиісті.

Коммерциялық кәсіпкерлікте кәсіпкер коммерсант, сатушы ретінде танылады. Яғни басқа тұлғалардан сатып алған дайын өнімді сатумен айналысады. Бұл кәсіпкерлікте пайда тауардың алғашқы құнын өсіре отырып алынады. Егер тауар заңды негізде сатып алынған болса, онда сауда-коммерциялық қызмет те заңды болып есептелінеді. Егер де керісінше жағдай орын алған болса, онда ол заң органдары арқылы сотта шешім табады. Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі өзіндік ерекшеліктері:

1)       өндірістік кәсіпкерліктің бір түрі бола алады;

2)       өндірістік ресурстармен қамтамасыз етудің еш қажеттілігі жоқ, себебі дайын өнім алынады;

3)       өнім өндірудің кезеңі жоқ, тауар алу кезеңі бар;

4)       жұмысшы күші мен өндірістік ресурстар сауда операцияларын жүргізу үшін қажет.

Қаржылық кәсіпкерлік  бұл коммерциялық кәсіпкерліктің ерекше бір формасы болып табылады. Бұл кәсіпкерлік түрінде сатып алу-сату құралы ретінде ақша, бағалы қағаздар ұсынылады, оларды сатып алушыға сатуға немесе несиеге беруге болады. Қаржылық кәсіпкерліктің негізгі ерекшеліктері:

1)       өндірістік немесе коммерциялық кәсіпкерліктің түрі бола алады;

2)       дайын қаржылық тауар алынуы мүмкін немесе осы тауар эмиссиясы үшін өндірістік ресурстар қажет болуы мүмкін;

3)       тауарды алу кезеңі бар, өндіру кезеңі де болуы мүмкін;

4)       жұмысшы күші мен өндірістік ресурстар сауда немесе өндірістік операциялар үшін қажетті болуы мүмкін.

Делдалдық кәсіпкерлік дегеніміз  бұл түрде кәсіпкер тауар өндірумен де, сатумен де айналыспайды, ол тауар-ақша қатынастарында тауар айырбастауда байланыстырушы қызметін атқарады. Делдалдық кәсіпкерліктің басты тапсырмасы мен міндеті  бұл келісім жасауға ниеттеніп отырған екі жақты байланыстыру. Яғни делдал екі жаққа да өз қызметін ұсынады, соның нәтижесінде табыс табады.

Делдалдық кәсіпкерлік саласындағы кәсіпкерлік белсенділік өндіруші мен тұтынушы арасындағы экономикалық қызығушылықты аз мерзімде байланыстыруға мүмкіндік береді. Делдалдық өндіруші көзқарасынан жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, өйткені өндіруші тек тауар өндірумен айналысып, ал тауарды тұтынушыға өткізуді делдалға тапсырады. Бұл кәсіпкерлікте өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдалдың болуы капитал айналымын төмендетеді, яғни өндірістің табыстылығын арттыра түседі.

Сақтандырушылық кәсіпкерлік  бұл күтпеген жағдай орын алғанда шығынын жабу үшін өзінің мүлкін, құндылықтарын сақтандыруы. Мүлікті, өмірді, денсаулықты сақтандыру қаржылық-несиелік кәсіпкерліктің ерекше формасы болып табылады, өйткені кәсіпкер тек белгілі жағдайларға байланысты сақтандыру төлемін жүргізе отырып, сақтандырушылық салым алады. Мұндай жағдайлардың орын алу ықтималдылығы аз болғандықтан салымның қалған бөлігі кәсіпкерлік кіріс болады.

Кәсіпкердің қызметті өзі немесе бірігіп атқаруына, өз мүлкін немесе басқа тұлғалардың мүлігін қолдануына, жеке өз еңбегін немесе жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдалануына байланысты кәсіпкерліктің формалары анықталады. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің негізгі формалары  жеке және мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады. ҚР Азаматтық кодексі меншік түріне қарай жеке және мемлекеттік кәсіпкерліктің аражігін былай ажыратып көрсетеді: жеке кәсіпкерлік жеке меншікке, ал мемлекеттік кәсіпкерлік мемлекеттік кәсіпорындарға негізделген.

Мемлекеттік кәсіпкерлік деп мемлекеттің өзінің кәсіпкерлік қызметін емес, шаруашылық жүргізу құқы бар мемлекеттік кәсіпорындар іске асыратын кәсіпкерлікті атаймыз. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет субъектісі бола алады және екі қасиетте: кәсіпкерлік қатынастарды реттеуші және кәсіпкерлік қатынастардың жай қатысушысы ретінде әрекет етуі мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметті тек коммерциялық заңды тұлғалар ғана емес, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар да жүзеге асыра алады.

Кәсіпкер жеке тұлға ретінде қызметін тіркеп, әрекет еткен жағдайда ол жеке кәсіпкерлік деп аталады. Жеке кәсіпкерлік екі негізгі түрге  заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі және жеке тұлғалардың заңды тұлға құрмаған кәсіпкерлігі деп бөлуге болады.

Жеке кәсіпкерлік түрлеріне дара және бірлескен кәсіпкерлік жатады. Дара кәсіпкерлікпен өз мүлкі, өз қаражаты бар жеке тұлға айналысады. Бірлескен   кәсіпкерлікпен оларға ортақ меншік құқымен берілген мүлкі негізінде және мүлікті ортақ пайдалануға немесе  билеуге басқадай құқы бар жеке тұлғалар тобы айналысады.

Бірлескен кәсіпкерлік формаларына мыналар жатады:

1)     Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;

2)     Шаруа қожалығының немесе жекешелендірілген тұрғынжай негізінде жүргізілетін отбасылық кәсіпкерлік;

3)     Жеке кәсіпкерлік ортақ үлес меншігі негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.

Сонымен қатар жеке кәсіпкерлікті оған қатысатын субъектілерінің санына қарай үш түрге саралауға болады:

1)     Шағын кәсіпкерлік (жұмысшылар саны 50-ден аспайды)

2)     Орташа кәсіпкерлік (жұмысшы саны 50-200 аралығында)

3)     Ірі кәсіпкерлік (жұмысшылар саны 200-ден астам)

Кәсіпкерлікті ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық деп бөлуге болады. Осы арқылы оның формалары анықталады(2-суретте көрсетілген). Ұжымдық-құқықтық формаларына: серіктестіктер, қоғамдар, кооперативтер.

 

2-сурет. Кәсіпкерліктің формалары

 

Шаруашылық серіктестік  бұл табыс табу негізінде құрылған, жарғылық капиталда құрылтайшылардың тиесілі бөлігі есептелген заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым болып табылады. Шаруашылық серіктестіктер толық, коммандиттік, жауапкершіліг шектеулі, қосымша жауапкершіліг бар және акционерлік қоғам ретінде құрыла алады. Банктер, сақтандыру ұйымдары, инвестициялық компаниялар және басқа да табыс табуды көздейтін ұйымдар серіктестіктің мүшесі болып табылмайды. Олар арнайы сәйкестендірілген заң актілері негізінде шаруашылық серіктестік ретінде қызмет етеді.

Толық серіктестік дегеніміз  серіктестіктің   міндеттемелері  бойынша,  оның  мүшелері  өздерінің  барлық  мүліктерімен  ортақ  та  толық  жауапкершілікте  болады. Толық серіктестікке жарғы қажет емес. Ол серіктестік мүшелерінің құрылтайшылық келісім-шартында жасақталады. Құрылтайшылық келісім-шартта серіктестіктің аты, оның мекен-жайы, басқару тәртібі, капитал көлемі мен құрамы және серіктестік мүшелерінің үлестерінің өзгеріс тәртібі көрсетіледі. Сонымен қатар толық серіктестіктің мүшелерінің жауапкершіліктері көрсетіледі. Серіктестіктің кірісі мен шығысы мүшелерінің арасында капитал салымындағы үлесіне қарай бөлінеді.

Аралас немесе коммандиттік (сенім артылған) серіктестік дегеніміз  мұндай  серіктестік  мүшелерінің  бір  бөлігі  осы  ұжымның  міндеттемелері  бойынша  өз  мүліктері  есебінен  толық  жауапкершілікте  болса,  ал  қалған  бөлігі  тек  өздері  қосқан  жарнасы  көлемінде  ғана   жауапкершілікте   болғандықтан  басқару  ісіне  араласпайды. Коммандистер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайды. Бұл жағдайда да жарғы жоқ, ол құрылтайшылық келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстанның нарықты экономикаға көшуі кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер кең таралған еді. Мұндай серіктестік бір немесе бірнеше тұлғалар бірігуімен құрылады. Серіктестіктің  міндеттемелері  бойынша,  оның  мүшелерінің  бәрі  тек  өздерінің  қосқан  жарналары  көлемінде  ғана  жауапкершілікте  болады. Оның жарғылық капиталы құжатта бекітілген көлем негізінде үлеске бөлінген.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер  бұл серіктестіктің   міндеттемелері  бойынша  оның  мүшелері  ең  алдымен  өз  жарналары  көлемінде,  ал  жарналары  жетпей  қалған  жағдайда  өз  мүліктерінің  жарнаға  тең  көлемінде  қосымша  жауапкершілікте  болады. Егер мүшелерінің біреуі банкротқа ұшыраған жағдайда оның жауапкершілігі басқа мүшелер арасында теңдей бөлінеді.

Қазіргі заманда кеңінен тараған кәсіпкерліктің формасы бұл акционерлік қоғам болып табылады. ҚР-ның 2003 жылы 13 мамырдағы кәсіпкерлік туралы заңына сәйкес: «Акционерлік қоғам ретінде өз қызметін жүзеге асыру үшіне қаражат тарту жолында акция шығаратын заңды тұлға танылады». Яғни акционерлік қоғам дегеніміз  бұл  қаржысы,  акцияларды  сату  арқылы  жиналатын  және  сол  акция  иелеріне  келешектегі  пайда  есебінен  дивидент  беріп  отыратын  серіктестіктер.

Ашық акционерлік қоғам дегеніміз  қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы.

Жабық акционерлік қоғам дегеніміз  акцияларды тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арасында таратылатын акционерлік қоғам. Жабық акционерлік қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.

Кооперативтер дегеніміз  бұл кәсіпкерлер тобымен өндірістік немесе шаруашылық қызметті бірігіп атқару үшын құрылған кәсіпкерлік. Кооперативте оның мүшелерінің еңбекке тікелей қатысы міндетті болып табылады. Бүгінгі заманда кооперативтер кәсіпкерлік қызметтің аз бөлігін қамтиды, дегенмен олар көптеген елдерде тараған. Біздің елімізде кооперативтер көбінесе өндірістік қызметт, қызмет көрсету мен сауда саласында кең дамыған.

Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формаларына: концерндер, консорциумдар, синдикаттар, картельдер, қаржылық-өнеркәсіптік ұйымдар жатады. 

Концерн  бұл акционерлік қоғамның көпсалалы түрі болып табылады. Мұнда басқару мүшелер құрамы арқылы анықталады. Концерн өзіне тікелей қызмет ететін әртүрлі компаниялардың акцияларын басқарады.

Ассоциация  бұл экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етілген кәсіпорындардың өз еркімен бірігуі. Ассоциация құрамына бір салада маманданған кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді. Оны құрудағы басты мақсат  бұл ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа мәселелерді біріге отырып шешу болып табылады.

Консорциум дегеніміз  бұл ірі қаржылық қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлердің бірігуі. Кәсіпкерлердің бұлайша бірігуі ірі масштабты жобаға қаражат салуға және мұнда тәуекелділік жағдайы төмен болады, өйткені жауапкершілік бірнеше адамға жүктеледі. 

Синдикат дегеніміз  бұл бірнеше кәсіпкерлердің өзара бәсекелестікті жою үшін нарықта тауарды сатуға бірігуі.

Картель  бұл бір салада қызмет ететін бірнеше кәсіпкерлердің өнім мен қызмет бағасы, нарықта тауарды сатуды және оны өндіруді бөліп алуы.

Қаржылық-өнеркәсіптік топтар экономикалық-ұйымдастырушылық кәсіпкерліктің жаңа түрі болып табылады. Олар өнеркәсіптік, банктік, сақтандыру және сауда капиталдары, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың интеллектуалдық потенциалының бірігуінен құралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.    Кәсіпкерлікті ұйымдастыру түрі мен принциптері

 

Қазіргі заманғы кәсіпкерлік қызметте кәсіпкерлікті ұйымдастырудың екі түрін бөліп көрсетеді: техника-экономикалық және оперативті-өндірістік.

Техника-экономикалық ұйымдастыру  бұл кәсіпорындағы техника мен экономикалық жағдайы көрсеткіштерінің біріккен жүйесін құруды көрсетеді. Бұл сатыда өндірістің тиімді көлемі сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын есептеуден анықталады, қажетті өндірістік ресурстар таңдап алынады, оларды қолданудың рационалды нормалары бекітіледі және соңғы қаржылық-экономикалық көрсеткіштер анықталады және т.б.

Оперативті-өндірістік ұйымдастыру  бұл техника-экономикалық ұйымдастырудың жалғасы мен аяқталуы болып табылады. Бұл сатыда ағымдық өндірістік тапсырмалар бекітіледі, өндірістік процесті жетілдіру үшін ұжымдық-басқарушылық әрекеттер жүзеге асырылады.

Информация о работе Кәсіпкерліктің дамуы  нарықтық экономиканы құру шарты